Жұмыстың орындалу реті. 1. Сыналатын жанармайды мүқият аралыстырып ішкі пробиркаға түбінен бастап 40 мм белгіленген белгіге дейін құю
1. Сыналатын жанармайды мүқият аралыстырып ішкі пробиркаға түбінен бастап 40 мм белгіленген белгіге дейін құю. Пробирканы термометр қойылған тығынмен жабу. Термометр пробиркада оның сынапты шаригі түбінен 15 мм қашықтықта және қабырғаларынан бірдей аралықта болатындай болып қойылады.
2. Сыналатын жанармайды мөлдірлік эталоны ретінде пайдаланылатын басқа пробиркаға құю.
3. Прибор ыдысын салқындатқыш қоспаға толтырып, деңгейінің пробиркадағы жанармай деңгейінен 30-40 мм жоғары болуын қадағалау қажет. Сынақ кезінде салқындатқыш қоспаның температурасы сыналатын жанармай температурасынан 15 20С-ге төмен болуы керек.
4. Жанармай мен термометрі бар ішкі пробирканы сыртқы пробиркаға бекіту. Пробиркалар арасындағы ішкі беттер терлемес үшін 0,5-1,0 мл мөлшерінде күкірт қышқылы құйылады.
5. Жиналған приборды салқындатқыш қоспаға орыналастыру. Салқындату барысында жанармайды ұдайы аралыстырып отыру қажет.
6. Лайлану температурасының күткен мәніне 50С қалғанда пробирканы салқындатқыш қоспадан алып, спиртке батырылған мақтамен тез сүртіп, эталонмен салыстыру. Салыстырып анықтау ұзақтылығы 12 сек. аспайды.
7. Егер жанармай мөлдір эталонмен салыстырғанда өзгермесе, онда пробирканы прибор ыдысына қайта түсіріп, температураны төмендете отырып әр градус сайын бақылауды жалғыстырады. Осы мөлдір эталонмен салыстырмалы бақылауды жанармай эталоннан өзгеше болғанға дейін, яғни онда бөгде заттар көрінгенше жүргізіледі. Белгісіз жанармай үлгісінің лайлану температурасын анықтау кезінде алдымен осы температуралар мәнін жобамен жанармай күйін әр 50С сайын бақылау жолымен қояды.
8. 1 және 2 баптарға сәйкес жанармайдың қату температурасын анықтау үшін судан арылған (жаңа қыздырылған хлорлы кальций көмегімен) сыналатын жанармай бар прибор дайындау керек. Дайындалған приборды салқындатқышы бар ыдысқа орналыстырады. Салқындатқыш қоспаның температурасы жанармайдың межелі қату температурасынан 50С-ге төмен болуы қажет.
9. Приборды салқындатқыш қоспадан алмастан 450 бұрышқа жантайтып, осындай жағдайда бір минут бойы пробиркадағы сыналатын жанармай өзінің қату температурасына сәйкесетін температураны қабылдағанша ұстау керек.
10. Пробирканы салқындатқыш қоспадан алып, қабырғаларын спиртке батырылған мақтамен сүртіп, жанармайдың жылжуын бақылайды. Егер жылжу болмаса, жанармай қатқан болады және керісінше. Егер жанармайдың қату темпертурасы белгісіз болса, онда жылжу бойынша сынақты жанармай температурасын әр 50С сайын жүргізіледі. Мұндайда қоспа температурасын жанармай температурасынан 4-50-қа төмен ұстайды. Сынақты өткізген соң прибор мен жұмыс орны бастапқы жағдайға келтіріледі.
Зертханалық жұмыс
Мотор майын сапа көрсеткіштері арқылы кешенді бағалау
Жұмыстың мақсаты.
1. Мотор майларының негізгі маркалары бойынша білімді орнықтыру.
2. Мотор майларының сапасы бойынша нормативтік - техникалық құжаттармен танысу (сапа көрсеткіштері МЕСТ-ары және оларды анықтау тәсілдері).
3. Мотор майының сапасын бағалау бойынша дағды алу.
Жұмыс ұзақтығы – 4 сағат
Тапсырма
1. Механикалық қоспалар мен судың бар – жоғын анықтау (сапалық).
2. 500С және 1000С кезінде кинематикалық тұтқырлықты анықтау.
3. Тұтқырлық индексін анықтау.
4. Берілген май үлгісінің автомобиль двигательдері үшін жарамдылығы жайлы қорытынды жасау.
5. Бақылау сұрақтарына жауап беру.
Теориялық бөлім