Пияздың аурулармен, зиянкестермен жабық түрде зақымдалуын анықтау әдістері
Пияздың кенемен жараланғанын анықтау үшін бадананың әрбір құрғақ қабыршағын кезекпен ашу керек. Қабықтың үстін, әсіресе түп жағын (10-20 есе үлкейту арқылы) бинокулярмен немесе лупамен қарау керек. Жаралануды анықтау үшін алдымен салқындатылған пияздарды бөлмелік температурада 1-2 сағат ұстап, соң кенелерді қимылға келтіру үшін пияздарды 25-30оС-қа дейін қыздырады.
Пияздың сабақты қозжырғыштармен ауырғанын анықтау үшін кенемен жараланғанын анықтағаннан кейін таңдаусыз 25 бадананы іріктеу керек. Әрбір бадананың төменгі жағындағы шырынды қабыршағын 5 мм шамасында бөлігімен, өзегімен қосып кесіп, 1-3 мм өлшеміндегі бөлікшелерге ұсақтап, оларды шыны тәрелкеге салып, 4-6 мм қалыңдықта 20-25оС сумен толтырады.
1-1,5 сағаттан кейін қоздырғыштарды байқау үшін бөлікшелер арасындағы су қабаттарын лупа немесе бинокулярдың көмегімен қарау қажет.
Пияздың жабық түрдегі аурулармен зақымдалғанын анықтау үшін оның әрбір құрғақ және шырынды қабыршақтарын ашу қажет.
Бақылау сұрақтары
1 Сапалы және сапасыз орамжапырақ және пияз көкөністерін санитарлық бағалап, құрамындағы нитраттарды анықтау.
2 50 кг, 100 кг, 200 кг, 250 кг, 300 кг партиялардағы айырмашылықтарды есептеу.
Тақырып 1.9 Дәнді жемістердің сараптамасы
Мақсаты: 1. Алма мен алмұртқа қойылатын негізгі талаптар мен нормаларды зерделеу. 2. Алма мен алмұртты ветеринарлық - санитарлық сараптау әдістерімен танысу.
Жұмыс мазмұны:
Дәнді жемістердің ветеринарлық - санитарлық сараптамасы
1. Ілеспе құжаттарды тіркеу
2. Орташа сынаманы іріктеу
3. Органолептикалық зерттеу
4. Құрамындағы нитраттарды анықтау
5. Зерттеу нәтижелері және сараптама актін тапсыру туралы журналға тіркеу
Жаңа піскен алмаларға қойылатын талаптар мен нормалар
Алма сапасына қарамастан екі тауарлық сортқа бөлінеді:
- бірінші;
- екінші.
Алмалар 17 кестеде көрсетілген талаптар мен нормаларға сәйкес болуы керек.
17 кесте – Алмалардың сипаттамасы және нормасы
Көрсеткіш атауы | Сипаттамасы мен нормасы | |
бірінші сорт | екінші сорт | |
Сыртқы көрінісі | Жемістер сау, жаңа піскен, тұтас, таза, толық дамыған, ауылшаруашылық зиянкестерімен, механикалық зақымдалмаған, сабақты немесе сабақсыз, пішіні және түсі бойынша аталған помологиялық сортқа типтес болуы керек | |
Иісі мен дәмі | Аталған помологиялық сортқа сәйкес, өзгеше дәмсіз және иіссіз болуы керек | |
Аса көлденең диаметрі бойынша жемістердің өлшемі, см, кем болмауы керек | 6,0 | Нормаланбаған |
Белгіленген өлшемнен кем, бірақ 1 см-ден аспайтын жемістердің болуы | 10,0 | |
Қысылған, ұрылған, зиянкестермен зақымдалған және жараланған алмалардың болуы, жалпы ауданы, см, аспауы керек | Рұқсат етілмейді | Шектелмеген |
Шабылған тесіктердің болуы | Рұқсат етілмейді | Шектелмеген |
Жаңа тесілген тесіктердің болуы, пайызбен, аспауы керек | Рұқсат етілмейді | 10,0 |
Алмұрттар 18 кестеде көрсетілген талаптар мен нормаларға сәйкес болуы керек.
18 кесте - Алмұрттардың сипаттамасы және нормасы
Көрсеткіш атауы | Сипаттамасы мен нормасы | |
бірінші сорт | ||
Сыртқы көрінісі | Жемістер сау, жаңа піскен, тұтас, таза, толық дамыған, ауылшаруашылық зиянкестерімен, механикалық зақымдалмаған, сабақты немесе сабақсыз, пішіні және түсі бойынша аталған помологиялық сортқа типтес болуы керек | |
Иісі мен дәмі | Аталған помологиялық сортқа сәйкес, өзгеше дәмсіз және иіссіз болуы керек | |
Аса көлденең диаметрі бойынша жемістердің өлшемі, см, кем болмауы керек | ||
Белгіленген өлшемнен кем, бірақ 1 см-ден аспайтын жемістердің болуы | ||
Қабығының қараюы | Жеміс сыртының 1/8 бөлігі | Жеміс сыртының 1/4 бөлігі |
Механикалық зақымдалуы | 5 пайыз | 10 пайыз |
Алма мен алмұрттар партиялармен қабылданады. Партия деп бір транспорт құралымен келіп түскен және төмендегі мәліметтерді көрсету арқылы оның сапасын куәлайтын белгілі нысандағы бір құжатпен және «Өсімдік шаруашылығы өнімдерінде уыттардың болуы және оларға пестицидтерді қолдану регламенті туралы сертификат»пен ресімделген, бір түрдегі ыдыспен қапталған немесе қапталмаған алма мен алмұрттың помологиялық және тауарлық сортының кез келген мөлшері есептеледі.