Леуметтік-педагогикалық терапия технологиясы сипаттама беріңіз

Арттерапия термині екі бөлімнен тұрады. «арт» бұл өнер, «терапия» емдік шара, екінші бөлімде мақсатқа, міндетке, технологияға және мазмұнына бағытталған. Арттерапия бұл эмоцианалдық бұзылысы бар балаларға аса қажет ететін әдіс ( И.Ю. Левченко) - эмоционалды күйзелістерге түскиш, жиі уайым жейтин, психологиялыққ тонустың төмеендеуі, қорқыныш; - қоршаған ортадағы қарым қатынастың бұзылуы, жиі ұрыстар, кіші топ ішіндегі қарым қатынас, жаман ойлар, сенимнің жоқтығы, агрессияның жоғарлауы; - психосоматикалық ауытқулар, көңіл куйдің болмауы, бас ауруы, аллергиялық реакциялар және т.б Арттерапиялық жұмыстың басты мақсаты, өнер арқылы баланың эмоционалды жеке дамуын анықтауға болады. Арттерапиялық жұмыс ауытқуы бар балаға жақсы әсерін тигізуі үшін, принципке, психологқа, мұғаліммен балаға және оның ата-анасымен тығыз қарым қатынаста болу керек. Арттерапиялық жұмыс ауытқуы бар балалардың дамуына психокоррекциялық жұмыстың принципіне және арттерапиялық приципке сүйене отырып жасалынады. Қалыпты және кемтар балалардың дамуындағы негізгі заңдар жиынтығы. Дамудың жақын аймағы мен кең өзекті аймағы. Кемтар баланы әлеуметтік тәрбиелеу, оның табиғи кемістігін әлеуметті орнын толтыру.

Рольдік жағдайларды ойнап шығару.Қатысушыларға түрлі рольдік жағдайларды ойнауды ұсынады,ол рольдер жеке ерекшеліктеріне байланысты және қатысушылардың орналасуына байланысты.Кейін бұл жұмыс қорытындыланады және талқыланады.

Аутотренинг. Э.Джейкобсон және И.Шульцтың релаксация техникасы бойынша бұлшық еттің тыныш куйдегі босансу мүмкіндігін жасауға бағытталған.

Арттерапия жаттығуы.Бұнда жеке,жұптық,топтық сурет салу жүргізіледі, қатысушылар берілген немес еркін тақырыпты алады, соның негізінде топтық фрескалар құрылады.Жаттығу эмоциямен жумысқа бағытталған,образ жасауға,сөздерді байланыстыруға бағыттталған.Қатысушылар суреттерді бейнелеу кезінде және соңында талқылайды.

Би терапия.Би адам ойын және сезімін көрсетуде негізгі құрал болып табылады және эмоциялық толқуларды алады,қатысушылардың қозғалысын кушейтеді.

Музыкалық релаксациялар.Мақсаты түрлі болуы мүмкін: мазасыздануды алу,өзіне деген сенімді нығайту,өкен тәжіриебені қайта бағалау.Релаксация кезінде қатысушылар көздерін жұмып босаңсыған қалыпта отырады жәнежатады.Жаттығу аяқталған кезде қатысушылардан сұрақтар алынады.

Ертегі терапиясы – психотерапияның құрамдас бөлігі. Баланың ертегі сюжетіне әсерленуі, кейіпкердің қиыншылықтарына алаңдауы оның келешекте өз алдында пайда болатын кедергілерден қиналмай өтуіне іштей дайындығын туындатады. Практикалық психологияның ертегілік терапия бағыты – баланың жақсылық пен жамандықты айыруына, мінез-құлықтық стереотиптерді тануына көмектесіп, адамдардың өмірде алдынан шығатын сан түрлі қиыншылықты ең соңында жеңе аларына деген сенімін нығайтады.

29. Қазақстанда әлеуметтік саладағы маманның жұмысы қалай дамығандығын зерделеңіз.

Дүние жүзіндегі өркениетті мемлекеттерде тәрбиенің теориясы мен практикасындағы жетекші тенденция – әлеуметтік педагогика рөлінің артып отырантындығын көрсетіп отыр. Қоғамдық өмірдіңжан-жақты демократияландыруы мен гуманизациялау процесінде сонымен қатар Қазақстан Республикасының білім жүйесінде адами-тұлғалық қатынастың атмосферасын объективті тұрғыдан жасалуын талап етеді. Бұл өз кезегінде кәсіби мемлекеттік – қоғамдық әрбиелеу құрылымдарының өмірден, отбасынан, әлеуметтік-мәдени ортадан алшақтауын жою арқылы балалар мен жастарды әлеуметтік тәрбиелеу жүйесін өзгерту жолдарын іздестіруді қажет етеді.

1991 жылы біздің елімізде әлеуметтік педагог қызметінің енгізілуі кездейсоқтық емес. Елімізде әлеуметтік жұмыстың кәсіптік деңгейге көтерілуі-маңызды мәселе. Бұл мамандықтың болашағына, мемлекеттің әлеуметтік саясатының жастар саясатының жзастар саясатының өзекті проблемаларының шешілуіне кадрлар санасының тигізер әсері мол Білім беру мекемелерінде әлеуметтік педагог мамандығының енгізілуі, бүгінг таңдағы оқушылардың қоғамға әлеуметтік ортаға бейімделуі, әлеуметтенуіндегі қиыншылықтар, оның тұлғалық қасиеттерін зерттеуге , зерттеу нәтижесінде түзету жұмыстарын жүргізуге, өмірдің қиын жағдайынан шыға білуге ықпал етуге қажеттіліктерінен туындап отыр. Бұл жұмыстарын жүргізуге өмірдің қиын жағдайынан шыға білуге тықпал етуге қажеттігінен туындап отыр. Бұл жұмыс мамандық қана емес, сонымен қатар, бұл біз қол ұшын беретін, адами проблемаларын бірге шешетін, проблемаларды тиімді, дұрыс шешілу жолдарын табатын адамдар тағдыры. Осындай жауапты жұмысты атқара отырып, біз оның табысына барлық қоғам мүдделі екенін есте ұстауымыз керек. Болашақта әлеуметтік педагог мамандығы мұғалім мен медицина қызметкерлері секілді бұқаралық сипатқа ие болады. Себебі қоғам үшін «әлеуметтік эпидемиямен» күрескеннен, «әлеуметтік аурулардың» алдын-алу әлдеқайда тиімді екендігі белгілі.

Сонымен қатар әлеумтеттік педагогика ғылымының елімізде әлі қарыштап дами қоймаған шағында бүгінгі таңда білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік педагогтар жұмыс жүргізу барысында түрлі кедергілерге ұшырап отыр. Оңтүстік Қазақстан облысында білім беру мекемелеріне республикалық трансферттен әлеуметтік педагогтардың штаттық бірліктері 2005 жылдан бері бөлінген. Бүгінгі таңда облыс мектептерінде 602 әлеуметтік педагогтар еңбек етуде. Әлеуметтік педагогтардың жоғары педагогикалық білімі болғанымен, басым бөлігінің арнайы әлеуметтік – педагогикалық білімі жоқ. Бұл жағдай-республикамыздың барлық облыстарындағы жағдайға ұқсас. Себебі қазіргі таңда әлеуметтік педагогтарды дайындайтын орта арнаулы, жоғары оқу орындары жетіспейді. Кедергілердің бірі әлеуметтік педагогтардың жұмысына қажетті әдістемелік құралдырдың жетіспеушілігі . Бұл әдістемелік көмекші құрал жалпы білім беретін мекемелердегі әлеуметтік педагогтардың проблемасын зерттеу нәтижесі болып табылады. Әдістемелік құралда әлеуметтік - педагогикалық жұмыстың әдістемесі мен технологиясы, әлеуметтік педагогтың отбасымен жұмыс әдістемесі, әрбір нақты мекеме жағдайына бейімдеуге келетін сыныптың, оқушының әлеуметтік паспорты, оқушының әлеуметтік псапорты, оқушының отбасына мінездеме, әлеуметтік педагогтың қабырға бұрышы, т.б. үлгілері берілген. Сонымен қатар әлеуметтік педагог жұмысындағы диагностикалық жұмыстарға, түрлі балалар категориясымен жұмысының негізгі бағыттарына әлеуметтік педаготың педагог психолгпен бірлескен жұмыстарына, девианттық мінез-құлықты оқушылармен жүргізілетін әлеуметтік педагогтардың жұмыстарына мән берілген. Әлеуметтік педагог біріншіден, мүмкіндігінше проблеманың алдын-алуына тырысады, проблеманы тудыратын себептерді анықтай және уақытында оны жойып отыру, адам бойындағы олардың қарым-қатынасындағы әртүрлі ауытқушылардың алдын-алып, отыру, осы арқылы қоршаған әлеуметтік ортаны сауықтырып отырады. Әлеуметтік қызметкер проблеманың алдын-алумен емес, проблеманың өзімен жұмыс жасайды(алкоголизм, нашақорлық, әлеуметтік депрессия, қаңғыбастық, ауру, өзін-өзі қызмет ете алмаушылармен, мүгедектермен, стихиялық зіл-зала, көші-қонмен, жанының күйзелуі әлеуметтік бейімделу) арнайы көмектің түрін, арнайы мамандануды қажет ететін (қарт адаммен жұмыс, босқындармен, әлеуметтік риск тобына жататын адамдармен жұмыс) Солнымен қатар ол арнайы жас ерекшеліктері бойынша топтардың (балалар, жасөспірімдер, жастар, қарттар) мекемелердің, микроорталықтың ерекше сфераларының (ауыл-әскери бөлім) әлеуметтік проблемаларын шешуге мамандануы да мүмкін. Әлеуметтік қызметкер мен әлеуметтік педагогтың кәсіптік қызметтерінің жұмыстарының түрі мен әдістемесі бір-бірімен қиылысып жатқанымен әр маманның өзіндік айырмашылықтары бар. Дегенмен әлеуметтік қызметкер жұмысының нәтижелілігі әлеуметтік педагогтың жұмысымен тығыз байланысты, тиісінше әлеуметтік педагог жұмысының нәтижелілігі де әлеуметтік қызметкердің қорытындысынсыз жоққа шығар еді. Әлеуметтік педагог бірінші кезекте тұлға мен отбасы қорғауға арналған мемлеккеттік – қоғамдық әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелер мен ұйымдар арасын байланыстырушы буын.

Наши рекомендации