Тифлопедагогика пәні, мақсат-міндеттері
Арнайы педагогика соқырлық және нашар көрушілікті психофизиологиялық кемістік ретінде қарастырады. Ол көру қабілеті шектеулі немесе мүлдем жоқ болғандығымен сипатталады, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуының барлық процесіне әсер етеді. Көруіндегі кемістігі бар тұлғалардың іс-әрекетінде, қарым-қатынасында және психофизиологиялық дамуында өзіндік ерекшеліктер туындайды, олар: қимыл-қозғалыс дамуындағы кемістік, кеңістікті бағдарлау, ұғымдар мен түсінікті қалыптастырудағы ақаулар, әлеуметтік қарым-қатынас, қоғамға араласу, еңбекке бейімдеу саласындағы өзіндік ерекшеліктер.
Көру қабілетінің зақымдалуына байланысты бұл топтағы тұлғалар 2 топқа бөлінеді:
1. Көрмейтіндер;
2. Нашар көретіндер.
Соқырлар (көрмейтіндер) - көруінде ауытқуы бар балалар қатарындағы жарықты көру сезінуі толығымен бұзылып немесе қалдық көру сезімдері мен көру қабілеті бар (жаксы көретін көзіндегі өткірлікті көз әйнек арқылы түзету 0,04 дейін) және көру көлемі тарылу жағдйындағы, көру өткірлігі (0,08 дейін ) прогредиентті сипатқа ие көз аурулары бар балалар.
Нашар көретіндер - 0,05-тен, 0,2-ге дейін жақсы көретін көзінде түзететін қарапайым көзілдірік арқылы көретіндер. Нашар көретіндерде көру қабілетінің өткірлігінің төмендеуімен қатар, көру қызметінін басқа салалары да бұзылуы мүмкін, мысалы: жарық пен түстерді сезінуі, шеткі бинокулярлық көруі.
Тифлопедагогика - (грек сөзінен "tuphlos"-соқыр дегенді білдіреді), арнайы педагогиканың пәндік саласы, көруінде ауытқуы бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейтін ғылым.
Тифлопедагогика арнайы педагогиканың бөлімі ретінде, гуманистік тәрбиелеу қағидаларының негізінде, балалардың және ересек адамдардың зақымдалуын ескере отырып дамиды. Тифлопедагогиканың ғылым ретіндегі келесі проблемаларды өңдеу болып табылады:
- Көру қабілетін жаң жакты психологиялық-педагогикалық, клиникалық тұрғыдан зерттеу,
- Көрмейтін және нашар көретіндердің дамуындағы кемістіктердің орның толықтыру, қайта қалпына келтіру оларды түзету жағдайларын анықтау;
- Көру кабілеті зақымдалған тұлғаның жаң жақты даму жағдайларын зерттеу.
Ерекше орын алатын міндетер, көрмейтін және нашар көретіндерді кәсіби еңбекке даярлау, нақты ғылым негіздерін оқыту үшін білім мазмұнын, әдістерін, оқытуды ұйымдастыру формаларын анықтау. Бұл жерде көруінде ауытқуы бар балаларды арнайы мекемелерде оқыту мен тәрбиелеу және сол мекемелердің құрамымен түрлерін анықтау манызды міндет. Келесі міндет оқу бағдарламаларын әзірлеудің ғылыми негіздерін өңдеу, соның ішінде оқулықтар мен арнайы әдістемелер. Сонымен бірге, арнайы техникалық құралдардың жасалуына, және де көру қабілетінін бұзылыстарына жақсы жағынан әсер ететін таным мүмкіндіктерін кеңейтетін құралдарды өңдеуге, осындай адамдарды оқыту, еңбекке даярлау үшін арнайы ғимараттарды жобалауға ерекше үлкен көңіл бөлінеді. Негізін қалаушылар: В.Гаюй ( 1745-1822), Л.Брайль (1809-1852).
Көруіндегі ауытқушылықтар туа немесе жүре пайда болады. Туа біткен соқырлық - жатаріштегі даму кезеңіндегі түрлі зақымдардан, тұқым қуалаушылықтан, анасының жүкті кезіндегі түрлі аурумен ауырғандықтан болады.
Жүре пайда болған соқырлық – көбінесе көру мүшесінің - торлы қабығының, көздің қасаң қабығының, орталық жүйке жүйеснің ауруларынан (менингит, мидың ісігі, менингоэнцефалит) ауруларынан кейін жалпы мүшедегі аурулардан (қызылша, тұмау, скарлатина) да болады. Сонымен бірге түрлі жарақат алған кездегі мидың зақымдалуынан немесе көздің зақымдалуынан болады. Баланың дене және психикалық дамуына көру анализаторындағы кемістіктің пайда болған уақыты аса маңызды әсер етеді.
Соқырлық неғұрлым ерте пайда болса, екіншілік кемістіктердің деңгейіде соғұрлым терең болады. Соқыр болып туылған балалардың психикалық дамуы қалыпты балалардың зандылықтары сияқты жүреді, бірақ көру арқылы бағдары болмағандықтан қимыл-қозғалыс саласына және әлеуметтік тәжірибесіне жағымсыз әсерін тигізеді..
Көрмейтіндердің жоғары психикалық процестер (зейін, логикалық ойлау, есте сақтау, сөйлеу тілі) қалыпты дамиды. Бірақ соңымен қатар сезім, зият сияқты қызметтер арасында өзгеше бұзылыстар пайда болады да абстрактілі ойлаудың басымдылық сипатын білдіреді.
Көрмейтін балаларды оқытуда, кемістіктің орнын толыктыру туылған кезден басталатынын ескеру қажет.
Нақты жағдайларда көрудің болмауы, есту және сипап сезу қабылдаулары дамиды. Сөйлеудегі игерулерді дыбыстық еліктеу арқылы жүзеге асырады.
Түйсінудің сақталуы анализаторлардың айыру сезімталдығы соқыр балаларда сау балаларға қарағанда тезірек жүретіндігі, дамитындығы көрсетілген. Тактильді кинестетикалық түйсік нашар көретін адамдарда маңызды ролді атқарады. Тері сезімталдығының сенсибилизациясы әсіресе, алақанда, саусақтарда байқалады.
Тотальды соқырлық жағдайындағы тұлғалардың көру бақылауын жоғалтканына тәуелді вестибуляторлық аппараты жақсы дамиды. Көру арқылы қабылдауы белгілі нақты категорияны айқындайды, олар: форма, көлемі, бағыты, түсі, сипап сезу, қабылдау бағыты, бұлардың бәрі белгілер түсінен басқа, оған қосымша қосылу, салақ, жылы және суық барлығы 11 белгі сипап сезу мүшесіндегі тек мүлде соқыр болған кезде айқындалады. Көру кабілетінен айырылғанан соң, сипап сезу компенсациясында танымдық және баска функциялар орын алады.
Көруінде ауытқуы бар тұлғаларда ес процесінің бұзылыстары байқалады. Есте сақтаудың көлемінің төмендеуі, көлемінің кемуі және есте сақтауының жылдамдығы, есте сақтау материалының жеткіліксіздігі байқалады. Көрмейтіндер (соқырлар) және нашар көретіндер материалдың басы мен соңғы жақтарын жақсы есте сақталады. Көруінде ауытқуы бар балалар шаршағыш, ұмытшақ болады. Нашар көретін балалардың орталық көру өткірлігі 0,05 дейін 0,4.
Соқыр адам қоршаған ортадағы адамның әрекетін және қимылын қабылдау мүмкіндігінен айырылғандықтан, еліктей алмайды. Сонымен бірге, олар қоршаған ортадағы құбылыс және объектің көптеген белгілерін қабылдай алмайды: түсті, форма, мөлшер, заттың кеңістікте орналасуын көрмейді. Бұларда нақты мазмұны жинақталмаған сөз қорлары формальді дұрыс білім жинақталады, әлеуметтік тәжірибе өз-өзіне қызмет жасау дағдысы шектелген. Нашар көретіндер заттар мен құбылыстарды танудағы кейбір мүмкіншіліктері болады. Олардың көру қабылдауы сақталғанымен толық емес, баяу, нақты емес. Көрмейтіндердің ара-қашықтықтағы қимылсыз тұрған заттардан, берілмеген дыбыстарды түйсінуге қабілетті, олар иісті жақсы дифференциялайды, олардың бастамасын, бағытын анықтайды.
Көрудегі ауытқушылықтар эмоция-ерік сферасы, тәртібие, өзіндік ерекшеліктерді қалыптастырады. Көрмейтіндер балалар ойын, оқу және кәсіби әрекетті меңгеруде қиыншылықтармен кездеседі. Ал бар ересек тұлғаларда тұрмыстық салада кездесетін көптеген қиындыктар, негативті реакцияларды тудырады, уайым, қайғыру жағдайына әкеліп соғады.
Көптеген жағдайларда, соқыр балалардың мінез-құлқында пайда болған ерекшеліктер жағымсыз қасиеттердің (сенімсіздік, бәсендік, ашуланшақ) дамуына әсер етеді.
Л.Г.Выготский бойынша, соқыр адамдардың «алтыншы» (жылылық) сезімі болады. Ол біршама қашықтықта тұрған затты байқауға мүмкіндік береді. Соқырлық компенсациясы нәрестенің алғашқы айынан-ақ басталады.
Нашар көретіндерде - маңызды анализатор болып табылатын көз жанарын пайдалануға мүмкіндігі бар. Олардың қоршаған ортаны қабылдауы өте тар және анық емес, сондықтан да олардың көзбен қабылдауы шектеулі. Соқыр және нашар көретін адамдардың қоршаған ортаны қабылдауында түйсік үлкен орын алады. Тактильді қабылдау түрі сезімдер кешенін алуды (жанасу, қысым, қозғалыс, жылылық, суық т.б.) қамтамасыздандырылады және дененің формасы мен өлшемін анықтауға көмектеседі. Қолмен, саусақпен «көруге» үйренеді. Сөзді есту арқылы қабылдау үлкен роль атқарады, іс-әрекеттің көп түрін меңгеру жетістігі көрнекі - бейнелі ұғымның, ойлаудың, кеністікті бағдарлаудың жоғары деңгейде дамуына байланысты. Бұл әсіресе, оқыту мен тәрбие, түзету үшін өте қажет жағдай.