Арнайы педагогикадағы ғылыми-зерттеу әдістері
Арнайы педагогика жалпы педагогикадағы ғылыми-зерттеудің барлық әдістерін белсенді пайдаланады. Ал өзгешелігене сәйкес ғылыми-зерттеулер жүргізе отырып жалпы педагогиканың принциптерін басшылыққа ұстанады, олар:
- педагогикалық құбылыстардың шынайылығы мен шарттаскандығын ескеру;
- құбылыстар мен процестерді даму барысында зерттеу:
-құбылыстарды мен процесгерді өзара қатынастар байланысында зерттеу;
-зерттеуде ғылыми проблеманың шешімі бірін-бірі толықтыру үшін зерттеу әдістерді кешенді түрде пайдалану қажеттілігін ескеру;
-зерттеу әдістерді зерттеленін нысан мен пәннің мән-мағынасына сай келуін қадағалау;
-даму процесін сол дамудың қозғаушы күші және даму себебі саналатын оның қарама-қайшылығына негізделген өзіндік қозғалыс және өзіндік даму ретінде қарастыру;
-сынақталушыға, білім тәрбие процесіне зиян келтірмейтін, адамгершілік-инабаттылық талаптарына қайшы және мүмкіндіктері шектеулі тұлғаның намысына тиістін зерттеулерді өткізбеу.
Арнайы білім беру саласында зерттеулер арнайы білім беру заңдылыктарды, мазмұны, принциптері, оқыту технологиялары мен әдістерін, арнайы оқытуды ұйымдастыру, мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған педагогикалық жүйелер жөніндегі жаңа мәлеметтерді алуға бағытталған ғылыми ізденіс, күрделі процесс.
Арнайы педагогиканың ғылыми әдістер мен әдістемелерін келесі принциптер бойынша топтастыруға болады.
1. Ғылыми таным деңгейі бойынша теориялық және эмпирикалық әдістер.
Теориялық таным әдістері - модель құрастыру, экстраполяция т.б.
Эмпирикалық әдістер - бақылау, әңгімелесу, эксперимент (табиғи, зертханалық, қалыптастырушы және оқытушы), психодиагностикалық әдістер (тестер, анкеттеу, социомстрия, сұхбаттасу).
Арнайы педагогика көбінесе эмпирикалық әдістер пайдаланады.
Бақылау - зерттеу барысында нақты деректерді жинақтау үшін қажетті педагогикалық құбылысты назарға алу. Бақылау әдісін жүзеге асыру үшін алдын ала жоспар дайындау қажет және бақыланған құбылыстар міндетті түрде хатталуы тиіс. Бақылаудың міндеті деректерді жинақтау мен жүйелеу және ғылыми тұрғыдан педагогикалық талдау. Арнайы білім беру ұйымдарында зерттеуші сабақ пен сабақтан тыс уақытында мұғалім мен оқушылардың әрекеттерін бақылайды. Білім-тәрбие жұмыс толыққанды зерттеу үшін әртүрлі (жағымды, жағымсыз) деректерді жинаған тиімді. Хаттау үшін дәстүрлі стенограммадан басқа да әдістерді пайдалануға болады, олар: фотосуреттер, бейнетаспаға түсіру, магнитофонға, диктофонға жазу т.б.
Әнгімелесу әдісі арнайы педагогтар, мүмкіндіктері шектеулі оқушылар және олардың ата-аналарынан қажетті деректер жинау үшін жүргізіледі. Әңгімелесудің сапалы нәтижесін сенімділік қарым-қатынаста жетуге болады, талаптың бірі алдын ала қойылатын сұрақтарды кемтар балалрдың ерекшеліктеріне сәйкес бейімдеу қажет (жас, даму деңгейін ескеруі тиіс, сөздер түсінікті болуы тиіс, жауап беруге уақытты ескеру қажет т.с.с. ). Әңгімелесу барысында жауптарды және өзгеше жағдайларды міндетті түрде хаттау талап, кейін жауаптарды арнайы педагогтар талдап, қажетті әрекет жүргізеді.
Эксперимент. Арнайы педагогикада оқыту әдіс, тәсілдердің педагогикалық тиімділігін анықтау үшін арнайы ұйымдастырылған тексерудің тұрі - эксиеримент. Педагогикалық эксперимент оқыту, тәрбиелеу немесе түзетушілік, дамыту барысында ғылыми тұрғыда ұйымдастырылған тәжірибе. Эксперимент түрлері: табиғи (қалыпты оқу-тәрбие процесі жағдайында) және зертханалық - қандай да әдістің тиімділігін тексеру үшін жасанды жағдай ұйымдастыру. Бұл әдістің ерекшелігі зерттеуші қойылған мақстатқа сәйкес педагогикалық процестің шарттарын өзгертуі мүмкін. Педагогикалық экспериментің негізгі мақстаты - ғылыми болжамды тексеру, міндеттерді шешу. Деректеуші эксперимент Педагогикалық процестің нақты жағдайымен танысуға бағытталған. Ал үйретушілік эксперимент нақты бала немесе ұжымдағы балалар дамуындағы, оқыту мен тәрбиелу, түзету жұмысындағы өзгерістерді бақылау, салыстыру мақстатында жүргізіледі. Экспериментті жүзеге асыру, ұйымдастыру жағдайларын қамтамасыз етуді және алынған деректерді хаттау талап (жазбаша хаттама, бейнетаспаға түсіру т.б.)
Арнайы әдебиеттерді оқу. Бұл әдіс арнайы педагогиканың проблемаларын шешудін ең алғаш кезеңінде пайдаланады. Арнайы әдебиеттер тізіміне жатады:
- арнайы педагогикалық әдебиеттер (монографиялар, оқу және әдістемелік құралдар, оқулықтар).
- периодикалық басылымдар (ғылыми мақалалар);
- басқа байланыс ғылымдар білім жөнінде ғылыми әдебиеттер (психология, жалпы педагогика, арнайы педагогиканың пәндік салалары, психодиагностика т.б.);
- анықтама әдебиеттер мен сөздіктср (дефектологиялық, логопедиялық, сөздіктер, педагогикалық энциклопедиялар т.б.).
Арнайы әдебиеттерді зерттеу арнайы педагогиканың тарихи дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу тәжірибесін, арнайы педагогтардың ізденіс пен жетістіктерімен танысуға жол ашады.
Арнайы әдебиеттерді зерттеу барысында келесі жұмыс түрлері жүзеге асады:
кітапдерек - зерттелетін мәселеге байланысты іріктеліп алынған дерекгік әдебиеттер тізімі;
реферат жазу - жалпы тақырып бойынша бірнеше ғылыми еңбектің қысқартылып берілген мазмұны;
конспектілеу - жұмыстың маңызды идеялары мен тұжырымдарына байланысты жан-жақты материалдарды мұқият қамтыған жазбалар:
аннотациялау - кітап пен мақаланың жалпы мазмұнынан қысқаша қорытынды мазмұнын жазу;
сілтеме беру - әдеби деректе келгірілген ой, пікір не санды өзгертпестен мәтінге ендіре жазу.
Педагогикалық құжаттармен танысу. Педагогикалық құжаттармен (сабақ конспектілері, оқу-тәрбие жұмыс жоспарлары, хаттамалар мен педагогикалық кеңес, әдістемелік бірлестіктін есептерімен) танысу зерттеушіге білім беру ұйымындағы оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру мен оқытудағы нәтижелер жөнінде мәлімет береді. Арнайы мектеп оқушыларының жеке ісімен, психологиялық-педагогикалық мінездеме мен бақылау күнделігімен танысу зерттеушіні оқушылардың ерекшеліктерін біліп, түсінуге көмектеседі, сонымен қатар қажетті объективті деректер алуға жол ашады.
2. Ғылыми зерттеу нысанымен әрекет жасау негізі бойынша: нысанды зерттеу (теориялық және эмпирикалық әдістер), зерттеу нәтижесін өндеу (саны мен сапасын талдау), нәтижесін көркемдеу, ұсыну (презентациялау, кесте, сурет, гистограммалар түрінде т.б.)
3. Ғылыми зерттеу мақсаты мен мерзімі бойынша - қысқа мерзімді тексеру және лонгитюдті тексеру (ұзақ уақыт бойы үйрету, бақылау). Мысалы, ұзақ мерзімді эксперимент С.А. Зыковтың жетекшілігімен 1964-1972 жылдар аралығында өткізілді. Бұл эксперимент, естімейтін балаларға арналған мектептерге заттық-тәжірибелік оқыту сабақтарын енгізу бағытында жүзеге асып, нәтижесінде естімейтіндерді оқытудың жаңа дидактикалық жүйісі әзірленген.
Педагогикалық тәжірибені зерттеу әдісі. Зерттеуге арнайы білім берудегі озат тәжірибе, яғни танымал ұстаздар мен қатардағы тәлімгерлер қызметтері де бірдей алынады. Сол мұғалімдердің жұмыстарында кездесетін оқу қиындықтардын себептері мен қатар жетістіктерін талдауға болады. Педагогикалық тәжірибені зерттеу жоспар бойынша, белгіленген уақыт мерзімінде, үздіксіз жүргізілуі тиіс. Аталмыш әдістің нәтижесінде арнайы мектеп мұғалімдері мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту, тәрбиелеу, түзетушілік көмек көрсету жұмысын жетілдіруге, өз шеберліктерін жоғарлатуға мүмкіндік алады.
Ал, арнайы педагогтардың тәжірибесін зерттеу барысында келесі әдістер пайдаланылады, олар: бақылау; әңгімелесу, педагогикалық құжаттармен танысу, оқу әрекет өнімдерін зерттеу; арнайы әдебиеттерді оқу, эксперимент, әлеуметтік әдістер (сұрақ, сұрақ-сауал, рейтинг, интервью..т.б.), педагогикалық диагностикадағы тесттілеу.
4. Ғылыми зерттеу субъектісінің ерекшеліктеріне негізделу бойынша: бақылау, анкететтеу, сұхбаттасу, тестілеу. Бұл жерде нақты ерекшеліктерін ажырату қажет, баланың өзі, оның білім, икем, дағдылары, әрекет өнімдері, таным процестері т.б. Осыған байланысты келесі әдістерді ажыратамыз: оқу әрекет өнімдерін зерттеу, сұхбат әдісі, анкеттеу т.б.
Оқу әрекет өнімдерін зерттеу. Бұл әдістің мүмкіндіктері шектеулі балалардың даму деңгейін анықтау үшін маңызы зор. Зерттеуші балалар салған сүреттер, түрлі материалдардан жасалған өнімдерді талдау арқылы бала дамуы туралы мәлімет алады. Талдау барысында нақты нәтижесінен басқа, сол өнімнің қалай орындалғаны зерттеуші үшін қажет. Ал, оқушылар дәптерін зерттеу мұғалімнің оқыту процесін ұйымдастыруы жөнінде мәліметтерді толықтырады.
Сұхбат әдісі - қажетті ақпаратгы алу немесе бақылау барысында түсініксіз болған құбылыстың мәнін ашу мақсатымен қосымша пайдаланатын зерттеу әдісі. Сұхбат айқындалуы тиіс нақты сұрақтар бойынша алдын ала әзірленген жоспармен орындалады.
Анкеттеу - ауқымды мәлімет жинақтау әдісі. Анкетаның сұрақ пен жауптары жазба күйінде қабылданады. Сұхбаттасу бетпе-бет әңгілесумен жүргізілсе, анкетаны сырттай орындауға болады. Анкетаның сұрақтары нақты тақырыпта болуы тиіс және орындаушылардың ерекшеліктерін ескеруді талап етеді.
Мониторинг (қадағалау) - білім саласында нақты бір процестің аладын ала қойылған мақсат пен нәтижелердің сәйкестігін қадағапау әдісі. Бұл әдіс арнайы оқытуда өте маңызды мүмкіндіктері шектеулі балалардың оқудағы қиындықтарын дер уақытында байқауға, оқыту мен түзету-дамыту жұмысының сапасын көтеруге жол ашады.
Арнайы педагогика осы әдістерді пайдалануда кемтар және қалыпты дамыған балаларды салыстыруды кең қолданылады.
Сонымен арнаны педагогика, ғылыми зерттеудің прициптерін басшылыққа алып, мақсат міндеттерін шешуде зерттеу әдістсрін кешенді пайдаланады.
Әдебиеттер:
1. Еременко И.Т. Олигофренопедагогика. - М, 1985 г.
2. Сурдопедагогика / Под ред Е.Г. Речицкой М. - 2004.
3. В.П.Ермаков, Т.А.Якунин. Основы тифлопедагогики /Учебное пособие М. 2000.
4. Обучение детей с нарушениями интеллектуального развития (Олигофренопедагогика) под ред. Б.П. Пузанов. Учебное пособие. - М, 2001.
5. "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" ҚР Заңы . - Астана. - 2002.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:
1. Арнайы педагогикаға анықтама берініз.
2. Арнайы педагогиканың ұғымдық аппаратының дамуымен қалыптасу заңдылықтары қандай?
3. Қазіргі жағдайда арнайы педагогиканың қандай терминдерін қолдану қолайсыз?
4. Арнайы педагогиканың мақсат-міндеттерін атаңыз.
5. Қазіргі арнайы педагогиканың құрамы қалай ұйымдастырылған?
6. Арнайы педагогика қандай эмпирикалық ғылыми зерттеу әдістерін пайдаланады?
Дәріс № 5-8