Олданыстағы үстіңгі привод жүйелерінің шетелдік конструкциялары
«Varco» фирмасының үстіңгі привод жүйелері. «Varco»ның үстіңгі привод жүйесі қазіргі таңда мұнай және газ өнеркәсібі саласының бұрғылау операцияларының мүмкіндіктері мен ықпалын арттыруға мүмкіндік беретін стандарты жабдық болып табылады (15.10 сурет пен 15.11 сурет). Қазір бұл жүйелердің гаммасы бірінші интеграцияланған (бәрі есептелген) IDS – 1 бұрғылау жүйесінің арқасында кеңінен дамыған.
Үстіңгі привод жүйелері скважинаны жүргізу уақытын 25 %-ға қысқартуға мүмкіндік береді және бұрғылау колоннасының қысулары мен басқа да авариялық жағдайлардың алдын алуға көмектеседі.
Үстіңгі приводтың концепциясының төзімділігі 300-ден астам теңіз және арнайы бұрғылау қондырғыларында сыналған.
Күш вертлюгының жердегі бұрғылау қондырғыларында кеңінен қолданылуына, бағыттаушы рельстерді орналастыруға қажетті бұрғылау мачтасының конструкциясын орнату, шешу және оны өзгертуге байланысты туындаған қиындықтар кедергі жасаған. Бұл қиындықтарды жою үшін «Varco» компаниясы жай бағыттаушы рельстер мен байланыстардың орнына торсионды мұржасы бар интеграцияланған бұрғылау жүйесін әзірледі.
«Varco»-ның интеграцияланған бұрғылау жүйесінде жаңа, патенттелген торсионды мұржа және іс жүзінде тексерілген отыз жылдай қолданыстағы 6:1 кинематикалық жеткізу қатынасы бар планетарлық жеткізу қолданылады. Жүйені әзірлеу кезінде жердегі бұрғылау қондырғыларының нарығындағы талаптарға немесе барлық бұрғылау қондырғыларында бір уақытта үстіңгі приводтың болуы талап етілмейтін бірнеше бұрғылау қондырғыларының иесінің (меңдігердің) талаптарына сәйкес болу үшін орнату және шешу істерінің жеңіл болуына аса көп назар аударылады.
Бұрғылау сұйық затының ағыны бос вал ішіндегі арнайы өте төзімді тығын және ішіне кіргізілген вертлюгы бар планетарлы жеткізу арқылы өтеді. Осының арқасында жүйенің габариттері минимумға жеткізіледі, сондықтан IDS – 1-ді кішірек телескопиялық мачталарға орнатуға болады.
Жаңа, патенттелген торсионды мұржа реактивті айналмалы сәтті, шың басына емес, қайтадан жоғарылатылған негізге жеткізеді. Осының арқасында IDS -1 әрі жердегі бұрғылау қондырғылары үшін, әрі баржалардағы қондырғылар үшін де қолданылады.
Сәттерге қарсы стопорлар вертлюгтың басы мен штропты переводниктің плитасының арасына орналастырылады. Штропты переводник осы плитаға сүйенеді, ал вертлюгтың басы болттармен планетарлы жеткізу (жылдамдық қорабына) картеріне бекітіледі. Элеватор, мұржаларды элеватормен қармап, вертикалдан ауытқытуға болатын екі штроптағы штропты переводникке ілінеді. Элеватордың салмағы қармалған мұржаның салмағындай болады, штропты переводник басты валдың (приводты валдың) иық жағына орналастырылады, сондықтан салмақ баста вал арқылы вертлюгтың подшипникті тірегіне түсіріледі. Жоғарғы сәтті кілт тікелей верлюгтың басына ілінеді.
Бұрғылау шлангасы вертлюгпен арнайы S-тәріздес мұржамен бірге жалғанады. Гидравликалық сұйықтық пен сығылған ауа шлангалардың байланыс жерлері арқылы жүргізіледі. Кабельдердің байланыс жерлері тұрақты тоқтың күш кабельдері мен өзгермелі тоқтың басқару кабельдерін құрайды. Бұрғылаушының пультында IDS—1-дің қайталанбас қызметтерін басқару органдары бар панель орналасқан.
15.10 сурет. «Varco» фирмасының 15.11 сурет. «Varco» фирмасының