Жұмыстың орындалу реті

1. Таза құрғақ цилиндрмен 100 мл сыналатын жанармайды өлшеп алып, оны колбаға құямыз.

2. Колбаға термометр қойылады (термометрды тығын көмегімен термометр шаригының жоғарғы жиегі шығару түтігінің төменгі жиегі деңгейінде болатындай болып орнатылады).

3. Колбаны қыздырғышқа қойып тоңазытқышпен жалғайды.

4. Өлшеуіш цилиндр тоңазытқыш түтігінің төменгі бөлігінің астына қойылады. Цилиндр оған тоңазытқыш түтігі кемінде 25 мм енетіндей болып орнатылады, бірақ ол 100 мл белгісінен төмен болмауы және оның қабырғасына тимеуі қажет. Қуу кезінде буланып жоғалуды азайту үшін цилиндр мақтамен жабылады. Бензинді қуу кезінде цилиндрдің температурасын 20 Жұмыстың орындалу реті - student2.ru 30С аралығында ұстап тұратын су құйылған шыны ыдысқа қою керек.

5. Колба қыздырғышты іске қосамыз. Қыздыруды тоңазытқыш түтігінің ұшынан тамшы қыздыра бастаған уақыттан 5 минуттан ерте және 10 минуттан кешікпей таматындай қылып жүргізу қажет. Олай болмаған жағдайда жалынының биіктігін реттеу керек.

6. Жанармайдың алғашқы тамшысын тамған температура қуудың басталу температурасы ретінде белгіленеді.

7. Жанармайдың алғашқы тамшысы тамған соң қууды минутына 4-5 мл жылдамдықпен жүргізу қажет, ол 10 секундта 20-25 тамшыға сәйкеседі.

8. Жанармайдың әр 10 мл көлемін қуған сайын температураны белгілеу керек. Өлшеу жеңіл болу үшін қуылған жанармай тоңазытқыш түтігінің төменгі ұшынан қабылдау цилиндрінің қабырғасымен сырғанағаны дұрыс. Ол үшін алғашқы тамшы тамған соң өлшеуіш цилиндрді тоңазатқыш түтігінің ұшы цилиндрдің ішкі қабырғасына тиетіндей қылып жылжыту керек. Тамшы саны бойынша қуу жылдамдығын тексеру үшін цилиндрді жанармай тамшылары цилиндр ортасына таматындай жағдайға қысқа мерзімге жылжытады. Қуу жылдамдығы тұрақты болу үшін температура көтерілген сайын, колбаны қыздыруды күшейтеді.

9. Жанармайдың 90 мл көлемін қуудан өткізгеннен соң, қуу аяқталуы 3 минуттан 5 минутқа созылатындай қылып, қамтаманың төменгі бөлігіндегі терезелерден көк жалын көрінгенше колбаны қыздыруды күшейтеді.

10. Жалынды азайтпастан термометрді бақылап отырып температура ең жоғарғы мәнінен 5-100С – ға төмендеген кезде отты өшіріп, 5 минут бойы конденсаттың ағып түсуіне мүмкіндік беру керек.

11. Қуу кезінде болған максималды температураны қуу соңындағы температура ретінде белгілінеді.

12. Қууды аяқтаған соң қамтаманың жоғарғы бөлігін алып, аспапты 5 минут бойы салқындату қажет.

13. Колбадағы қалдықты ыстық күйінде сыйымдылығы 10 мл өлшеуіш цилиндрге құйып, оны комнаталық температураға дейін салқындатады және қалдық мөлшерін анықтайды. Соңынан жоғалулар есептелінеді, ол колбаға құйылған 100% бензин мен жиналған конденсат пен қалдық қосындысының айырмасын құрайды.

14. Қуу нәтижелерін есепке жазу керек.

15. Жанармайдың фракциялық құрамының графигін салу керек. Ол үшін горизонталь ось бойына қуу температураларының мәндері, ал вертикаль осі бойына оларға сәйкесетін буланған жанармай көлемінің мәндері көрсетіледі. Осы осьтердегі мәндерден көтерілген перпендикуляр қиылыстарында бензинді қуу графигінің нүктелері немесе оның фракциялық құрамының графигі алынады.

Есеп беру

1. Талдау нәтижелері бойынша мына үлгідегі кесте толтырылады:

Наши рекомендации