IV тарау. Қазақстан Республикасында жүргізілетін антропометриялық зерттеулердің нәтижелері

Аяқ киім ыңғайлы, шақ болуы тиіс, оның ішкі пішімі мен өлшемдері бойынша халықтың белгілі бір тобына арнала отырып, олардың аяғының анатомия-физиологиялық ерекшелігіне сәйкес келуі керек. Бұл орайда аяқтың пішімі мен өлшемдері күнделікті кию кезінде қысқа мерзімді, сондай-ақ адамның өсуі мен аяқ киім ерекшелігінің қоршаған ортаның өзгерісін көрсететін ұзақ мерзімді болып ескерлуі тиіс.

Аяқ киім табанды бірдей қамытуы оның пішімін түзуі және табиғи тірек бөліктерін толығымен пайдалану тиімділігін қамтамасыз етуі тиіс. Ол табанның қан және лимфатикалық тамырлары мен жүйке тармақтары орналасқан жұмсақ ұлпаларды қыспауы, тыныштық және қозғалыс кезінде ауырсындырмауы, табан құрылымын бұзбауы, оның көптеген буындарының қимылын шектемеуі тиіс. Аяқ киім пішімі табанның қимылы кезінде әрекет ететін бұлшық еттерге барынша еркіндік беруі тиіс.

Балалар аяқ киімнің пішіміне айрықша мән беру қажет, ол баланың табанының пішіне дәл келуі, аяқ басының құрылысына (башпайлардың желпеуіш тәрізді орналасуы) және табанның табиғи дамуына зиянды әсер етпеуіне көңіл бөлуі керек.

Аяқ киімнің тұмсығының ұзындығы, кеңдігі және биіктігі аяқ башпайларының еркін қимылдауына мүмкіндік тудыруы тиіс.

Аяқ киімнің күмбез асты (табан ортасы) белігі табан күмбезінің ұзындығы бойынша сәйкес біршама иілген әрі белгілі бір бәсеңдеткіш қасиетті болуы қажет.

Аяқ киімнің өкшелік белігінің пішімі табанның өкшелік бөлігі үшін ойық түзуі, өкшенің бірдей тиіп тұруы және оның орнықты түйін қамтамасыз етуі, алға қарай сырғымауын болдырмауы қажет.

Аяқ киім әсіресе туфли мен қысқа қонышты бәтеңке аяқты бүйірінен қысып тұруы тиіс, Қысу аяқ киімнің табанға нық тұруы үшін тиімді. Бұл табан бұлшық етінің әсіресе тізенің аяқ киім табанға нық тұруы барысында тым сіресуін болдырмайды. Осылайша табанның жұмыс қабілетін арттырады. Г.Ф. Иваковтың пікірінше сіресуге табанның бақайы тері арқылы майлы асты өте жұқа болатындықтан шамалы қысылса жарақттанатын ішкі және сыртқы тобық маңы, сондай-ақ ішкі иілмесі де ұшырамауы керек.

Аяқ киім үстінің контурлық, конструктивтік және әдіптік сызықтары табанның анатомия-физиологиялық ерекшелігіне сәйкес келіп, әдетте оның орнықты бөліктері маңында орналасуы қажет. Аяқ киімді жобалағанда контурлық сызықтардың табанның қозғалмалы бөліктеріне қатысты, айталық тұмсықтың бөлігі маңында ("бөлінбе" түріндегі), табанның иілетін тұсында (конструктивтік және әсемдік көтерме белдік), тобық жанында (тобық үстінен және тобық астынан), өкшелік белігіндегі (өкшесі ашық конструкцияларда) орналасуына көңіл бөлу қажет.

Аралық бөлшектердің (ішкі ұлтарақ пен өкшелік сірі) контурлары табанның анатомия-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келіп, аяқ киім кигенде ауырсынатындай әсер тудырмауы керек.

Аяқ киімнің үстінгі жағы мен астарының конструктивтік сызықтары бір-бірімен беттесіп қалыңдап кетпеуі керек бұл әсіресе табанның бүгілетін жерінде ыңғайсыз.

Тұмсықтың шоғыр төңірігінде қиық әдіптік сызықтары табанның құрылысының ерекшелігін ескере отырып жасаруы тиіс.

Аяқ киімге пайдаланатын материал қайтымсыз "оң" деформациялы, яғни иілмелі, пішім қабылдағыш бола отырып, белгілі бір әсерден адам табанының формасы мен сыртқы түрі көп өзгеріске ұшырамай қабылдап сақтай алатын қасиетке ие болуы керек. Үстіңгі бет материалы эластикалы әрі аяқ өлшемдерінің күндізгі өзгеріс ырғағына икемділігін қалпына келтіретін қасиеті болуы керек.

Аяқ киім конструкциясы ішкі пішімі мен өкшелерінің қалыңдығы әр түрлі алмалы-салмалы ұлтараққа және аяқ киімнің үстіңгі бетінің конструктивтік ерекшелігіне (иілмелі бау, ұстайтын бөлшектердің ілмешегі, белдік, эластикалы рәзеңке) тірек бетінің профиліне сәйкес өзгермелілігін қамтамасыз етуі тиіс.

Қазіргі аяқ киімнің өлшемдік-толықтық ассортименттінің кемшіліктері тұтынушылардың назарын аударып отырғанға байланысты, Қазақстан халқының әр түрлі жас-жыныстық топтарының табандарының жаппай өлшеулері жүргізіледі.

Зерттеулердің қажеттілігін талап етуінің бір себебі болып адамдардың бойларының өсуіне әсер ететін акселерация үрдісі табылады.

Табандарды жаппай өлшеу және зерттеу арқылы сенімді мәліметтер алу және аяқ киімнің өлшемдік-толықтық ассортиментінің оңтайлы өлшемдерін анықтау үшін Қазақстанды 5 экономикалық аймаққа бөлдік. Олар, бір-бірінен климаттық жағдайлары мен айырылады:

1. Оңтүстік Қазақстан

2. Солтүстік Қазақстан

3. Шығыс Қазақстан

4. Батыс Казақстан

5. Орталық Қазақстан

Барлық халық 100 адамнан тұратын келесі жас-жыныстық топтарға бөлінді:

жастағылар – 7 жас 6 айдан 8 жас 5 ай 29 күнге дейін;

жастағылар – 8 жас 6 айдан 9 жас 5 ай 29 күнге дейін;

жастағылар – 9 жас 6 айдан 10 жас 5 ай 29 күнге дейін;

жастағылар – 10 жас 6 айдан 5 ай 29 күнге дейін;

12 жастағылар - 11 жас 6 айдан 12 жас 5 ай 29 күнге дейін;

13 жастағылар - 12 жас 6 айдан 13 жас 5 ай 29 күнге дейін;

14 жастағылар – 13 жас 6 айдан14 жас 5 ай 29 күнге дейін;

15 жастағылар – 14 жас 6 айдан15 жас 5 ай 29 күнге дейін;

16 жастағылар – 15 жас 6 айдан16 жас 5 ай 29 күнге дейін;

17 жастағылар – 16 жас 6 айдан17 жас 5 ай 29 күнге дейін;

18 жастағылар – 17 жас 6 айдан18 жас және одан жоғары.

Антропометрлік зерттеулер бес аймақтық келесі облыстарында жүргізілді:

1. Солтүстік Қазақстан – Қостанай облысы

2. Оңтүстік Қазақстан – Алматы және Қызылорда облыстары

3. Шығыс Қазақстан – Семей обылысы

4. Батыс Қазақстан – Ақтөбе облысы

5. Орталық Қазақстан – Қарағанды облысы

Зерттеулер мәліметтері арнайы картаға енгізілді. Бұл картаның I-IV пунктарына жалпыға қатысты. Ал 1-17 табандарды өлшеу нәтижесінде алынған мәліметтер жазылады.

Аймақ    
мекеме күні жынысы аяқ пішім
Х О Т
I Аты –жөні    
II Туылған күні    
II Тұрақтық жері    
IV Ұлты әкесі    
шешесі    
                 

Табанның негізгі өлшемдері

1. Табан ұзындығы Д
2. Табанның сыртқы шоғырдағы ені Шн.п.
3. Табанның ішкі шоғырдағы ені Шв.п.
4. Табанның өкшесінің ені Шп
5. Сыртқы шоғыр бойынша айналым өлшемі Он.п.
6. Ішкі шоғыр бойынша айналым өлшемі Ов.п
7. Шоғырлар арқылы айналым өлшем Он.п. - Ов.п
8. Табан ортасы арқылы айналым өлшем Ос.ст.
9. Қиғаш айналым өлшем Осг.
10. Тобықты арқылы айналым өлшем Ом
11. Тобықты үстінен айналым өлшем Ог
12. Балтыр бұлшықеті арқылы айналым өлшем
13. Табанның иілетін жеріне дейінгі биіктік
14. Ішкі тобықтың ортасына дейінгі биіктік
15. Балтыр бұлшықетінің айналым өлшейтін нүктеге дейінгі биіктік
16. Ішкі тобықтан тізеге дейінгі биіктік
17. Бойы

Зерттеу барысында плантограмма және картадағы адам аяғының анатомиялық аумақтары өлшенді. Өлшеулер, 2 тарауда келтірілген әдістеме бойынша жүргізілді.

Барлық мәліметтер математикалық статистикалық өңдеуден өтті.

Қалған облыстаға қатысты регрессиялық теңдеулер 5 кестеде берілген.

Табанның өлшем белгілерінің арасындағы байланыстарды сипаттайтын модельдердің адекваттығын Фишер критериі көмегімен (Ғ-критерий) тексерілді. Фишер критерилерінің кестелік мәндері есептелгендерден кіші болғандықтан (Ғкест < Ғесеп) барлық моделдер адекватты деп есептеледі.

Алынған коэффициенттердің сенімділігі Стьюдент критериі (t-критерий) көмегімен тексерілді.Бұл кезде барлық теңдеулердің есептелген t-критерийлері кестедегілермен (t-кест) үлкен болды. Демек, бұл модельдердің барлық коэффициенттері маңызды екенін дәлелдейді [22].

Барлық байланыстар басқа елдердің халықтарының табандарына табылғандарға өте ұқсас. Бұдан басқа табан ұзындығының өлшемдері табан ұзындығына пропорционалды делінген қорытынды дәлелденеді.

Осы байланыстар мен табандарды өлшеу нәтижелерін аяқ киімнің өлшемдік-толықтық ассортиментін, аяқ киім қалыптарын жобалауға пайдалануға болады.

Кесте 5

Табанның өлшем белгілерінің мөлшерлері және адам жасының арасындағы байланысты сипаттайтын теңдеулер

Наши рекомендации