Тірек қимыл-қозғалысында ауытқуы бар тұлғаларға арнайы білім беру

Балалық сал ауруынан зардап шеккен балаларға түзетушілік қолдаудың негізі бағыттары - емдік, психологиялық, педагогикалық, логопедиялық және әлеуметтік көмек көрсету. Соның ішінде ерте жастан әлеуметтік бейімдеу мен жалпы және кәсіби білім алуды қамтамасыз ету аса маңызды. Балалармен жүргізілетін жұмыстын барлығы бір бірімен тығыз байланыста, кешенді болуы тиіс. Мамандардың бәрі ез әрекеттерің басқа мамандармен бір келесімге келе жүргізеді.

Балалық сал ауруды оңалтудың шаралары дәрігерлік емдеу, түрлі сипам емдеу, емдік дене шынықтыру, ортопедиялық көмек пен физиотерапиялық емді қамтиды.

Балалық сал ауруы бар балаларға түзету — педагогикалық көмек көрсетудің негізгі принциптері:

1. Түзету - педагогикалық көмек көрсетудің кешенді сипаты. Бұл жағдай тірек-қимыл, сөйлеу тіліндегі, психикалық кемістіктердің динамикасын үнемі қадағалау, өзгерестерді есепке алып отыруды білдіреді.

2. Ағзадағы сақталған жүйе, мүшелерге сүйене отырып, ерте жастан дамытушылық ықпалды жүзеге асыру. Бұл жерде балалық сал ауруларын ерте жастан анықтау өзекті жұмыс бағыты. Көбінесе балалық сал ауруын анықтағанына қарамастан түзетушілік көмек тек 3-4 жастан кейін басталады. Әрине түзетушілік көмектің кеш басталуына байланысты, бала дамуында екіншілік кемістіктердің пайда болады да, түзету мен дамыту жағдайын күрделендіреді.

3.Түзету жұмысын жетекші әрекетке тәуелді ұйымдасгыру. Балалық сал ауруы бар балалардың психикалық және сөйлеу тіліндегі ауытқушылықтар көп жағдайда әрекетсіз қалу салдарынан пайда болады. Сол себепті, түзету-педагогикалық жұмыста баланың жасына сай жетекші әрекетті белсендіру тиімді құрал. 1 жасқа дейінгі баланың жетекші әрекеті ересектермен эмоциялық қарым-қатынасы, 1-3 жасқа дейін - заттық әрекет, 3-7 жасындағы (мектеп жасына дейінгі ) балаларда - ойын әрекеті, мектеп жасында - оқу әрекет.

4. Психикалық және сөйлеу тілінің дамуын динамикалық тұрғыдан бақылау.

5. Баланың ата-анасымен және де қоршаған ортамен тығыс қарым-қатыста болу.

Бұл балаларды отбасында тәрбилеу, дамыту үшін қажетті жағдайды үйінде жасау өте нәтижелі. Ата анасы баланы күн тәртібіне үйретеді, өзіне кызмет көрсету дағдыларын тәрбиелейді. Жасаған әрекеттің нәтижесін көрген бала болашақ жетістерге ұмтылады.

Сал ауруы бар балалармен ерте және мектепке дейінгі жаста түзету-педагогикалық көмектің негізгі бағыттары:

1. Қоршаған ортамен қарым-қатынаста болу арқылы эмоция, сөйлеу тілін, заттық-әрекетін дамыту;

2. Сенсорикалық қызметтерін белсендіру (көру, есту, кинестетикалық қабылдау). Кеңістік пен уақыт түсініктерін қалыптастыру, кемістіктерін түзету;

3. Ақыл-ой әрекеттің алғы шарттарын дамыту (зейін, ес, қиял).

4. Математикалық түсініктерді қалыптастыру;

5. Білек пен қол саусақтарының қызмет ету мүмкіндіктерін, көру-моторикалық үйлестікті дамыту; жазуға дайындау;

6. Өзіне қызмет көрсету мен гигиеналық дағдыларын тәрбиелеу.

Түзету-педагогикалық көмек көрсетуде логопедтік жұмыста өзекті.

Ерте жастағы сал ауруы бар балалар емханаларда, оңалту орталықтарында кешенді көмек алады. Мектеп жасына дейінгі аталмыш балалар бала-бақшаларда тәрбиеленеді. Ал мектеп жасындағы балалар үшін арнайы мектептер қызмет етеді. Бұл арнайы мектептерде оқыту мен тәрбиелеу мақсатын алға қоя, емдік, түзетушілік, еңбекке баулу мен кәсіби еңбекке даярлау жұмысы кешенді түрде жүзеге асады. Кемістігі ауыр, өзі жүре алмайтын балалар үйлерінде оқытылады. Ал сал ауруымен бірге олигофренияның дебильдік деңгейіндегі балалар арнайы мектептегі арнайы сыныпта немесе көмекші мектепте білім алады.

Арнайы мектепте еңбекке баулу жұмысына көп назар бөлінеді, түрлі шеберханаларда оқушылар тігін, слесарь, ағаш шебері т.б. мамандықтарды меңгереді.

Түлектер кәсіби білімін кәсіби колледж, училище сияқты кәсіби орта білім беретін немесе жоғары оқу орындарыда жалғастырады.

Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Балалық сал ауруына жалпы сипаттама беріңіз.

2. Сал ауруы бар баламен түзету-педагогикалық жұмыстың негізгі принциптері қандай?

3. Арнайы мектепке барып сал ауруы бар балаларды бақылаңыз.

Әдебиет:

1. Специальная педагогика /Под ред Н.М.Назаровой. -М.- 2001.

2. Бадалян Л.О., Журба Л.Т., Тимонина О.В. Детские церебральные параличи.-Киев.-1988.

Дәріс № 38-39

Наши рекомендации