Зертханалық жұмыстардың жоспары
Зерханалық жұмыс № 1 Суық илемді деформацияның механизмін зерттеу.
Зертханалық жұмыстың мақсаты.Болаттан жасалған үлгіліктісозған немесе қысқан кезде ағым сызығындағы сырғу жолағын айқындау.
Әдістемелік ұсыныс. Тесігі бар цилиндрлік үлгілікті қысып және цилиндрлік үлгілікті созып ағым сызығын айқындау. Сырғу жолағы үлгілікті шөктіргенннен кейін қысатын сайманмен жанаспайтын тікбұрышты бетте микроскоп астында зерттеледі.
Ұсынылатын әдебиеттер [4] 536 б.
Бақылау сұрақтары
1. Сырғу жолағы дегеніміз не?
2. Ағым сызығы дегеніміз не?
3. Деформациялау жағдайына байланысты поликристалдық денеде илемді деформация қалай жүреді?
4. Ағым алаңы қандай себептермен пайда болады?
5. Моно- және поликристалдарда илемді деформация кандай механизммен іске асады?
Зерханалық жұмыс № 2 Беріктену қисық сызығын салу.
Зертханалық жұмыстың мақсаты.Суықтай деформациялау процесінде деформациялау кедергісінің өзгеру сипатамасымен танысу. Дәл кернеу қисық сызығын салу және беріктену түзуін аппроксимациялау әдістемесін меңгеру.
Әдістемелік ұсыныс. Беріктену қисық сызығын салу үшін ерінге үлгілікті қысып, оны әмбебапты сынау машинасында қирауға дейін сынау. Үлгілікті созғанда деформациялау процесін «деформациялаушы күш – деформация» диаграмасына жазып алу. Дәл кернеу қисық сызығын салу.
Ұсынылатын әдебиеттер [4] 536 б.
Бақылау сұрақтары
1. Суықтай илемді деформациялау процесінде қандай факторлар беріктенуге әсер етеді?
2. Металдарды қысыммен өңдеудің технологиясын жасаған кезде беріктену құбылысының мәні қандай?
3. I және II түрі бар диграмманың қасиеттері қандай?
4. Металл мен қорытпалардың беріктену механизмінің негізгі гипотезалары қандай?
5. Дәл кернеу қисық сызығын қалай салады?
Зерханалық жұмыс № 3. Ең кіші кедергі принципін зерттеу.
Зертханалық жұмыстың мақсаты.Шөктірген кезде цилиндрлік және призмалық денелердің пішіндерінің өзгеруін зерттеу жолымен ең кіші кедергі принципі туралы заңдылықтарды анықтау.
Әдістемелік ұсыныс. Үлгіліктердің жанасу беттерінде симметриялық осьтерді белгілеу. Бұрыштықтардың көмегімен үлгіліктердің бүйірлік беттеріне осьтік сызықтарды салу. Бүйірлік беттердің осьтерінде (үлгіліктердің биіктігінің жартысында) сиямен екі белгіні қою. Осы белгілердің көмегімен шөктіруден кейін осьтердің жайын анықтау.
Үлгіліктерді шөктірудің мөлшерін өлшегіш сызғышпен бақылау. Үлгілікті әрбір шөктіруден кейін алынған қиманың перимтрін өлшеу.
Алынған мәліметтің негізінде деформация дәрежесінен деформация күшінің тәуелділігін және деформация дәрежесінен осьтер қатнасы тәуелділігін салу.
Ұсынылатын әдебиеттер [4] 536 б.
Бақылау сұрақтары
1. Цилиндрлік үлгіліктерді шөктірген кезде бөшкенің пайда болуына қандай факторлар әсер етеді?
2. Ең кіші кедергі принципін сарапталық қалай қолданады?
3. Призматикалық үлгілікті шөктірген кезде не себептен үлгіліктің қимасы дөңгелек пішінді алуға ұмтылады ?
4. Үлгіліктерді шөктіргенде қандай бағытпен металл ағады?
5. Үйкеліс бар және жоқ болған кезде қандай пішінге үлгіліктің көлденең қимасы ұмтылады?
Зерханалық жұмыс № 4. Шөктірген кезде деформацияның біркелкі емес болуын зерттеу.
Зертханалық жұмыстың мақсаты.Деформацияның таралуын зерттеудің әдістемесімен танысу. Координатты торды қолданып шөктірген кездегі деформацияның біркелкі емес болуын және жанасу бетінде үйкеліс күштің таралуын зерттеу.
Әдістемелік ұсыныс.Деформацияның біркелкі емес болуын айқындау үшін үлгіліктің бетіне координатты торды түсіру. Дайындалған үлгілікті бірдей деформация дәрежесімен баспақта шөктіру. Шөктірілген дайындамадағы координатты торды өлшеу.
Ұсынылатын әдебиеттер [4] 536 б.
Бақылау сұрақтары
1. Шөктірген кезде деформацияның біркелкі емес болуына деформацияның жағдайы қалай әсер етеді?
2. Деформацияның біркелкі емес болуына сыртқы үйкеліс қалай әсер етеді?
3. Деформацияның біркелкі емес болуын азайтатын қандай тәсілдерді білесіз?
4. Металдың сапасына деформацияның біркелкі емес болуы қалай әсер етеді?
5. Жанасу бетінде үйкелістің әр түрлі аймақтарының пайда болу себебі?