Іргетасқа пештерді тіреу жүйесі. Жоғарыдан тиеу пештерін іргетасқа тіреу схемаларына байлансыты төрт түрге бөледі:

Жоғарыдан тиеу пештерін іргетасқа тіреу схемаларына байлансыты төрт түрге бөледі:

5. Домалату корпусты пештері (3сур).Бұл типті пештерде порталға бекітілген механизмдермен күмбез көтеріліп,ал пеш корпусы пеш іргетасында орналасқан гидравликалық және электромеханикалық жетек көмегімен пештік пролет жағына тиеу үшін немесе футеровканы жөндеу үшін домалайды.

6. Кері домалайтын порталды пештер(4 сур),порталдар тиеу немесе жөндеу мақсатында пеш жаққа немесе құйғыш пролет жаққа орын ауыстырады.Порталдың домалауы бағытталған арнайы рельс бойымен электрмеханикалық жетек көмегімен жүзеге асады. Бұл типті пештерде портал жалпы аспаға сүйенеді.

7. Көлбеу күмбезді пештер. Көтеріңкі күмбез порталмен бірге құйғыш пролет жаққа еңкейеді. Сол үшін портал пештен тәуелсіз бір немесе екі секторға сүйенеді.

8. Теріс қаратылған күмбезді пештер. Көтеріңкі күмбез тіреу және жартыпорталмен бірге жұмысшы кеңістікті аша отырып көлденең кеңістікте тік ось айналасында 80-90°-қа бұрылады. Бұл жағдайда жартыпортал пешпен бірге аспада монтаждайды немесе ол бөлек секторға сүйенеді.

Барлық электрпештер көлемі бойынша шартты кіші,орташа және үлкен көлемді пештер деп бөледі.ДСП сериясында 12,25 және 50т көлемді орта,ал 100 және 200т пештер-үлкен көлемді пештерге жатады.

Күмбезді көтеру-бүру механизмі.

Айтылғандай бұрылатын күмбезді пештер екі түрі болады: элетродтармен аспаға немесе бөлек іргетасқа тіреу механизмімен күмбезді бұру.

Аспаға күмбезді бұру тіреу механизмді пештер. Соңғы оңжылдықта отанда құрастырылған пештердің көбісінің бұл типі 2 сур.схемалы көрсетілген 100 т.пештер құрылымына ұқсас.Пеш корпусы (суретте көрсетілмеген) төрт тіреуіш тумба 9 арқылы аспаға 8 сүйенеді. Күмбез 12 екі Г-бейнелі тіреуден 14 тұратын жартыпорталға роликтерден асыра лақтырылған шынжыр 11 көмегімен ілінген. Шынжыр соңдары күмбезді түсіріп көтерілуін қамтамасыз ететін шынжырларды орын ауыстыратын жетекпен 7 қосылған.Екі жетек 7 үйлесімді валмен 15 қосылған.Жартыпортал диаметрі 750мм бұрылу валына 4 бір шетімен отырғызылған құйма болат бұрылу тақтаға 1 бекітілген. Вал табан тіреу 5 және жоғарғы 6 және төмеңгі роликті подшипниктерге сүйеніп аспаға бекітілген. Вал өсуі вал 4 бекітілген конусты тісті секторға 3 ілініп кірген конусты шестерня арқылы редукторлы электрқозғалтқыш арқылы жүреді.Бұрылу тақтасы 1 Г-тәрізді тіреулер арасында электродтардың орын ауыстыру механизмінің үш тіреулерімен бекітілген (2 сур.көрсетілмеген).Тиеу үшін пешті ашу кезінде жетек 7 қосылады,күмбез 150-200 мм- ге көтеріледі және электродтарды жұмысшы кеңістіктен шығара отырып көтереді. Кейін 2 жетек қосылады,80° бұрышқа вал 4 бұрылады:валмен бірге оның ось айналасында тақта 1 және оған бекітілген портал,күмбез,электродтар,жоғарыдан жұмысшы кеңістікті аша отырып бұрылады.

Пеш ваннаны айналдыру механизмімен жабдықталған.Ол пештің қалыпты күйден әрлі не берлі жаққа тік осьтің айналасында 40°-қа бұрылуына арналған. Бүркеніштің үш күйінде балқыту кезінде шихтада тоғыз «құдықты» балқытуға мүмкіндік береді,ол шихтаның балқып кетуін тездетеді.Айналу мүмкіндігі пештің корпусы 19 сақиналы рельске 17 бекітіліп тіреу тумбаларының 9 роликтеріне 16 сүйенетіндіктен болады. Айналудың бір немесе екі механизмі 10 аспаға қондырылған;әр қайсысы шығу валы пеш корпусына тісті сектормен бекітіліп ілінген редукторлы электроқозғалтқыштан тұрады,соның арқасында валдың айналуы корпустың бұрылуын тудырады. 10 механизмі қосылғанда және айналғанда сақиналы рельс 17 роликтермен 16 домалайды,ал 18 роликтер корпустың жанынан ығысуын алдын алады.

Бөлек іргетасқа күмбезді бұру тіреу механизмді пештер көп жылдар бойы қолданылып келеді. Олардың бірнеше түрі бар. Қондырғының қазіргі нұсқасын отандық жоғары қуатты пеш (ДСП-100И6) мысалында қарастырайық (5 сур).Пеш корпусы аспаға 1 мықтылап бекітілген. Оған болат табақтан жасалған төмеңгі бөлік 2(ванна тірегі) және жұмысшы терезе 5мен қабырға панельдері 4 бар құбырлардан тұратын қабырғалы қаңқа 3 жатады. Сумен салқындылатын күмбез 6 төрт иілгіш күштер 7 арқылы портал 13 және шахта 18 бар жалпы қатты конструкцияға біріктірілген екі консольге 8 ілінген. Төмеңгі жағдайда портал аспаға бекітілген екі тумба 14 арқылы аспаға сүйенеді,ал күмбез 6 пеш корпусына сүйенеді. Шахтада 18 электродұстағыштардың телескопиялық тіреулерін 12 жылжытатын үш гидроциклон орналасқан. Элекродұстағыштарда электродтарды қамыт 9 және серіппелі-гидравликалық механизм 10 көмегімен ұстайды;иілгіш сымдардан тоқ электродұстағыштарға сумен салқындатылатын маыс құбырлармен 11а әкелінеді. Электродтармен күмбезді бұру механизмі бөлек іргетасқа орналасқан және оған бекітілген екі бағытталған бағаналар 15 және ол бойынша жоғары-төмен роликтер 19 жүйесі көмегімен каретаны 17 қозғалтатын бұрылу платформасын 20с қосады.Пештің жұмысшы кеңістігін ашқан кезде алдымен тіреу 12 көтеру арқылы одан электродтарды шығарады. Сол уақытта екі гидроциклон 25 көмегімен карета 17 жоғарыға жылжиды;сол кезде каретаның конусты соңы порталдың тісті тірегіне кіреді де,ал шығыңқы жер 26 шахтаға жанасады. Жоғары көтерілген карета порталды,консольді және шахтаны және оған бекітілген күмбез бен электродтарды көтереді. 200-300 мм-ге күмбезді көтергенде каретаны 17 тоқтатады және гидроцилиндр 24 көмегімен платформаны 20 тіреу валы 21 айналасында бұрады;бұл кезде платформаның тіреу роликтері 23 доға тәріздң рельстар 22 бойымен қозғалады. Ось 21 айналасында платформамен бірге каретамен бірге көтерілген жұмысшы кеңістігі толығымен ашылғанша бұрылады.

Бұл пештер барлық жаңа жоғары қуатты пештер сияқты электрмеханикалық жетекке қарағанда тез әрекетті болатын негізгі пештің механизмдердің гидравликалық жетекке ие.

Электродтарды қысу және қозғалту механизмі.

Үш электродтардың әр қайсысы өзінің тәуелсіз қысу және қозғалту механизміне ие. Механизм электродұстағыш және тік бағытта электродпен бірге жылжуын қамтамасыз ететін қондырғылардан тұрадыүЭлектродтарды қозғалту механизмдерінің екі түрі қолданылады:кареткамен және телескопиялық тіреумен.Біріншісінде (6сур,а,б) электродұстағыш жеңмен 7 бағытталған роликтермен қозғалмайтын тік ось бойымен бағытталған каретаға 5 бекітіледі.Екіншісінде (6 сур,в) электродұстағыш жеңі 7 тік қозғалмайтын тіреу ішінде жылжитын қозғалмалы тіреулерге бекітілген.

Механизмдердің қозғалмалы жағын қарсы салмақпен жабдықтайды,бұл жетек қуатын азайтады. Электродтарды 0,6-3м/мин жылдамдықпен жылжытатын, электрқозғалтқыштан арқан және блоктар (6 сур,а) немесе тісті рейка көмегімен (6 сур,б) қозғалыс берілісімен гидравликалық немесе электрмеханикалық жетек болуы мүмкін. Электродұстағыш берілген күйде электродтарды қысу және ұстау үшін және оған тоқты әкелу үшін қажет. Ол қалпақша,қыстырғыш механизм және тоқ әкелу бекітілген жеңнен тұрады. Көбінесе электродтарды серіппелі-пневматикалық қыстыру механизмді электродұстағыштар қолданылады. Электродұстағыштарды конструктивті орындау көптүрлілігімен ерекшеленеді,бірақ қалпақша электродты қыстыру әдісіне байланысты оларды екі түрге бөлуге болады.

Біреуінде (7 сур,а) қалпақша сақина немесе жартысақина және қозғалмалы қысымды қалып түрінде орындалуы мүмкін. Жұмысшы жағдайда электрод серіппе күші есебінен сақинада қалыппен қысылады. Егер электродты босаты керек болса,онда пневмо-цилидрге ауа жіберіледі,поршень және рычагты механизм серіппені қысады,қалыпты оңға жылжытып,электродты босатады.

Екінші түрінде (7сур,б) қалпақша электродты қамтитын қамыт және қозғалмайтын қалыптан тұрады.Электрод рычагты жүйемен 7 жіберілетін серіппе күші есебінен қамыт көмегімен тоқ өткізетін қалыпқа жабысқан. Пневмоцилиндрге ауа жіберілгенде қамыт солға жылжып,электродты босатады. Жаға жоғары қуатты пештерде серіппелі-пневматикалық орнына серіппелі-гидравликалық электродтарды қыстыру механизмін қондырады;бұл механизмнің жалпы түрі 5 сур.көрсетілген.

Глоссарий

1. Футеровка – дегеніміз металлургиялық пештерде металл мен қожух арасындағы қолданылатын отқа төзімді кірпіштер.

2. Электродұстағыш –бұл конструкция, графит электродтарды электр тоқты тасмалдайтын, әрі электродтарды ұстайтын және бағыттайтын кондырғыны атаймыз

3. айналу механизмі– қазіргі заманның қаланған жаңа Доғалы электр пештерде металлды жоғары сапаны алу үшін, пештерді айналдырамыз, басқа сөзбен айтқанда металлды арластырамыз, сол үшін пеште айналу механизмді қолданылады.

4. Электрод– бұл графиттер, электротоқ арқылы металлға берілетін жылу рөлін атқарады, электродтар ДЭП қолданылатын көміртектен тұрады

Блиц тест

Наши рекомендации