Тәрбиелеу жұмысында мектеп пен кемтар баланың отбасының байланысы
Отбасы тәрбиесі көзделегн нәтижеге жету мақсатында ата-аналар мен жанұя мүшелерінің тарапынан жасалатын ыкпал процестерінің жалпы атамасы. Әлеуметтік, отбасы және мектеп тәрбиесі бірлікте орындалатын істері ауқымын қүрайды.
Отбасының жетекшілік маңызы тэрбиеленіп жатқан баланың тэн - дене және рухани дамуына әсер етуші ықпапдар мәні мен магынасының тереңдігіне тәуелді келеді. Мүмкіндіктері шектеулі бала үшін отбасы бір жағынан тіршілік коршауы болса, екінші жағынан – тәрбиелік орта. Баланың алғашқы өмір сүру мен қалыптасуы қадамы отбасында өтеді. Отбасы бүл мектеп, ақпарат қайнары, ұжымда, дос-жаранды да, әдеп пен өнер кілті. Сондықтан тұлғаның калыптасу нәтижелігі ең бастысы отбасына тәуелді.
Педагогика тарихында отбасында тәрбиелеу мәселесін Д.Дидро, Я.А. Коменский, П.Ф. Лесгафт, Д. Локк, Ж.Ж. Руссо, В.А. Сухомлинский, Л.Н. Толстой, К.Д. Ушинский қарастырған. Барлығы баланың ерте жасынан отбасында адамгершілік құндылықтар мен нормаларды меңгеретіне көңіл бөліп, байқаған.
Неке мен отбасыға деген үстірт көзқарас, халықтың және ұлтты үрдістерің естен шығару, инабаттылық принциптерін шектен тыс арсыздык пен маскүнемдік, іштей тэртіптің болмауы мен жыныстың салғыртык, ерлі зайыптылар арасында жоғары белең алған ажырасулар бәрі де отбасындағы бала тәрбиесіне баланың теріс ыкпалдар көзі.
Мүмкіндіктері шектеулі баланы отбасында тэрбиелеудің ерекшеліктері отбасына тәуелді. Отбасы типологиясы үшін бала саны маңызды көрсеткіш. Отбасы бір балалы, екі балалы, көп балалы болып бөлінеді. Жалғыз баланы тәрбиелеудің жағымдысы - бапа махаббатты сезінеді, өзіне өзі сенімді болады, бірақ сонымен бірге езін өзі жоғары есептеуі де пайда болуы ықтимал. Екі бала тәрбиелейтін отбасында бала ерте жастан өзінен басқа бала бар екенің түсініп серіктестік сезіммен тұлға ретінде дамиды. Көп баллы отбасындағы балалар көбінесе еңбекке төзімді, икемді, жауапкершілік сезімі жоғары болады.
Отбасын типологиясы ата-ана түгелдігіне қарай бөлу: толық және толық емес. Белгілі, отбасында мүмкіндігі шектеулі бала туылған кезде отбасында көптерген қиындықтар пайда болады. Оның ішінде бала дамуындағы кемістіктер салдарынан қиындықтарды көтере алмау, шыдамсыздық пен ата ана арасындағы түсніспейушілік. Осы кезең неке беріктілігің сынағы болады. Бұл жағдай жиі ажырасу мен аяқталады, бала толық емес отбасында тәрбие алады. Толық емес отбасында тәрбиеленетін балада жағымсыз әдеттерге жақын болу және үлгерімі төмен болу қаупы жоғары.
Дегенмен, мүмкіндіктері шектеулі бала отбасында адамгершікке, дене және эстетикалық тәрбиеге үйренеді, ол үшін отбысында келесі бағытта әрекет ұйымдастыру қажет:
- ата-анасының және басқа да отбасы мүшесінің баламен қарым-қатынасын анықтау;
- отбасы мүшесімен және басқа адамдармен қарым-катынас қалыптастыру процесін қадағалу;
- баланың танымдық және еңбек әрекетің, тәртібін, өмірлік тұрмысын арнайы ұйымдастыру.
Ата-ананың балаға қарым-қатынас мінезі немесе баланың ата-анаға қарым-қатынасы мүмкіндіктері шектеулі баланы тәрбиелеу нэтижелігіне тэуелді. Осы жерде қарым-қатынастың екі шетін қарастыруға болады:
Кейбір ата-аналар балаға қажетті көңіл бөлмейді, өзімен өзі болады. Бұл кемістіктің одан әрі тереңдеуіне, екіншілік ауытқудың туындауына себеп болады. Ал, кейбір ата-аналар баланы шексіз еркелетіп, коршақтайды, аяйды, барлығын кешіреді, бала ұшін барлығын озі жасайды. Нэтижесінде қолынан ештеңе келмейтін , қорғансыз ерке мүгедек пайда болады.
Мамандар аталмыш балалардың ата-анасымен нәтижелі жұмыс жұргізу үшін отбасының эмоциялық қарым-қатынастарың зерттеуді кажет етеді.
Өйткені ата-анасының бұл проблемаға көз қарасы отбасының психологиялық жағдайына әсерін тигізеді. Мамандар ата-аналардың мүмкіндіктері шектеулі баланың басқа балаларға ұқсамайтының білген кезде нені сезінетінін білуі тиіс. Ата- аналар көптеген жағдайда келесі реакцияларды білдіреді:
"Мойындамау" - мамандар қойған диагнозға, нақты бала дамуында ауытқушылықтың бар екендігіне деген сенбеушілік. Бұл реакция ең жиі кездеседі.
"Ызақорлық" - көп кездесетің реакция, ерте кезеңде баланың жағдайын қабылдауға байланысты. Әдетте ата-аналар өздерін әлсіз, қорғансыз болып сезінеді және өзіненде, баласынанда көңілі қалғанда байқалады. Мамандар мұндай проблемаларды шешу үшін ата-аналардын көңілін ерте балаға көмек көрсету жұмысына аудару керек.
"Өзін өзі кінәлі сезіну" - өзінің баласының ерекшелігін дәрігер ата-анасына хабарлағанға жиі кездесетін реакция, ата-ана қайғыру мен уайымдаушылыққа ұшырайды.
"Эмоциялық бейімделу" - ата-ананың өзіндік бейімделудің кезеңі, баласының ауруын "ақылмен", "жүрекпен" қабылдайды. Ата-ана ауыртпашылықты көтеріп, бала көмек ету қажетті икемділік пен дағдыларға үйренеді.
Қазіргі арнайы білім беруде отбасын түзету педагогикалық үрдіске белсенді қатыстыру өзекті мәселе, отбасын шоғырландыру бағыты бойынша жүзеге асады. Отбасы мен арнайы (түзету) ұыймдар арасында екі жакты әрекет арқылы мүмкідіктері шектеулі бала тәрбие, оқу, дамуындағы кемістікті түзете қоғамға бейімделген белсенді мүше бола алады. Бұл кызметті орындау көптеген мамандардың қатысуын талап етеді.
Біріншіден арнайы педагогтар баланы оқыту мен тэрбиелеу, түзету мен әлеуметтік бейімдеу және кәсіби бағдар беру, кэсіби енбекке даярлау міндеттерді шешеді. Дәрігер мамандар, арнайы педагогтармен бірлесе отбасында мүмкідіктері шектеулі баланың күн тәртібін үйымдастыру мен дене және психикалық дамуындағы түзету шараларын еткізу туралы кеңес береді.
Отбасы мен арнайы мектеп мүмкідіктері шектеулі баланы оқытуда келесі жұмыс түрлері нәтижелі жүреді:
- мұғалімдердің баланың үйіне бару, тұрмыс жағдайларымен танысу;
- ата-аналарға кеңес беру сабақтар мен семинар, конференцияларды өткізу;
- ата-аналар ұжымын біріктіру;
- ата-аналардың ғылыми-тәжірибелік конференциялары. Мүмкідіктері шектеулі баланың ата-аналармен жұмыстын мазмұны келесі бағытта болуы тиіс:
- деңсаулығын дамыту, кемістіктің салдарын жою, азайту;
- адамгершілік тәрбиесіне көңіл бөлу, адам арасындағы қарым-қатынастарға, жағымсыз қылыктарды ажыратуға үйрету;
- баланың отбасындағы жағдайын тексеру, жануясындағы ішкі қарым-қатынастарды психологиялық-педагогикалық түзетуге көмектесу;
- ата-анасын мектеппен бірге жұмыс жасауға шақыру.
- "ашық есік" күндерін өткізу;
Ата-аналар жиналысы - мектеп ата-аналардың байланысының негізгі түрі. Оларды мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту мен тэрбиелеу мәселесін талқылау мақсатында откізеді. Нақты тақырыптағы жиналыстар оқу жылында кем дегенде 4 рет өткізілуі тиіс.
Жалпы бұл жұмыстын негізгі бағыты ата-аналарда баланың даму мүмкіндіктеріне сендіру, білім беру, тәрбиелеу, түзету міндеттерін шешуге көмекші болуға үйрету.
Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Арнайы білім беруде тәрбиенің ерекшелігі неде?
2. Тәрбие принциптерін атаныз, олар мүмкідіктері шектеулі баланы тәрбиелеуде қалай жүзеге асады?
3. Арнайы мектепте адамгершілікке тәрбиелеу өзгешілігі не білдіреді?
4. Эстетикалық тәрбиенің негізгі құралдары қандай?
5. Дене тәрбиесінің міндеттері қандай?
6. Мүмкідіктері шектеулі баланы отбасында тәрбиелеу ерекшеліктері қандай?
Әдебиеттер:
1. Сурдопедагогика / Под ред М.И.Никитиной. - М, 1989 г.
2. Обучение детей с нарушениями интеллектуального развития (Олигофренопедагогика) под ред. Б Л. Пузанов. Учебное пособие - М. - 2001.
3. Мастюкова Е.М., Московкина А.Г. Семейное воспитание детей с отклонениями в развитии. - М. - 2003.
Дәріс № 22-25