Мұғалімнің сұрақтары оқушылардың ойлау қабілетін ашады, айқындайды және кеңейтеді
Мұғалімнің сабақ жоспарын қайтадан жасап, қайтадан жоспарламауының себептерінің бірі оқушылардың жетістіктерін және түсінгенін бағалай алатындай ешқандай жауап қату тетіктерін енгізбейтіні болып табылады. Олар ақпарат беру кезінде бағалауға, яғни соңғы бағалауға сүйенеді. Мұғалімдер сабақ барысында сұрақ-жауап түріндегі кері байланыс әдісін қолданады. Сонымен қатар сабақ барысында мұғалімдер өте көп сұрақ қояды.
Сұрақтардың үш түрі бар. Біріншісі жабық сұрақ, бұл сұрақтың тек бір ғана дұрыс жауабы бар (мысалы, «мына сөз қалай жазылады?»). Жабық сұрақтар оқушылардың бір нәрсені білетінін, я білмейтінін анықтап береді, сондықтан көп жағдайларда мұғалімдер осы әдісті қолданады. Сұрақтардың тағы бір түрі – ашық сұрақ, бұл жағдайда көптеген болжамды жауаптар болуы мүмкін (егер Макбет өз еліне соншалықты берілген болса, онда өз патшасын не үшін өлтірді?).
Мұғалімдер ашық сұрақтарды, яғни өздері дәл жауап бере алмайтын сұрақтарды ешқашан қолданбайды. Олар қоятын сұрақтарды мен «белгілі жауаптары» бар сұрақтар деп атар едім. Бірақ ол сұрақтардың жауаптарын мұғалімдердің өздері іздейді. Менің Макбет туралы сұрағыма назар аударыңыздаршы: бұл ашық сұрақ, бірақ егер мұғалім нақты жауапты талап ететін болса, (мысалы, себебі патшаның өзі халық үшін қауіпке айналды) онда сұрақ жабық сұраққа айналады. Шындығында, біз сұрақтың ашық еместігін білеміз, алғашқы ұсынылған жауаптардың бірнешеуі қызығушылықпен қабылданып, мұғалім өзі күтпеген жауапты естігенде оқушыны мақтайды: «Иә, өте жақсы жауап, жарайсың!».
Уақыт өткен сайын (менің айтып отырғаным 12-14 жас) «белгілі жауаптары» бар сұрақтардың кері әсері болады: олар зерттеу мен оқытуды бұзып, тәуелсіз ойлануды дамытуға ықпал етудің орнына «мұғалім сұрақтарының басшылығымен» болатын, мұғалімнің ойында не бар екенін «қалай тапсам екен» деген түрдегі ойлау жолын қалыптастырады.
Ашық сұрақтар талқылауды кеңейте түседі және білім мен «дәлділіктің» негізінде пайым жасауға, пікір білдіруге негіз болады. Жауаптардың да оқушылардың ой-қабілетін көрсететінін, мұғалімдерге олардың түсінуі туралы қажетті ақпарат беретінін атап өту маңызды. Әрине, шын мәнінде оқуға шоғырландырылған сыныптарда оқушылар көп сұрақ қояды, өйткені бір нәрсе туралы білгіміз келген кезде біз сұрақты жиі қоямыз.
Мен мұғалімдерді өте аз сұрақтар қойғаны үшін кінәламаймын: нәтиже шығаратын пайдалы ашық сұрақтар қою шеберлік пен сенімділікті талап етеді. Бұл сізде ойлануға көмектесетін және жауап күткен кезіңізде ыңғайлы жағдай тудыратын мәдениет пен құрылым болу қажеттігін білдіреді. Сіз «тұтқиылдан қоятын» бірнеше сұрақтарыңызды алдын ала жоспарлап қоюыңыз қажет. Мен осындай сұрақтардың біреуін өзіңіздің толық оқыту мақсатыңыз етуді ұсынар едім. Сабақтың қорытындысын шығарған кезде оқушылар талқыланатын сұраққа оралып, мәселені қарастырар еді. Сабақтың басында (ұйымдастыру сәтінде) осы сұраққа жауап беру үшін біздің не білуіміз керектігін анықтап, жауапты қалай беру керектігі туралы әңгіме жүргізуге болады.
Сұрақтардың сапасы және жоспарлау үздік сабақтың айқын белгісі бола алатыны күмәнсіз. Іс жүзінде біз сұрақтарға көп үміт артамыз. Сұрақтарды қоя білу стратегиясынсыз айтарлықтай ілгерілеу, сабаққа беріліп жұмыс істеу және сапалы бағалау болуы мүмкін емес.
Сонымен, инспекторлардың назары мұғалімдер жұмысына емес, бірінші кезекте оқушылардың қандай нәтижеге жеткендігіне бағытталған, әрі бұл өте маңызды деген тұжырымға оралуға рұқсат етіңіздер. Сабақты бақылаған кезімде, мен мұғалімдерді емес, оқушыларды көбірек қадағалаймын. Кейде оқушылар не айтатынын, не істегенін жазып аламын. Содан кейін осындай оң нәтиже шығуы үшін мұғалім қандай еңбек сіңірді деп өзімнен өзім сұраймын.
Мен осылай жиі істеймін. Оқыту стильдері әртүрлі мұғалімдерден ұқсас нәтиже тапқаным маған қанат бітіреді. Оқыту, шындығына келгенде, әртүрлі өтуі мүмкін және әдетте кәсіби «дағдылар» деп аталатын түрлі себептердің нәтижесінде мұғалім қызметінде оң нәтиже көрінеді.
Сабақтың сәтті болу құпиясы мұғалімнің өз назарын нәтижелерге шоғырландыруына байланысты – мен осы мақалада өзім түсіндірген алты белгіні ұсынар едім, алайда оларға жай қарамаңыздар: оқыту үшін бағалау, талқылаулар, оқытудың сараланған мақсаттары, топтық талқылау – сіздің алға қойған мақсаттарыңыз. Осылардың барлығы мақсатқа жетудің жолдары, бірақ мақсаттың өзі емес.
ТӘЖІРИБЕДЕ ОҚЫТУДЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ КӨШБАСШЫЛЫҚ
Оқытуды басқару және көшбасшылыққа кіретін дағдылар, білім және түсінік уақыт өткен сайын дамиды.
3-деңгейдемұғалімдер дамыту жөніндегі жұмысқа жетекшілік етудің негізгі қағидаттарын зерделеп, өздерінің жеке іс-тәжірибесін жақсартуға бағытталған шағын жобаларға қатысады деп күтіледі.
Бұл мектеп директорымен ғана емес, сондай-ақ әріптестермен жобаның негізгі мақсаты мен іс-әрекеттің ұсынылған жоспары туралы кеңесуді қамтитын кәсіби мәнмәтінге негізделіп жасалуға тиіс.