Дамудағы кемістіктердің статистикасы мен жіктеулері
Арнайы білім берудің сапасын жетілдіру мақсатында мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың саны, арнайы мекемелер туралы т.б. мәлеметтерді жинақтау аса қажетті шаралардың бірі.
Қазіргі уақытта халықаралық қоғамдық бірлестіктер (Дүниежізілік денсаулық сақтау ұйымы) дамудағы кемістіктердің түрлері мен пайда болу жиілігі туралы статистикалық деректерді жүйелі жинақтау жұмысын үздіксіз жүргізуде. Ал көптеген өркениетті мемлекеттер статистикалық есепке алу жұмысын өз елінде қабылданған денсаулық пен өмір сүру мүмкіндіктердің шектелуін анықтайтын терминдер мен топтастыруларға сәйкес ұйымдастырған.
Әсіресе статистикалық деректерді дамушы елдірде жинақтау қиындық тудырады, өйткені әлеуметтік жағдайлар мен емдік-педагогикалық көмек көрсетудің төмен деңгейде болғандықтан барабар, нақты, толық мәлімет алу мүмкіндіктері төмен.
Статистикалық мәліметтердің сииаттамасы әр мемлекеттің өркениет деңгейімен, емдік-педагогикалық, әлеуметтік көмек көрсету сапасымен айқындалады.
Байқалған жағдай дамуы төмен деңгейдегі мемлекеттерде көру мен естуінде ауыр органикалық ауытқулары бар тұлғалар саны ең жиі кездесетін көрсеткіш. Ал, білім деңгейі жоғары сатыдағы мемлекеттерде жиі кездесетін қиындықтардың бірі - сөйлеуіндегі кемістіктер, оқу мен жазу және есеп шығаруда проблемалары бар тұлғалардын көптігі.
Мүмкіндіктері шектеулі балалар арасында оқуындағы қиындықтары бар балалар (40%)- бірінші орында, зиятында ауытқуы бар балалар - (20%), сөйлеу тілінде аутқуы бар - (20%), басқада кемістіктері бар - (20%).
Жалпы мәліметтер бойынша Африкадан басқа барлық мемлекеттерде 1 мың адамға - 3 көрмейтін, ал 5 % халықта естуінде ауытқулары бар. 7 жастан 15 жасқа дейін 100 оқушыға зиятында ауытқулары бар балалар келеді. 800 мәресте ішінде Даун синдромы бар бала туылады.
Біздің елімізде мүмкіндікгері шектеулі тұлғалар жөнінде статистикалық мәлімет жинақтау қызметін түрлі ведомстволар атқарады, олар денсаулық сақтау, білім, еңбек және әлеуметтік қорғау.
Денсаулық сақтау ұйымдары балалардың тек ауруын тіркеу мен ғана шектеледі, ал баланың даму дәрежесін айқындамайды.
2002 жылы ҚР "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңда бекітілген скрининг арқылы кемтар және қатер тобындағы балаларды анықтау қызметін азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы уәкелітті органдар атқаруға міндетті.
Әлеуметтік қорғау саласында мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар жөнінде мәліметтер "мүгедек" деген жағдайды белгілеп, жәрдем ақша төлеумен шектеледі.
Білім беру саласында психологиялық-медицина-педагогикалық консультациялар анықтаған мүмкіндіктері шектеулі балалар саны 154870, бұл барлық бала 4 659 500 санынан 3,32 % құрайды. Есепке алынған мүмкіндіктері шектеулі балалардың 27,9 % арнайы білім беру ұйымдардында оқып, түзетушілік көмекпен қамтамас етілген. Білім және ғылым министрлігінің мәліметтері бойынша 17030 мүмкіндіктері шектеулі бала арнайы білім беру ұйымдардында оқытылып жатыр, 6883 - жалпы мектептегі арнайы сыныптарында, 8583 - арнайы білім ұйымдарында түзетушілік көмек алуда, 64854 жалпы мектептегі әдеттегі сыныптарда.
Ал даму кемістіктердің көптеген көріністері болғандықтан бір әмбебап жіктеудің құрастыруға күрделі жағдай. Бір кемістік апат немесе созылмалы аурудың салдарынан пайда болса, басқасы ұзақ уақыт бойы жағымсыз жағдайыдың тигізген әсерінен пайда болуы мүмкін. Бұл жерде қандайда кемістікті (ауытқу) медициналық әлде педагогикалық құралдармен қолдау көрсету арқылы толығымен жоюға немесе шамалы азайтуға болады.
Ал қазіргі уақытта кемістік (ауытқу) ұғымдардың орнына "мүмкіндіктері шектелуі" атты термин кең пайдалануда. Дамуында кемістігі бар адамдардың проблемаларын кәсіби тұрғыдан қарастыратын білім салалары (медицина, әлеуметтану, құқықтану және психология) шектеулік ұғымын өз жекеленген негізінде пайдаланады. Соңдықтан жіктеуді түрлі негізделу арқылы құрастыруға болады. Ең жиі кездесетін жіктеулердің негізделуі келесідей көрсетілген:
- кемістік (ауытқу) себептері;
- кемістіктің (ауытқу) түрлері;
- кемістіктін (ауытқу) салдары.
Жалпы алатын болсақ арнайы педагогикада тарихи қалыптасқан мүмкіндіктері шектеулі балаларды топтастыру кемістін түріне сәйкес негізінделген. Сондықтан мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың келесі топтарын ажыратымыз:
- естімейтіндер;
- нашар еститіндер;
- кейіннен естімей қалғандар;
- көрмейтіндер;
- нашар көретіндер;
- тірек-қимыл-қозғалысында ауытқуы бар;
- эмоция-ерік саласында ауытқуы бар;
- зиятында ауытқуы бар;
- психикалық дамуы тежелген;
- сөйлеу тілінде ауытқуы бар;
- күрделі кемістігі бар.
Келесі жаппы жіктеу кемістіктердің ағзада орналасуына негізделеді, олар:
- дене (соматикалық) кемістіктер яғни тірек-қимыл-қозғалыс жүйесі, созылмалы аурулар;
- сенсорикалық кемістіктер (есту, көру);
- ми қызметінің ауытқушылықтары (ақыл-ой кемтарлық, қимыл бұзылыстары, психика және сөйлеу сапасындағы кемістіктер).
Аталмыш жіктеу арнайы педагогика үшін барлық кемістіктерді жалпы жүйелеу мағынасымен бағалы. Ал медицина саласында бұл жіктеулер өзгеше бөлшектенеді.
Әлеуметтік қорғау және әлеуметтік -еңбек етудін құқық саласында мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар бойындағы кемістің пайда болу себептеріне негіздеу арқылы топтастыру маңызды. Бұл жағдайдың себебі мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға қаржы, әлеуметтік көмек көрсету мен жеңілдіктермен қамтамасыз ету ерекшеліқтері. Сондыктан бұл жіктеуде келесідей себептерге с»йкес ажыратамыз:
- туа біткен даму кемістіктері;
- оқыс пен апат салдары;
- кәсіби жарақат;
- кәсіби еңбектің салдарынын пайда болған ауру;
- жол-апаттары;
- соғысқа қатысу;
- аурулар;
- басқа да себептер.
Кемістін пайда болу себептеріне сәйкес жіктеуде арнайы педагогика үшін маңызы зор, өйткені нақты ауытқудың әлеуметтік немесе табиғи себебін білу болашақ түзетушілік-оңалту жұмыстарын дұрыс жоспарлауға мүмкіндік береді.
Арнайы педагогиканың әр пәндік саласында өзінің жеке жіктеулері бар, оларды толықтыру мен жетілдіру үздіксіз үрдіс.