Леуметтік-педагогикадағы ғылыми білімдер сипаттама беріңіз.
Ғылыми пән ретіндегі әлеуметтік педагогика адамдардың және социум институттарының, мемлекет пен қоғамның ғылыми-танымдық қызметін көрсетеді. Ол педагогикалық ғылымның да және қоғамдық ғылымдар жүйесіндегі осы заманғы әлеуметтік-гуманитарлық білімнің де дербес бөлігі болып табылады. Осыған байланысты, оған тән мынадай сипаттық белгілерді атап көрсетуге болады: а) білімнің пәндік саласының тобы бойынша бұл – гуманитарлық ғылым; ә) білімнің мәнін көрсету тәсілі бойынша – феноменалистік; б) ойлау нысаны бойынша – эмпиристік.
Ғылыми пән ретінде әлеуметтік-педагогиканың объектісі – жеке тұлғаны оны практикалық әлеуметтік-педагогикалық қызмет үшін танып-білудің және қайта құрудың пәндік саласы болған қоғаммен өзара әрекетінде әлеуметтік қалыптасуын анықтайтын құбылыстар мен үдерістердің жиынтығы болып табылады. Пәні - әлеуметтік-педагогикалық білімдер, жеке тұлға мен әлеуметтің өзара әрекетінің жалпы заңдылықтары.
Ғылыми пән ретінде әлеуметтік-педагогиканың мақсаты адам мен әлеуметтік ортаның өзара әрекетін үйлестіру бойынша әлеуметтік-педагогикалық қызметтің сапасы мен тиімділігін қамтамасыз етуді ғылыми-педагогикалық негіздеу болып табылады. Осы мақсатқа жету ғылыми пән ретінде әлеуметтік педагогиканың: аналитикалық талдау жасау, сипаттау, түсіндіру, бағдарлау, ұсыным жасау, танымдық, біріктіруші функцияларымен қамтамасыз етіледі.
Ғылыми пән ретінде әлеуметтік педагогиканың міндеттері мынадай топтарға біріктірілген:
- практикалық әлеуметтік-педагогикалық қызметті зерттеу: социумның, ондағы әлеуметтік қатынастардың, субъектілер мен социум институттарының әлеуметтік-педагогикалық қызметінің даму заңдылықтарын анықтау; қайшылықтарды іздеу және үдерістерді анықтау, оларды оның әрқилы түрлері мен тұрпаттарында, әлеуметтік орта салаларында және оларды талдаудың түрлі деңгейлерінде шешу; әлеуметтік педагог қызметінің қағидаларын, мазмұнын, тәсілдерін, әдістері мен нысандарын әзірлеу; бір түрлі немесе басқа түрлі әлеуметтің әлеуметтік институттар мен әлеуметтік қызметтерді құру және қолдануды ұйымдастырудың негіздерін және олардың өзара әрекет бағыттарын құрып, қалыптастыру; әлеуметтік педагогиканың бастауларын анықтау; шетелдердегі кадрлардың, ұйымдар мен институттардың әлеуметтік-педагогикалық қызметіне талдау жасау және тәжірибесін бағалау;
- әлеуметтік педагогиканың өзін дамыту: ғылымның әдіснамалық, теориялық-әдіснамалық және теориялық негіздерін құрып-қалыптастыру; ғылымтанудың әлеуметтік-педагогикалық мазмұнын (объектіні, пәнді, мақсаттарын, міндеттерін, қызметтерін, технологиялары мен әдістерін) анықтау; ғылыми білім саласы ретінде әлеуметтік педагогиканың процессуалдық, функционалдық, ғылыми-мазмұндық, ғылыми-пәндік құрылымын кешендеу; әлеуметтік педагогиканың технологиялық және ғылыми-әдістемелік негіздерін, әлеуметтік-педагогикалық практиканы ғылыми зерттеудің технологияларын және әдістерін жасау;
- әлеуметтік сала кадрларын даярлау үшін өзіндік білім беру кешенін теориялық негіздеу.
Білім беру кешені ретінде әлеуметтік-педагогика адамдар мен социум институттарының, мемлекет пен қоғамның ғылыми-білім беру қызметін көрсетеді.
Оның объектісі әлеуметтік сала мамандарын даярлаудың білім беру кешені болып табылады. Пәні – білім берудің түрлі деңгейіндегі кадрларды даярлау саласындағы ғылыми-теориялық (теориялық зерттеулердің нәтижелері) және ғылыми-эмпирикалық (әлеуметтік–білім беру қызметінің тәжірибесін қорытып-жинақтау нәтижелері) білімдер мен әлеуметтік-педагогикалық саладағы кәсіби қызмет бағыттары.
Білім беру кешені ретіндегі әлеуметтік педагогиканың мақсаты - әлеуметтік саланың кадрларын үздіксіз даярлау жүйесін құру және жұмыс істеуін қамтамасыз ету болып табылады. Бұл мамандар өздерінің кәсіби қызметінде қоғамның түрлі саласының адамдарымен жұмыс істейтін болады: әлеуметтік педагогтар-практиктер, әлеуметтік педагогтар-зерттеушілер (ізденушілер, аспиранттар мен докторанттар) және теоретиктер; осы білім беру кешенінің оқытушылары, студенттер мен тыңдаушылары.
Білім беру кешені ретіндегі әлеуметтік педагогиканың (ғылыми-білім беру) функциялары мыналар болып табылады:
- әлеуметтік педагогтың ғылыми білімдер жүйесін (оның мақсатына, мазмұнына және қызмет саласына байланысты) құру;
- әлеуметтік педагогтың икемділігі мен дағдыларын дамыту;
- әлеуметтік маманның жеке тұлғасының кәсіби-маңызды қасиеттерін дамыту;
- әлеуметтік саладағы репродуктивтік және өнімді (шығармашылық) кәсіби қызмет тәжірибесін (тәсілдерін) беру (үйрету);
- әлемге (адамға және социумға, олардың өзара әрекеті мен өзара қарым-қатынасына) эмоционалдық-бағалаушы қатынас жүйесін құру.
Білім беру кешені ретінде әлеуметтік педагогика органикалық өзара байланысты, өзара келісілген және практикалық қолданыстағы бірлік түрінде мыналарды қамтиды:
- «әлеуметтік педагог» кәсібінің моделі;
- «Әлеуметтік педагогика» мамандығы бойынша жоғары кәсіптік білімнің мемлекеттік білім беру стандарты;
- Білім берудің түрлі деңгейі мен мамандықтарды даярлау үшін оқу-тәрбие үдерісін қамтамасыз етудің оқу-әдістемелік кешені;
- профессорлық-педагогтық құрам.