TDS-4H күш вертлюгы TDS-1000 күш вертлюгы

Әрбір моделдің сипаттамалық ерекшеліктері қызмет етуінің қарапайымдылығында, жинақылығында (компактность), сенімділігінің жоғарылығында және жұмыс істету шығынының аздығында. Бұл конструкцияның үстіңгі приводтары жоғарғы мобильділікке ие болып, бір бұрғылау қондырғысынан екінші қондырғыға тасымалданады, әрі бірнеше сағат ішінде орнатылады және шешіледі. Тұрақты тоқ желісінен жұмыс істеу айналу жылдамдығын және әртүрлі жағдайларда едәуір тиімді бұрғылауды қамтамасыз ететін жағдайларда айналмалы сәтті арттыруға мүмкіндік береді.

«Tesco» фирмасының үстіңгі приводының жүйелері. «Tesco» фирмасының күш вертлюгы, әрі құрлықта, әрі теңізде екілік және үштік мұржалармен бұрғылауға арналған көптеген шығарылатын бұрғылау шың бастарына сыятындай жинақы болып келеді (15.12 сурет). Мұржалармен манипуляция жасау кезіндегі өзінің жұмыс істеу сипаттамасы мен мүмкіндіктеріне қарай HCI жүйесі орта және қатты терең скважиналарды бұрғылауға жарамды болып келеді.

HCI-ге қуат беру үшін, өнеркәсіпте жұмыс істету үшін тексерілген гидронасостар және фильтрлеуші жабдықтың алғашқы қозғалтқыштары мен өзіндік сериясын қамтитын гидростатикалық приводтар қолданылады. Үстіңгі приводты, бұрғылау және обсадты колонналардан 453, 589 және 680 тонналық салмақты көтере алатын бірнеше вертлюгтардың біреуімен жабдықтауға болады.

1816мм 35.5 дюйм 36 дюйм 47.25дюйм1.20м

TDS-4H күш вертлюгы TDS-1000 күш вертлюгы - student2.ru

TDS-4H күш вертлюгы TDS-1000 күш вертлюгы - student2.ru

Қажет болған жағдайда, 453 тонналық стандартты бос валды еш қиындықсыз жүк көтеру мүмкіндігі 589 тонналық валға ауыстыруға болады.

Іске қосу жеңілдіктері:

1. Барлық жүйені орнатуға бір күннен аз уақыт кетеді. Көп жағдайларда, осы жабдықтың орнатылуы қажет болған бұрғылау қондырғылары модификация талап етпейді.

2. Жүйе бірегей күш қуатымен қамтамасыз етілген.

3. Элеватор штроптарының ауытқу механизмі, алға қою, шурфқа бекітуге арналған отвод, мұржалы манипулятордың 360 градусқа бұрылысы, қармау. Қармау, үстеме бекіту немесе шешу кезінде кілтті ұстап тұрушы ролін атқарады, 3 пен 8-3/4 дюйм арасында сыртқы диаметрлі кілттермен жұмыс істей алады.

5. Орнатылуы оңай және талаптарына сай етіп жасауға болады.

ВЕРТЛЮГТЫҢ СЫРҒАСЫ аса бір техникалық қызмет қажет етпейтін торсионды бағыттаушы арнайы конструкция.

6. Барлық жүйені тасымалдауға теңіз тасымалы үшін үш стандартты контейнер жеткілікті.

15.12 сурет. «Tesco» фирмасының күш вертлюгы HCI1205

National Oilwell» фирмасының күш вертлюгтары. «National Oilwell» фирмасының күш вертлюгтарын 200 тоннадан 750 тоннаға дейінгі статикалық салмақты алты және одан да көп модельдердің ішінен таңдауға болады. Кейбір модельдері ауыр шарттардағы бұрғылаулар мен бұрғылау сұйық затының жоғарғы қысымдарына арналып арнайы жобаланған. «National Oilwell» фирмасының қысқа тальды блокы бар күш верт­люгы 15.13 суретте көрсетілген. Күш вертлюгтарының техникалық сипаттамалары 15.6 кестеде көрсетілген.

Негізгі ерекшеліктері:

1. Тасымалдауға өте жеңілдігі – бір бұрғылау қондырғысынан екіншісіне оңай және тез тасымалданады.

2. Иілгіштігі- шың басының биіктігі 142 футтық (44 м) және одан да биік бұрғылау қондырғыларында жұмыс істеу үшін бұрғылау мұржаларын бағыттаушы, олардың реактивті сәттерін қабылдаушы үш (3) жүйе ұсынылып отыр.

3. Салмақ екі бағытта таратылады. PS-350/500 вертлюгының 350 т(3113 кН) салмаққа арналған жүктеу подшипнигі мен 500 т (4450 кН) салмаққа арналған элеваторға тәуелді емес подшипнигі бар. Осылайша, элеваторға жүктеу үшін обходты (айналу) жол пайда болып, вертлюгтың жүктеу подшипнигінің қызмет ету уақыты ұзарады.

Наши рекомендации