Стратегиялық бағыт. Жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім
1-басым бағыт «Бәсекеге қабілетті кадрлардың сапалы дайындығын қамтамасыз ету»
Мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды дайындау мазмұны мен құрылымы өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес, сондай-ақ біліктілік және кәсіби стандарттардың ұлттық біліктілік шеңберінде анықталған құзыреттер мен дескрипторлар негізінде еңбек нарығының ерекшеліктеріне сәйкес іске асырылатын және жаңартылатын болады.
Білім беру бағдарламалары жеткші шетелдік әріптес-жоғары оқу орындарымен бірге әзірленетін болады.
Конкурстық негізде жоғары технологиялық және ғылыми сыйымды өндірістер құру үшін экономиканың басым салаларында ғылыми зерттеулер жүргізілетін болады.
Әріптес-университеттермен және шетелдік ғылыми орталықтармен кооперация іске асырылатын болады.
Бітірушілердің жұмысқа дайындық деңгейіне жұмыс берушілердің қанағаттану деңгейін айқындау мақсатында, ИИДМБ шеңберінде 2017 жылдан бастап әлеуметтік зерттеулер жүргізілетін болады (сұрау жүргізу, сауалнама алу, интервью және т.б.).
Мемлекеттік білім беру тапсырысын нарықтық реттеу арқылы 2017 жылдан бастап ЖОО-ға қабылдау ережелері жетілдірілетін болады.
Жұмыс күші тапшы өңірлердегі өндірістер мен кәсіпорындарды кардлармен қанықтыру мақсатында, «Мәңгілік Ел жастары – индустрияға» әлеуметтік жобасын іске асыру жалғастырылады. Жыл сайын жұмыс күші көп өңірде тұратын жастар арасынан кадрлар дайындауға жұмыс күші тапшы өңірлердегі ЖОО үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы және соңынан олардың оқыған орны бойынша жұмысқа орналасуы қарастырылатын болады.
ЖОО бітірушілерін жұмысқа орналастыру орындарымен, оның ішінде еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып ауылдық жерлерде орналастыру орындарымен қамтамасыз етуде мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың іс-қимылдарын үйлестіру шаралары қолданылатын болады.
Ерекше білім алу қажеттіліктеріне ие студенттер үшін тең жағдайлар мен кедергісіз қолжетімділік жасау жұмыстары жалғасын табатын болады (пандустар, көтергіштер, лифтілер, сондай-ақ ақпараттық және кітапханалық ресурстармен қамтамасыз ету және т.б.).
Білім беру қызметтерін қосатын өнімділікті арттырумен жаңғырту және экспортты ұлғайту бойынша жұмыстар жалғасатын болады.
Шаралар:
- өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес жоғары және жоғары оқу орынан кейінгі білімі бар кадрларды дайындауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу мен орналастыру;
- оқыту нәтижелеріне негізделген, оның ішінде шетелдік әріптес-жоғары оқу орындарымен және ғылыми орталықтармен бірге және білім алушыларға жұмыс берушілердің күтілімдеріне сәйкес келетін құзыреттерді беретін білім беру бағдарламаларын әзірлеу;
- мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірге бітірушілерді жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс берушілермен байланысты нығайту және кеңейту;
- бәсекеге қабілетті кадрлар дайындау мәселелері бойынша ақпараттық науқандар өткізу;
- елдің жоо-ларына шетелдік студенттерді тарту.
2-басым бағыт «Әлемдік үрдістер тұрғысында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мазмұнын жаңғырту »
Академиялық дербестікті кеңейту шеңберінде таңдау компоненті бакалавриатта 75%-ға дейін, магистратурада – 85%-ға дейін, докторантурада – 95%-ға дейін ұлғайтылатын болады. Бұл білім беру бағдарламаларын жасауда, оның ішінде жалпы білім беретін пәндер, пәндердің ықпалдастырылған модулдері мен бағдарламаларын, сондай-ақ пәнаралық білім бағдарламаларын әзірлеу бойынша ЖОО академиялық дербестігін қарастырады. Студентке бағдарланған оқыту жоғары оқу орындарының білім беру қызметінің негізгі трендіне айналады.
ЖОО білім бағдарламалары кәсіби стандарттар негізінде әзірленетін болады. 2019 жылға қарай жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім бағдарламаларының 45%-ы кәсіби стандарттардың біліктілік құзыреттерінен негізделетін болады.
Педагогикалық білім мазмұнынң жаңғырту жобасына сәйкес педагогтың кәсіби стандарты әзірленетін болады, соған сәйкес педагогикалық білім мазмұны жаңғыртылады.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім бағдарламалары алғашқы кезекте техникалық, педагогикалық және жаратылыс-ғылыми мамандықтар бойынша үш тілде жүргізілетін болады.
Оқытушылардың тілдік деңгейлерін арттыру үшін, біліктілікті арттыру курастары, жаппай онлайн-курстар, қашықтықтан оқыту технологиялары қарастырылады. Сондай-ақ оқытушыларды, студентерді, магистранттар мен докторанттарды ағылшын тіліне оқыту курстары ұйымдастырылады.
Сонымен қатар тілдік дайындық деңгейін арттыру үшін жоғары оқу орындарында дайындық бөлімдеріне гранттар бөлінетін болады (жыл сайын конкурстық негізде 450 орыннан).
Оқытуға жоғары оқу орындарынан, ҒЗИ-дан, сондай-ақ өндірістен үздік отандық және шетелдік мамандар тартылатын болады.
Академиялық ұтқырлықты дамыту, оның ішінде қазақстан жоғары оқу орындары мен білім алушылардың Эразмус+ жобаларына қатысуы есебінен және шетелдік студенттердің қазақстан жоғары оқу орындарына білім алу үшін келу есебінен дамыту жалғастырылады.
2017 жылдан бастап жоғары оқу орындарын мемлекеттік аттестаттаудан тәуелсіз аккредиттеуге толық көшу іске асырылатын болады.
Шаралар:
- жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерін жетілдіру;
- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім бағдарламалары бойынша үш тілде оқыту;
- оқытушылар мен білім алушылардың тілдік құзыреттерін арттыру бойынша тағылымдамалар, біліктілікті арттыру курстары, жаппай онлайн-курстар, қашықтықтан оқыту технологиялары;
- аккредиттеу органдарына, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарына қойылатын талаптарды белгілеу, атақты аккредиттеу органдарының тізілімін жасау;
- жергілікті бюджет есебінен әлемдік үрдістер тұрғысында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мазмұнын жаңғырту мәселелері бойынша ақпараттық науқандар өткізу.
3-басым бағыт «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамыту менеджменті мен мониторингін жетілдіру»
Азаматтық жоғары оқу орындарында академиялық және басқару дербестігі мәселелерінде Назарбаев Университеті тәжірибесін кезең-кезеңмен ендіру тәжірибесі жалғастырылады. ЖОО әкімшілігі мен оқытушылар тиісті біліктілікті арттыру курстары арқылы, оның ішінде бюджеттен тыс қаражат есебінен академиялық және басқару дербестігі жағдайында жұмыс істеуге үйретіледі.
Халықаралық аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындарына академиялық еркіндікті кезең-кезеңмен ұсыну мәселесі пысықталады.
2017 жылы ИИДМБ-2 үшін кадрлар дайындауды іске асыратын базалық жоғары оқу орындарына нақты даму бағдарламалары негізінде дербестік ұсынылатын болады (корпоративтік, академиялық және қаржы саясаты). Соңынан оң тәжірибе басқа жоғары оқу орындарына таратылады.
Институционалды деңгейді қоса алғанда, білім берудегі менеджментті одан әрі жетілдіруге қол жеткізеді. Бұл корпоративтік басқару қағидасына ие ЖОО санын ұлғайту (байқау кеңестері немесе қамқорлық кеңестері, директорлар кеңесі), топ-менеджмент жоо-ға шетелдік мамандарды тарту, меншік нысанына қарамай, оның ішінде бюджеттен тыс қаражат есебінен барлық азаматтық жоғары оқу орындарының басшылар құрамының жоғары білім берудегі қазіргі заманғы менджмент бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтуі шараларын өткізуді көздейді.
Мемлекеттік жоғары оқу орындарын 100% мемлекеттің қатысуымен коммерциялық емес акционерлік қоғамдарға өзгерту мәселелері пысықталатын болады.
Шаралар:
- азаматтық жоғары оқу орындарындағы академиялық және басқару дербестігі мәселелерінде Назарбаев Университетінің тәжірибесін кезең-кезеңімен ендіру;
- азаматтық жоғары оқу орындары ректорларының қоғам алдында жыл сайын есеп беру тәжірибесін ендіру;
- жоғары оқу орындарының жаңа ұйымдық-құқықтық нысанға көшу мәселелері бойынша ақпараттық науқандар өткізу.
4-басым бағыт «Жоғары оқу орындарының инфрақұрылымын дамыту»
Ғылыми зерттеу нәтижелерін коммерцияландыру үшін жағдайлар жасау тиісті инфрақұрылымның болуын көздейді, сондықтан жоғары оқу орындарында коммерцияландыру кеңселері, технопарктер, бизнес-инкубаторлар және басқа инновациялық құрылымдар құрылады.
Грантпен қаржыландыру, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде ЖОО ғылыми жобаларын коммерцияландыру тетігі әзірленеді.
ИИДМБ-2 базалық жоғары оқу орындары ЖОО, ғылыми ұйым және бизнес арасында үшжақты келісім жасау арқылы қаржыландырылатын ғылыми жобаларды іске асыруға қатысатын болады. Оқыту бағдарламаларының сапасы арттырылып, өндіріспен барынша тығыз өзара әрекеттесуі қамтамасыз етіледі.
11 базалық жоғары оқу орны жанынан ИИДМБ басым бағыттары бойынша қазіргі заманғы жабдықпен жабдықталған 48 жаңа зертхана жұмыс істейтін болады.
Шаралар:
- жоғары оқу орындарының инновациялық құрылымдар құруы, мониторинг және тиімділік пен қызмет атқаруды бағалау;
- ИИДМБ-2 базалық жоғары оқу орындарымен ЖОО, ғылыми ұйым және бизнес арасында үшжақты келісімдер жасау мен іске асыру;
- педагогикалық білім мазмұнын жаңғырту бойынша Дүниежүзілік банк жобасын іске асыру.