Арнайы білім беру жүйесінің әлеуметтік-мәдени тұрғыдан қалыптасу тарихи кезеңдері

- кемтарларды жеккөрушіліктен қамқоршылыққа алуға дейін кезең (б.э.д ҮІІІғ-б.э. XII ғ.)

Барлық тарихи кезеңдерде арнайы оқыту жүйесінің дамуы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайымен, қоғамның құндылықтары мен кемтар балаларға қатысты мемлекет саясатымен, білім беру жүйесіндегі заңдылықтармен, ғалымының даму деңгейімен, әлемдік арнайы білім беру тәжіребесіне лайық жүреді.

Арнайы білім беру жүйесінің бір кезеңнен екінші кезеңге өтуі және сапалы кұрылып, қалыптасуы әлеуметтік көрінісімен анықталады.

Антикалық дәуерден бастап бүгінгі күнге дейінгі кемтар тұлғалардың дамуың зерттеу жұмыстары дамудың бес деңгейін ажыратуға мүмкіндік берді. Бұл кезеңдерді ажыратудың негізгі көрсеткіші ретінде Н.Н Малофеев қоғамның кемтар тұлғаларға деген көзқарасы, көрсетілген көмектің дәрежелерімен бекіткен.

Антика заманынан орта ғасырларға дейін қоғам мен мемлекеттің даму барысында «дамуында ауытқулары бар тұлғаларға» деген қарым-қатынас өте төмен дәрежеде болды. Ол кезде олардың азамат есебіне алмай, статустарын құлдардың статусымен тең қойды.

Алғашқы болып қоғамнан шектелгендерге қайырымдылық танытқан шіркеу қорғаушылары болды. Шіркеулер хоспис, баспаналар мен жетімханалар пайда болды.

Мәліметтер бойына ол кездегі өзіне тамақ тауып жеуге мүмкіншілігі жоқтұлғалар, егер өз өлімімен өлмесе, ру басылары күшпен өлтіріп отырған екен. Туа біткен ақыл-ойы кем немесе дене кемістігі бар тұлғаларды азаматтық өлім күтіп тұрды.

Ежелгі Грециядағы балаларды өлтіру туралы мәліметтер ерте жастағы күрделі деңгейдегі кейіп-кеспірсіз балаларға қатысты болған және де өлтіруге негізінен дене кемістігі бар балалар ұшыраған. Спартада осындай балаларды өлтіру ІҮ-Ү ғасырларды қамтиды және олар бұл істерін экономикалық жағдайына тәуелді болған. Бұндай құбылыс Римде де өз орнын алған. Оны ежелгі Рим философы Сенеканың (б.д.д. 6 - б.д.д. 65ж.) сөзінен байқауға болады. «Біз өмірге әлсіз және кейіп-кеспірсіз болып туылған балаларды өлтіріп, суға тұншықтырамыз, бұны біз ызалықтан немесе қолайсыздықтан емес, санамыздың жетекшілігімен істейміз, жарамсыз бен сауды ажырату үшін» деп жазған.

Ал ежелгі грек елінің ұлы философы Аристотель «адам бойындағы «бұзылғандықты», «ашуланшақтықты», «топастықты» - жаман қылықтардың қалыптасуына әкелетін жетіспеушілік» - деп тұжырымдады.

Адамзат тұлғасына деген жаңа мұрат, құндылықтар мен көзқарастар адам өмірінің мәні туралы түсініктерді христиан дініне сеңушілер алып келді. Олар діни сезімталдық пен жан ашу қаситетін енгізді. Қайырымдылық көрсету әркімнің өз еркінде ғана емес, ол әрбір христианның міндеті болып жарияланды. Шіркеулерде ашылған пана үйлер кемтарларға жағымды қатынастың басталу болды. Келесі бес жүзжылдықта Батыс Еуропа мемлекеттерінде алғашқы қайырымдылық мекемелері мен ауруханалар құрылды. Ең алғаш рет соқырларға және соғысқа қатысу салдарынан көрмей қалған тұлғаларға арнайы пана ашылды.

Бұл жүйенің бастапқы қалыптасуы қала билігінің, монархтың жауапкершілігіне айналды. Осы мәселе мемлекет міндетінің нысаны бола берді.

Киевте шеркеулік қайырымдылық жүйесі ресми мемлекеттік түрде христиан дінің ұстау уағыздаудан басталған. Владимир патшасы шіркеу мүгедектер туралы жұмысты қалыптастырудың іргетасын қалаған (996ж). Киевтегі Печор шіркеуін қалаушы Феодосий кемтарлар мен керен-мылқауларға көмек көрсететін алғашқы пана -аурухана ашқан.

Сөйтіп, Еуропа елдері өркениеті дамуында кемістігі бар тұлғаларды басынудан, оларды өлтіруге тыйым салынған уақытқа дейін, өте ұзақ, азапты жолдан өтті.

Ресей елінде зиялы мекемелердің ұйымдастырылуы, яғни кемтарлаға әлеуметтік көмек көрсету туралы мемлекет саясатынын зандылықтары, көбінесе, Батыс Еуропа тәжірибесінің нәтижесімен танысудан бас алған.

- қамқорлықтан керең соқырларды оқыту мүмкіндігін түсінуге дейін кезең (XII г-ХҮІІІ ғ.)

XII ғ. мен ХҮІІІ ғ. аралығында Батыс Еуропа мемлекеттерінде кемтар тұлғаларға арналған зиялы мекемелер мен үйлер (мемлекеттік және жекеменшік) жүйесі құрылды. Реннесанс мәдениеті (қайта өрлеу дәуірі -ХІҮ-ХҮІІ ғ.ғ.) мен Ұлы Реформация ( Ұлы шіркеу төңкерілісі- ХҮІ ғ. екінші жартысы - ХҮІІ ғ. ортасы) ақыл-ойы мен дене кемістігі бар тұлғаларға деген мемлекет пен қоғам қатынасын күрт өзгертті. Реннесанс данышпандарынан туған гуманистік және орталандыру туралы ой-пікірлері еуропалықтардың санасына еніп, адам және адам өмірінің мәні туралы түсініктердін өзгертті, мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың дәрежесіне деген көзқарастын өзгеруіне әсер етті. Христиан дінінің тағы бір бағытын тудырған реформация қайырымдылықтың жаңа үлгілерін дүниеге әкелді.

Орта ғасырлар кезеңінде батыс европалық шіркеулерде кереңдікті және басқа да кемістіктерді ата-аналарының кінәлары үшін жіберілген деген. Олар мен қарым-қатынаска түсе алмағандықтан, оларды есі дұрыс емес сиқыршылар деп ойлаған. Инквизиция жағы олардың іздерінен қалмаған.

Біраз уақыттар өте келе дамуында ауытқуы бар тұлғаларға деген немқұрайлық біртіндеп жойыла бастады. Оларға деген жанашырлық пайда болып, мұндай адамдарды тәрбиелеуге болатыны жайлы да көзқарастар қалыптасты. Мысалға, Ян Амос Коменский (1592-1670) өзінің «Ұлы дидактика» атты еңбегінде былай деп жазған: «Кімде-кім осындай ақылсыз адамдарға табиғи ақылсыздығынан құтылу үшін тәрбие беру» екендігіне күмән келтіре алады. Ары қарай: «Кім жаратылысынан өзі баяу және ашуланшақ болса, сол адам өзіне көмекті көп қажет етеді, өйткені өз бойындағы пайдасыз ақылсыздық пен жындылықтан құтылу үшін». Ян Амос Коменский бұл сөздерінен аномалді балаларға білім беру мүмкін екеніне кәміл сенгенін көреміз. Осылайша мүмкіндігі шектеулі тұлғалар қоғамға артылған жүк болмас үшін оларды оқыту, тәрбиелеу мәселелері қарастырыла бастады.

XII ғасырдан XVII ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде кемтар балалар мен ересектерге деген көзқарас алдыңғы ғасырларға қарағанда айтарлықтай жақсарды. Бірақ бұл процесс баяу және күрделі жолмен дамыды. Қайта өрлеу ойшылдарынан (Ренессанс дәуірінің ойшылдары) туындаған гуманизм идеялары европалықтардың саналарына ене отырып, олардың адам жайлы және оның өмірі жайлы ой-пікірлердің өзгеруіне, мүмкіндігі шектеулі адамдардың статустарына деген көзқарастардың өзгеруіне әкелді.

Дамуында ауытқуы бар адамдарды «азаматтық» тұрғыда ақтауға ғана емес, сонымен қатар олардың кейбіреулерін оқытуға тырысу жағдайлары да жасалды. Бұл жерге тағы Ян Амос Коменский жазғаннан еске түсіруге болады: «қандай болмасын әйтеуір адамзат баласы білім алудан шет қалмауы керек»... деген сөздерін.

Алғашында әр түрлі кемістігі бар балаларды жеке-дара оқыту тәжірибесі, арнайы оқу мекемелерін өзіне қарай тартқан жоқ. Саңырау және соқырлар жеке-дара оқытудың алғашқы талпыныстары, олардың іс-әрекетке жарамды екенін занды түрде дәлелдегісі келген, ауқатты семьядағы ата-аналар тарапынан қолдау тапты. Міне, осындай қолдау 1578 жылы Испанияда, 1648 жылы Англияда, 1670 жылы Францияда іске асырыла бастады.

Ағарту дәуірінде дамуында кемістігі бар тұлғаларды оқытуға алғашқы қадам жасалды. Алғашында түрлі мемлекетерден жинақталған балаларды жеке дара оқыту тәжірибесі арнайы оқу мекемелерін ұйымдастыру қажеттігін тудырмады.

- сенсорнкалық кемістіктері бар балаларды оқытудан білім алуға құқықтарын мойындауға дейін кезең (ХҮІІІ ғ.-ХХ ғ. басы)

Бұл кезеңнің басында кереңдер мен соқырлар үшін арнайы мекемелер ашылып, соңында Батыс еуропа мемлекеттерінде жылпығы бірдей міндетті білім беру туралы, кейіннен сенсорикалық кемісіктері бар және ақыл-ойы кемтар балаларға таралған, заңды актілер қабылданды. Үшінші кезең кемтар балаларға деген көзқарас пен қатынастардың өзгеріп, олардың құқықтарына назар аударылуымен ерекшеленеді. Ең маңызыдысы кемтар тұлғалардың білім алуға құқықтары қарастырылады, кейін занды түрде бірқатар мемлекеттерде бекітіледі.

1817 ж. - Дания - кереңдерді міндетті түрде оқыту туралы акт;

1873 жыл- Саксония- соқыр, керең және ақыл-ойы кемтар балаларды оқытудың міндеттілігі туралы Заң қабылдады.

1881 ж. - Норвегия -саңырауларды оқытудың міндеттілігі туралы Заң.

1882 ж. - Норвегия- ақыл-ойы кемтар балаларды оқыту туралы Заң.

1884 ж. - Пруссия -көмекші сыныптардан жағымсыз жанұядан шыққан балаларды шығару туралы өкім.

1887 ж. - Швеция - кедей және ақыл-ойы кемтар балаларға бастауыш білім туралы Заң.

1889 ж. - Швеция - саңырау балаларға 8 жылдық білім беру туралы Заң.

1892 ж. - Пруссия- көмекші мектептер санын кеңейтудің қажеттілігі
туралы Заң.

1893 ж. - Англия - соқыр, керең балаларға бастауыш білім туралы Заң.
1896 ж. - Швеция - соқыр балаларды мінтетті түрде оқыту туралы Заң.

1899 ж. - Англия- ақыл-ойы кемтар балаларды оқыту туралы Заң.

1900 ж. - Пруссия- саңырау, соқыр және ақыл-ойы кемтар балаларды
оқытудың міндеттілігі туралы Заң.

1914 ж. -Бельгия- көмекші мектептерді ұйымдастыру туралы Заң.

1920 ж. Нидерланды- ақыл-ойы кемтар, соқыр, саңырау және нашар естийтін балаларға білім беру туралы қағида.

Ақыл ойы кемтар балаларға арналған көмекші мектептер пен сыныптардың үдемелі дамуы жалпыға міндетті бірдей бастауыш білім беру туралы Заңның енуімен тікелей байланысты. Мемлекет барлық балаларды оқыта отырып, аталмыш мерзімде білім стандартын меңгере алмайтын балаларға арналған білім жүйесін құруға мәжбүр болды.

Сенсорикалық кемістігі бар тұлғалардың азаматтық құқығын және мәртебесін тану ғана, керең-мылқау балаларға (Париж, 1770 ж.) және соқыр балаларға (1774 ж.) арналған алғашқы мемлекеттік арнайы мектептердің пайда болуына мүмкіндік берді. Дамуында кемістігі бар тұлғалардың тағдырына қоғам көзқарасының өзгеруін Ұлы француз төңкерісі еңгізді. Бұл психиатрияның күрт дамуына жағдай жасады. Ф. Пиннель, Ж,Эскироль, Ж, Итар дәрегерлер кемтар балаларды оқыту тәжірибесін емханаларда бастаған.

Ағылшын тифлопедагогы Г.Армитедж (1824-1894) өзі қайырымдылық ұжымының мүшесі бола тұра, көрмейтіндердің жанұясын аралап ата-аналары мен көрмейтін оқушыларға өмірлік қиындықтарды жеңу туралы ақыл-кеңестерін айтқан.

Бірақ дейді Армитедж, көбінде соқыр балаларды ақыл-кеңеспен қамтамасыз еткенін орнына оларға бір өзім нан берсең сол көбірек көмек болады дейді.

1892 жылы Лондон мен Лейчестер қалаларында ақыл-ойы кем балалар үшін алғашқы мектептер ашылды. Келесі он жылдықта Англияда ақыл-ойы кем балаларды күштеп жабық мекемелерде емдеуге мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың жанашырлары қарсы шығып, олардың қамқорлығы мен құқықтарын заңды түрде қорғауға ат салысты. Қоғамдық инициатива, 1913 жылы ағылшын парламентіне ақыл-ойы кем тұлғаларды қамтамасыз ету туралы заң қабылдануына әкелді.

XX ғ. басында есту мен көруінде ауытқуы бар және ақыл- ойы кемтар балаларға арналған арнайы білім беру жүйесін нақтылы рәсімдеу уақыты болды.

Барлық Еуропа елдерінде арнайы білім беру жүйесі дамуының жалпы белгілері:

- жалпыға бірдей бастауыш білім беру туралы Заңның қабылдануы;

- кемтар балалардың білім алуға құқығын белгілеу;

- арнайы оқыту жүйесінің қызметің реттейтін шағын нормативті-құқықтық базасын құрылуы;

- арнайы мектептерді қаржыландырудың бастауы мен принциптерін анықтау;

- мемлекеттік емес ұйымдарды (қайырымдылық қорлар мен ассоциациялар) қаржыландыру;

- барлық аймақтағы балаларды арнайы біліммен қамту.

Ресей үшін 3 кезең мемлекет пен қоғамның түбірімен қайта құрылуына себеп болған екі тенкеріс үшін теңдессіз болды. Аталмыш жүйенің қалыптасуының алғы шарттары монархиялық Ресейде қалыптаса бастап, социалистік кезенде рәсімделді. Кезеннің басталуы керең-мылқауларға (1806 ж.) және соқырларға (1807 ж.) арналған алғашқы мектептердің ашылуымен танымал. Дамуында ауытқушылықтары бар балаларға көмек көрсетудің 3 негізгі бағыты дамыды:

- христиандық- қайырымдылық;

- емдік-педагогикалық;

- педагогикалық (мектептер мен балабақшаларда).

Кемтар балаларды оқытуды алғашқы тәжірибесін дәрігер-психиатрлер
(В.М. Бехтерев, С.С. Корсаков, В.П. Сербский, А.Н. Бернштейн, В.П.
Кащенко т.б.) бастаған. Ресейлік психиатрлер қоғамы 1880 жылдан бастап
психикалық ауру және ақыл-ойы кемтар балаларға арнайы мекемелерді
ұйымдастыруға белсене тырысуда. Аномальді балаларға арналған «алғашқы
жекеменшік мекеме» 1882 жылы Петербург қаласында ашылған
И.В.Маляревскийдің дәрігерлік мекемесі болды.

1904 жылы Киев қаласында ақыл-ойы кем оқушыларға арналған дәрігерлік-педагогикалық институт құрылды, онда сондай-ақ атақты профессор И.А.Сикорскийдің Ольга және Елена атты қыздары да оқыды. Бұл мекемге ақыл-ойы орташа «орташа» және «жеңіл» деңгейде бұзылған балалар қабылданды. Бұл жердегі тәрбиеленушілер жалпы білімдік және мамандыққа, еңбектену дайындығынан еткен.

Тек 1908 жылдан бастап ғана жалпыға бірдей бастауыш білім беру туралы занды еңгізу арқасында көмекші мектептер мен сыныптар ашыла бастады. Арнайы мектептер ашылуы мен арнайы білім беру жүйесі рәсімделмеді.

Олигофренопедагогика даму тарихында 1908 жылы Москва қаласында ашылған В.П.Кащенконың «кемтар балаларға арналған мектеп-саноториясы» ерекше орындардың бірін алады. В.П.Кащенконың осы мекемесі және барлық емдік-педагогикалық әрекеті дефектология тарихында аса маңызды орын қалдырған.

В.П.Кащенко (1870-1943) аномальді балаларды жалпы түрде оқыту мен тәрбиелеу процесінің іске асуы үшін белсенді ат салысқандардың бірі болады, сондай-ақ ал дефектология аймағындағы зерттеулер мен СССР-де дефектологиялық білімді шеберлікпен ұйымдастырушы ретінде өте танымал болды. 1905 жылы В.П.Кащенко кемтар балаларға арналған мектеп-санаториясын ашуға дайындығын бастайды. Осы мақсатпен ол ынталы түрде балалар психологиясы мен психопотологиясының пайда болу белгілерін анықтаумен айналыса бастайды, оны А.Н.Бернштейн және Г.И.Россолимо жетекшілігімен жүргізіледі.

Кемтар балаларға арналған мектеп-санаториясы, кеңес дәуіріндегі дефектологиясының алғашқы және басты ғылыми-әдістемелік орталығы болуына тура келді.

В.П.Кащенконың ашқан мектеп-санаторийінде орталық жүйке жүйесінің әр түрлі аурулары бар балалар және ақыл-ойы кем балалар да тәрбиеленді. Ол өз әрекетін тәрбиеленушілермен нақты қарым-қатынас жолдарын іздеуге ептілікпен бағыттай ала білді. Бұл мектеп санаторийдің қызметкерлері үкімет басшылары жағынан репрессияға ұшыраған алдыңғы қатарлы педагогтар болды, олар С.Крюков, В.Бабыков, И.Воскобойниковтар.

Мектеп-санаторийдің маңызды міндеті тәрбиеленушілердің тұлғалық дамуын қамтамасыз ету, оқыту процесінде баланы өз еркіне, белсенділікке тәрбиелеу негізінде кемтарлықты жеңіп, оны жерітуге бағытталған. Бұл оқыту тәсілі тәрбиешілердің білімді меңгерудегі танымдық әрекетінің белсенділігіне негізделеді.

Кемтар балалардың білім алудағы кемшіліктерін түзетудің белсенділігін қамтамасыз барлық сабақтарда, барлық пәндерде кеңінен қолданатын, негізгі әдісі - қол еңбегі. Қол еңбегі сабағын В.П.Кащенко мен оның әріптестері қарастырып, ол тек ерекше оқыту пәні емес, сондай-ақ білім беру мен тәрбиелеудің негізгі, оқытудың жан-жақты тәсілі деп шешті.

В.П.Кащенконың мектеп-санаторийдегі оқыту процесін ұйымдастырудағы бір қызық жайт, онда барлық оқу пәндерінің өзара байланысы, органикалық байланысты тығыз қамтамасыз етілгендігі. Бұл оқушылардың білімге деген қызығушьшығын арттырып, білімдерін тереңірек қалдырады деп санаған. Сондай-ақ оқушылардың белсенділігін арттыруда көрнекіліктерді көптеп қолдану мен оқыту барысындағы қолданылатын түрі ойындар да баланың қызығушылығын арттыруда қамтамасыз етті.

Мұнда сондай-ақ тәрбие жұмысына да үлкен мән берілді, бұл жерде қызметкерлер балаларға белгілі бір сыйластықпен қараған, оларға үлкен кісі ретінде қарым-қатынас ұстады, мысалға, балалар мұғаліммен амандасуды ұмытып кетсе, мұғалімдер өздері бірінші болып балалардың амандығын сұраған; тәрбиеленушілердің шағымдары мен өтініштерін мұқият тындаған.

Тәрбиеленушілерден қатаң түрдегі бағынушылықты талап етпеген. Бұл жөнінде В.П.Кащенко мен С.Н.Крюковтың «Қиын балаларды тәрбиелеу және оқыту» деген кітабында жазылған.

Бұл мектеп-санаторийдегі балалардың жағымсыз қылықтарын В.П.Кащенко мен оның әріптестері «қатыгездік еріктің белгісі» және «қайырымсыздық» деп емес, керісінше ол оқушының қателігі, жолдан таюы немесе оның ауру жағдайының салдары деп қарастырған. Ал балалар ондай әрекет жасаған болса оны невроздар, уакытша аурудың белгісі ретінде санап, оларды уақытша төсекке жаткызып қояды. Бір жағынан бұл тәсіл шынымен-ақ балалардың нерв жүйесінің дем алуына әкелсе, екінші жағынан ол педагогикалық нәтиже беретіні де көрсетілген, яғни бала өзін «ауру» деп есептегісі келмей, өздерінің сау екендерін дәлелдеуге тырысқан.

Ал басқа түзету әрекеттер жүйесін айтатын болсақ олар: дене жаттығулары, таза ауада серуендеу, суға шомылу, түрлі ойындар өткізу, т.б. с.с. қысқасы, айта кететін бір жайт В.П.Кащенконың мектеп-санаторийінде жұмыс тәжірибелерінен арнайы балалар мекемелерінде осы заманғы мамандары да өзіне көптеген пайдалы кеңестер табуына болады.

Дамуында ауытқуы бар балаларды тәрбиелеу ісіне жауапкершілік алық ағарту комитетіне жүктелді. Кеңестік Ресейде арнайы оқыту жуйесі қалыптаса отырып, кемтар балаларды қоғамнан оқшалайтын, сарапталған арнайы оқу мекемелерді құру қарастырылды. Арнайы білім беру негізі мекеме ретінде мектеп-интернаттар бекітілген. Кеңестік арнайы мектептің қалыптасуының аталмыш кезеңде атақты педагогтар өз бағасыз үлестерін қосты.

Сөйтіп, Ресейдегі 3 кезеңнің соңында керең, соқыр және ақыл-ойы кемтар балалар үшін арнайы білім беру жүйсінің занды рәсімделу уақыты деп айтуға болады.

- кейбір кемтар балаларды оқытуын түсінуден барлығына білім беру қажеттілігін ұғынуға дейін кезең (XX ғ. басы XX ғ. 70-шы жылдар)

XX ғ. басынан бастап 70 жылдар аралығанда Батыс еуропа мемлекеттері керең, соқыр және ақыл-ойы кемтар балаларға арнайы білім берудің қажеттілігін түсінуден кемтар балалардың барлығын оқыту қажеттілігін танитындай дәрежеге жетті. Бұл кезең жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беру туралы заңның қабылдануы мен күшіне енуі уақытымен анықталады. Бірақ, барлық бастамалар мен жобалар бірінші дүниежізілік соғыстын басталуына байланысты еуропа аймақтарында бір мезгілде қирады. Бірінші дүниежізілік соғыстын аяқталуымен екінші дүниежізілік соғыстың басталу аралығындағы қыска уақытта арнайы білім беру саласындағы белсенділік біршама төмендеді.

Батыс еуропа философиясының гуманистік тенденциясындағы көмек, фашистік идеологиямен басылып қалады. Соғыс жылдарында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды жоспарлы түрде «жарамсыз», «адам емес», «төменгі сапалы адамдар» деп санап, оларды қоғамда өмір сүру құқығынан айырады. Әрине осының салдарынан Еуропа елдеріндегі әлеуметтік-педагогикалық көмек беру ондаған жылдар бойы жалғасын таппай дамусыз қала берді.

Екінші дүниежізілік соғыс пен концлагерь қиындықтарын басынан өткізген өркениетті мемлекеттер адамдар арасындағы айырмашылыққа, олардың ерекшелігіне ерекше көзбен қарады.

Бұл дүниетанымдық түсініктер мен заңдар барлық азаматтардың білім алуға құқын, оларға медициналық қызмет көрсетілген, зейнетақымен қамтамасыз ету, кемтарларға көмек көрсету, жұмыссыздарға төлем ақы төлеу т.б. түсініктерді анықтап, оларды бір жүйеге біріктірді.

Дәл осы кезде Еуропа қоғамының алдында, өз азаматтарынын жеке құқыктарын жеке тұлғалық деңгейге көтеру, әрбір адамға жеке қарым-қатынас негізін құру мәселесі тұрды, ал қазірде ол Европа мемлекетінің заманға сай әлеуметтік-педагогикалық негізін құрайды.

Міне осындай шараларды қолданудың арқасында бүкіл дүние жүзі елдеріне өте қажет және маңызды ұйым құрылды, ол Біріккен Ұлттар Ұйымы (1945ж). Оның негізгі қызметі - дүниежүзілік стандарт бойынша адамның құқықтарын қорғау. Өмір, еркіндік, адам құқығы мен теңдігі маңызды құндылықтар болып жарияланды. БҰҰ 1948 жылы "Адам құқығы туралы" Декларацияны қабылдады

Сол 50- 70 жылдар аралығында кемтар балаларды анықтау, есепке алу, арнайы білім беру мекемелерін дамыту жүзеге асырылды. Осыған сәйкес, кемтар балаларды топтастыру, жіктеу де өзгерді, балалардың жаңа категориялары (психикалық дамуы тежелген балалар, эмоция-ерік саласында ауытқуы бар балалар) анықталып жүйені саралауға жол ашты. Психологиялық-педагогикалық көмек көрсету баланың жасына лайық өзгертілді, кеңейді, яғни мектеп жасына дейінгі кемтар балаларға арнайы кемек ұйымдастырылды.

Бұл кезеңнің аяқталуында БҰҰ ақыл-ойы кемтар (1971), мүгедектердің (1975) құқықтарын декларацияларда бекітті.

Кеңес дәуіріндегі арнайы оқытуды ұйымдастыру жалпыға білім беру заңның негізінде жүрді. Жаңадан қалыптасып келе жатқан дефектология ғылымына маңызды міндетті шешу тапсырылды - кемтар балаларды оқытудың теориясын әзірлеу, тәжірибесін қалыптастыру. Сол кезден кемтар балаларды оқыту мәселелерін ғылыми-әдіснамалық негізін және әдістемесін құруда дефектология ғылымы айналысты (Л.С. Выготский, Р.М. Боскис,А.Н. Граборов, Г.Н. Дульнев, А.И. Дьячков, Л.В. Занков, С.А. Зыков, К.С. Лебединская, Н.Г. Морозова, М.С. Певзнер, Ф.А. Рау, М.Е. Хватцев, Ж.И. Щиф т.б.).

Бұл уақытта кеңестікте кемтар балалардың барлығын арнайы біліммен қамту үшін арнайы мектептер белсенді ашылып, аяғында сегіз түрлі арнайы мектеп қызмет етті ( естімейтін, нашар еститің, көрмейтін, нашар көретің, сөйлеу тілінде кемістігі бар, тірек-қимыл-қозғалысында ауытқуы бар, псхикалық дамуы тежелген және зиятында ауытқушылығы бар балалар үшін).

- кемтар тұлғалардың тең құқықтарынан тең мүмкіндіктірін қамтамасыз етуге бас бұру кезеңі ( XX ғ. 70-шы жылдар - қазіргі уақытқа дейін)

XX ғасырдың 70-ші жылдарында өркениетті елдерінде қалыптасқан қоғамның жалпы адамзаттың құндылығы туралы түсінігі бойынша және ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуындағы оқшалау шетте қалтыруға қарсы қоғамға қосу, құқықтарының теңдігі жарияланған. Тарихта ең бірініші рет дамуындағы ауытқушылықтарға қарамастан, кемтар тұлғалардың тең құқылы екендігін қоғам көзқарастарында толығымен қалыптасты. Сол жылдары дамуында ауытқуы бар тұлғалардың құқықтарын қорғайтын бір қатар БҰҰ бекіткен ақыл-ой кемтар тұлғалардың құқықтары туралы, мүгедектердің құқыктары туралы декларациялар қабылданды - бұл бесінші кезеңнің басталуын белгісі.

Құжаттарда аталмыш тұлғалардың отбасында өмір сүру, қалыпты адамдар арасында білім алуға, кемтар қабілеттерін қалпына келтіру, еңбек ету құқықтарын қамтамасыз ету қажеттілігі бекітілген. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды жабық мекемелерде (интернаттарда) оқыту және тэрбиелеу шетелдегі қоғамда элеуметтік оқшалау белгісі ретінде талкыға салынды. Сол кездерден бастап батыс Еуропа және АҚШ елдерінде әлеуметтік-саяси, экономикалық өзгерістерге тэуелді арнайы білім берудің * әдіснамасы күрт өзгеріп, мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы мектептерде оқыту жағдайын терен қарастырды. Бұл кезеңде жетекшілік ретінде мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды қоғамға қосу қолға алынды. Қоғамға біріктіруде кедергі жасайтын жағдайларды жою, қоршаған ортаны бейімдеу жұмыстары белсенді жүре бастады.

Осы кезенде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы мектептердегі арнайы сыныптарда оқыту тәжірибесімен бірге бұрын окытылмағғн, яғни дамуында ауыр, терең ауытқулары бар балаларды оқыту басталды. Бұл кезең әлі аяқталамады, көтерілген мәселе қоғамда кең талқыланып жатыр. Қазіргі уақытта кемтар тұлғаларга медициналық көмек көрсетудің жаңа технологиялары енгізілуде, арнайы білім беру саласында да жетістіктер мүмкінідіктері шектеулі тұлғалардың қоғамда тәуелсіз өмір сүру жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған. Осы кезеңде дәрігірлер ұрықтың пренаталды кезінде ауытқушылығын диагностикалау технологиясын халыққа ұсынады, сонымен қатар:

- ағза мүшелерін ауыстырудың жаңа технологияларын;

- жасанды органдарды әзірлеудің жетістіктерін;

- имплант және протездеудің технологияларын;

- жүктілік кезінде қолайсыз жағдайлардың алдын алу үшін арнайы вакциналар мен дәрмектерді пайдалану;

- кемістіктерді ерте анықтап арнайы түзетушілік бағдарламаларын әзрілеу, жүзеге асыру.

Біздің елімізде арнайы білім беру жүйесінің қалыптасуы мен даму тарихы әлеуметтік-мәдени тұрғыдан қарастырылмаған. ҚР арнайы білім беру жүйесі өз дамуын кеңес кұрамында бастап, кейін 90-шы жылдардан өзінші дамығаны, белгілі дерек.

Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар:

2. Арнайы білім беру жүйесінің әлеуметтік-мәдени тұрғыдан қалыптасу эволюциясынын құндылығы не?

3. Қазіргі уақытта отандық арнайы білім беру жүйесі эволюцияның бесінші кезеңімен қалай үйлеседі?

4. Қазіргі мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға деген қоғам көзқарасы қандай?

Әдебиет:

1. Специальная педагогика /под ред. Н.М. Назаровой. - М. - 2001.

2. Замский Х.С. Умственно отсталые дети: история их изучения, воспитания и обучения с древиих времен до середины XX века. - М. - 1995.

Дәріс№ 42-43

Наши рекомендации