Арнайы педагогиканың негізгі ұғымдары мен түсініктері
Тарихи арнайы педагогика педагогика ғылымның құрамдас бөлігі болғандықтан, ол жалпы педагогикалық негізгі ұғымдар мен терминдердің көпшілігін пайдаланады. Бірақ, арнайы педагогиканың даму барысында өзіндік ұғымдар аппараты және терминологиясы қалыптасқан.
Айтып кететін жағдай арнайы педагогиканың ұғымдар және терминдер шеңбері өте кең, өйткені білімнің жиынтығы түрлі дене және психикалық кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде қалыптасып, жинақталған. Баланың психикалық және дене дамуының түрлі салалары: сөйлеу жүйесі, сенсорикалық, зият, ерік сферасы, қозғалысында түрлі денгейде керінуін және түрліше себептерден пайда болуына байланысты. Болашақ арнайы педагог кемістіктің пайда болудың негізгі себебі мен сипатын, ерекшеліктерін оларды түзетудің әдіс-тәсілдерін, сонымен қатар әрине арнайы терминдерді білуі тиіс.
Алғашында, арнайы педагогиканың өзіндік терминдері болмағандықтан кемтар балалардың патологиялық, анатомиялық-физиологиялық ерекшелітерін білдіретін көбінесе медициналык терминдер найдаланылды. Арнайы гылыми терминдер медицинадан туындаған, олар: диагностика, ақау, соқыр, түзету, ақыл-есі кемтар, кереңдік, мылқау т.с.с.
Арнайы психологияның дамуымен психологиялық терминдер мен ұғымдар қалыптасты, олар диагнозды сипатқа ие болған және нақты психологиялық тексеру нәтижесін білдіреді. Мысалы: 1) дамуы уақытша тежелген балалар; 2) танымдық әрекеті төмен балалар; 3)психомоторикасындағы ауытқуы бар балалар, сияқты ұғымдар тексерудің қорытынды сипатын білдірген. Кейіннен дефектологтар бұл ұғымдарды өз тәжірибелерінде пайдаланып, диагнозды сипатына көңіл бөлмей, дефектологиялық терминдер ретінде қалдырған.
Өзіндік педагогикалық ұғымдар мен түсініктердің болмауы медициналық және психологиялық терминдерді арнайы педогогика саласында пайдалануға тура келтірді, педагогтар үшін әлеуметтік мәдени контекстегі олардың диагноздық мәні жойылады.
Бұл процес әр қашанда өзекті болғандықтан, арнайы педагогиканың ұғымдық аппаратының дамуына үздіксіз ықпалын тигізеді. Ерекше айтып кететін жағдай, арнайы педагогика дамуының әрбір кезеңінде жаңа терминдердің пайда болуы мен ескірген ұғымдарды алмастыру және аталатын нысандар мен құбылыстардың мағынасын нақты білдірмейтін ұғымдарды қате пайдалану беталысы байқалады.
Бір нысанды немесе құбылысты әр ғылым саласы өзінше атайтыны аңық. Соңдықтан бір ұғым басқа ғылымдарда түрлі мағыналық құндылығын әр контекстке байланысты білдіреді. Мысалы, дамуында нақты бір кемістігі бар баланы дәрігер "мидың минимальды дисфункциясы бар бала" десе, психолог - психикалық дамуы тежелген дейді, ал дефектолог сол баланы "білім алуда қиындықтары бар", "мүмкіндігі шектеулі бала" деп айтады.
Соңғы он жылдықта тұтас педагогика саласында атаулар мен анықтамаларды қайта қарастыру жұмыстары басталды. Бұл жағдайдың себебі, 70 жыл бойы дамуында кемістігі бар балаларды арнайы оқыту мен тәрбиелеу саласы «дефектология» атты ғылым болып аталуда. Кеңес дәуірінде дефектология терминінің пайда болуы 20 ғасырдың басында педагогиканың күрт дамуына байланысты. Ол дамушы тұлғаны кешенді қарастыру арқылы педагогиканы байытты және өсіп келе жатқан баланы физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік тұрғыда жан-жақты зерттеудің кажеттілігін көрсетіп дәлелдеді.
Бұл тұжырымдамалық негіздер жаңадан дамып келе жатқан ғылыми-практикалық сала, яғни дефектологияның іргетасын қалады. Дефектологияның дамуына Мәскеудегі мемлекеттік университетінде дефектология факультетін ашылуы мен дамуында кемістігі бар балаларға белсенді арнайы білім беру тәжірибесі ықпал етті, 1937 жылға дейін сол факультет педология факультеті деп аталған. Бірақ "дефектология" терминмен қатар "арнайы педагогика" және "арнайы психология" термині де пайдаланған.
XX ғасырдың ортасында шетел педагогикасы педологиялық ойлардан біртіндеп алшақтап, оның тек оқушыларға жүйелі ықпал етуді ғана қалдырған (психологиялық, физиологиялық, әлеуметтік-мәдени контексте). Кенес дәуірінде болса 1936 жылы «Халықты ағартушылық комитет жүйесіндсгі педагогикалық бұрмалау туралы» атақты қаулы жарық көрді, сөйтіп педология мен осы салада айналысатын ғалымдарды, соның ішінде Л. С. Выготский қудалана бастады. Бүкіл әлемге атақты ғалымның еңбектері 30 жылға дейін пайдалану рұқсатынан айырылған.
Ал дефектология ғылымның дамуына өз құнды үлестерін қоскан ғалымдар Дефектология ғылыми-зерттеу институтты басқарушылары И.И.Данюшевский, А.И. Дъячков, Т.А.Власова т.б.
Өткен ғасырдың 80-90 жылдарында әлеуметтік-саяси өзгерістерге байланысты "дефектология" ұғымның мәні біртіндеп өзгеріп, жойыла бастады. Нақты, "кемістік туралы ғылымнан дефектология", бір қатар ғылыми салаларға сүйене отырып педагогикалық білімнің өзіндік саласы ретінде бөлінді, негізін қалаған жетекші ғылыми салалары -медицина мен арнайы психология. Сол кездерден бастап ғылым жүйесінде, нақты педагогика құрамында дефектологияның орнын анықтау қажеттілігі өз өзектілігін білдірді.
XX ғасырдың 90 жылдарында әлемдік ғылыми бірлестіктермен қарым-қатынастардың дамуы және шетел педагогикалық тәжірибесімен танысу дефектология терминін диагноз қойып, балаларды тек кемістігіне қарай анықтаушы сипатын байқауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар шет елдерінде дефектология ұғымын қолданудан бас тартып, қолайсыздығын көрсетті. Сол кезден бастап кеңес дәуірінде дефектология ұғымынан арнайы педагогика ұғымына көшу кезеңі басталып, басқа балама атауларды іздестіру басталған.
Әлеуметтік өзгерістерге тәуелді дефектологияның орнына "түзету педагогика" термині пайдалану құбылыстар байқалды. Бірақ "дефектология" терминмен қатар "арнайы педагогика" және "арнайы психология" термині де пайдаланған.
Бұл жерде айтып кететін жағдай "түзету педагогика" ұғымы өзінің диагнозды сипатын білдіреді және арнайы білім берудегі педагогикалық әрекеттің көлемін барлығын тек түзетумен шектейді. Соңымен қатар түзету педагогика ұғымын кәсіби термин мағынасында пайдалану, басқа ұғымдарды қарастырмай еңгізілуіне қарамастан, арнайы педагогика деген ұғым сөздіктерде кездескен. Педагогикалық ғылымдар жүйесінде арнайы педагогиканың пәндік салалары бөлек аталады, олар: сурдопедагогика, тифлопедагогика, олигофренопедагогика, логопедия.
Тоқсаныншы жылдардан бастап түзету педагогикасы термині жалпы білім беретін мекемелерде бейімделуі қиын қалыпты балалар мен жасөспірімдер үшін педагогикалық көмек көрсету мақсатында пайдаланылады.
Түзету педагогикасы ұғымы балаға емес оқытудың мазмұнына қатысты мағынада пайдаланған. Түзету педагогикасы-оқыту мен тәрбиелеудің арнайы дара әдістерін қажетсінетін, дене және психикалық кемістігі бар балалар тұлғасының маңызын, заңдылықтарын даму үрдісін басқару беталысын зерттейтін ғылым. Түзету термині бірде арнайы педагогикалық көмектін жекелеген технологиялық компонентер ретінде, әлде мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың қоршаған ортаға лайықты болу мағынасында (медициналық, психологиялық, педагогикалық) пайдалынады.
Қазіргі әлеуметтік құқық, қоғамдағы адамгершілік көзқарас мүмкіндіктері шектеулі тұлға дамуындағы кемістікті түзеу емес жеке дара ерекшіліктерін ескере отырып сол кемістікті түзету үшін көмектін түрлерін (медициналық, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық тұрғыдан) қамтамасыз етудің өзектілігін білдіреді.
"Емдеу педагогика" термині өз атына сәйкес педагогикалық әдістермен емдеуді білдіреді. Бұл жерде педагогиканың медицина саласындағы қызметтерді орындай алмайтыны ақиқат, бірақ мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды емдеу арқылы қолдауды қажетсінетіні де анық. Сондықтан арнайы білім беруде медициналық қолдау көрсету деуге болады, ал мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың барлығын ауру деп атау дұрыс емес.
Емдеу ұғымын терапия ұғымынан ажырату қиын мәселе, өйткені бір мағынаны білдіреді. Ал арнайы білім беру саласында психотерапиялық шаралар кең қолданылады, мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде гипноз, арттерапия, ойын арқылы емдеу, ертегімен емдеу, кітаппен емдеу психологиялық жаттығуды пайдалану. ("Психотерапия в дефектологии" құрастырған Н.П.Вайзман) Психокоррекция – емдеу педагогикасы ұғымын ажыратады К.Д.Ушинский педагогиканы емдеу өнерімен салыстырады. Дәрігер мен педогогты адамның жеке тұлғасына ықпал ету, баланың әлеміне үңілу қажетілігі жақындастырады.
Емдеу педагогикасы термині XX ғасырда неміс ғалымдар еңбектерінде кеңінен кездеседі. Ал, Ресейде атақты дәрігер-психиатрлер А.С. Грибоедов, В.П.Кащенко Г.И.Россолимо психикалық дамуында кемістігі бар балаларды емдеу ісімен айналыса отырып осы терминді пайдаланған. Ал, бүгінгі таңда отандык педагогикалық тәжірибе аталмыш термин сирек пайдаланалады, тек мамандардың кәсіби саласында және ол ескірген болып саналады.
Әлеуметтік қорғау мен құқықтык сала аясында жалпыға мәлім ретінде мүгедек атты ұғым кездеседі. Ал құқықтық мүмкіндіктері шектеулі тұлға термині жиі қолданылады. Медициналық тұрғыдан арнайы педагогика келесідей терминдерді пайдаланады, олар: кемтар балалар, дамуында дерті бар балалар, ауытқулары бар балалар. Ал арнайы педагогикада жиі кездесетін түсініктер «дефект», «кеміс» орысша-қазақша сөздікте дефект -ақау, жетімсіздік, кемістік, мүкістік деп аударылады, дефективные дети-кемістігі бар балалар дейді. Ал қазақша-орысша терминологиялық сөздікте (медагогика және психология) кемшілік - недостаток деп беріледі, дефективные дети- кеміс балалар деген.
Бірақ қазіргі уақытта, педагогика мен әлеуметтану саласында жоғарыда аталған терминдердің мүмкіндіктері шектеулі тұлғаның намысын кемітіп, білім алудағы ерекше қажеттіліктерін, әлеуметік бейімделу жағдайларын білдірмейді.
Сонымен қатар "аномальды", "кемтар балалар" деген терминдерден бас тартып орнына "мүмкіндігі шектеулі тұлға" және "білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалар" терминдерді енгізлігені туралы айту керек.
Қазіргі әлемдік арнайы білім берудің теориясы мен тәжірибесінде аталмыш анықтамаларды мақұлдап, кең қолдануда.
Қазіргі арнайы педагогика дамудағы кемістік, ақауды нақты адамның даму мүмкіндіктірінің қоғамда қабылданған мінез-құлық және қарым-қатынас, мектептегі білімді меңгеру нормаларға сәйкес болмаған жағдайда пайда болады дейді. Ал жалпыға бірдей әлеуметтік қажеттіліктерді аталмыш адамның меңгере алмаған түрде оңы әлеуметтік мүмкіндіктері шектеулі тұлға деп атауды ұсынады. Соңдықтан арнайы педагогика қазіргі уақытта мүмкіндіктері шектеулі тұлға, ал білім алушылар үшін - білім алуда ерекше қажеттіліктері бар деген аңықтаманы пайдаланады, сол ерекше қажеттіліктерді арнайы жағдайды қамтамасыз ету арқылы қанағаттандыруға болады. Ерекше назар аударсақ, даму мүмкіндіктердің шектелуі –педагогикалық көмек қиындықтардың айнымалы көрсеткіш мағынасын ғана білдіреді.
Шетелдегі қазіргі заң және әлеуметтік саласында еңбек ету мүмкіндіктері шектеулі тұлға деген ұғымдар жиі пайдаланады, ол бұрынғы "мүгедек" терминнің орнын басады, өйткені "мүгедек" деген адамның ештеңеге жарамайды, яғни қабілетсіздікті білдіреді.
Соңдыктан мүмкіндіктері шектеулі түлға, еңбек ету мүмкіндіктері шектеулі түлға, білім алуда ерекше қажетгіліктері бар түлга терминдері біршама тиімді және адам намысын қорламайтын болып саналады.
Сөйтіп дамуында кемістігі бар тұлғаларды көп жыл бойы қалыптасып дәстүрлі жіктеу бойынша келесі топтарын ажыратуға болады:
- естімейтіндер;
- нашар еститіндер;
- көрмейтіндер;
- нашар көретіндер;
- тіл кемістігі бар;
- ақыл-ойы кемтар;
- психикалық дамуы тежелген (шет елдерде оқуында қиналатын балалар);
- тірек-қимыл-қозғалысында ауытқуы бар;
- сезім-ерік аясында ауытқуы бар;
- күрделі кемістігі бар.
Осы терминдердің әлі күнге дейін негізінде медициналык, психологиялық жақындастық сақталады.
Ал 2002 жылы қабылданған ҚР "Кемтар балапарды әлеуметтік және медициналық -педагогикалык түзеу арқылы қолдау туралы" Заң отандық арнайы білім беруде пайдаланатын негізгі терминдер мен аңықтамаларды занды түрде бекітіп тәжірибеге ұсынды, олар:.
Кемтар балаларды балаларды әлеуметтік және медициналық -педагогикалық түзеу арқылы қолдау - кемтар балаларға тұрмыс-тіршілігіндегі шектелуді жою және оның орнын толтыру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ететін және оларға басқа азаматтармен бірдей қоғам өміріне қатысу мүмкіндіктерін жасауға бағытталған арнаулы әлеуметтік, медициналық және білім беру қызметтерін көрсететін білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі.
Кемтар бала (балалар) белгіленген тәртіппен расталған, туа біткен, тұқым қуалаған, жүре пайда болған аурулардан немесе жарақаттардың салдарынан тіршілік етуі шектелген, дене және (немесе) психикалық кемістігі бар он сегіз жаска дейінгі бала (балалар).
Қатер тобындағы бала (балалар) – ерте қолға алынбағандықтан әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсетілмегендіктен , дене және (немесе) психикалық дамуында кенжелеп қалу ықтималдығы жоғары болатын үш жасқа дейінгі бала (балалар).
Дене кемістігі-ағзасы (ағзалары) дамуының және (немесе) жұмыс істеуінің ұзақ уақыт бойы әлеуметтік, медициналық, педагогикалық түзеу арқылы қолдауды кажет ететіндей созылмалы бұзылуы.
Психикалық кемістік-адамның психикасы дамуының және (немесе) жұмыс істеуінін уақытша немесе тұрақты кемістігі, соның ішінде: сенсорлық бұзылыстардың салдары; сөйлеу бұзылыстары; эмоция-еркі жағынан бұзылыстары; ми зақымдануының салдары; ақыл-ой дамуынын бұзылыстары, соның ішінде ақыл-ой жағынан кенжелеп қалу; психикалық дамуының тежелуі және осыған байланысты оқып-үйренудегі өзіндік қиындықтар.
Күрделі кемістік – дене және психикалық кемістігінің кез-келген ұштасуы.
Ауыр кемістік – мемлекеттік (оның ішінде арнаулы) білім беру стандартарына сәйкес білім беру қолжетімді болмайтын және оқыту мүмкіндіктері өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын, қоршаған дүние туралы қарапайым білімдерді және қарапайым еңбек дағдыларын немесе аясы тар кәсіби даярлықты меңгерумен шектелетін дәрежедегі психикалық және (немесе) дене кемістігі.
Ерте қолға алу (ерте қолдау) - психикалық - дене бұзылыстары скринингін, медициналық психологиялық-педагогикалық диагностиканы, емдеуді, дамыта окытуды қамтитын, сәби жастағы (үш жасқа) дейінгі балаларды әлеуметтік және медициналық - педагогикалык түзеу арқылы қолдау.
Әлеуметтік бейімдеу - нысаналы әлеуметтік және медициналық -педагогикалық қолдау арқылы қолдау процесінде кемтар балалардың қоғамда қабылданған құндылықтарды, мінез-құлық ережелері мен нормаларын игеруі мен қабылдауы және еңбекке даярлануы жолымен әлеуметтік орта жағдайларына белсенді түрде икемделуі.
Әлеуметтік жұмыс - жекеленген адамдарға, отбасыларына олардың толық мәнді әлеуметтік жұмыс істеуіне кедергі келтіретін бұзылған немесе жойылған функцияларының орнын толтыра отырып әлеуметтік құқықтары мен кепілдіктерін іске асыруда көмек көрсету жөніндегі қызмет.
Скрининг - "қатер" тобындағы балаларды анықтау мақсатымен жаппай стандартталған тексеру.
Арнаулы білім беру - кемтар балаларға арнайы жағдайлар жасай отырып білім беру.
Мұнда оқыту мүмкіндігі қоршаған орта туралы қарапайым білім алуымен, өзіне-зі қызмет ету дағдысын менгеру мен, қарапайым еңбек дағдысын және кәсіби даярлыкты менгерумен шектеледі.
Білім алу үшін арнайы оқыту, арнайы білім беру бағдарламасы мен оқыту эдістері, оқытудың жеке-дара техникалық күрапдары педагогикалық, медициналық, элеулеуметгік және т.б. қызмет көрсету.
Түзету - акыл ойы кем және дене дамуында кемістігі бар түлғаның ақауын түзету, емдеу, азайтуға мүмкін болса жоюға бағытталған педагогикалық шаралар немесе құралдар жүйесі. Түзету адамның компенсациялық бейімделу негізінде құрылады.
Компенсация (латын сөзі - орын толтыру) сақталған функциялар арқылы бұзылған қызметінің орнын толтыру негізінде ағза қызметін қайта құру үрдісі. Компенсация (толықтыру, теңестіру) арнайы әдістер мен түрлі техникалық құралдарды қолданатын мақсатқа бағытталады және арнайы ұйымдастырылған оқыту жағдайында тиімді болмақ. Компенсация процестері әлеуметтік еңбеке бейімделу жағдайын қамтамасыз ету үшін және қалыпты дамыған тұлғалар ортасына кемтар балаларды біріктіру үшін қажет.
Мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар әлеуметтік ортамен әрекеттесуде қиыншылықтармен кездеседі, оларда қоршаған ортадағы өзгерістерді қабылдап, талдау қабілетгері төмен болады. Бұл балалардың қоршаған адамдармен қалыпты қарым - қатынас жасау қабілеті де шектеулі, кемістіктің салдарынан. Осыған байланысты арнайы мектептердің маңызды міндеттерінің бірі - әлеуметтік бейімдеу жұмыстары ұйымдастыру.
Сауықтыру - өзара тығыз байланысты бірнеше формалары бар, медициналык, психологиялық, педагогикалық, әлеуметік-экономикалық, кәсіби еңбек және тұрмыс шараларының кешенді жүйесінен тұрады. Олардың біреуінсіз толық сауықтыру мүмкін емес. Медициналық тарғыдан алғанда мүгедектердің денсаулығын толық сауықтыру, белсенді өмірге араластыру. Психологиялық тұрғыдан қарағанда сауықтыру өзін-өзі бағалауды қалыптастырудың тұлғалық психокоррекциясы.
Педагогикалық тұрғыдан сауықтыру - білім алуға қажетті білім, іскерлік, дағдылы менгеруге бағытталған тәрбие шаралары.
Әлеуметтік - экономикалық сауықтыру – мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды тұрғын үймен, пенсиямен, кемістікке тәуелді қажетті арнайы техиикалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету.
Кәсіби еңбекпен сауықтыру- кәсіби еңбектің дәйекті түрін анықтап, оған оқыту, жүмысты жеңілдететен арнайы техникалық құралдарды пайдалануға үйрету, жұмыс орнына бейімдеу
Тұрмыстық сауықтыру- мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар үйінде және көшеде еркін жүру үшін арнайы протездермен қамтамасыз ету және ғимаратгар мен нақты баспалдақтарын тірек-қимыл қозғалысында ауытқуы бар тұлғалар үшін бейімдеу.
Сонымен, қазіргі арнайы педагогика ұзақ уақыт бойы жинақтаған өзіндік терминологиялық, ұғымдық аппаратын қалыптастырып, пайдаланып жатыр. Бұл мәселе арнайы білім беру саласындағы терминдермен ұғымдардың мәнің ашып, қазақ тіліне аударып, тәжіребеге белсенді еңгізуді білдіргендіктен әлі күнге дейін өзекті деп айтуға болады.