Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелейтін отбасыларына психологиялық көмек беру
Дәріс
Тақырыбы: Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың формалары мен әдістері
Жоспары:
1. Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелейтін отбасыларына психологиялық көмек беру.
2. Психологиялық-педагогикалық, отбасылық кеңес беру.
3. Отбасы мәселелерін диагностикалау және әкелерге кеңес беру. Психокоррекциялық, психотерапиялық жұмыс бағыттары.
4. Библиотерапия. Арттерапия. Хореотерапия. Музыкотерапия. Вокалотерапия. Туротерапия. Эстетотерапия. Еңбек терапиясы. Махаббат терапиясы. Проективті сурет (арттерапия).
Психологиялық-педагогикалық және отбасылық кеңес беру.
Инклюзивті мектепте ата-аналарда пайда болатын қиындықтарМүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру үдерісіне енгізуде, олардың ата-аналарына ерекше орын беріледі. Көпшілік ата-аналар балалардың дамуы үшін жағымды жағдайлар құру үшін зор күш-жігер жұмсайды.Алайда, тәжірибеде ата-аналардың мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру үдерісіне әлсіз қатысуы орын алады.
Ата-аналармен жұмыстың формалары мен әдістері:
- Кеңес беру – «ерекше» баласы бар әрбір отбасына деген дифференциалды тұғыр. Бастысы, ата-аналардың өз балаларына сенім білдіргені және мамандар үшін көмекші болғандары дұрыс.
- Ашық есік күндері – ата-аналар баламен бірге топқа барады, мамандардың жұмысын бақылайды.
- Семинар-практикумдар – мұнда ата-аналар ойындармен, әдебиеттермен танысады, алынған білімді тәжірибеде қолдануға үйренеді.
- Іскерлік ойындар.
- Бірлескен мерекелерді өткізу – мұнда ата-аналар өз баласының жетістіктерін көре алады, баламен бірлесіп қатыса алады.
Мамандардың міндеті – ата-аналарға өз баласынан ұялмауға үйрету, оны сол күйінде қабылдауға үйрету, баланың өзіне деген сенімді болуын үйрету, оның танымдық іс-әрекетін және эмоционалды-ерікті сферасын дамыту.
Әлеуметтік педагог мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелейтін отбасыларына, мүгедектікті тағайындауда және жеке дыбыс күшейтуші аппаратураны, қосалқы техникалық құралдар мен жабдықтарды алуда, нақты практикалық көмек береді. Басқаша айтқанда, ол балалар мен ересектердің арасындағы байланыстырушы буын қызметін атқарады, жалпы білім беретін ұйымда әлеуметтік-психологиялық қолайлы жағдайды құруды қамтамасыз етеді, ата-аналар мен қауымдастықты әлеуметтік-маңызды іс-шаралар мен акцияларды ұйымдастыруға және өткізуге тартады.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелейтін отбасыларына психологиялық көмек беру.
Отбасы – баланың тек өмір сүретін ғана емес, сонымен бірге оның адамгершілік сапалары, адамдар әлеміне деген қатынасы, тұлғаралық байланыстардың сипаты туралы түсініктері қалыптасатын микросоциум болып табылады. Қазіргі заманғы зерттеу жұмыстарындағы отбасына қатысты қағидалар, дамуында бұзылуы бар баламен диагностикалық және түзетуші жұмыс жүргізуде ескерілуі қажет. Жұмыс формалары:
1) дамуында бұзылуы бар баланың ата-анасына (анасына) жұмыс тәсілдерін көрсету;
2) психолог жүргізетін сабақтарды ата-ананың (ананың) конспектілеуі;
3) өз баласымен үй тапсырмасын орындау;
4) ата-аналардың (ана) психолог ұсынған арнайы әдебиетті оқуы;
5) баламен жұмыста шығармашылық ой-пікірлерді ата-ананың (ана) жүзеге асыруы.
Психодиагностикалық әдістемелер ретінде келесі суретті тесттер қолданылады: «Адам суреті», «Өмірде жоқ жануар», «Отбасы суреті», «Үй, ағаш, адам». Бұл әдістемелер 4-5 жастағы балаларды зерттеуде қолданылады, Жекеленген жағдайда әдістемелердің тізімі «Отбасының кинетикалық суреті» әдістемесімен толықтырылады.
Психологиялық-педагогикалық және отбасылық кеңес беру көп жағдайда бірыңғай кеңес беру процедурасының аясында жүзеге асырылады.
Мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасына кеңес берудің ұйымдастырушылық формалары ретінде алынатындар:
Бірінші саты: танысу, сенім мен өзара түсіністіктің қажетті деңгейі бар байланысты орнату.
Екінші саты: отбасының қиындықтарын ата-аналардың немесе олардың орнын алмастырушы адамдардың сөзі бойынша анықтау.
Үшінші саты: баланың психофизикалық ерекшеліктерін психологиялық-педагогикалық зерттеу.
Төртінші саты: ата-аналар қолданатын тәрбие модельдерін анықтау, олардың тұлғалық қасиеттерін диагностикалау.
Бесінші саты: психологтің отбасында кездесетін шынайы мәселелерін құрастыруы.
Алтыншы саты: мәселелер шешілетін тәсілдерді анықтау.
Жетінші саты: қорытынды шығару, түйіндеме жасау, психологтің құрастыруында мәселені түсіндіруді бекіту.