Лпа қабынуының патогенезі.

Периодонт төмендегі қызметтерді атқарады.

1. тістің анатомиялық немесе ұяшықта ұстап тұру қызметі;

2. салмақты бір келкі бөліп беру қызметі;

3. пластикалық – тістің өсуіне, шығуына және ауысуына әсер етеді;

4. қоректік – периодонт арқылы цемент пен альвеолды өсінді қоректенеді;

5. тосқауылдық – белсенді мезенхима лимфа, қан тамырлар арқылы орындалады;

6. сенсорлы – сезгірлігі арқылы периодонтқа түскен күшті реттейді;

7. рефлексті – периодонт рецепторларына қатты әсер еткенде ол басқа ағза жүйкелеріне ықпалын тигізеді.

Пародонт – тіспен оны қоршап тұрған тіндер кешені болып, оған қызыл иек, сүйек қабы, альвеолды сүйек, периодонт және тіс түбірі жатады.

Қызыл иек (gingiva) – альвеолды өсіндіні жауып тұрады. Ол көп қабатты жалпақ эпителимен жабылған. Қызыл иекті қозғалмалы және қозғалмайтын деп екіге бөлеміз.

Қызыл иектің жабыспаған бөлігін еркін қызыл иек деп, тіс аралығында емізікше, ал мойнында физиологиялық қалта дейіледі. Оның тереңдігі 1,5 мм ге дейін барады.

Сүйек қабығы (periost) – альвеолды өсіндімен қызыл иекке тығыз жабысқан және қан тамырлар мен жүйке тамырларға өте бай құрылым. Қан тамырлар ФольцманжәнеГаверс түтіктері арқылы сүйекке еніп, сүйек қабығын қоректендіреді. Сүйек қабығы жақтардың өсуінде белсенді қызмет атқарады және сүйек тіндерінің жарақаттарының бітісуінде қатысады.

Ұяшық – (alveola dentis) – ол тіс түбірінің орны және сүйекке бірігетін жері болып, ішінен қатты қабықпен қапталған. Онда майда тесіктер болады да, ол арқылы периодонтқа тамырлар өтеді.

Периодонт – біріктіруші тін болып, тіс түбірін ұяшыққа бірік-тіреді.

Жоғарыдаға айтылған құрылымдар қосылып пародонтты түзеді, ал ол шайнау қызметін атқарады.

Тақырып: Тіс ұлпасы қабынуының этио – патогенезі,

Жіктелуі.

Түрлі тітіркендіргіштердің әсерінен ұлпаның қабынуына жауап реакциясына – ұлпа кабынуы (пульпит) деп аталады. Әсер етуші тітіркендіргіштердің күші әсер ету уакыты және ұлпаның қорғаныс кызметіне байланысты болады. Жастардың тіс ұлпасында көректі зат-тардың айырбастау үрдісі және қорғаныс касиеті жоғары болғандықтан жедел ағымды қабыну үрдісі көп кездеседі. Сондыктан емдеу кезінде науқастың жасына карай емдеу әдісін таңдау қажет.

Ұлпа қабынуының этиологиясы:

Микроб және олардың токсиндерінің тіс жегі куысындағы дентин арналары, кабырға тесіктерінен, не пародонт қалтасы, қан және лимфа ағымы арқылы түбір ұшынан жұқпаның ұлпаға өтуінен, ұлпа қабынуы келіп шығады.

Сонымен бірге ұлпа қабынуна механикалық, физикалық, химиялық жарақаттар да себепші болады.

Механикалық закымданулар жедел және созылмалы болып бөлінеді. Жедел закымдану бір мезгілде алынған жарақаттан, тіс сауытының сынып ұлпа ашылуы, сауыт түгел сынып түсіп, түбір ұлпасының ашылуы, не соққы кезінде кан тамыр, жүйке тамыр, лимфа тамырлар шоғырының үзілуінен болады. Ал созылмалы механикалық закымданудан мысалы ауыз қуысына түрлі заттарды салып тістеу, жіпті тістеп үзу, пісте және жаңғақты тіспен шағу сиякты зиянды әдеттердің, не протездер мен пломба дұрыс салынбағанда, ол биік болып тіске салмақ түсіруден келіп шығады.

Термиялык зақымдану – тісті препараттау кезінде бормен тоқтамай жұмыс істеу кезінде, не препаратталған тіс ұзак уакыт жасанды сауытпен қапталмаған кезде болады.

Химиялық закымдану кезінде - тіс жегі куысын спиртпен, эфирмен өңдеуде, тұракты пломбаны оқшауламай салған кезде, ұлпа қабынуы болуы мүмкін.

Сонымен қатар ағзаның имунды жүйесінің жұмысы төмендегенде де ұлпа кабынады.

лпа қабынуының патогенезі.

Мұнда жалпы қабынуға тән күрделі биохимиялық, гистохимиялық, ультраструктуралық қан тамыр тіндердегі реакциясы болып, біріктіруші тіндердің өткізгіштігі бұзылып, экссудат жиналады. Ол алдын сары сулы болса, кейіннен іріңдейді. Ұлпада қан тамырлар толады, ісінеді, кей жерлерде кан қоюланады. Сарысулы қабыну 6-8 сағаттан кейін тіс жегі куысына жакын жерде іріңді кабынуға өтеді, жергілікті іріңдіктер пайда болады. Ол іріңдіктер айналасындағы ұлпа тіндерін қабындырады да, ошақты ұлпа қабынуына алып келеді. Дентиндегі микротесіктер арқылы экссудат сыртқа шығып, қабыну басылып, созылмалы түрге өтеді. Ал іріңдіктер бір- біріне қосылып кетсе, ол жайылған ұлпа қабынуына өтеді. Бұл қан және жүйке тамырларының ісіну нәтижесінде қысылып, қатты ауруларға алып келеді. Қан ағымы баяулайды, әсіресе түнде түнгі ауруларға себеп болады. Қан тамырларда тромб пайда болып, қан айналуы тоқтайды. Ол жерде микроорганизмдер топталып, сауыт ұлпасының құрылысында қатты өзгерістер басталады, тек түбір ұлпасында ұлпа бұрынғы қызметін баяу жүргізеді. Бұл кезде созылмалы гангренозды ұлпа қабынуына өтеді. Ауру созылмалы түрге өткенде қабынудан болған ісік тарап, талшық элементтерінің көптеп түзілуіне, одонтобластардың кемейіп кетуіне соқтырады. Микроіріңдіктердің айналасында түйірлі (грануляция) тін, соңынан фиброзды (талшықты) қапшық пайда болады.

Ағза көлемінің ұлғаюынан (гипертрофия) пайда болған созылмалы ұлпа қабынуында талшықтар көбейеді, оларға майда қан тамырлар мен жүйке тамырлар еніп, ал айналасында эпителий жасушалары түзіледі де, ол тіс жегі қуысы түбіндегі тесіктен шығып, полипке айналады.

Наши рекомендации