ІІ. Бронх қабырғаларының морфологиялық және функциялық мүкістігі

Астматикалық статус –B2 – адренергиялық рецепторлардың терең блокадасы.Негізгі критерийлері – бронх демікпесінің 6 сағаттан аса тиылмаған ұстамасы немесе әр 20 - 30 минуттен соң жасалған адреналиннің 3 инъекциясының әсер болмауы.

Этиологиясы:

ü аурудың жиі өршуінде симпатомиметиктерді жиі ұзақ уақыт пайдалану;

ü бронх өкпе жүйесіндегі инфекциялы аурулар;

ü ГКС тәуелді науқастарда оның дозасын бірден төмендету.

Адреналин және оған ұқсас дәрілерді жиі және көп қолданғанда олардан организмде жиналған метаболиттерінің мөлшері көбейеді және теріс блоктаушы әсері B2 –адренорецепторларды ынталандыратын дәрілердің әсерінен артық болады.

БА-ның дамуына генетикалық бейімділік. БАаддитивті-полигенді жолмен тұқым қуалайтын, шектік (табалдырықтық) нәтижесі бар, клиникалық белгісі генетикалық және қоршаған орта түтркілерінің қосарланған әсері шектік деңгейге жеткенде немесе одан асып кеткенде, білінетін ауру. БА-ның тұқым қуалау негізі белоктік өнімі иммундық және қабыну реакцияларына қатысатын «қалыпты» гендер аллельдерінің жағымсыз қосарлануында жатады. Сонымен қатар, олар бронх реактивтілігін қадағалайды. Бұл аллельдердің әрқайсысы жеке бөлек маңызды болмайды, дегенмен олардың әртүрлі қосарлануы жекелеген адамдардың осы факторлар әсер еткенде ауыру мүмкіндігін артырады. Қазіргі кезде БА-мен ауруға 100-150 ген жауапты деп есептеледі. Анасы БА-мен науқастанатын балаларда БА-мен ауыру қаупі – 2,6 есе, әкесі ауыратын болса – 2,5 есе, екеуіде аурутын болса – 6,6 есе артық болады.

Атопия.Атопияға генетикалық бейімділік организмнің қоршаған ортаның төмен мөлшерлі аллергендерге жауап ретінде IGE-ні көп мөлшерде түзу қабілетіне сәйкес анықталады. Атопия ең негізгі фактор болып келеді де БА-мен ауыратын балалардың 70-90%-да байқалады. Отбасылық шежіреде БА мен басқа аллергиялық аурулардың қосарлануы, жеке ауыр атопиялық шежіренің анықталуы (атопиялық дерматит, жедел аллергиялық реакциялар, аллергиялық ринит) БА даму қаупін шектен тыс көтеріп жібереді.

Бронхиальды гиперреактивтілік. Тыныс жолдарының гиперреактивтілігі – ересек адамдарда байқалмайтын, провокациялық түрткілердің әсеріне жауап ретінде, бронх саңалауының өте жеңіл немесе күшті (пәрменді) тарылуы. Бронхтардың гиперреактивтілігіне бейімділік генетикалық факторлармен анықталуы мүмкін. Бронхиальды гиперреактивтілік құрсақішілік даму кезінде немесе интранатальды немесе ерте балалық шақ кезеңінде респираторлық жолдардың зақымдалуынан және жиі қайталаған респираторлық инфекцияның нәтижесінде, созылмалы аллергиялық процесс қалыптасу барысында пайда болуы мүмкін.

БА-ның өршуіне әкелетін немесе белгілерінің сақталуына ықпал ететін түрткілер –тригерлер. Тригерлер дегеніміз – бронхтардағы қабыну процессін қоздыру немесе/және бронхтардың жедел тарылуын арандату арқылы БА-ның өршуіне әкелетін түрткілер. Тригерлерді арнайы (аллергендік) және бейарнамалық (аллергендік емес) деп бөледі. Балаларда ең жиі кездесетін тригерлерге аллергендермен қатынаста болу және респираторлы вирусты инфекциялар жатады. Кейбір балаларда вакцинация (әсіресе көкжөтелге қарсы) БА-ның пайда болуына ықпал етуі мүмкін. Бала денесіне түскен физикалық салмақ тыныс жолдарында гипервентиляция әсерінен тыныс жолдарының секретінің температурасының, ылғалдығының және осмолярлығының өзгеруіне байланысты гиперреактивті бронхтардың тарылуына (бронхоспазмның пайда болуына) ықпал етеді. Гипервентиляцияда байқалатын гипокапния рефлекторлы түрде бронхоспазмға әкеледі. Психоэмоциялық салмақ, гипервентиляциямен қатар, автономды нерв жүйесін стимуляциялайтын нейропептидтердің (субстанция Р, β-эндофиндер, тамыр активті интестинальды пептид және т.б.) түзілуіне ықпал ететін болуы мүмкін.

Қазіргі кезде демікпенің даму механизмін 4 бағытта қарастырады:

І. Иммунопатология.БА-да әртүрлі қоздырғыштарға жауап ретінде бронхтардың тарылуының және реактивтілігінің себебі болып тыныс жолдарының инфекциялық емес созылмалы қабынуы есептеледі. Антиген әсерінен CD4 рецепторлары бар Т-лимфоциттер әртүрлі цитокиндер түзейтін, екі түрлі жасушаларға (Th1 жәнеTh2) жіктеледі. Th1-лимфоциттер инфекциялық агентер әсерінен интерликин-2 және γ-интерферон түзейді. Th 2-лимфоциттер цитокиндер құрамы 4 және 5 интерлейкиндерден тұрады және атопияға тән болып келеді. Цитокиндер және оларды түзетін жасушалар өзара кері байланыспен байланысқан. ИЛ-4 және ИЛ-5 аллергиялық қабынудың дамуында өте маңызды болып келеді. ИЛ-4 Ig G және Ig M түзілуін Ig E-ге ауыстырады. IgE-нің түзілуі аймақтық және кілегей қабаттарда орналасқан плазматикалық жасушалармен (В-лимфоциттермен активтелінген) түзіледі. Яғни, антидененің түзілуі жергілікті жағдайда жүріп, олардың өздеріде әртүрлі тіндерді сенсибизациялауы мүмкін. Арнайы антигеннің IgE-антиденесімен қайталап кездесуі бұрын пайда болған және стимуляцияланған липидттік медиаторлардың (лейкотриендер, простагландиндер (ПГД2, ПГF2), ФАТ, тромбаксан (Тх)F2) түзілуіне әкеледі. Тромбоциттер активтеу факторы (ФАТ) жанжақты проқабыну әсерін тигізеді, тромбоциттердің агрегациясына, микроциркуляторлық бұзылыстарға, нейтрофилдер мен эозинофилдердің көшіп-қонуына әкеледі.

ИЛ-5 әсері негізінен катиондық ақуыздары (МВР,ЕСР, ТND және басқалар) жасушаларды ерітетін, тіптен төмен концентрацияның өзіндеде тіндерді бұзатын эозинофилдерді активтеуге әсерін тигізеді. БА-ның патогенезінде жалпы және секреторлы IgA-ның төмендеуінің маңызы үлкен. БА-ның дамуында негізінен ингаляциялық аллергендер маңызды болғандықтан, sIg A-ның жетіспеуі кілегей қабығының кедергілік қызметі бұзылып, аллергендердің енуіне ықпал етеді. sIg A-ның жетіспеуі, екі иммуноглобулинде бронх клегей қабығының және бронхассоцияланған лимфоидты тіндердің плазматикалық жасушаларымен түзілетін болғандыққан, компенсаторлық жолмен IgE көбееді.

ІІ. Бронх қабырғаларының морфологиялық және функциялық мүкістігі

Жергілікті қабыну процессін қолдауда бронхтардың клегей қабатының эпителиальдық жасушаларының маңызы үлкен. Олар аллергендермен (IgE тәуелді механизм), поллютанттармен, вирустармен, гистаминмен («мес» клеткалармен) және цитокиндермен активтелінеді және зақымдалынады. Эпителиальды клеткалармен активтелінген даму факторлары, қабыну ошағына жұмылдырылған жасушалардың тұрақталуына ықпал етіп, жасушадан тыс матрикстің ремоделяциясына айтарлықтай ықпал етеді. Эпителиальдық клеткалар, қабынуды күшейтуге және қолдауға бағышталған иммунды емес механизмдерді қамтамасыз ететін кейбір цитокиндерді (ИЛ-8, ИЛ-6, GMC-SF, TNF-α) түзейді.

Клегей асты қабатқа инфильтрацияланған эпителиялар мен қабынулық жасушалардың фиброгендік факторлар түзуі, поллютанттардың тікелей қоздыру әсерімен қатар, бронх қабырғаларының миофибропластардың субпопуляциясының стимуляциясына және интерстициальды коллагеннің тұнуына, субэпителиальды фиброзға және қайта құрылуына әкеледі.

Бронх қабырғаларының морфологиялық және функциялық мүкістіктері БА патогенезінің өзгеруге болатын бөлігі. Оның дамуы төмендегі өзгерістерге әкеледі:

· эпителиялардың қорғаныстық функциялары төмендеп, организмнің ішкі ортасына аллергендердің енуі жеңілденедіде сенсибилизация дамиды;

· Кезбе нервтің афферентті рецепторлары ашылып, орталық бронхоконстриктивті реакциясы күшееді;

· нейропептидтердің шығуы арытады, аксон-рефлекстері стимуляцияланадыда, осының бәрінің қосындысы ретінде бронх обструкциялары арытады.

Наши рекомендации