Кесте - Баланс-СК 2 аспабының техникалық параметрлері

Параметр Мәндері
Бір үздіксіз тіркеуді жүргізу уақыты 80 секундқа дейін
Өлшенетін токтардың диапазоны 1 — 100 A
Өлшенетін кернеулердің диапазоны 200 — 250 В
Ваттметрграммдардың мұрағатын сақтауға арналған жадының көлемі 60 бір.
Аспапты қоректендіру көзі – АА аккумуляторлары 2 дан.
Аккумуляторлардан үздіксіз жұмыс істеу уақыты 10 сағат
Аспаптың жұмыс температураларының диапазоны, градус -40 ... +50

Кесте - Баланс-СК 2 аспабының техникалық параметрлері - student2.ru

Сурет – А1212 МASTER ультрадыбыстық дефектоскопытың жалпы түрі

Сынаққа дейін және сынақтан кейін дәнекерленген жіктерді бақылау А1212 Masterультрадыбыстық дефектоскопымен жүргізілді. Бұл металдардың, пластмассалардың және басқа да біртекті материалдардың дәнекерленген жіктеріндегі ақауларды табу үшін қолданылатын қазіргі заманғы ультрадыбыстық дефектоскоп. Ол соққыға төзімді эргономикалы корпусымен және шешімі жоғары (640 x 480 px) контрастылы түрлі-түсті дисплейімен ерекшеленеді. Зарядтаусыз 8 сағат бойына автономиялы жұмыс істеуге қабілеттілігі оның пайдаланылуын айтарлықтай жеңілдетеді.

Кесте –А1212 МASTER ультрадыбыстық дефектоскопытың техникалық сипаттамалары

Параметр Мәні
Бақылау нысанының максималды қалыңдығы (болат бойынша) 3500 мм
Жұмыс жиіліктері 0,5÷15,0 МГц
Дефектоскоптың динамикалық диапазоны 100 дБ
Дефектоскоптың уақыт аралықтарының өзгеру диапазоны 1÷1200 мкс
Ультрадыбыстың жылдамдығын ретке келтіру диапазоны 1000÷15000 м/с
Қабылдағыш тракттың жиіліктер жолағы 0,14÷21 МГц
Аттенюаторды қайта құрастыру диапазоны 0÷90 дБ
ВРЧ динамикалық диапазоны,кем дегенде 30 дБ
Зондтаушы импульстың параметрлері:  
- кезеңдер саны 0,5÷5
- амплитудасы (өріс алудың жартысы) 20, 100, 200 В
- фронттардың ұзақтықтары,аспайды 20 нс
- зондтаушы импульстардың қайталану жиілігі 5÷200 Гц
Дисплейдің типі сұйық кристалды
Экранның нүктелерінің саны 320 х 240
Экранныңбейнелейтін алаңының өлшемдері 77 х 58 мм
Қоректену (кіріктірілген аккумуляторлық батарея) 7,2 В
Үздіксіз жұмыс істеу уақыты (жарық берумен, жылытумен) 15 сағ. (12 сағ, 2 сағ.)
Жұмыс температураларының диапазоны -20°Сбастап +50°С дейін
Габариттікөлшемдері 245 х 120 х 40 мм
Электронды блоктың салмағы 650 г

А1212 Master моделіндегі ультрадыбыстық дефектоскоп жинақы және тасымалдауда ыңғайлы. Оның өлшемдері, биіктегі нысандарды қоса отырып, жетуі қиын жерлерде жұмыс істеу үшін оңтайлы. Бұл кезде оның жинақылығы жабдықтың функционалдылығын ешқалай да нашарлатпайды: А1212 Master бірыңғай корпусында қазіргі заманғы ультрадыбыстық дефектоскоптың барлық мүмкіндіктері үйлестірілген.

Штоктың аспасына жүктемені имитациялау әдістемесі мен жабдығы

Штоктың аспасына жүктемені имитациялау жүк көтергіштігі 3 т, барабанының сыйымдылығы 70м және көтеруінің максималды жылдамдығы 16,2 м/мин болатын КСД-10 типті электр жүкшығырмен жүргізілді.

Кесте - Баланс-СК 2 аспабының техникалық параметрлері - student2.ru

Наши рекомендации