Р мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқыту

Қазіргі уақытта Қазақстан қоғамының алдында мүмкіндігі шектеулі балаларға сапалы білім беруге арналған тең мүмкіндіктермен қамтамасыз ететін білім беру жүйесін тұрақты дамыту міндеті өзекті болып тұр.

Республикада қазіргі қоғам көзқарасын нығайтуына сәйкес мүмкіндігі шектеулі тұлғалардын құкығы мен мүмкіндіктеріне байланысты арнайы білім берудің мақсат - міндеттері маңызы өзекті мәселе ретінде қарастырылып жатыр. Бұл біздің еліміздегі білім беру саласында жаппы ұлттык кызығушылықты және оған деген әлеуметтік талап етуді етлейтін жаңа білім беру саясатының жактылануы мен кұрылуы кажет екендігін білдіреді.

Қайта адам тұлғасының үйлесімді дамуы және қалыптасуы бірінші негізгі міндетті кұраса, сонда әлеуметтік кұндылықтар жан - жакты ойлана білім беру саласында айқын көрінеді. Қазақстанның қазіргі білім беру саясат стратегиясын жасаға бағыт болып дамудың келесі әлемдік тенденциялары катысады- тез езгеретін элем жағдайында жүмыс жасау және өмір сүре білуді қалыптастыруды ұсынатын қоғам дамуының өсуін жылдамдату.

Мемлекеттің білім беру саясат міндеттерінің бірі өмір позициясын таңдау мен тұлғалық еркін бағдарлау үшін қажетті сапалы білім беруді қанағаттандыратын талаптарға сәйкес бағыттатау. Бұл міндетгі мүмкіндіктері шектеулі балаларға қатысты шешу үшін «әлеуметтік нормативке»сәйкес болуы бағдарына бас тартуды білдіреді.

Отандық мамандар мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп окытудың шетелдегі нэтижесімен танысып, соған сүйене отырып, біздің елімізде де осыған сәйкес процестерді зерттеген. Арнайы білім беру саласында оқушыларды қалыпты құрдастарымен қатар білім беру максатында инновациялык біріктіріп оқыту процестері кеңінен енгізілуде. Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамға біріктіру, әлеуметтік бейімдеу, білім беру және тәрбиелеу, бала дамуының бұзылыстарын алдын алу және нэтижелі түзету үшін ең қолайлы жағдайлар жасау максатында инновациялық бағыттар жетілдіруде.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы арнайы педагогикасының болашақ бағыттарының бірі инклюзивті оқыту мэселелерін әзірлеу болып келеді.

1990 жылдың наурыз айында Тайланд елінің Жомтиен қаласында «Барлығына білім беру» атты бүкіл әлемдік конференция өтті. Бұл конференцияда «Барлығына білім беру» атгы Дұниежүзілік Декларация қабылданды. Берілген құжат бойынша 1990-2000 жылдар аралығында барлыгына білім беруді бағалау шаралар жүргізілуге тиіс болған. (Қазақстан аталған бағалауға катысты). 1999 жылдың қыркүйегінде "Барлығына білім беруді багалау" туралы ұлттық есеп " дайындалған. Бұл құжатта Қазакстан Республикасының білім беру жүйесінің даму беталысы, соңғы онжылғы нэтижелері көрсетілген.

1994 жылы "Барлығына білім беру" бағдарламасының мақсатына және Азиялық-Тынық мұхитының декадасының бағытына сәйкес мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды қолдауға арналган Дүниежүзілік конференция Саламанка (Испания) қаласындагы Испания үкіметі және ЮНЕСКО -ның колдаумен ұйымдастырылды. Ол мүмкіндігі шектеулі балаларга білім беру сапасын жоғарлату нақты жалпы білім алуға қосу қағидаларын карастырды.

2000 жылдың қаңтарында Бангкокта (Тайланд) болған "Барлығына білім беру" бойынша Аумактық конференцияға Қазақстан делегациясы қатысып, "Барлығына білім беру" бойынша үлттык есеп беруін үсынды. 2000 жылы сәуір айында Қазақстан делегациясы білім беруі бойынша дүниежүзілік форумға катысты, (Дакар, Сенагал) Форумда білім берудің жаңа элемдік тенденцияларымен бағыттары аныкталды. 2000 жылы желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрлігінің мамандары Ахмедабад (Үндістан) қаласында өткен «мүмкіндігі шектеулі балалардың негізгі білімдерін қолдау» атгы ЮНЕСКО ның жобасы бойынша семинарға катысты. Жобаның мақсаты мүмкіндігі шектеулі бапаларды жалпы білім беру процесіне енгізу жолдарын іздесу, эзірлеу. Әлемдік тәжірибеде интеграция процесі заңды түрде бекітілген, арнайы кадрлармен қамтамасызданған.

«Мүмкіндігі шектеулі балалардың негізгі (базалык) білімдеріне әсер ету» атты Пилотты жоба жалпы орта білім беру департаментінің негізінде ЮНЕСКО және Қазакстан Республикасы Үкіметінің арасындағы келісім шартка сәйкес іске асырылды. Жобаның жауапты атқарушысы ӘБЕО орталығы болды. Берілген жобаның іске асыру үшін жұмыс тобы тағайындалған (жетекші Сұлейменова Р.А.) Мәселенің жаңалығы қоғамдық салада білім беруді демографиялық ерекшеліктері мен дэстүрі, сонымен катар Қазақстан Республикасындағы экономикалық жағдайды ескеретін жүмыс жоспарын әзірлеуді талап етті. Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру оку процесіне қосып окыту барлық уақытта кездескен құбылыс, бірак соңгы жылдары бұндай оқушылардың жалпы мектептердегі саны көбейіп, оқытуда қиындықтарды тудырады.

Бірак сол кезеңде де, қазіргі уақытта да жалпы білім беру мектептерінің окушыларына білім беру қажеттілігі, арнайы кадрлармен қамтамасыздандыру, түзету-педагогикалық қолдау сапасы, қалалық және аудандык мектептер салыстыру туралы мэліметтері толық зерттеліп, талданбады. Облыстык психологиялық -педагогикалык - медициналык кеңестің көмегімен аумак бойынша мектептерде нақты жағдайларды зерттеу үшін арнайы анкеталар өңделіп өткізілді. Алынган мәліметтер калалық және аудандық мектептсрде мүмкіндігі шектеулі балалардың саны туралы оқу процесін ұйымдастыру формалары және кадрлық қамтамасыздандыру туралы департаменттің ақпараттық мәліметтерімен толықтырды 2000-2001 оқу жылында жалпы білім беру мектептерінде 60308 мүмкіндігі шектеулі оқушы оқыды. Соиың ішінде қала мектептеінде - 29968 бала (49,7%), ал ауылдық мектептерде -30340 (50,3) Бұл оқушылардың басым бөлігі - 48467 (80,4%) карапайым сыныптардың кұрамына бірігіп оқу үшін енгізілген. Үйде-5,1 мың бала оқытылды. Тек 6696 кемтар бала арнайы сыныптарда оқытылды («Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған» сыныптар) 216 бүл сыныптардың жалпы саны - 449 соның ішінде 91,1% қалалық мектептерде орналаскан. Ауылдық мектептерде арнайы сыныптар жоқ.

ҚР арнайы білім беру ұйымдарының жетіспеушілігі арнайы мектептердің тұрғылықты жерлерден алшақтағы дамуында ауыткуы бар балаларды жалпы білім беретін мектептерде окытуға мәжбүр етеді. Бірақ бұл жерде ата-аналарының білім беру ұйымың еркін таңдау кұқығы мен баланың отбасында болу кұқығы туралы ерекше айту қажет.

Арнайы топтарда және мектепке дейінгі мекемелерде мүмкіндігі шектеулі балалардың 18% қана тәрбиеленеді, арнайы мектептерде мүмкіндігі шектеулі балалардың 15% білім алып жатты. Мысалы, Алматы каласы психологиялық - медициналык - педагогикалык консультациялардын мәліметі бойынша қалалық 114 жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптарының 2200 окушысы зерттелді. Олардың ішінде оқушылардың үлгерімі темен балалардың саны-33% құрады. Дамуында ауытқуы бар окушылар саны -639. Олардың ішінде психикалық дамуы тежелген және кемістігі бар балалар саны -518, ақыл-ойы кем 121 оқушы. 2002 жыл басында республиканың мектепке дейінгі жастағы балалар 82%. Қазргі уақытта Республиканың жалпы білім беру мектептерінде 70 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі балалар оқытылады, бұл арнайы білім беру мекемелерінде оқытылатын оқушылар санынан үш есе асады. Бұл естуінде, көруінде зият, сөйлеу ауыткулықтары бар, психологиялык дамуы тежелген балалар. Тек қалалық Алматы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың мэліметтері бойынша қаланың жалпы білім беретін мектептерінде 934 мүмкіндігі шектеулі окушыларды, сонымен қатар БЦС балалар -306, эпилепсиясы бар балалар-77, психикалык аурулары бар-16, соматикалық патологияның күрделі формалары бар 447, көруінде кемістігі бар-63, естуінде кемістігі бар -25. Сонымен қатар психикалық дамуы тежелген, эмоция-ерік сферасы бүзылған әлеуміттік жағынан артта калған, деменциялық мінез қүлқы бар, ақыл ойы жетіспеушілігінің жеңіл түрі бар. Оқытуда парциалды қиыншылықтары бар балалардың саны көп.

Соңғы кездері Қазақстанда дамуында ақыл ойы және дене ауытқулары бар балаларды жалпы білім беретін мекемелерге оқыту тәжірибесі қалыптасқанын байқауға болады. Жалпы білім беретін бағдарлама бойынша мектептерде оқытылатын мүмкіндігі шектеулі балалар арнайы педагог, психолог, әлеуметтік педагогтің қолдауынсыз білім алуда. Жалпы мектептердің психологтары мен мүғалімдері мүмкіндіктері шектеулі балалардың олардың білім алу кажеттіліктеріне білікті көмек көрсете алмайды. Мұғалімдерді ЖОО -ның дайындык арнайы психологиямен педагогика білім алуды көздемейді. Нәтижесінде балалар оқытудың бірінші сатысынан ақ қиыншылықтарға тап болады. Мұғалімдер бүл кыйншылықтарды субьективті талдап дамуындағы кемістіктерін күрделендіреді. Мұндай интеграцияның салдарынан балалар жалпы білім беру процесі жағымсыз көрініске ие. Жалпы мектептерінде біріктіріп оқыту процесі өзбетінше, реттсіз дамуын жалғастырған.

Біріктіріп окытуды тәжірибеге енгізу педагогтардын, ата-аналардың және балалардың осы окытуға көзқарастарын зерттеуді кажет етеді. Қазір осы мэселе бойынша Ресейлік авторлардың жеке басылымдары бар (А.А.Дмитриев, С.А.Оленникова, М.М.Маркович). Қазакстанда біріктіріп окыту тәжірибесімен инклюзивті білім беру процесі даму жолында. Р.А.Сүлейменованың жетекшілігімен Қазакстан Республикасының ғылым және білім беру министрлігі «Қазакстан Республикасының инклюзивті білім беруді енгізу қоғамның дайындық деңгейін анықтау және талдау үшін» арнайы зерттеу жүргізілген. Сауалнамага жауап берушілердің төрт топтары белгіленген: бірінші топ Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігінің шенеуніктері, (облыстык, калалык, аудандык деңгейінің) өкілдері; Білім беру департаментінің мамандары (барлығы 107); екінші топ -директорлық корпус және орта мектептердің, гимназиялардың мүғалімдері; Директорлык корпус және арнайы мектептердің мүғалімдері, мүмкіндігі шектеулі балаларға бала-бақшаның тәрбиешілері мен мамандары (барлығы 232); үшінші топ қалыпты балалары бар жанүллар (бір ата-анаға сауалнама жүргізіледі); ерекше қажеттілігі бар балалары бар жанүялар (бір ата-анаға сауалнама жүргізіледі) барлыгы 255; тертінші топ -қауіпті балалар (бастауыш,орта және жоғарғы сынып окушылары); білім алуында ерекше кажеттіліктері бар балапар (барлығы 247)

Жауап берушілерді мүмкіндігі шектеулі балапар санының өсуі катты кобалжытты. Жауапберушілердің басым бөлігінің пікірі бойынша мемлекет дамуында ауыткушылықтары және артта калушылығы бар балапарға тек жекелеп көмек көрсететінін айтты. Осы көмек тек мүгедектерге зейнетақы төлеумен, әлеуметтік көмек, женілдіктерді берумен шектеледі. Жауапберушілердің пікірлері бойынша дамуында ауытқулары бар баталар кемістік түріне лайыкты типті арнайы мектеи интернаттарда оқытуы тиіс. Үшінші болігі қажеттілігі бар балапарды жалпы білім беретін мектептерде арнайы сыныптарда оқыту керек дейді. Бүл калыпты балалармен қарым-қатынастың үзілмеуін және оқу процесіне зиян келтірмей қалыпты және дамуында ауыткуы бар балаларды окытуға көмектеседі. Дамуында ауытқуы бар балаларды жалпы білім беретін процеске біріктіру идеясы тек жауапберушілердің тоғызыншы бөлігімен ғана қолдау тапты. Инклюзивті білім беруді енгізуді негізгі қиыншылығы ол жалпы білім беретін мұғалімдердін дамуында ауытқуы бар балалармен жүмыс істеуге дайын еместігі.

Біріктіріп оқыту тәжірибесін іске асыру үшін инклюзивті білім беру мемлекеттің саясаты болуы керек және жүйелі шараларды үйымдастыру. Ол жанүяны, жалпы мектептерді қолдауға, мүмкіндіктері шектеулі балалардың интеграциялау деңгейін, олардын әлеуметгік бейімделуімен мүгедектіктің төмендеу деңгейін жоғарлату кажет етеді. Бұл жерде мүмкіндіктері шектеулі балалардың және жасөспірімдердін білім беру және әлеуметтік қажеттілігіне баға беру қажет, оқу мекемелерінде барабар жағдайларын қамтамасыз ету, жанұяны қолдауды дамыту қажет.

Қазіргі уақытта бүл күрделі мэселелер Түзеу педагогикасының ¥лттык ғылыми-тәжірибелік орталығындағы арнайы мектептерде білім беру зерттханасында карастырылып жатыр. Нақты жалпы мектептердегі окып жаткан мүмкіндіктері шектеулі балалардың, оларды оқытып жаткан мүғалімдердің қиындықтарын ғылыми, әдістемелік түрғыдан зерттелуде.

Сонымен, отандық арнайы білім беру жүйе алдында көптеген максат-міндеттер өз өзектілігін білдіреді, болашақта ерте түзету педагогикалық колдауды кеңінен еңгізіп, мүмкіндіктері шектеулі балапардың барлыгының білім алу мекемелерің еркін таңдауға қүқықтарын камтамасыз ету жетекші бағыттар.

Бақылау сұрактар мен тапсырмалар:

1. ҚР қазіргі арнайы білім берудің негізгі проблемалары қандай?

2. Кемтар балаларға ерте түзету көмек көрсету жүйесін кесте түрінде бейнелеп, жұмыс мазмұнын талдаңыз.

3. Қандай себептер әсерінен шет елдердегі біріктіріп оқыту тәжірибесін қалыптасты?

4. Біріктіріп оқытуға жағымды әсерін тигізег жағдайларды атап, дәлелдеңіз.

5. ҚР мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың себептері, салдары.

6. Отандық біріктіріп оқыту тәжірибесінде жетістіктер бар ма? Жауабыңызды дәлелденіз. Бұл мәселемен айналысқан ғалымдарды атаңыз.

Әдебиеттер:

1. Сулейменова РА., Хакимжанова Г.Д. Психофизическое здоровье и развитие детей и подростков в Республике Казахстан. Проблемы и перспективы. - Алматы - 1997.

2. Сулейменова Р.А. Система ранней коррекционной помощи детям с ограниченными возможностями в Казахстане: проблемы создания и развития. Алматы. 2001

3. Сулейменова Р.А. Специальное образование детей за рубежом. Проблемы и решения. - Алматы. - 2000.

4. Сулейменова Р.А., Хакимжанова Г.Д. Зарубежный и отечественный опыт включения детей со специальными нуждами в общеобразовательный процесс. Проблемы и пути решения - Алматы. - 2001.

5. Специальная педагогика /Под ред.Назаровой Н.М. - М. - 2001.

6. Байтұрсынова А.А. Қазакстан Республикасында мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беру процесіне қосу проблемары/ материалы междунар. научно-практической конф. Современные научные исследования молодых ученых: проблемы, пути их решения и идеи. -Астана. - Астана - Туран университет. - 2007.

IV тарау бойынша бақылау және курстық жұмыстардың тақырыптары:

1. Арнайы білім беру жүйесінің әлеуметтік-мәдени тұрғыдан қалыптасу тарихи кезеңдері.

2. ҚР кемтар бар балаларға арнайы білім берудің алғышарттары.

3. Қазақстанда арнайы оқыту жүйесінің 1920-1945 ж.ж дамуы.

4. 1946-1990 ж.ж. отандық арнайы білім беру жүйесінің дамуы

5. Отандық арнайы білім берудегі дефектологтардың ғылыми еңбектері

6. Қазіргі арнайы білім берудің жағдайы мен болашақ дамуы

7. Кемтар балаларға ерте түзету көмек көрсету жүйесі

8. Шет елдердегі біріктіріп окыту мен инклюзивті білім біру

9. ҚР мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп окыту жағдайы

10. Арнайы білім беру жүйесін кадрлармен қамтамасыз ету

11. Мектепке дейінгі арнайы білім беру саласындағы проблемалар

12. .Арнайы білім беру мазмүнын әзірлеу мәселесі

13. Арнайы білім беруге этнопедагогикалық материалды еңгізу мәселесі

Осымша

1. Білім берудің құқықтық базасы:

1. Декларация о правах инвалидов (ООН, 1971)

2. Декларация о правах умственно отсталых лиц (ООН, 1975)

3. Бала құқықтары туралы Конвенция. (БҰҰ 1989)

4. Стандартные правила обеспечения равных возможностей для инвалидов, принятые Генеральной Ассамблеей ООН в 1993.

5. Саламанкская Декларация и рамки действий по образованию лиц с особыми потребностями. -Саламанка, 1994;

6. ҚР "Баланың құқықтары туралы" Заңы (2002)

7. Қазақстан Республикасындағы Білім туралы Заңнама:

- ҚР "Білім туралы" Заңы (өзгертулер және толықтырулармен 2007 жылдың 25 мамырына берілген);

- ҚР "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалык түзеу арқылы қолдау туралы" Заң (2002)

- Қазақстан Республикасында білм беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 казандагы № 1459 Жарлығымен бекітілген;

- Білім беру қызметін лицензиялаудың ерсжесі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылгы 18 сәуірдегі №5 96 қаулысымен бекітілген;

- Тиісті үлгідегі білім беру үйымдары туралы үлгі ереже. Қазакстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 желтоксандағы № 1839 қаулысымен бекітілген;

- Мектептен тыс ұйымдар қызметі туралы ереже. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 22 маусымдағы № 849 қаулысымен бекітілген;

- Педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 кыркүйектегі № 1304 қаулысымен бекітілген;

- Білім беру ұйымдары желісінің кепілдендірілген мемлекеттік нормативі туралы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 25 ақпан № 300;

- Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулыктармен камтамасыз ету ережесі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 ақгтандағы № 173 қаулысымен бекітілген;

- Қазақстан Республикасының интернаттық білім беру ұйымдарының қызметін ұймдастыру тәртібі туралы ережелер. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2000 жылғы 10 шілдедегі № 708 бұйрығымен бекітілген;

- Қазақстан Республикасының кәсіптік орта оқу орындарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2005 жылғы 15 сәуірдегі № 244 бұйрығымен бекітілген;

- Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудан, аралық және қорытыңды - мемлекеттік аттестаттаудан өткізу ережесі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі № 481 бұйрығымен бекітілген;

- Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесі. Қазакстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі № 1305 қаулысымен бекітілген;

- Мемлекеттік білім гранты туралы ережелер. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 карашадағы № 1781 1305 қаулысымен бекітілген;

- Қазақстан Республикасының білім беру үйымдарының оқушылар мен тәрбиленушілерін жұмыспен камту саласындагы жагдай туралы ақпараттармен және оларды кэсіптік-диагностикалық тұрғыдан тексеруді камтамасыз ету мэселелері. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 9 қыркүйек № 1347;

8. Арнайы білім беру ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құжаттар:

- Арнайы білім беру ұйымдарының үлгілері мен түрлерінің тізбесін, арнайы білім алуға мүқтаж адамдарға арналған білім беру ұйымдарындағы қажетті орын санын бекіту туралы. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Бұйрық №781;

- Арнайы білім беру ұйымдары түрлерінің қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2003 жылғы 29 қарашадагы №721 бұйрығымен бекітілген;

- Оналту орталыгының қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы ереже. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің №712 Бұйрығына 1 Қосымша;

- Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетгерінін қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы ереже (Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің № 712 Бұйрығына 2 Қосымша);

- Логопедтік пунктің кызметін қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы ереже. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің №712 Бұйрығына 2 Қосымша.

Наши рекомендации