Орытпадағы негізгі фазалар. Қорытпаның құрылымдық құрамалары. Фазалар ережесі

Металдарда және қорытпаларда, олардың түрленуі кезінде өтетін процестерді үйрену үшін, олардың құрылысын сипаттау үшін, жүйе, фаза, компонент түсініктерін енгізеді.

Жүйе деп белгілі сыртқы жағдайларда (температура мен қысымда) тепе- теңдікте болатын фазалар жиынтығын айтады.

Фаза деп жүйенің басқа бөліктерінен арнайы бет арқылы ажырайтын, жүйенің бір бөлігін айтады. Фаза - химиялық құрамы және кристалдық құрлысы біртекті жүйенің бір бөлігі болып саналады.

Компоненттер деп жүйені құрайтын заттарды айтады. Компоненттер ретінде таза элементтер (металдар және металлоидтар) немесе орнықты химиялық қосылыстар саналады.

Фазалық теп-теңдікті сипаттайтын күй диаграммалары қорытпаның соңғы, яғни барлық өзгерістер аяқталғаннан кейінгі күйін көрсетеді. Қорытпаның мұндай күйі сыртқы жағдайларға (P, T-ға) тәуелді және пайда болған фазалардың санымен, концентрациясымен сипатталады.

Қорытпадағы компоненттер санынk, фазалар санын f – деп белгілейік.

Фазалар ережесін келесі формула арқылы есептейді:

c=k-f+1, (2.1)

мұндағы с - жүйенің еркіндік (варианттық) көрсеткіші, егер c Орытпадағы негізгі фазалар. Қорытпаның құрылымдық құрамалары. Фазалар ережесі - student2.ru 0, немесе f Орытпадағы негізгі фазалар. Қорытпаның құрылымдық құрамалары. Фазалар ережесі - student2.ru k+1; яғни екі компонентті жүйеде ( Орытпадағы негізгі фазалар. Қорытпаның құрылымдық құрамалары. Фазалар ережесі - student2.ru ) тепе-теңдікте үш фазадан ( Орытпадағы негізгі фазалар. Қорытпаның құрылымдық құрамалары. Фазалар ережесі - student2.ru ) артық фазалар бола алмайды; ал үш компонентті ( Орытпадағы негізгі фазалар. Қорытпаның құрылымдық құрамалары. Фазалар ережесі - student2.ru ) жүйеде тепе-теңдікте төрт фаза ( Орытпадағы негізгі фазалар. Қорытпаның құрылымдық құрамалары. Фазалар ережесі - student2.ru ) ғана бола алады.

Ереже фазалар мөлшерін анықтайды. Қорытып айтқанда, тепе-теңдікте болатын фазалар саны әр уақытта компоненттер санынан бірге артық болады. Фазалар ережесінің формуласындағы 1 – саны фазалық тепе-теңдікке әсер ететін сыртқы факторлар санын білдіреді. Металдар үшін сыртқы әсер етуші фактор болып температура саналады, себебі тепе-теңдікке тек қана жоғары қысым әсерін тигізеді. Фазалық өзгерістер атмосфералық қысымда өтетін болғасын, қысымның әсері ескерілмейді. Жүйенің еркіндік (варианттық) көрсеткіші деп оның тепе-теңдіктегі фазалар саны өзгермеген жағдайда температурасын, қысымын және концентрациясын өзгерту мүмкіндігін айтады.

Қос жүйеде, яғни Орытпадағы негізгі фазалар. Қорытпаның құрылымдық құрамалары. Фазалар ережесі - student2.ru , Орытпадағы негізгі фазалар. Қорытпаның құрылымдық құрамалары. Фазалар ережесі - student2.ru , ал с=0 – немесе фазалар нонвариантты (варианты жоқ) теп-теңдікте болады. Берілген фазалар санынан тұратын қорытпа белгілі жағдайда ( Орытпадағы негізгі фазалар. Қорытпаның құрылымдық құрамалары. Фазалар ережесі - student2.ru және барлық фазалардың нақты мөлшері болғанда) ғана өмір сүре алады. Егер с =1- жүйе моновариантты, с=2 – бивариантты деп аталады.

Фазалардың тепе-теңдік күйіне жүйенің еркіндік энергиясының ең аз мәні сәйкес келеді

Орытпадағы негізгі фазалар. Қорытпаның құрылымдық құрамалары. Фазалар ережесі - student2.ru , (2.2)

мұнда Орытпадағы негізгі фазалар. Қорытпаның құрылымдық құрамалары. Фазалар ережесі - student2.ru - жүйенің толық энергиясы;

Орытпадағы негізгі фазалар. Қорытпаның құрылымдық құрамалары. Фазалар ережесі - student2.ru - энтропиясы.

Кесінділер ережесі

Кристалдану кезінде фазалар концентрациясы мен әр фазалар саны (сұйық фаза азаяды, қатты фаза көбейеді) өзгереді. Диаграмманың кез-келген күйінде бір мезгілде екі фаза болған нүктесінде, оның концентрациясы мен екі фазаның санын анықтауға болады. Ол үшін рычак ережесі немесе кесінділер ережесі қолданылады. Қорытпаны сандық құрылымдық-фазалық талдау үшін берілген нүктеден диаграмманың ең жақын қисығына (ликвидус, солидус немесе компоненттер өсі) дейін горизонталь (конода)жүргізеді (2.6 суретті қара).

Орытпадағы негізгі фазалар. Қорытпаның құрылымдық құрамалары. Фазалар ережесі - student2.ru

2.6 сурет - Қос қорытпаның күй диаграммасына кесінділер ережесін қолдану

а) m нүктесіндегі фазалардың құрамын анықтау:

Ол үшін m нүктесі арқылы диаграмманың ең жақын қисығына (ликвидус, солидус) дейін горизонталь жүргіземіз. Сұйық фазаның құрамы p ликвидус сызығынан концентрация өсіне дейін жүргізілген горизонталь сызықты қиылыстыратын нүктенің проекциясы бойынша анықталады.

Қатты фазаның құрамы q солидус сызығынан концентрация өсіне дейін жүргізілген горизонталь сызықты қиылыстыратын нүктенің проекциясы бойынша анықталады.

Сұйық фазаның құрамы ликвидус сызығы бойынша өзгереді, ал қатты фазаның құрамы p ликвидус сызығынан концентрация өсіне дейін жүргізілген горизонталь сызықты қиылыстыратын нүктенің проекциясы бойынша анықталады.

Фазаның құрамы температураның төмендеуі бойынша В компонентінің құрамының аз мәніне қарай өзгереді.

б) Берілген температурада (m нүктесінде) қатты және сұйық фазалардың сандық қатынасын анықтау:

Фазалардың сандық мөлшері жүргізілген канодқа кері пропорционалды. m нүктесі арқылы жүргізілгенконод пен оның кескінін қарастырайық.

Қорытпаның бар мөлшері (Qсп) pq кескіні бойынша анықталады.

Ликвидус сызығымен жанасатын pm кескіні қатты фазаның мөлшерін білдіреді

Орытпадағы негізгі фазалар. Қорытпаның құрылымдық құрамалары. Фазалар ережесі - student2.ru

Солидус сызығымен жанасатын mq кескіні сұйық фазаның мөлшерін білдіреді

Орытпадағы негізгі фазалар. Қорытпаның құрылымдық құрамалары. Фазалар ережесі - student2.ru

Наши рекомендации