Аяқ киімнің пайдаланылу мақсаты
Аяқ киім – адам аяғын сыртқы әсерлерден сақтайтын, утилитарлық және эстетикалық қызметтер атқаратын бұйым. Аяқ киімнің пайдаланылу мақсатына қарай бөлуді оның киілу жағдайына қарай жүргізеді. Жай жағдайларда киілетін аяқ киімдерді күнделікті, сәнді, үйде киілетін, жол жүргенде киілетін, белсенді демалыста киілетін және егде жастағы адамдарға арналған аяқ киімдерге бөледі.
Күнделікті аяқ киімдерге күнделікті көшеде және жай ішінде киілетін аяқ киімдер жатады. Сәнді аяқ киімдерге сән талаптарына сәйкес келетін,салтанатты жағдайларда аз уақыт киілетін аяқ киімдер жатады. Үйде киілетін аяқ киімдерге үйде күнделікті киілетін аяқ киімдер жатады. Жол жүргенде киілетін аяқ киімдерге жол жүргенде аз мерзім киілетін аяқ киімдер жатады. Белсенді демалғанда киілетін аяқ киімдерге – қыдырғанда, демалыста, дене шынықтырумен айналысқанда киілетін аяқ киімдер жатады. Егде жастағы адамдарға арналған аяқ киімдерге егде жастағы адамдардың анатомиялық, физиологиялық ерекшеліктерін есепке ала отырып конструкцияланған аяқ киімдер жатады. Өзіндік ерекшеліктері бар аяқ киімдерге: арнаулы, өндірістік, ортопедиялық және профилактикалық аяқ киімдер жатады. Арнаулы аяқ киімдерге белгілі қауіпті әсерлерге қарсы қолданылатын арнайы қорғаныс материалдары мен бөлшектері бар аяқ киімдер жатады. Өндірістік аяқ киімдерге-арнайы қорғаныстар қарастырылмаған, жалпы жұмысқа киілетін аяқ киімдер жатады. Спорттық аяқ киімдерге - әртүрлі спорт түрлерімен айналысқанда киілетін аяқ киімдер жатады. Ортопедиялық аяқ киімдерге – адам табанында, балтырында және жамбасында болатын кейбір ауытқуларды есепке ала отырып конструкцияланған аяқ киімдер жатады.
Аурудың алдын алуға арналған (профилактикалық) аяқ киімдерге –табандағы патологиялық ауытқулардың алдын алу үшін арнайы конструкцияланған аяқ киімдер жатады.
Жыл маусымына қарай киілуге арналған аяқ киімдерді: қыстық, көктем-күздік, жаздық және жыл бойы киілетін аяқ киімдерге бөледі.
Қыстық аяқ киімдерге – конструкциясы және жасалыну материалдары қыс мезгілінде киюге арналған аяқ киімдер жатады. Қыстық аяқ киімдерге – суықтан қорғау жақсы қасиеттері бар етіктер, жартылай етіктер, бәтеңкелер жатады. Көктем-күздік аяқ киімдерге - конструкциясы және жасалыну материалдары көктем және күз мезгілдерінде киюге арналған аяқ киімдер жатады. Оларға аяқты ылғалдан қорғау қасиеттері бар киімдер - етіктер, жартылай етіктер, бәтеңкелер, жартылай бәтеңкелер, туфлилер жатады. Жаздық аяқ киімдерге-конструкциясы және жасалыну материалдары жаз мезгілінде киюге арналған аяқ киімдер жатады. Оларға жаздық беті ашық, белбеулі, сандалиилар, сандалеттер мен пантолеттер жатады. Жаздық аяқ киімдер жеңіл және гигроскоптық болуы тиіс. Жыл бойы киілетін аяқ киімдерге- жыл бойы ұзақ мерзім киюге арналған аяқ киімдер жатады. Оларға: жартылай бәтеңкелер, туфлилер, кроссовкалар жатады.
Аяқ киім түрлері
Аяқ киім түрлері - аяқ киімді жіктеудің конструктивті белгісі , ол адам аяғын аяқ киімнің жоғарғы жағының бөлшектердің жабу дәрежесімен анықталады. Аяқ киімнің негізгі түрлеріне етіктер, жартылай етіктер, бәтеңкелер, жартылай бәтеңкелер, туфлилер және сандалиилер жатады.
Етіктер - тұтас қонышы бар аяқтың басын, тобықты, балтырды жауып тұратын аяқ киім түрі. Жартылай етіктер - аяқтың басын, тобықты, балтырды жауып тұратын, түймеленетін немесе басқа бекіту құрылғысы бар, қонышты аяқ киім түрі.
Сапожкилер және жартылай сапожкилер - аяқтың басын, тобықты, балтырды жауып тұратын, әртүрлі биіктіктегі ойықсыз немесе ойығы бар, түймеленетін немесе басқа бекіту құрылғысы бар, қонышты аяқ киім түрлері.
Бәтеңке - аяқтың басын, тобықты жауып тұратын, тобықтан жоғары қысқа қонышы бар (жартылай етік қоныштарынан биік емес), ойықсыз немесе ойығы бар, түймеленетін немесе басқа бекіту құрылғысы бар аяқ киім түрі. Жартылай бәтеңке - аяқтың басын, тобықты жауып тұратын, ойықсыз немесе ойығы бар, бекіту құрылғысы бар аяқ киім түрі.
Туфли – аяқтың басын толықтай немесе жартылай жабатын, жоғарғы жағында аяқ киімді бекітетін бауы бар немесе баусыз аяқ киім түрі.
Сандалийлер – негізгі ұлтарағы жоқ, жұлықтың астында астары жоқ, аяқтың басын жартылай жауып тұратын, аяқ киімді бекітетін қондырғысы бар немесе қондырғысыз аяқ киім түрі.
Аяқ киімнің негізгі түрлеріне, сонымен қатар, киіз етіктер, шәркелер, кроссовкалар, сандалийлер, мокасиндер, шәркейлер, жаздық беті ашық туфлилер, бауы бар туфлилер, пантолеттер және опанкілер жатады.
Киіз етіктер – фетрден жасалған, былғары жұлықты және сіресі бар етіктер. Шәркелер - жоғарғы жағы бөлшектерінің конструкциялары бәтіңкелер мен жартылай бәтіңкелерге ұқсас, белсенді демалыста киетін аяқ киім түрі. Кроссовкалар - жоғарғы жағы бөлшектерінің конструкциялары бәтіңкелер мен жартылай бәтіңкелерге ұқсас, белсенді демалыста киетін аяқ киім түрі. Сандалеттер - жоғарғы жағы детальдарының конструкциялары жартылай бәтіңкелерге ұқсас, әр түрлі пішіндегі, перфорациондық ойықтары бар аяқ киім түрі. Мокасиндер – жоғарғы жағы ұлтарақпен конструктивті бірге жасалатын, алдыңғы жағында доғал ендірмесі бар аяқ киім түрі. Шәркейлер – 5 мм-ден аспайтын өкшесі бар, жоғарғы жағының бөлшектерінің конструкциясы туфли конструкциясына ұқсас аяқ киім түрі. Жаздық ашық туфлилер – тұмсық немесе өкше жағы ашық, немесе тек тұмсық жағы ашық, немесе тек өкше жағы ашық аяқ киім түрі. Белбеулік типтегі туфлилер – жоғарғы жағының бөлшектері бір-бірімен біріктірілген немесе біріктірілмеген әр түрлі баулардан тұратын аяқ киім түрі.