Сабақтың психологиялық, жалпы дидактикалық талдауын іске асыру

Азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Жалпы педагогика және психология кафедрасы

Курс студенттерінің педагогикалық практика барысында зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған әдістемелік нұсқау

Ақтөбе 2016

2-курс студенттерінің педагогикалық практика барысында зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған әдістемелік нұсқау ҚР Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты (2012ж), мамандық стандарты (жылы), Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті студенттерінің кәсіби практикасы туралы Ереже (21.11.2013 ж) талаптарына сай жасалды

Құрастырғандар: п.ғ.к., доцент Жусупова Ж.А., аға оқытушылар Наренова А.Б., Баймаханова Г.Қ.

Жалпы педагогика және психология кафедрасы мәжілісінде қарастырылды.

«__ » ____ 2016 жыл. № ___ хаттама.

Кафедра меңгерушісі ____________Жусупова Ж.А.

Алғы сөз

2 - курс студенттерінің педагогикалық практика мазмұны болашақ мұғалімнің мамандығымен байланысты құрылады. Бүгінгі мектеп пен мұғалімге қойылатын талаптардың мазмұнымен сабақтас сонымен бірге, педагогикалық практика өзінің сипаты жағынан комплексті өйткені, арнайы мамандығы бойынша даярланып жатқан пәндермен қатар педагогика-психология пәндері арасында студенттердің түрлі қызметін үйлестіруге негізделеді. Тұтас педагогикалық процесті құзырлылық әдіспен іске асыруға мүмкіндік беретін болашақ мұғалімнің кәсіби іскерлігін және дағдысын қалыптастыру болып табылады.

Практика міндеттері:

  1. Кластағы педагогикалық процестің жағдайын ұғынып және меңгеру:

а) оқу процесі тұтас педагогикалық процестің құрамдас бөлігі;

ә) тәрбие процесі тұтас педагогикалық процестің құрамдас бөлімі.

2. Педагогикалық процестің негізгі белгілерін меңгеру үшін қолданылатын психологиялық-диагностикалық әдістердің кешенін меңгеру.

3. Студенттің кәсіби-тұлғалығын өзіндік дамытудың толық бағдарламасының жоспары негізінде дайындау.

Практиканың мазмұны

  1. Меңгеру:

- нормативті және мұғалімнің жасаған жоспарларымен (пән мұғалімінің оқу жоспары, оқу бағдарламасы, күнтізбелік, тақырыптық және сабақ жоспары);

- пән бойынша оқу кабинеті (техникалық оқу құралдарының, кесте, үлгі, таратпа дидактикалық материалдар, оқулықтар және электронды видео құралдардың болуы және т.б.);

- әр түрлі түрдегі оқу процесінің жағдайы (дебаттар, дөңгелек стол, семинар, сабақ және т.б.);

- пән бойынша сабақтан тыс жұмыстар;

- педагогикалық-психологиялық, диагностикалық әдістемені пайдаланған балалар ұжымы;

- оқушылардың жас ерекшеліктері;

- класс жетекшісінің жұмыс жүйесі;

- класстағы педагогикалық процеске қазіргі білім беру беру технологияларын ендіру.

  1. Қатысу:

- кластан тыс әртүрлі танымдық іс-әрекеттердің өтілуіне (оқу пәндері бойынша);

- оқушылардың оқу материалдарын меңгеруіне көмек көрсету;

- тәрбие жұмысының кейбір түрлері мен формаларын өз бетінше дайындау және өткізу.

3. Іске асыру:

- сабаққа жалпы дидактикалық, психологиялық талдау жасау;

- классқа психологиялық - педагогикалық міңездеме жасау;

- кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзіне білім беру бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары.

4. Педагогика және психология пәндерінен ғылыми реферат, баяндама дайындау мақсатында студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстары және студенттердің оқу ғылыми зерттеу жұмыстарының жоспарына сәйкес тапсырмаларды орындау.

I. Мамандық бойынша мектеп құжаттарымен танысу.

Мектеп құжаттарын талдау.

Әдістемелік нұсқау:Нормативті және мұғалімнің жасаған жоспарларымен (пән мұғалімінің оқу жоспары, оқу бағдарламасы, күнтізбелік, тақырыптық және сабақ жоспары) танысып, көшірмені студент - практикант портфолиосына енгізу.

Сабақтың психологиялық, жалпы дидактикалық талдауын іске асыру

Әдістемелік нұсқау:Практика барысында өз мамандығы сабаққа қатысу және төмендегі берілген схемасы бойынша қатысқан сабағын талдау.

- класс, оқушы саны, кластың пән бойынша сабаққа дайындық деңгейі. Мұғалімнің аты-жөні, педагогикалық стажы.

- сабақтың тақырыбы, өткізілген күн.

- сабақтың өтілу барысындағы жеткізген мақсаты.

- мұғалім басшылығымен шешілген сабақтың дидактикалық және тәрбиелік міндеттері.

Сабақты жүргізу әдістемесінің қысқаша сипаты:

- сабақ типі;

- сабақтың сипатты кезеңдері;

- сабақ мазмұнының бірізділік, түсініктілік, ғылымилық принциптері

және логикалық байланысы;

- оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру формалары мен әдістерінің ерекшеліктері және өзара байланысы;

-мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы мен тұлғалық ерекшелігі.

Сабақтағы қарым-қатынас стилі:

- техникалық құралдарды қолданудың мақсаты, оның сабақ мазмұнымен байланысы;

- оқушылардың меңгерген білім, білік және дағдыларын іске асыруын бақылау;

Сабақтағы кері байланыс:

- білім, білік және дағдыларын бағалау және сабақты қорытындылау;

- үй тапсырмасының көлемі.

Сабақтың нәтижесін бағалау. Қатысушылардың ұсыныстары мен

қорытындылары.

Наши рекомендации