Морфологиялық матрицасы

ШҰСҚ жетектеушісі
Балансирлі ТС Балансирсіз ТС Ұзын жүргішті механикалық Гидрожетек-теуіш Пенвмо-тикалық жетектеуіш Өзін-дік жетек
ШҰСҚ ұңғымалық сағалық жабдығымен
Тұтас жылтырлатыл-ған шток Кеуек жылтырлатыл-ған шток Тереңдетілген сағалық сальник Ұңғылық сальник Рейкалы немесе таспалы сальник  
Штангалар колоннасы
Резьбалы ағымды (прутковые) болат Аралас (болат + пластмасс) резьбалы Элипсті үзіліссіз ағымды Үзіліссіз арқанды Үзіліссіз ленталы (болат) Үзіліс-сіз ленталы
Ұңғымалық сораптар
Отырғызылма-ған Отырғызылған Тұтқырлық сұйықтар үшін Газдалған сұйықтар үшін Мех. қосындысы бар сұйықтар үшін  
Ұңғыма сорабының жұмыстық мүшелері
Тегіс плунжер Канавкалы плунжер «құмқырғыш» плунжері Резеңкелі манжетті поршень Метал-мен нығыз-далған поршень Диаф-рагма
Ұңғымалы сораптың клапандары
Біршарлы Екішарлы Тарелкалы Жапырақты    

Сорапты штангылардың тізбегінің басқа нығыздатқыштарының түрлері ұңғы сағасында берілген жолдағы басқа блоктарда келтіруі мүмкін.

Үшінші қатарда штангалық тізбектердің түрлерін көрсететін блоктар орналасқан. Бірінші түрі – кәдімгі штангалардың тізбегі, оның бір-бірімен жалғанатын жеке элементтері бұранданың көмегімен біріктіріледі, екінші блокта – қосылған штангалар тізбегі, ол өзіне металды және металл емес штангаларды қосады, үшінші блокта – үзіліссіз болатты эллипс түрдегі штангалар, төртіншіде – үзіліссіз болатты арқанды штангалар, бесіншіде – болатты таспалы штангалар және т.б.

Төртінші қатарда ұңғылы сораптардың түрлері орналасқан. Плунжерлі бір сатылы сораптар бірінші блокта орналасқан, жоғары тұтқырлы мұнайды шығаратын сораптар екінші блокта, төртіншісінде – елеулі механикалық қоспалары бар сұйықтарды көтеріп шығаратын сораптар.

Ұңғылы сораптардың жұмыстық мүшелерінің түрлері бесінші қатарда көрсетілген, ал алтыншы қатарда сораптардың клапанды түйіндерінің түрлері көрсетілген.

2-кестеде келтірілген морфологиялық матрица вертикаль түрінде (бекіткіш элемент түрлері мен олардың бұрандасының бекіткіш элементтеріне дейін) және әр қатарда горизонталь түрінде жалғасуы мүмкін. Бүгінгі таңда қандай да бір қатар немесе бағана, толық толған түрінде көрінуі мүмкін, бірақ ертең жалғаса беретін ғылыми - техникалық прогресс үшін қатарлар мен бағаналарда жаңадан ондаған элементтер пайда болуы мүмкін.

Төменде, осы жоғарыда келтірген оқып түсінген тербелмелі станоктың модернизацияланған жаңа ұзынжүрісті тербелмелі станокқа жасалған зерртеу жұмысының нәтижелері мен пайдаланылған құралдардың есептемесі көрсетілген.

Модернизацияланған жетектің стендтік сынақтары

Жобаның негізгі міндеті, бір мезгілде сорап қондырғысының конструкциясының элементерінің салмақтылығы және жүктеу динамикасы секілді эксплуатациялық параметрлерін жақсарта отырып, штангалы сораптың сериялы балансирлік жетектерінің жүрісінің ұзындығын еселеп арттыру болып табылатындықтан, сынақтар кезіндегі ең көп ақпарат беретін параметрлер тегістелген штоктың жүрісінің ұзындығы және оның қозғалыс (жылдамдық және үдеу) кинематикасы, балансирдің бастиегіне жүктемелердің динамограммасы (немесе штокқа динамикалық жүктемелер), сонымен қатар жұмыс барысында жалпы конструкцияның салмақтылығы болып табылады. Онымен қоса, айдағыш станоктарға МЕМСТ 5866-76 талаптарына сәйкес, ұңғыманың шарттар бойынша 12 мм аспауға тиіс сағасына қатысты сериялы жетектің балансирінің және мачталық қосымшасының тербелу жазықтығы, штоктағы максималды жол берілетін жүктеме кезінде қолмен тежегіштің қосиінін бекіту мүмкіндігі және штокқа максималды жол берілетін жүктеме бақыланды.

Осыны негізге ала отырып,модернизацияланған жетектің стендтік сынақтарының және тереңдіктегі сораптың штогына әсер ететін жүктемелерді имитациялаудың әдістемесі жасалды, параметрлерді тіркеуге және бақылауға арналған бақылағыш-өлшегіш аспаптар мен жабдық кешені таңдап алынды.

Наши рекомендации