Ауіпсіздік техникасының ережелері
Зертханалық жұмыс
Озғалтқыштарды стендте сынау және нәтижелерін өңдеу әдістемесі
(4 сағат)
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері:
Қозғалтқыштарды сынағанда қолданылатын стенділердің, жабдықтардың және приборлардың жұмысымен және құрылысымен танысу.
Сынақты өткізгенде алынған мәліметтерді өңдеп қозғалтқыштың сипаттамасын тұрғызу әдістемесін игеру.
Жабдықтар және керек-жарақтар:
1. Іштен жыну қозғалтқыштарын сынауға арналған электрлік тежеуіш стенд;
2. Температураны, айналу жиілігін, қысымды өлшейтін приборлар.
Озғалтқыштарды сынаудың жалпы ережелері.
Қозғалтқыштарды сынақтан өткізгенде 18509-80 «Двигатели тракторные и комбайновые. Методы стендовых испытаний.»және 14846-81 «Двигатели автомобильные. Методы стендовых испытаний.»стандарттарында келтірілген ережелер мен қойылған талаптар орындалуы қажет. Соның ішінде сынақты өткізуге қойылатын негізгі талаптар.
Сынақты ұйымдастыру және есепті толтыру.
Іштен жану қозғалтқыштарын сынау зертханасында қозғалтқыштарды сынағанда барлық жұмыстар көбіне студенттердің күшімен атқарылады.
Әр бір сабақтың басында оқытушы топтан студенттерді келесі жұмыс орындарына бөледі:
1. Қозғалтқыштың жүктелуі мен жылдамдық режимін реттеуге (1-2 студент);
2. Ауа шығынын өлшеуге (1 студент);
3. Отын шығынын өлшеуге (1-2студент);
4. Жұмыс істеп шыққан газдардың температурасын өлшеуге (1студент);
5. Салқындату жүйесіндегі судың температурасын реттеуге және май қысымын бақылауға(1-2студент);
6. Қоршаған ортаның параметрлерін (ауаның температурасын және қысымын) өлшеуге (2студент);
7. Хаттама жүргізуге (2студент);
Қозғалтқыш қыздырылып тиісті жұмыс режиміне жеткізіледі. Қозғалтқыштың жұмысы тұрақтанғаннан соң (айналу жиілігі, бұраушы момент) оқытушы өлшеуді бастауға белгі береді. Барлық өлшеулер бір мезгілде, тек қана «Өлшеу» деген белгі болған кезде жүргізіледі. Берілген режимде барлық қажетті өлшеулер аяқталғаннан соң белгіні өшіреді (сөндіреді).
Әр жұмыс орнында өлшенген шамалар сынақ хаттамасына жазылады. Содан кейін келесі режим орнатылып барлық операциялар жоғарыда келтірілген тәртіппен қайталанады.
Сынақ аяқталған соң студенттер бақылау нәтижелерін қозғалтқышты сынау журналына жазады (журналдың ұлгісі осы нұсқаудың соңында келтірілген).
Содан кейін әр студент зертханалық жұмыстың есебін толтырады.
Есепке кіретін бөлімдер:
1. Сипаттаманың анықтамасы;
2. Сипаттаманы алу мақсаты;
3. Сипаттаманы алу шарттары;
4. Сынақты өткізу әдістемесі;
5. Өлшенетін шамалар;
6. Есептеу формулалары;
7. Сынақтың нәтижелері;
8. Сипаттаманың графигі;
9. Сипаттаманы талдау;
10.Қорытынды.
Сынақ журналы көрсетілген форма бойынша толтырылып қажетті барлық есептеулер жүргізіледі. Тәжірибелік және есептеу нәтижелерін пайдаланып сипаттаманың қисықтары тұрғызылады. Графиктерді тұрғызғанда, әр түсті карандаштар немесе компьютер (Execl бағдарламасы) қолданылып және мүмкіндігінше қисықтар қиылыспай, жеңіл оқылуы қажет.
Сипаттаманың графигін карандашпен тұрғзу үшін өлшемдері 297х210мм (А4) миллиметрлік қағаз пайдалану керек. Графикте барлық шамалардың шкалалары мен өлшем бірліктері көрсетіледі. Қисықтың аралық шамаларын тез табу үшін масштабты 10-ға қатынасты алу керек. Барлық шамалардың шкалаларын нольден бастау қажет емес. Тәжірибе жолымен алынған нүктелер сынықтарсыз бірқалыпты қисық пен қосылады. Сынақты өткізгенде тәжірибелік шамалардың қателіктері болады, сондықтан қисықты барлық нүктелер арқылы өткізуге тырысудың қажеті жоқ.
Формулаларды пайдаланып есептелген қисықтар нүктесіз тұрғызылады. Графиктің астына сынақты жүргізушінің қолы қойылады. Әр жұмыс бөлек безендіріліп тапсырылады.
ауіпсіздік техникасының ережелері
Іштен жану қозғалтқыштарын және оның агрегаттарын сынақтан өткізетін зертханада студенттер белгіленген тәртіптерді және оқытушы мен оқыту шеберінің нұсқауларын бұлжытпай орындауы керек. Барлық байқалған ақаулар жөнінде сол мезгілде оқытушыға немесе оқыту шеберіне айту керек.
Барлық студенттер,оқытушылар және көмектесушілер қауыпсіздік техникасының төмендегі ережелерін орындауға міндетті:
1) Этилденген бензиндер мен жұмыс істегенде өлшеу сауытынан төгіліп сынаушының терісіне тимеуін бақылау керек. Егерде этилденген бензин теріге тисе сол мезгілде оны керосин мен одан кейін сабындап сумен жуу керек. Зертханада жұмыс аяқталған соң барлық студенттер қолдарын жақсылап жуып ауыздарын шаюы кажет.
2) Стендтің айналатын барлық сыртқы бөлшектері құндақтармен немесе тормен қоршалған болуы тиіс. Бірақ, олар толық қауіпсіздікті қамтамасыз етпейді. Солардың ішіндегі ең қауіптілері салқындату жүйесінің желдеткіші және маховик. Сондықтан қауіпті зона деген (желдеткіш пен маховиктің айналу жазықтықтары) әр қашан есте болу керек.
3) Қозғалтқыштың түтін (пайдаланылған газдар) шығару коллекторына және ыстық газдарды сыртқа шығаратын трубаға қол тигізуге болмайды.
4) Өрт болған жағдайда жалынға киіз жабу керек және өрт сөндіргіш пен құм қолдану керек.
5) Жеңіл зақым алған жағдайда зертханадағы медициналық аптечкада бар материалдарды қолдану керек. Ауыр зақым алынса медпунктке бару немесе медициналық жедел жәрдем шақырту керек.
Тыйым салынады
1.Шеттері жалпылдаған киім мен жұмыс істеуге.
2.Оқытушының рұқсатысыз агрегаттарды іске қосуга.
3.Істеп тұрған қозғалтқышдің механизмдерін реттеуге және ақауларын жөндеуге.
4.Кардан білігінің қоршауысыз және электр тежеуіш стендінің құндағынсыз жұмыс істеуге.
5.Электртежегіш стендінің реостаты мен жүктелуді реттегенде резенке төсенішсіз еденге тұруға.
6.Реостаттың ішіндегі сұйықтың деңгейі ернеуінен төмендігі 100 мм.-ден артық болса электр тежеуіш пен жұмыс істеуге.
7.Жүктелген күйде электр тежеуіш стендті электр жүйесінен айырып тоқтатуға. Тоқтатпастан бұрын реостаттың электродтарын сұйықтан шығарып(жүктелуді түсіріп) содан соң тоқтату керек.
8.Темекі тартуға және ашық жалын мен жұмыс істеуге.
Зертханалық жұмыс аяқталған соң студенттер жұмыс орындарын қалыпқа келтіруі керек.