Леуметтік жұмыстағы жанжал ғылым ретінде дамуына сипаттама беріңіз

ХХ ғасыр басына таман жанжал кәдімгі әлеуметтік құбылыс ретінде ғалымдар тарапынан мойындалды. Жанжал социологиясының дамуында Ральф Дарендорф (Германия) және Льюс Козер (АҚШ) үлкен рөл атқарды. Өзінің “Әлеуметтік жанжалдың қызметтері” атты кітабында Л.Козер жанжалды “құндылықтар мен белгілі бір мәртебеге қарсы адамдардың мақсаттары қарсыласты тоқтату, зиян келтіру немесе көзін жоюға жететін күш пен ресурстарға ие болу үшін күрес” ретінде сипаттады. Ол әлеуметтік жанжал қоғамдық жүйенің тұтастығын бұзады, бірақ қоршаған ортаға қатысты әлеуметтік құрылымды аса икемді қылады деп көрсетті. Ол әлеуметтік жанжалды деструктивтік фактор ретінде емес, әлеуметтік дамудың, керек десеңіз, топаралық жанжал процесіндегі топтың әлеуметтік шоғырлану импульсі ретінде дәлелдейді.Функционализм көзқарасында қала отырып, Козер өзінің еңбектерінде қоғамдағы индивидтердің ынтымақтастығына баса назар аударды.Диаметральды қарама-қарсы көзқарасты неміс социологы Р.Дарендорф ұстанды. Ол үшін жанжал - жанжал социологиясының орталық категориясы болып табылады. Адамзат қоғамы, оның пікірінше - жанжалдасқан екі жақтың (таптар) арасындағы өзара әрекеттестік жүйесі ретінде дамиды. Жанжалдар шарасыз және қажетті. Олардың болмауы - “таңқаларлық және жат” құбылыс. Ол таптық антогонизм туралы марксшілдік білімді дұрыс деп мойындады, бірақ бұл антогонизм ХІХ ғасырда Батыс Еуропаға тән болған деп санады. Ал ХХ ғасырдың постиндустриалды қоғам жағдайында, плюрализм және демократия принципі бекітілген кезде, - әлеуметтік жанжалдың “арнаулы” механизмдері жасалады. Ол жанжалды реттеудің (шешудің емес) жеңіл формалары. Жанжалды “шешу”, яғни оны толығымен жою. Ал бұны істеуге болмайды, - олар барлық иерархиялық жүйенің салдары ретінде барлық жерде өмір сүреді. Алайда бұл оларды реттеуге болмайды дегенді білдірмейді. Бұл үшін кем дегенде үш жағдай болу керек: біріншіден, құндылықтық ұстанымның бар болуы, өзгешелікті мойындау және жанжалдасқандардың қарсы тұруы; екіншіден, тараптардың ұйымдасу деңгейі - ұйымдасу дәрежесінен қаншалықты жоғары болса, келісім-шарттардың орындалуы мен келісіміне жету оңай болады; үшіншіден, белгілі бір ереженің өзара тиімділігі, оларды орындау жанжалға қатысушы тараптар арасындағы қатынастарды сақтауға немесе ұстап тұруға мүмкіндік береді. Әлеуметтік жанжалдың көптеген түрлері бар. Социологиялық талдаудың ыңғайлылығы үшін, жанжалдың өзіндік ерекшеліктерін зерттеу үшін олардың жіктелімі мен жіктелуі қажет. Қоғамдық ұйымдарға сәйкес жанжалдар келесі деңгейлерде пайда болады: индивид; әлеуметтік топ; топтар; социеталды жүйелер; жалпы қоғам.Көптеген ғалымдардың бағалауы бойынша, әсіресе байсалды сипатта - әлеуметтік топтар арасындағы жанжалдар мен институционалды жанжалдар қайта жасауға негіз болатын әлеуметтік институттар жоқтығынан аса ірі жанжалдарға ұласады.

58. Этникалық жанжалдың туындауының ерекшеліктері, ескерту мен реттеу әдістеріне анықтама беріңіз.Адамның басты қажеттіліктерінің бірі қандайда бір кез келген топқа жатуға деген қажеттілік отбасылық, туыстық кәсібі ж\е т.б.Осылардың ішінен маңызды орынға ие деп этникалық топқа айтуға болады.Этникалық өзін-өзі идентификациялау тұлғаның тек әлеуметтік координат жүйесіне беріктілігін ғана емес,тұрақты әлеуметтік ортаға-этносқа жатуға қажеттілігін білдіреді.Этникалық жақындық ең біріншіден топішілік мінез-құлық нормаларымен,олардың тілдік,психологиялық,адамгершілік,және түрлі мәдени құрамдарымен ерекшеленеді.Этникалық қақтығыстардың мәні:әрбір этнос өз мәдениетін,тұрмысын және рухани бірлігін тек жеке мемалекет құрғанда ғана сақтауға болады. Этникалық қақтығыстар - қандай да бір аумақта, көпэтникалы мемлекеттерде этностардың арасындағы әртүрлі себептерден туындаған қақтығыс. Басқа қақтығыстарға қарағанда зардабы ауыр, шешілуі қиын. Этникалық қақтығыстардың шығу себептері - этнос құндылықтарын кемсіту нәтижесінде туындаған жанжалдар аса ауыр әрі эмоционалды бояуы қанық болады. Құндылықты қақтығыстар қоғам өмірінің кез келген саласында кездесуі мүмкін. М.Вебердің пайымдауынша, адамдардың іс-әрекеті мінез-құлық ережелерін, мақсатын айқындайтын құндылықтармен үйлескенде ғана мағыналы болмақ. Этникааралық қақтығыстардағы құндылықты ерекшелік мәдени, тіл, дін, басқа да әлеуметгік-мәдени айырмашылықтардан туындаған қақтығыстарда айшықты болады (экс-Югославиядағы азаматтық соғыс себебі дін алуандылығынан туындаған субмәдениеттер (православиелік, католиктік, мұсылмандық) болды). Сондай-ақ этникалық қақтығыстар тұрмыстық деңгейде де шығуы мүмкін. Ол түйсікте жатқан басқа этносты жаратпау социо-психологиялық факторы негізінде туындайды. Ұзақ қайшылықтан кейін себебі қандай болса да, қақтығысушы этностардың бір-біріне өшігуі бұқаралық сипат алады. Этникалық қақтығыстардың тарихи себебі этнос жадында сақталып қалған өткендегі окпе, реніштен туындайды. Олар өздігінен өзі тікелей себеп бола алмайды. Егер қақтығыс пісіп-жетілсе немесе қақтығыс шыққан болса, этнос санасындағы барлық өкпе-наз "ақтарылады" және "отқа май құяды". Қақтығыстардың шығу себебі қандай болмасын, олар нақтылы мақсатты көздейді, біреудің мүддесін білдіреді (кейде, тіпті қақтығысқа қатысушылар оны байқамауы да мүмкін). Этникааралық қақтығыстардың реттелу жолдары - қандай да бір этникааралық қақтығысты түбірімен, түпкілікті біржола шешу мүмкін емес. Этностар бар жерде әйтеуір бір қайшылықтар туындайды. Мәселе осы қайшылықты шиеленістірмей, күш қолдануға жеткізбей дер кезінде алдын алып, даулы мәселелерді бейбіт жолмен шешуге талпынуда. Көпэтникалы қоғамда этносаралық қарым-қатынастар реттеліп отырылуы керек. Бұл қатынастардың басқару стратегиясын жасау үшін полиэтникалы кеңістікте жалпыға ортақ құндылықтар мен ережелерді табу қажет. Жалпыға бірдей ойын ережесін жасау керек, ол әмбебап, бүкіл көпэтникалы қоғамды құндылықты-ережелік алаңмен қамту, екінші жағынан жеке дәстүрлер мен құндылықтар шектелмеуін ойластырған жөн. Осыдан келіп мемлекет пен оның құрамына кіретін этностар арасында "қоғамдық келісімге" келудің қажеттігі туады. Мұндай келісім этникааралық қатынастардың барлық қырын қамти алмайды, дегенмен негізгі маңызды нормалар мен қағидаттар ұсынылуы керек: жеке тұлға мен этнос қауіпсіздігі кепілдігі, тең құқықтық, қайшылық туа қалған жағдайда күш қолданудан бас тарту, дау-жанжалды бейбіт жолмен шешу және т.б. Осы жағдайда ойын ережесінің ешкімге "бүйрегі бұрмауы" керек, сонда ғана ол тиімді болмақ. Этноконфликтология - этникалық, этникааралық қақығыстарды зерттеуші ғылым саласы. Қақтығыстанудың аса маңызды бөліктерінің бірі этникалық қақтығыстардың шығу заңдылықтарын, дамуын, алдын алу, реттеу, шешімін табу мәселелерін қарастырады. Ол этнос өкілдерін қиян-кескі қаталдыққа, төзімсіздікке, күш қолдануға жетелейтін бөлінудің, жіктелудің, конфронтацияның алдын алып, тығырықтан, түйықтан шығудың жолдарын қарастырады. Қазіргі этноконфликтологияның аса маңызды мәселелерінің бірі ықтимал қақтығыстарды алдын ала ескертіп, болжам жасау және жағымсыз салдарын төмендету жолдарын қарастыру болып табылады.Егер этникалық қақтығыстың алдын алу мүмкін болмай, қақтығыс орын алса, ең алдымен күш қолдануға жол бермей, зорлық-зомбылықты тоқтату керек. Одан кейін қақтығысты тіл табысу кезеңіне өткізу, қандай да бір себептермен қақтығысушы жақтардың арасында диалог мүмкін болмаса ара ағайындық жасау. Қақтығысты реттеудің келесі кезеңі - "қазыға жүгіну" (арбитраж). Міндетті арбитраж қақтығысты реттеу мен күшпен басудың аралығында болады. Қақтығыстарды реттеудің ең соңғы жолы - күшпен басу

Наши рекомендации