Лшемдеріне заңдылықтары
Қазіргі өндіріс жағдайына байланысты көпшілікке арналған былғары бұйымдары “шартты” тұтынушыға арналып шығарылады. Себебі әр тұтынушының табаны және қолбастарын өлшеуге мүмкіншілік жоқ, өндіріс мүмкінше ел халқын ыңғайлы бұйымдармен қанағаттандыруы тиіс. Мұны іске асыру үшін барлвқ табан (қолбастыры) түрлерін өндіріс пен халыққа ыңғайлы типтер санына келтіру қажет. Егер, осы шарт орындалса онда таңдалған типтердің өлшем белгілеріне сәйкес жасалған бұйымдар көпшіліктің сұранысын қанағаттандырады деуге болады. Мұндай табан және қолбасы типтер жүйесін өлшемдік типология деп атайды. Әр типке қатысты адамдардың санын да білген жөн.
Бұдан басқа, табан (қолбасы) Өлшемдері мен формалының аяқ киім (қолғап биялай) және олардың бөлшектерінің өлшемдері мен формаларының сәйкестіктерін дұрыс анықтау керек. Ол үшін анропометрлік белгілерінің арасындпғы байланыстарын анықтау қажет.
Жоғарғы да келтірілген мақсаттарды орындау үшін халықтың ішінде кездесетін морпологиялық типтерінің толық сипаттамасын білу тиіс. Яғни морпологиялық типтерді сипаттайтын антропометрлік белгілердің өлшемдерін халық топтарының арасындағы және ішіндегі белгілердің құбылмалығының шектерін (вариабельдігін) табан және қолбасының өлшемдерінің өзара қатынастарын анықтау қажет. Жоғарғы да айтылғандай, бұл деректерді белгілі бағдарлама бойынша жүргізілген антропометриялық зерттеулер арқылы табады.
Антропометриялық зерттеулер жүргізу алдында аяқ киім (қолғап, биялай) жобалауға қажетті өлшемдік белгілерді таңдап алу, бағдарлама мен өлшеу әдістемесін жасау, жасына, қызметіне, ұлтына, тұрарын жеріне байланысты өлшемге қатынасатын адамдарды реттеу қажет.
Табандарды өлшемдерді мен формалары адамдардың жасы, жынысы және адам тұлғасына байланысты. Ал олар өз кезеңінде климаттық және жадығрафиялық жагдайлар мен ұлттың жаратылысына төуелді. Осыған орай, табандардың өлшемдерін зерттегенде адамдарды бір белгілі топтарға бөледі. Нақты мәліметтер алу үшін бұл топтарға адам саны 500 кем болмауы тиіс.
Көптеген зерттеулер нәткжесінде табан (қол) өлшемдер белгілері белгілі заңдылықтар бойынша таратылатыны аныңталған. Табан өлшемдерінің заңдылықтары аяк, киім және қалыптарды жобалаудың конструкторлық және зерттеу жұмыстарының негізгі болып табылады. Оларды, бірінші болып Ю.П. Зыбин аныңтап өрнектеген.
Бірінші заңдылық. Біртекті ұжымдағы табандар (қолбастары) өлшемдік белгілерінің таралуы нормальды таралу заңына бағынышты (37.а сурет). Суретте көрсетілген өлшеу мәліметтері (баганалар тәрізді) нормальды таралу қисық сызығы мен (бір қалыпты қисық сызық) толық үндеседі. Оны мына теңдеу бойынша салады:
мұндағы: У – ұжымдағы берілген ұзындықты Д табандар саны; δ – квадраттық ауытқу; Д – табан ұзындығы (берілетін ауыспалы өлшем); Д – бұл ұжымның табандарының орта ұзындығы.
Сурет 37. Ерлердің табан ұзындығының теориялық (1)
және эмпириялық таралуы
Осыған ұқсас таралу заңдылығы табан және қолбасының басқа өлшем белгілерінде де байқалады [7].
Екінші заңдылық.Табандардың орта көлденең өлшемдері және олардың ұзындықтар қатынасы у=кх+в түрлі сызықтық байланыс пен өрнектеледі (38 сурет).
Суретте көрсетілген сынық сызықты 0 = 0,6Д + 94 мм теңдіктен өрнектелетін тік сызық пен аппроксимациялауға болады.
Екі өлшемдік белгілердің арасындағы корреляциялық байланысты дәлірек регрессия теңдігін пайдаланып анықтауға болады.
Статикалық байланысты сипаттайтын негізгі параметрлер мен регрессия теңдігін екі өлшемдік белгілердің арасындағы байланыс теңдігін табуға болады. Мұндай параметрлерге екі өлшемдік белгілерінің орта мағыналары Мх және Му, коррекция rxy және регрессия Ry/x коэффициенттері жатады. Корреляция коэффициенті екі ауыспалы өлшемдік белгілерінің байланыстарының тығыздық деңгейін көрсетеді.
Ал регрессия коэффициенті бір белгі бір өлшем бірлігіне өзгергенде екіншісі қалай өзгеретінін көрсетеді.
Регрессия теңдігінің түрі мынандай:
Оны О=кД+в түрлі тік сызық аналитикалық теңдігімен өрнектеуге болады. Мұндағы к=R(0:Д) және в=-R(0:Д)+ .
Осыған орай, табанның шоғырдағы айналым өлшемі мынандай түрде болады.
Оп = 0,57Д + 9б.
Шоғырдағы табан ені Шп оның ұзындығы мен мынандай теңдіктермен байланысады:
- әйелдердің табандарына ШП = 0,24Д + 32;
- ерлердің табандарына Шп=0,27Д+27;
- мектеп жасындағы балалар мен қыздарға ШП=0,28Д+15.
Ерлер мен әйелдердің табандарының өлшемдік белгілерінің орта мағыналарының арасындағы байланысты сипаттайтын теңдікті шамалап мына түрде ШП=0,25Д+30 қабылдауға болады. Бұл теңдіктерді етікшілер мен аяқ киім бөлшектерін жаппай көбейтуге (сериялы градирлеуге) пайдаланады.
Қолбастарының орта көлденең өлшемдері де оның ұзындығы мен тік сызықтық байланысты, колбасының ұзындығы бойынша негізгі өлшем ретінде қолбасының тыс жағының Дт ұзындығы немесе биялайларды жобалағанда, бастапқы өлшем қызметін атқаратын және өлшеуге ыңғайлы үшінші саусақтың, флексорлық 13 ұзындығы болуы мүмкін (38.6 сурет).
Сурет 38. Табан және қол басының айналым өлшемі
бойынша эмпириялық және сызықтық регрессиялары
Қолбасының айналым өлшемі Ок және үшінші саусақ ұзындығы 13 арасындағы байланыс келесі теңдіктері мен сипатталады (ММУ ҒЗАИ – МӘСКЕУ мемлекеттік университетінің антропологиялық ғылыми зерттеу институты мәліметтері бойынша):
ерлердің қолбастарына 0к=142,2+0,9213;
әйелдердің қолбастарына Ок=11б,9+0,9913
Үшінші заңдылық. Табанның барлық бойлық өлшемдері оның ұзындығы мен пропорционалды байланыста болады,
Табан ұзындығының Д және оның бойлық өлшемдері Дн.п. және Дв.л. және т.б. арасындағы байланыстарды зерттеулер, регрессия теңдігін у=кх
пропорцияналдық теңдігі мен ауыстыруға болатындығын көрсетті.
Кеңес Одағының халқының табандарын өлшеу нәтижесінде алынған к кропорционалдық коэффициенттер төменде келтірілген.
Антропометрлік Пропорционалдық
белгі коэффициент
Өкшенің ең дөңестік
нүктесінен: өкшенің ортасына дейінгі 0,18
қашықтық
сыртқы тобық ортасына дейінгі қашықтық 0,20
табанның иілу нүктесіне дейінгі қашықтық 0,42
табанның қырының нүктесіне дейінгі қашықтык, 0,55
шоғыр нүктелеріне дейінгі қашықтар:
сыртқы шоғыр 0,62
ішкі шоғыр 0,73
кіші башпай соңына дейінгі қашықтық 0,80
Қолбасының орта ұзындығы оның Дп флексорлық ұзындығы мен тік пропорционалдық байланыста болады КСРО халқының қолбастарын зерттеу нетижесінде пропорционалдық коэффициент табылған [7].
Антропометрлік Пропорционалдық
белгі коэффициент
Ұзындық: 0,955
қолбасыныңтысжағынан саусақтардың флексорлық:
біріншінің 0,285
екіншінің 0,350
үшіншінің 0,425
төртіншінің 0,380
бесіншінің 0,290
Төртінші заңдылық.Табанның барлық көлденең өлшемдері оның ені және айналым өлшемдері мен пропорционалдық байланыста болады.
Табанның айналым өлшемдері және оның ені арасында, ұзындық және ен арасындағы тығыз байланыс жоқтығын атап кету қажет. Бірақ, технологиялық және конструкторлық мақсаттарға бұл кемшілік аса әсер етпейді. Осыған орай, табылған коэффициенттерді пайдалануға болады.
Төменде жасы жеткен халыққа арналған пропорционалдық коэффициенттер R келтірілген.
Бастапқы параметр ретінде табанның сыртқы шоғыр қимасындағы ені алынған.
Антропометрлік Пропорционалдық
белгі коэффициент
Табан ені
бірінші тілерсек сүйегінің басының ортасы бойынша 0,95
өкшенің ең кең жері бойынша 0,72
Айналым өлшем
табанортасы бойынша 2,58
тілерсек-бақай буыны бойынша 3,45
Қолбасының көлденең өлшемдері оның айналым өлшемдері мен пропорционалдық байланыста болады.
Төменде теңдіктердің пропорционалдық коэффициенттері келті-рілген.
Антропометрлік Пропорционалдық
белгі коэффициент
Қолбасының ені 0,41
Саусақаралық нүкте деңгейіндегі қалындық
бірінші 0,08
үшінші 0,09
Саусақаралық нүкте деңгейіндегі айналым өлшем
бірінші 0,30
екінші 0,31
үшінші 0,31
төртінші 0,30
бесінші 0,30