Арнайы педагогиканың психологиялық негіздері

Арнайы психология – психологиялық білімнің өзіндік, даумында туа немесе жүре пайда болған ауытқушылығы бар тұлғалардың психикалық ерекшеліктерін зерттейтін ғылым саласы. Бұл ғылым дене бітімі кең және психиканың дамуында ерекшеліктері бар балалардың даму өзгешілігін және олардың оқу тәрбиелеудегі заңдылықтарын көрсетеді. Арнайы психология өз проблемаларын зерттеуін жалпы психология, медицина, педагогика ғылымдарымен тығыз байланысты және практикалық, теориялық жүзінде арнайы педагогикаға бағытталады. Арнайы психологияның пәні - тұлғаның бойындағы ақаудың негізгі себептерін айқын анықтайды және кемтар балалардың психикасын зерттейді. Осыған байланысты келесі қажеттіліктер туындайды:

- қалыпты дамыған және сол сияқты дамуыда ауытқушылығы бар баланың психикасының пайда болуын және негізгі заңдылықтың дамуын ашу қажет.

- әр түрлі дәрежедегі кемтар балалардың психикалық дамуы ерекше негізімен ашылуы қажет.

Арнайы психология мүмкіндігі шектеулі баланың әр түрлі зақымдалған психикалық процестерінің орын толтыру үшін психиканы толық дамыту және түзету жолдарын ұсынады. Зерттеудің маңызды бағыты ғылыми негізгі әдістерді жетілдіру, әр түрлі топтағы кемтар балалардың оқыту құралдарын және оның оқытудағы теориялық нақты жолдарын дәлелдеу болып табылады.

Кезкелген кемістік психологиялық жағынан - әлеуметтік мінез-құлықтың өзгеруіне ықпал етеді. Кемтар баланың психологиялық ерекшеліктерін түзетуде әлеуметтік факторлар биологиялық факторларға қарағанда маңызды.

Кемтар баланың әлеуметтік жағдайын жәбірлеп, оны өз құрдастарынан бөлу, психикасының дамуына жағымсыз. Сондай-ақ баланы «жынды" немесе "кеміс" деп айтып намысына тиіп, теріс бағдарға ауып кетуіне себепші болады. Бала кемістігі әлеуметтік ортада айқын байқалады.

Сол үшін қоғамда қалаптасқан мүмкіндіктер шектеулі тұлғаларға деген көзқарасты өзгерту маңызды міндет. Оларды қоғамнан шектемей дөрекі сөздерді қолдануға тиым салу қажет. Бұл ұғымдар тұлғаның ауытқуларын бетке басу болып табылады, әлемдік адамгершілік бағытымен үйлеспейді. Тұлға өзін қоғамнан кем санамау үшін ең алдымен жанұясын, қоршаған ортаны психологиялық кеңес беру және балалардың өзіне деген сенімділігін тудыру. Ең алдымен түзету жұмыстарын дер кезінде жүргізуді ұмытпау керек.

Бір сөзбен айтқанда мүмкіндігі шектеулі тұлғаның ақыл-ой өрісін дамытып отыру дені сау балалардың тіршілік бейнесіне қарай барынша бейімдеп отыруды талап етеді. Бұл орайда қалыпты көретін бала соқырды жетектеп, оған жол көрсетеді. Ал соқырды соқыр бала жетектесе, онда олардың екеуі бірдей құлап түсуі мүмкін. Сондықтан кеміс балаларға қамқорлык көрсетіп, олардың өмір тіршілігіне барынша көмектесу адамға деген адамгершіліктің айқын көрінісі.

Арнайы психологияның нақты ғылым ретінде дамуында ерекше орын алатын Лев Семенович Выготскийдің еңбегі.

Лев Семенович Выготский 1896 жылы 5-ші қарашада Белорус қаласы Оршада туылды.1-жылдан кейін семьясымен Гомиль қаласына көшіп келді. Мұнда ғалымның жастық шағы мен ғалым ретінде қалыптасу өмірі өтті. Мәскеу университеттін заң факультетін бітіріп, психология институтында білім алу жолын жалғастырған. Л.С. Выготскийдің белсенді ғылыми және ұйымдастыру жұмыстары 20-ғасырдың ортасында Мәскеуде басталады.Осы кезеңде Л.С. Выготскийдің ерекше ғалым-педагог ретінде қабілеттілігі көрінді. Ол дамуында кемістігі бар балаларды оқыту мәселесімен айналысып, олардың даму заңдылықтарын зерттеген. Бұл ғалым ен алғаш ғылыми мекеменің іргетасын қалаған, және ғылыми-тәжірибелік орталығын кейін Дефектология институтын ашуға белсенді қатысқан.

Қазіргі арнайы педагогикада Л.С. Выготскийдің фундаментальды-экспериментальды және теориялық зерттеулері бойынша бағытталған бірден бір басқа бағыт жоқ.

Қалыпты және кемтар баланың дамуындағы негізгі заңдылықтары туралы теориясы түзетудің әдіснамалық негізі ретінде. Бұл жерде бала дамуындағы негізгі заңдылықтар мәселесінің негізінде биологиялық және әлеуметтік факторлардың ролін дұрыс түсіну қажет. Өйткені биологиялық теория ағзаның барлық қассиеттері дүниеге келген дейін дайын түрде қалыптасады, дейді. Бұл механистикалық теория қоршаған орта мен тәрбиелеудің ролін теріске шығарады. Бала дамуына әсер ететін педагогикалық ықпалдың маңызын бағаламайды. Л.С. Выготский дәлелдегендей дамуында кемістігі бар балалар өз онтегенезінде қалыпты балалар сияқты негізгі даму кезеңдерінен өтеді, бірақ өте баяу өтеді.

Сонымен бірге дамудың жақын аймағы мен өзекті аймағы туралы ілімді әзірлеген. Дамудың жақын аймағы баланың ерексертердің басшылығымен, көмегімен шешетін міндеттерінің қиындылығының деңгейі. Мысалы: Біздің алдымызда 2-бала, екеуі де 7-жаста, бірақ біруіне кішкене көмек көрсетсең, тапсырманы 9-жастағы балаға лайық деңгейде орындай алады, ал екіншісі 7-жасқа сәйкес орындайды. Екеуінің акыл-ойының дамуы бірдей ма? Өздерінің іс-әрекеті бойынша бірдей, бірақ дамуына байланысты әр түрлі. Баланың үлкендердің көмегімен ғана тапсырмапы орындай алуы, бірге дамудың жақын аймағын көрсетеді. Бұл дегеніміз осы әдістеменің көмегімен біз қазіргі күнгі даму процесін қарастырамыз, сонымен катар аяқталған айналымын ғана емес ,қазір қалыптасып жатқан процестерді де қарастырамыз.

Ересектердің көмегімен бүгін бала не жасаса, оны ертең өзі жасайтын болады. Осылайша дамудың жақын аймағы ертеңгі күнгі баланың динамикалық даму жағдайын анықтауға көмектеседі. Мысалы 36 көрсетілген 2-баланың жасы бірдей аяқталған айналымы бойынша, бірақ дамудың динамикасы екі түрлі. Осыдан оның 2 деңгейін дамудың актуальды, яғни өзекті деңгейі мен дамудың жақын аймағын анықтадық.

Л.С. Выготский кемтар баланы әлеуметтік тәрбиелеу, оның табиғи кемістігін әлеуметтік компенсациялау әдісіне негәзделеді. Жеке тұлғаға, педагогикалық ықпал ету жүйесі кемістіктің ерекшелігіне бағыттауын тиіс.

Арнайы психологиялық, сондай-ақ арнайы педагогикалық негізгі мәселесі зақымдалған анализаторлардың орнын толықтыру (компенсация). Психикалық дамуы тежелген балаларды арнайы ұйымдастырып оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты - зақымдалған ағза мүшелерін неғұрлым тиімді орнын толықтыру жолдардын табу. Психикалық функцияларды толықтыру (теңестеру, яғни компенсация) дегеніміз - бұзылған немесе дамымай қалған психикалық функцияларды сақталған немесе жартылай зақымдалған функциялар арқылы орнын толықтыруды білдіреді. Зақымдалған ағза мүшелерінің қызметін толыктырудың 2 жолы бар.

Біріншісі - ішкі жүйелілік толықтыру (компенсация): мысалы: есту қабілетің сақталған қалдық есту арқылы қабылдауын дамыту арқылы;

Екіншісі - жүйе аралық толықтыру (компенсация,теңестеру,) мысалы: көру қабілеті зақымдалған баланың көру анализаторының қызметін сипап-сезуді дамыту арқылы толықтыру.

Толыктыру формалары тұлғаның толықтай дамуына мүмкіндік береді. Толықтыру теориясы арнайы білім беру тарихымен тығыз байланыста ұзақ уақыт жолдан етті.

Толықтыру мәселесінде ерекше орын алатын Австрия психологы және психиатры А.Адлердің жоғары толықтыру теориясы ерекше орын алады. Бұл ғалым тұлғаның ішкі бірлігін сақтауды жетекші қағида ретінде белгілеп, психика дамуына әлеуметтік ортаның биологиялық факторларға қарағанда маңызды деген. З.Фрейд сияқты, А.Адлер да тұлғаның қалыптасуы негізінен баланың алғашқы 5-жыл өмірінде болады. Бұл кезде оның мінез-құлқы, өмірге деген көз қарасы пайда болады. А.Адлердің пікірінше, адам табиғатта биологиялық тұрғыдан ең бейімделмеген жәндік, сондықтанда ол бастапқы кезден-ақ өзін толыкқанды тұлға ретінде сезінбейді, сол себептең бала дамуында қандай да денелік немесе сенсорикалық кемістік пайда болса сол сезімді күшейтеді. Өзін толыққанды емес болып сезіну, психикалық дамуына әсер етеді, яғни адам өзің кемтар болып сезіну арқылы сол кемістікті жоюға, орның толықтыруға тырысады, күш салады. Осы сезіммен күресу арқылы адамдар өздерінің шығармашылық мүмкіншіліктерін артады.

Л.С.Выготский кемістіктің орнын толықтыруды әлеуметтік және биологиялық факторлар арқылы қарастырған. Бұл толықтыру теориясы арнайы педагогикалық барлық салаларының дамуына жағымды әсерін тигізді, кемтар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің тиімді әдістер мен тәсілдерін әзірлеуге мүмкіндік берді. Аталмыш теорияны қарастыра отырып, оның негізгі факторларын белгілеуге болады.

Біріншіден, Л.С.Выготский кемтар баларды әр түрлі әлеуметтік және шығармашылық әрекеттерге қатыстыру жұмыстарына үлкен көңіл бөлді. Бұл теория бойынша бір сезім мүшесі зақымдалған жағдайда, басқа мүшелер бұрын орындамаған қызмет атқарып, оның орнын толықтырады. Есту қабілеті зақымдалған адамда көру қабілеті, сипап сезуі, сезім мүшелері қалыпты емес, өзгеше қызмет етеді, себебі, олар көптеген ақпаратты ерекше жол арқылы қабылдап, өңдеулері керек. Соңдықтан дамуында кемістігі бар балалармен жұмыс тек қалдық қабылдауын дамыту емес, белсенді әрекетті ұйымдастыру бағытында жүргізілуі тиіс.

Екіншіден Л.С.Выготский ақау құрылымы деген түсінікті енгізді. Бірінші (алғашқы) кемістік, мысалы есту, көру қабілеттінің төмендеуі, дамуда екіншілік кемістікті тудырады. Әр түрлі біріншілік себептерге байланысты сәбилік, ерте және мектепке дейінгі кезеңде екіншілік кемістіктер ұқсас болып келеді. Екіншілікте ауытқулар баланың психикалық дамуын өзгертеді.

Сөйлеу тілі дамуындағы кемістіктер барлық кемтар баларда кездеседі. Естуінде, зиятында ауытқушылғы бар және бала жасындағы сал ауру балаларда сөйлеу тілі болмауы мүмкін. Сонымен қатар, кемтар баланың дамуы қалыпты баланың даму заңдылықтары бірдей болғандықтан, кемтар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мүмкіндіктерінің дәлелдейді. Ол үшін бала бойындағы кемістіктің түрін, деңгейін ескере отырып, арнайы педагогикалық әрекетті ұйымдастыру керек. Педагогикалық әрекеттің ең басты бағыты екіншілік кемістіктердің алдын алу және түзету мен кемісткті азайту. Педагогикалық құралдар арқылы зақымдалған анализаторлардың орның нәтижелі толықтыруға мүмкіндік әрқашан бар.

Психикалык даму құрылымының өзгешілігің, мысалы, есту қабілеті зақымдалған баланың дамуы арқылы көрсетуге болады.

Біріншілік кемістік - естудің зақымдалуы, оның салдарынан екіншілік кемістік пайда болады ол - сөйлеу тілі дамуының бұзылысы, үшінші ретті кемістік - барлық танымдық процестердің өзіндік дамуы. Біріншілік кемістікті түзету үшін медициналық әрекет қажет болса, екіншілік ауытқулар педагогикалық әрекеттерге тәуелді. Неғұрлым екіншілік ауытқуы біріншілік кемістікке тәуелді болса, соғырлым оның түзету жолдары қиындыққа түседі. Мысалы, естімейтіндердің дыбыс айтуы естуіндегі кемістіктің деңгейіне тәуелді, сондықтан дыбыс айтуды түзету ауыр мәселе. Ал сөйлеу тілінің басқа жақтарын, сөздік қорын молайту сияқты жеңіл жүреді.

Үшіншіден, тәрбиелеудің жалпы міндеттері мен арнайы әдістемелер арасындағы байланысы, арнайы тәрбиелеудің әлеуметтік тәрбиелеуге тәуелді, олардың бірі -бірімен байланысыда тәуелді. Дамуында қандай да кемістігі бар балаларды арнайы оқыту, қажетті арнайы педагогикалық құралдар арқылы ұйымдасатыны белгілі. Мысалы, естуінде ауытқуы бар баланы оқытуда, ең алғашымен сол бала үшін сөйлеуді қажет ететің жағдайларды арнайы қамтамасыз ету керек, соңда бала сөйлеу тілінің қажеттілігің түсініп үйренуге ұмтылады.

Төртіншіден, Л.С.Выготский әр түрлі кемістіктері бар тұлғаларды оңалту, сауықтыру мен кемістіктің орның толықтырудың негізгі амалы ретінде еңбек әрекетін қарастырған. Еңбек әрекеті жоғары таным процестерін қалыптастыру мен дамытуға жол ашады және болашақта толыққанды өмір сүруге, қоғамға бейімделіп қосылуға мүмкіндік береді.

Л.С.Выготскийдің бесінші қағидасы бойынша, тұлға өмірі үшін шешуші фактор кемістік емес, оның әлеуметтік-психологиялық көрінісі. Ғалым тұлға өз бойындағы кемістікті саналы түсініп, сезген жағдайда ғана кемістіктің орнын толықтыру мүмкіндігі жоғарлайды деген. Бұл процеске бірігіп әсерін кемістіктің деңгей және - сыртқы әлеуметтік факторлар бірдей тигізеді.

Кейіннен озат психологтар өз зерттеулерінде психикалық функциялардың орнын толықтыру мәселелер қарастырған ( А.Р. Лурия, Б.В. Зейнгарник, Р.Е. Левина, И.М. Соловьев, В.В. Лебединский).

Наши рекомендации