Шет елдердегі біріктіріп оқыту мен инклюзивті білім біру
Қазіргі кезде барлық елдерде мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың білім алуы, еңбек ету мен әлеуметтік бейімделуі жалпы қоғамның және мемлекет тарапынан қарастырылартын мәселеге айналған. Кемтар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің мазмұны мен ұйымдастыру аспектілері арнайы білім беру ұйымдарында қажетті мөлшерде қарастырылған. Ал мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы үлгідегі мектептерде оқыту мэселесі жанадан зерттеліп жатқан күйде. Сондықтан елдер арасында осы тәжірибе алмасу қажеттілігін туындап, өзектілігін білдірді.
90-шы жылдарда мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік бейімдеуін жетілдіру мақсатында халық аралық қүқықтық актілер қабылданды, олар "Бала құқықтары туралы Конвенция" (1989) және "Мүгедектердің күкықгырын тепетеңдігін қамтамасыз ету туралы ережелер" (1993), білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларға арнайы білім беру және жагдайын реттеу үшін "Саламанқалық декларация" (1994).
Мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алуға қол жеткізу үшін негізгі, шешуші рол аткарған 1990 жылы Жомтьен қаласында (Тайланд) өткен әлемдік "Барлығына білім беру" атты конференциясы. Осы конференция барлық адамдар үшін дамуындағы кемістікке қарамастан білім алу жағдайды қамтамасыз етуді бекіткен.
2007 жылы қабылданған мүгедектердің күқықтары туралы Конвенцияда үздіксіз, сапалы, түрғын жерінде, отбасынан айырылмай білім алуға қүқықтар жарияланып, арнайы жағдайларды камтамасыз ету қажеттілігіне ерекше назар аудару туралы баптар бекітілген.
Шет елдердегі мүмкіндіктері шектеулі балаларды өздерінің қалыпты
замандастарымен бірге интеграциялап, біріктіріп оқыту идеясының пайда
болуына және оның дамуына қоғамдағы демократиялық козғалыстар ықпал
еггі. Бұл дискриминацияға қарсы процестер өткен ғасырдың 70-ші
жылдарына белсенді дамып, кемтар түлғалардың қүкыктарының теңдігін
бекіткен. Сол кездерден бастап дамушы елдерде жалпы мектептерде
мүмкіндіктері шектеулі балалардың және олардың қалыпты қүрбылармен
бірге оқыту үшін қажетті жагдайлар қамтамасыз етілген (арнайы
педагоггтармен қызмет көрсететін косымша мамандар сипатымен, арнайы
қаржылай көмек, ерекше қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қажетті
техникалық құралдар).
Шет елдерде интеграцияльщ, біріктіріп оқытуды енгізуге бағытталған жүмыстар қарқынды дамыған арнайы білім беру жүйесінің көмегімен іске асты және кептеген халықаралык үйымдар арқылы сәтті нэтижеге қол жеткізе алды. Әр әл мүмкіндігі шектеулі балаларды интеграциялап, біріктіріп оқыту тәжірибесінің қалыптастыруда өз жолын шекті.
АҚШ - тағы дамуында ауытқуы бар балаларға арнайы қолдау көрсету тәжірибесі мен білім беру туралы басылымдарды салыстыру арқылы Европалық елдермен ортақ тенденциялары бар екенін байқауға болады. Бүл географиялық алшақтығына карамастан ортақ көрсеткіш. XX ғасырдың ортасына дейін дамуында ауытқушылыктары бар ересектер мен балаларға қатысты қолданылған шаралар жеткіліксіз болды. Ол кезде ауытқуы бар балалар арналған мекемелер жүйесі қызмет етуіне қарамастан, олардың білім алу қажеттіліктерін қамтамасыз ету мэселесі өз шешімін таппады. 1975 жылы АҚШ Конгресі кемтар балалардың білім алуы туралы заң қолдады, кейінірек дамуында ауытқулары бар балалар тұлғалардың білім алуы туралы 210 актісі қабылданды. Бүл заңламалардың қабылдануына байланысты кемтар балаларды жалпы білім беруге косуды мемлекеттік тапсырыс ретінде қарастырылып, барлық жағдайларды қамту жөнінде іс шаралар үйымдастыру басталган. 1986 жылы аталмыш заңға ерте жастан көмек көрсету бағдарламасы қосылып, кемтар балалар мен отбасына деген кешенді көмек көрсетудің негізге кезеңі болып қалыптасты.
Барлық Европалык елдердегі сиякты Англиядағы арнайы білім беру жүйесі XIX ғасырдың жартысында дами бастады. Ол кезде алғашқы сенсорикалык кемісітіктері бар балаларға арналған бірнеше арнайы мектептер ашылды. 1921 жылғы білім туралы актіге сәйкес жергілікті білм беру органдары ақыл ойы кемтар балаларды біліммен қамтамасыз етуге міндетті еді.
Ұлыбритания басшылығы 1944 жылы бекіткен білім туралы актіге сәйкес дамуында ауыткуы бар балаларды мінез-күлық деңгейі мен кемістіктің күрделенуіне байланысты категорияларға бөліп, оларды әр кемістік түріне лайык ажыратылған, бөлешектенген білім беру мекемелерінде оқыту туралы келісім шығарылды. Актіде соқыр, керең, эпилепсиямен ауыратындар, дене кемістігі бар, тіл кемістігі бар балалар үшін арнайы жагдайлар жасалган кезде жалпы мектепте білім алуға рұқсат берілгені көрсетілген. Бірақ бүл тәжірибе кең тарамады, оның өз себептері болған. Ата-аналардың қорықканы олардың дамуында ауыткуы бар балаларына сау құрбылары күліп, келеке ететіні және тагы бір себеп болып мұғалімнің арнайы оқыту эдістемесін білмейтіні ең негізгі себеп болып табылады. Кемтар балаларды оқыту үшін мектеп ғимараттары бейімделмегендігі біріктіріп оқыту тәжірибесіне кедергі келтірді. Дамуында нақты бір ауытқуы бар балаларға, мысалы: көруінде немесе естуінде ауыткуы бар балаларды керекті техникалық жағдайлармен камтамасыз ету арқылы біріктіріп оқыту, бір орында интеграциялау тәжірибесі орындалған.
Осы бірнеше жылдар бойы екі білім беру жүйесі қатар қызмет еткен: жалпы және арнайы. Арнайы мектептерде акыл ойы кем балалар окыса, жалпы мектепте ақыл ойы қалыпты дамыған балалар оқыды. Сол ауқытта дамуында ауытқуы бар балаларға арнайы білім алу қажеттілігін қанағаттандыруға көңіл толық бөлінбеді. Тәжірибелік жүмыстар әрдайым жақсы нэтиже бере алмады.
1981 жылы кабылданған білім беру актісіне сәйкес баланын дамуындағы кемістігі емес, оның мүмкіндіктерін және білім алуда қажеттіліктерін ескеру бағыты жетекші болып бекітілеген. Сол себепті Англия елінде 147 арнайы мектеп жабылып, 1983 жылы дамуында ауыткушылыктары бар балаларды жалпы мектептерде оқыту бағдарламасы жүзеге асты.
Германияда ең алғаш естімейтіндер үшін арнайы мекеме 1878 жылы ашылған. Кейінгі арнайы білім берудің даму тарихы кемтар балаларды кемістіктін түріне сәйкес іріктеп оқыту, арнайы мекемелердің ашылуымен сипатталады.
1979 жылы Германияда интегративті педагогиканың концепциясы эзірленген. Концепция дамуында ауытқуы бар балаларға ггедагогикалық ықпал ету арқылы белсендіру және нәтижесінде жалпы білім беру процесінде косып окытуды жариялаган. Жалпы бұл концепцияның бағыты оку процесін ұйымдастыруда біркелкі жұргізуге келісім бермей бағдарламанын материалын игеруде және оқушылардың барлыгына бірдей талап етуден бас гарту. Бұл шараларды іске асыру мүмкіндіктері шектеулі балаларға жалпы мектептерде окуға жол ашыу тиіс.
Арнайы және жалпы мектептің арасындагы ұйымшылдық формада қолданылган арнайы педагогтар жалпы мектептегі пэн мұғалімдеріне көмек көрсеткен. Бұл тәжірибе жүзінде кейбір пэндердің сагатының аздыгы, тапсырманы орындауга көп уақыт немесе техникалык көмек керсетуді қажеттігін білдіреді. Қазіргі кезде Германияда арнайы білім беру кеңінен біріктіріп оқыту кең дамып келеді.
Испанияда арнайы білім беру реформасы алдын - ала толыгымен жоспарланған. Дамуында ауыткуы бар балаларды жоғарғы сапада жалпы білім беруге біріктіру жетекші бағыт болып белгіленген. 1999 жылы жалпы мектсп жүйесін өзгерту, нақты дамуында ауытқуы бар балаларды жалпы мектептерге қосуды жеңілдететің шараларды ұйымдастырудың сегіз жылдык жоспары эзірлеген. Жалпы білім беретін мектептердің барлығына дамуында ауыткуы бар балалар сыныптарға біріктіру туралы мақсат койылды. Бұл жүмыстарда мұғалімдерді дайындауға олардың санын көбейтуге курстық дайындыктар ұйымдастырылды. Арнайы мектепке күрделі кемістігі бар балалар қабылданып, оларға мемлекеттік білім беру орталыктарында арнайы бағдарламалар жүргізілді.
Еуропалық елдерде дамуында ауытқуы бар балалардың жалпы мектепте окуына түзету жұмысымен және мүғалімдерге арнайы мектеп педагогтар тарапынан кеңес беру, әдістемелік көмек көрсетілген.
Австрия елінде жалпы білім беретін мектептердің штатында кемтар балаларды окытуга пэн мұғалімдеріне көмек көрсететің арнайы педагогтың сагаты бекітілген. Арнайы педагог ассистенттің рөлін атқарды, ягни жалпы сыныптағы мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға қажетті әдістерді, технологияларын дайындау мәселесі бойынша кеңес береді. Сыныптағы білім беру жөніндегі жауапкершілік жалпы мектеп мұғалімдерінде. Австрияда арнайы білім беру орталыктары ұйымдастырылып, жалпы мектептерде оқып жаткан мүмкіндіктері шектеулі балалардын білім сапасын, оның эдістемелік қамтамасыз ету, қадағалау міндетін аткарады. Австриядағы иклюзивті білім беру процесі ұқсас жолмен тараған. Негізгі бағыты дамуында кемістігі бар балаларды әлеуметтену және құкыктарының теңдігі туралы түсініктерін тәрбиелеу, қалыптастыру. Әр баланы біріктіру жұмысының мазмұны накты жеке дербес жоспарларда белгіленіп, сол процесі жеңілдетуге бағытталған шараларды талап етеді.
Қазіргі уақытта біріктірудің жетекші мезгілі ретінде жалпы сыныбында пән мұғалімімен қатар екінші арнайы педагогты қосу, ерекше оку орнын ұйымдастыру кең тараған дэстүр, «Шағын -мектеп» сынып құрамында 212 ашылады. Мүмкіндіктері шектеулі баіалармен жұмыс жеке білім бру және түзету-дамыту бағдарламамен жүргізіледі. Әр жалпы мектептерде білімді, тәжірибелі арнайы педагог балаларға арнайы көмек көрсету мен мұғалімдерге кеңес беру қызметін атқарады.
Көптеген шет елдерінде мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алуға кұкықгарын камтамасыз ету үшін жалпы білім беру ұйымдарында бірге оқыту жағдайлары ұйымдастырылған. Бұл дегеніміз мемлекеттік иклюзивті саясатының енгізілуін білдіреді, яғни әр окушының білім алудағы ерекше кажеттіліктерін қамтамасыз ету. Бұл жағдайда арнайы мектептердің рөлі еседі, өйткені олар кеңес беру, әдістемелік орталыктар ретінде кызмет атқарады. Ерекше жағдай колдауды барлық катысушылар (окушы, мұғалімдер, ата-аналар) кажет етеді, мысалы Австрияда мектеп ішінде колдау көрсету міндетін арнайы педагог аткарса, ол көмекті кабылдайтын оқушылар мен мұгалімдер. Ал мектептен тыс колдау көрсету міндетін арнайы мектеп атқарады. Ұлыбританияда мектеп ішінде қолдау көрсету міндетін арнайы (педагог) координатор, мектеп кызметкерлері, мұғалім ассистенті атқарса, мектептен тыс колдау көрсету орталықтары, әлеуметтік орталықтар, психологиялық орталықтар кемтар балалар мен мұғалім мен ата-аналарына көмек көрсетеді.
Қолдау көрсету әр оқушының жеке қажеттіліктеріне тәуелді, мысалы. бір сыныпта қолдау көрсетумен қатар мектептен тыс орталықтарға қолдау көрсетуге болады.
Әлемдік білім беру кеңістігінде мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім беруді дамыту келесі тенденциялармен үйлеседі.
Мемлекет пен қоғамның мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға деген жагымды, жаксы көзкарасы мен катынасы. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың кұкықтарын қорғай отырып, олардың өзгешелігі мен ерекшеліктеріне деген гуманистік, адамгершілік шыдамдылыкты көрсету қажет. Мемлекет сол тұлғаларға еркін өмір сүру үшін накты шаралар үйымдастырып, арнайы білім беру саласына кұқықтық базасын жетілддіру, қаржыландыру мәселесін шешумен қатар әлеуметтік - медициналық білім беру қызмет жүйесін қалыптастыруды ұсынады.
Білім беру сапасын арттыру. Лайықты мәртебелі білім алуды күқыктар теңдігін іске асыру кұралы ретінде, арнайы білім келесі жағдайларды қамтамасыз етуін талап етеді; олар:
· Мемлекет стандарт аясында қатыссыз орта білім беру;
· Білім алуда барлықтары теңдей;
· Тұрғын мекен жайымен жан ұясының табыс деңгейінен тәуелсіз оқу мекемесімен білім бағдарламаларын тандау;
· Білім беруді казіргі талаптарға сәйкес оқу материялдық базасымен қамтамасыздандыру және қазіргі құрал жабдықтармен соңғы оку әдебиеттерін белсенді қолдану.
· Білім беруде, тұлғаның құқығын қорғайтын және психологиялық, дене кауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайын ұйымдастыру;
· Жан ұясына медициналық- әлеуметтік педагогикалық - психологиялық қолдау көрсету мен ерте жастан бала бойындағы даму кемістікгерін анықтау;
3) Балалардың түрлі мүмкіндіктермен өзгешеліктерін ескере отырып оқытуда табиғи жағдайын ескеруді талаптау.
4) Білім беру мазмұнын білімнен - дағды, біліктілікке көшу, аудару ықпалы баланын психикалық, танымдық - дене адамгершілік қасиеттерін дамытуды өзекті талап етеді.
5) Оқытуда тұлғаға бағытталған ықпалы педагогикалық процесте баланың жеке дамуын қамтамасыз етеді. Өзіндік тұлғалық дамуды қамтамасыз ету жағдайдың бірі түрлі деңгейде окытуды үйымдастыру. Бұл жағдай оқу бағдарламалардың түрлі нұсқауларын әзірлеуді аныктайды.
6)Білім берудің түрлі нұсқаулығы. Жалпы орташа оқушыдан
«балардың барлығы бірдей» деген көз қарастан бас тарту, балалардың
барлығына білім алу мүмкіндіктеріне жол ашады.
Жеке, дербес және жалпы бірлестігі дамудың түрлі формалар мен мазмұны негізінде кұрастылады. Бұл жағдай балалардың мүмкіндіктері органикалық үйлесімдігін ж:еке ерекшелігін дамытуда іске асырылады. Жалпы білім беру тұлғаның нақты дамуына, білім алуына әсер етеді. Жеке дербестік кабілеттерді калыптастыру балаларды түрлі әрекетке қосу арқылы.
Жаңа формациядағы педагог тұлғасын қалыптастыру. «Оқытушы -оқулық - оқушы» жүйесінен «окушы - окулық - оқытушы» жүйесіне көшу қажет, өйткені соңғы жүйеде оқушының өзіндік, танамдык әрекетке көңіл аударылады. Оқытушы окушыга Жан жақты көмек көрсетіп, қиыншылықтарын жоюға әрекет ұйымдастарады.
Қоршаған ортамен қарым катынас кұралы ретінде казіргі акпаратгык және коммуникациялық технологияларды белсенді қолдану. Мүгедек тұлғалардың кэсіби еңбекке әрекетін, білім алу мүмкіндіктерін кеңейту. Ерекше жағдай, кейбір дамуында ауыр кемістігі бар балалар үшін компьютерлік технологиялар қоршаған ортамен қарым қатынас орнатудың жалғыз амалы.
Қазіргі уақытта Қазақстан адам құқығы саласында халықаралық негізгі құжаттарды қолдап, құқықтық демократиялык, өркениетті мемлекет болуды талап етеді. Адам құқығы мен бостандығы Қазақстан Республикасы Конституциясында белгіленіп, кепілдік береді. Балалардың құқықтарын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасында басқада заңдарында бекітілген: «Бала құқығы»; «Жанұя, отбасы туралы»; «Білім туралы»; «Денсаулық сақтау жүйесі туралы»; «Кемтар балаларды әлеуметтік, медициналық - педагогикалық көмек көрсету арқылы қолдау туралы». Бұл құқықтық құжаттарды бала құқығын қорғау мемлекет саясатының басты бағыты болуын анықтайды.
Сондықтан, халықаралық сарапшылар пікірі бойынша, оқыту жүйесі кәсіби еңбектің жоғары нәтижесімен экономикалық дамуы факторының негізгісі болып қана табылмай сонымен қатар, үздіксіз білім беру арқылы білім, біліктілік, дағдылардың сапасын жоғарііата отырып барлык өмір бойына пайдалануға мүмкіндік береді.