Лпа қабынуын инъекциялық жансыздандыру әдісімен емдеу.
Жансыздандырып емдеу әдісінің 2 түрі бар:
- сауыт ұлпасын ампутация (кесіп алып тастау) жасау арқылы емдеу.
- түбір ұлпасын экстирпация (жұлып алып тастау) жасау арқылы емдеу. Сауыт ұлпасын экскаватор не стерил бор арқылы кесіп алып тастауға ампутация дейілсе, ал арналардағы тіс ұлпасын арнайы құралдармен ұлпажұлғышпен алып тастайтын болса, оны экстрипация дейміз.
Ұлпаны ампутациялық жолмен емдеу биологиялық әдіске ұқсас болып келеді. Ол арна ұлпасын тірі күйінде сақтап қалады. Ампутациялық жолмен мына ауруларды емдейміз: жедел ошақты ұлпа қабынуы, жарақатты ұлпа қабынуында, созылмалы фиброзды (талшықты) ұлпа қабынуында, созылмалы гипретрофиялық ұлпа қабынуында .
Лпаны жансыздандырып ампутация әдісімен емдеу реттілігі.
І келу
1. ауыз қуысы антисептикалық ерітіндімен өңделеді;
2. инъекциялық жансыздандыру жасалады;
3. тіс жегі қуысын стерильді бормен ашып, кеңейтріледі;
4. тіс жегі қуысынан шар тәрізді бормен некротомия жасалады;
5. тіс жегі қуысы қалыптастырылады;
6. стерильді №1 шар тәрізді бормен тіс қуысы тесіледі;
7. фиссуралы бормен тіс ұлпасының жоғарғы бөлігі толық алып
тасталады;
8. өткір экскаватормен тіс ұлпасының сауыт бөлігі кесіп алып
тасталады;
9. шар тәрізді бормен арна бастауы кеңейтіледі;
10. өткір экскаватормен арна бастауындағы ұлпа кесіп алынады;
11. арнадан қан ағуды дәрі -дәрмектермен немесе диатермакоа-
гуляция әдісімен тоқтатылады;
12. жылы ауамен қуыс кептіріледі;
13. арна бастауына қабынуға қарсы әсер етуші сықпа қойылады;
14. уақытша пломба материалын дайындалады;
15. қуыс 2 – 3 тәулікке жабылады.
ІІ келу
16. экскаватормен уақытша пломба алып тасталынады;
17. қуыс жылы антисептикалық ерітіндімен өңделінеді;
18. тіс тіндерін қайта қалпына келтіретін емдік сықпа қойылады;
19. аралық пломба дайындалады;
20. тегістегіш - нығыздағыш көмегімен қуысқа аралық пломба
салынады;
21. тұрақты пломбалық материал дайындалады;
22. тегістегіш - нығыздағыш көмегімен тұрақты пломбаны қуыс-
қа енгізіп, тегістелінеді.
Тіс ұлпасын жансыздандырып экстирпация жолымен емдеу реттілігі.
Бұндай емдеудің ең басты мақсаты барлық ұлпаны алып тастау.
Екі әдісі бар:
1. Ең алдымен сауыт тіс ұлпасын алғаннан кейін, артынша ұлпа жұлғышпен арна тіс ұлпасын алып тастайды.
2. Ампутациядан кейін арна инесіне электрод жалғап, арнаға салып 50 – 60 В пен әсер етіп ұлпаны күйдіріледі, өлеттенген ұлпаны ұлпа жұлғышпен алып тасталынады.
Экстирпация жолымен мына ауруларды емдейді: жедел іріңді тіс ұлпасының қабынуы, созылмалы фиброзды ұлпа қабынуын, со-зылмалы гипертрофиялық, созылмалы гангренозды ұлпа қабынуларын, жартылай алынған ұлпа қабынуын, конкрементті ұлпа қабы-нуын, ұлпаның қайта дамуынан келіп шығатын ұлпа қабынуын, барлық пародонтиттердегі ұлпа қабынуын, тіс мойнындағы тіс жегіде, ортопедиялық көрсеткіштермен сау тістерді, биологиялық әдіс көмек бермегенде қолданады.
Лпаны жансыздандырып экстирпация жасау жолымен емдеу реттілігі.
1. инъекциялық жансыздандыру жасалады;
2. тіс жегі қуысын бормен препаратталады;
3. фиссуралы және шар тәрізді бормен қуысты ашып,
кеңейтіледі;
4. шар тәрізді бор және экскаватормен ұлпа сауытына ампутация
жасалынады;
5. арна ұлпасы күйдіріледі;
6. арна ұлпасын ұлпа жұлғышпен экстирпация жасалынады;
7. арна дәрі- дәрмектермен өңделінеді;
8. егер арна тар болса оны эндодонтиялық құралдармен кеңейтіріледі;
9. арна спиртпен, эфирмен немесе құрғақ мақта тампонмен құрғатылады;
10. арна пломбасы дайындалады;
11. арна толтырғышпен және түбір инесімен арна пломбаланады;
12. аралық пломба дайындалады;
13. қуысқа тегістегіш және нығыздағыш көмегімен аралық
пломба салынады;
14. тұрақты пломба дайындалады;
15. тегістегіш және нығыздағыш көмегімен қуысқа пломбаны
енгізіп, тегістеледі.
Лпаны өлеттендіріп емдеу әдісі.
Тіс ұлпасын өлеттендіру үшін мышьяк препараттары қолданады. Ол ұлпаның жасушалы элементтерінің газ және зат алмасуын бұзады, қан тамыр мен жүйкелерін өлеттендіреді. Мышьяк сықпасын бір түбірлік тістерге 24 сағатқа, ал көп түбірлік тістерге 48 сағатқа қойылады.
Лпаны өлеттендіріп экстирпация жолымен емдеу реттілігі.
І келу
1. жергілікті жансыздандыру жасалады;
2. тіс жегі қуысы бормен егеп тазаланылады;
3. №1 шар тәрізді бормен немесе өткір зондпен тіс қуысы тесіледі;
4. қуыс құрғақ мақта тампонмен құрғатылады;
5. №1 шар тәрізді бордың көлеміндей мышьяк сықпасын қуыс мүйізіне қойылады;
6. құрғақ мақта тампонды эвгенол немесе камфорафенолға малып, қуысқа орнатып, үстінен құрғақ мақта тампон қойылады;
7. тіс жегі қуысы сулы дентинмен немесе дентин сықпасымен жабылады.
ІІ келу
1. экскаватормен дентин сықпасы алынады;
2. тістің ауруға сезімталдығын зондпен тексеріледі;
3. тіс жегі қуысы бормен қалыптастырылады;
4. шар тәрізді және фиссуралы бормен тіс қуысы ашылады;
5. шар тәрізді бормен немесе өткір экскаватормен ұлпа сауыты ампутация жасалынады;
6. антисептикалық ерітіндіні тамыза отырып, арна ұлпасы ұлпа жұлғышпен экстирпация жасалынады;
7. егер арна тар болса эндодонтиялық құралдармен кеңейтіріледі;
8. арна дәрі-дәрмектермен өңделеді;
9. спирт, эфир немесе құрғақ мақта тампонмен арна құрғатылады;
10. арнаға арналған пломбалық материал дайындалады;
11. түбір инесі не арна толтырғышпен арна пломбаланады;
12. аралық пломба дайындалады;
13. тегістегіш - нығыздағыш көмегімен аралық пломба қуысқа салынады;
14. тұрақты пломба материалы дайындалады;
15. тегістегіш және нығыздағыш көмегімен тұрақты пломбаны қуысқа енгізіп, тегістеледі.
Тіс ұлпасын өлеттендіру әдісімен ампутация жасау – бұл балалар тәжірибесінде тіс түбірлерінің сорыла бастауында, ал ересектерде тар арналарда және ауыр жағдайдағы науқастарға қолданылады