Арым-қатынастағы қиындықтың жалпы сипаттамасы
Педагогикалық психологияның, қарым-қатынас психологиясының күрделі, педагогикалық мәнді проблемасы адамның іс-әрекетте, қарым-қатынаста кездесетін қиындықтары немесе қарым-қатынас «кедергі-лері» проблемасы болып табылады. Алайда, түсіну, (мәтіндерді) айтылған пікірлерге түсініктеме беру қиындықтары және оның диалог және жұртшылықпен қарым-қатынас жағдайында туындауы ежелгі уақыттың риторикасында да қарастырылған, мысалы, жоғарыда келтірілген Цицерон трактатында бұл проблема коммуникативтік-ақпараттық теорияның, әлеуметтік–психологиялық теорияның және біздің жүз жылдықтың ортасынан бастап когнитивті психология контексіндегі арнайы зерттеулер объекті ретінде зерттелді.
Педагогикалық іс-әрекетте мұғалім (оқытушы) мен оқушы (студент) арасындағы және сынып (топ) ішінде оқушылар (студенттер) арасындағы өзара әрекеттесу процесіндегі қиындықтар оған әсер етуші, себеп тудырушы факторларды анықтау мақсатында елеулі екпінмен зерттелуде. Және де осы қиындықтардың оқу іс-әрекеті үшін мәні де зерттелуде (Н.В. Кузьмина, А.А. Леонтьев, А.К. Маркова, В.А. Кан-Калик, Е.В. Цуканова, В.В. Рыжов, Л.А. Поварницына және т.б.). Қарым-қатынас «қиындықтары», «кедергілері» – бұл субъективті құрылу, субъекттің қандай да бір күрделі, таңқаларлық, стандартты емес, қарама-қайшылықты жағдайды бастан кешіруі екенін атап өтейік. Сондықтан, бір адамда қиындық туғызған жағдайды басқа адам мүлдем байқамауы мүмкін.
Қиындықтар анықтамасы. Қарым-қатынастағы қиындықтар (іс-әрекеттегі) – адамның болжанған (жоспарланған) қарым-қатынасты жүзеге асырудағы «іркілісті» субъективті бастан кешіру күйі, яғни қарым-қатынас серігінің оның әрекеттерін қабылдамауы салдарынан, мәтінді түсінбеу (хабарды), серігінің түсінбеуі, комммуникативтік ситуацияның, өзінің психикалық күйінің өзгеруі және т.б. салдарынан болатын «іркілістер». Қиындықтар іс-әрекетттің, қарым-қатынастың тоқталуы, үзілуі, оларды жалғастыру мүмкін болмау формасынан айқындалады. Іс-әрекет процесінде қиындықтардың пайда болуы және оны саналы түсіну, объектілендіру проблемалық жағдайдың пайда болу шарттарының бірі екенін, мұның өзі ойдың пайда болуы мен алға жүруінің алғышарты мен негізі болып табылатынын есепке ала отырып, ол педагогикалық психологияда адамның интеллек-туалдық іс-әрекетін белсендендіру факторы, қалыптасқан «қиын» жағдайдан шығудың жаңа тәсілдері мен құралдарын табуды ынталан-дыру факторы ретінде де қарастырылуы мүмкін. Осыған байланысты педагогикалық қарым-қатынас процесіндегі қиындықтардың позитивті және негативті функцияларын бөледі.
Иындықтар функциясы
Қиындықтардың позитивті функциясы «... екі мәнге ие: а) индикаторлық (мұғалімнің назарын аудару; мысалы, зейінді мұғалім өзінің қиындықтарын оқушыларының қателіктерінен көреді); б) ынталандырушы, жұмылдырушы (мұғалімнің іс-әрекетін қиындықтарды талдау мен оларды жеңуде белсендендіру, тәжірибе жинақтау)». Осы тұрғыдан мұғалімнің күрделі педагогикалық немесе коммуникативтік міндеттерді сәйкес шешпеу салдарынан туатын қателіктерге қатысты мұғалім позициясының екіжақтылығы көрнекті. Біреулері мұндай іс-әрекетте қате жіберуге болмайды десе, басқалары оларды қажетті және міндетті түрде болатын элемент ретінде қарастырады.
Сонымен бірге, А.К. Маркова қиындықтардың негативті функцияларын да бөледі, олар да екі мәнге ие: «а) тежеуші (қиындықтарды жеңу жағдайының болмауы кезінде немесе өз-өзіне қанағаттанбау болған жағдайда мысалы, өзін-өзі бағалаудың төмен болуы) және б) деструктивті, қиратушы (қиындықтар іс-әрекеттің тоқталуына, ыдырауына, мектептен немесе кәсіптен бас тартуға әкеледі)».
Әдетте іс-әрекетте, қарым-қатынаста адам тек осы процестердің ары қарай қалыпты іске асуына кедергі келтіретін жағдайларды ғана белгілеп отырса, мұғалім үшін өз басынан өтетін қиындықтарды да, оларды үнемі қиындықтар ретінде саналы түсінбесе де білу маңызды. Іс-әрекет субъекттері оны қиындықтар, кедергілер ретінде түсінетін бірлескен іс-әрекетте, қарым-қатынаста кездесетін ауыртпалықтар мен кедергілер, зерттеу нәтижелерінің көрсетуінше, іс-әрекеттің сипаты мен қарым-қатынастың жағдайына сәйкес келмейтін мінез-құлықтан, контакт орнату мен оны сақтау ерекшеліктерінен, қарым-қатынасқа түскен адамдардың психологиялық жайлылығының деңгейінен, олардың эмоционалдық көңіл-күйлерінен байқалады. Қиындықтар осы жағдайлардың біреуінде байқалынуы мүмкін, алайда көп жағдайда олардың бірнешеуінде бір мезгілде байқалады.
13.2.Педагогикалық өзара әрекеттесуде болатын қиындықтардың негізгі салалары.