Жұмыстың температуралық шарты
Электр оқшаулағыштың температурасы қоршаған ортаның температурасы, электр оқшаулағыштың құрылымындағы жылу бөлінуі мен жылу бөлу шарттары сыртқы жылу энергиясының көздерінің қыздырылуы арқылы анықталынады.
Қоршаған ортаның температурасы жабдықтың орналасу жері мен климат зонасына тәуелді. Жабдықтардың орындау типі бойынша классификациясы және шеткі жұмыс істейтін температурасы көрсетіледі.
Белгілі климат зонасы мен жабдықтардың орналасу жеріне қарай қоршаған ортаның температурасы жыл мезгіліне және тәулікке байланысты. Сондықтан электр оқшаулағыштың дұрыс есептелуі үшін тек шекті температураның берілгендігі ғана емес, сондай – ақ температураның әсер ету ұзақтығы да керек.
Ашық жерде жұмыс жасауға арналған электр жабдықтың қоршаған ортасының температурасы айтарлықтай ауытқуларға ұшырайды. Жабдықты бөлмеге орналастыру, бөлме жылыту құрылғыларының жұмыс себебінен қоршаған ортаның температурасының ауытқуын азайтады. Барлық бөлмелердің жылу инерциялылығы бар, ол температураның жұмсаруына септігін тигізеді. Бөлменің көлеміне, электр жабдықтардың температурасына, жылыту қондырғылардың бар болуына, желдету дәрежесіне байланысты ішіндегі температура мен бөлменің сыртындағы температураның айырмашылығы үлкен аралықта ауытқиды. Электр жабдықтағы жылудың бөлуіне байланысты оқшаулағыштың температурасы қоршаған ортаның температурасынан жоғары. Оқшаулағыштан қоршаған ортаға температураның ауысуы жылу есептеуіне және электр оқшауламасындағы құрылымның жылу бөліну мен жылу беру шарты негізінде анықталынады.
Электр оқшаулағыштағы жылу бөліну оның мінездемесі мен салынған кернеу арқылы анықталынады. Асқын кернеу оқшауламаға аз уақыт әсер еткендіктен және температурасын айтарлықтай өзгерте алмайтындықтан, жылу бөлу есептеуін жұмыстық кернеу кезінде жүргізеді. Ток өткізгіш бөлігіндегі жылудың бөлінуі тоқтың квадратына пропорционалды. Электрлік қондырғыларда ток әрбір уақыт мөлшерімен анықталынады. Электр энергиясын тұтынушылардың қуаты жыл бойы және тәулік бойы ауытқуларға ұшырайды. Электр оқшаулағыш құрылымдардағы тоқ өткізгіш бөлігінің жылу бөлінуін есептегенде тоқ жүктемесі ауытқуының мүмкіндігін ескеріп шығарған дұрыс. Бұл мақсатта есептеу үшін жүктеменің жылу бөліну графигі қолданылады, атап айтқанда тұтынушының электр энергияға сұранысының уақытқа тәуелділігі. Жүктеменің графигі энергетикалық жүйенің жұмыс режимінің барлық және оның жеке элементтерінің анализі үшін құрылады. Жүктеменің графигі қасиеттеріне қарай келесі түрлерге бөлінеді: жүктеменің түріне (активті, реактивті), қамтыған периодының ұзақтығына (жылдық, тәуліктік), жүктеменің зерттелу жеріне (тұтынушылық, жарықтық, станциялық, жүйелік). Электр оқшаулағыш құрылымын жобалау, оның қолданылу кезінде керек жерінің бөліміне арналып салынған жүктеменің тәуліктік графигі. Жүктеменің графигі негізінде қатынасындағы токтың өзгеру графигі құрылады, мұнда тұтынушының кернеуі тұрақты. Сондықтан, ток тұтынушының қуаты мен қуат коэффициенті арқылы анықталынады. Тұтынушының бұл тобына арналған қуат коэффициенті аз ауытқығандықтан, оны кейбір жағдайларда ескермеуге болады. Бұл жағдайларда тоқ графигінің мінездемесі жүктеменің графигімен сәйкес келеді.
Тоқ өткізгіш бөлігіндегі жылу бөлінуді есептегенде қолданылатын жүктеменің графигі жобаланған бұйымның габариттік өлшемдерін азайтуға мүмкіндік береді. Электр оқшаулағыш бұйымдарды жобалаған кезде жиі тоқтың жүктемесін тұрақты етіп алады және электр аппараттарының ең үлкен тоғына тең етіп алады. Егер жүктеменің тоғы кіші болса, онда электроқшаулағыштың жұмысы жеңіл шарттарда өтеді деп жорамалданады. Көп құрылымдарға бұл дұрыс. Бірақ электр оқшаулағыштың температурасы төмендегенде, механикалық кернеуі дамиды (көбейеді), сонда оның ресурсы азаяды. Мұны суық климатта жұмыс істейтін электр оқшаулағыш құрылымдардың жобалаған кезде ескеру керек.
Электр оқшаулағыш температурасы сыртқы жылу энергиясының көздерінен көтеріледі. Мұндай көздерге жақын орналасқан жылытқыш аспаптар, жұмыс істеп тұрған электр жабдығы, күннің сәулеленуі және т.б. жатады.