Тармақталған тізбектер үшін Кирхгоффтың бірінші және екінші ережелері. Тізбек арқылы түсіндіру.
Тізбектерге есептеулер жүргізгенде Кирхгоф ережелерін пайдаланған ыңғайлы, олар Ом заңының күрделі емес жалпылануы болып табылады.
Жалпы жағдайда тізбекте кем дегенде үш өткізгіш тоғысатын нүктелерді табуға болады. Мүндай нүктелер түйіидер деп аталады. Тізбектің бір элементін тастап шыкқан кез келген зарядтың тізбектің басқа бір элементіне келіп кіруі тиіс екені анық. Түйінде токтар тармақталады да, зарядтың сақталу заңынан токтардың үзіліссіздік шарты шығады: түйінге кіріп жатқан ток куштерінің қосындысы туйіннен шығып жатқан ток куштерінің қосындысына тең:
Σ Іі = Σ Іі (9.17) катынасы Кирхгофтың бірінші ережесі деп аталады.
кіріс шығыс
Токтардың бағытын біз алдын ала білмейміз. Сондықтан токтардың оң бағытын қалауымызша аламыз және оң бағытта таралатын ток үшін Ік деген белгілеу енгіземіз. Егер шешу кезінде кайсыбір Ік ток үшін теріс мән шыкса, онда бұл берілген бөлікте ток кабылданған багытка қарама-қарсы қозғалады дегенді білдіреді.
Кирхгофтың екінші ережесі берілген тізбекте бөліп қарастыруға болатын кез келген түйыкталған контурларға арналған: кез келген трйықталган контурда кедергілердегі кернеудің түсулерінің қосындысы осы контурдагы ЭҚК- тердің қосындысына тең болады.
Σ Eі = Σ Uі
Егер берілген бөлікте контурды айналып өту бағыты токтың оң бағытымен бағыттас болса, онда ток көзінің ішкі кедергісіндегі және өткізгіштердегі кернеудің түсуі оң деп есептеледі. Егер ток көзін айналып өту бағыты теріс полюстен басталып оң полюсте аякталатын болса, онда ЭҚК-і оң таңбамен алынады. Ток көзін оң полюстен бастап теріс полюске карай
айналып өтетін болса, онда ЭҚК-і теріс таңбамен алынады.
Мысалы, 9.8-суретте көреетілген сүлба үшін
А түйінінде: І1 = І3 + І5;
С түйінінде: І1 = І2 + І4;
М түйінінде: І4 + І6 = І3;
ВСКМОАВ (сағат тілі бағытымен айналып өту) контуры үшін:
E1 - E2 + E3 = I1r1 + I1R1 +I2r2 +I6R3 + I3r3
СВЕМС контуры үшін:
E4+ E2 = I4r4 - I6R3 – I2r2
Кирхгофтың бірінші ережесі түйіндерге қатысты оған келетін ток пен одан шығатын ток арасындағы байланысты қарастырады. Тармақталған тізбек деп аталатын тізбекте түйіндер үштен кем емес өткізгіштер тоғысатын кез келген нүктені атайды. Біз тұрақты токты қарастырғандықтан,түйінге қанша заряд ағып келсе, сонша ағып кетуі керек. Егер түйінге кіретін токтарды оң, ал шығатын токтарды теріс деп есептесек, онда мынадай ережені айтуға болады:түйінде тоғысатын ток күштерінің алгебралық қосындысы нөлге тең. Мұны былайша түсінуге болады. Егер түйінге токтардың алгебралық қосындысы нөлден өзгеше болса,түйінде зарядтар көбейіп не азайып кетер еді де,бұл өз кезегінде түйіндегі потенциалдың және тізбектен ағатын токтың өзгеруіне әкеп соғар еді. Кирхгофтың екінші ережесін жалпы түрде энергияның сақталу заңына сүйеніп, тармақталған тізбек үшін Ом заңын қорытындылау арқылы түсіндіруге болады. Тұйықталған жүйені құрайтын әрбір қосылғыштар энергияларының өзгерімстерінің қосындысы нөлге тең: =0
Сондықтан тұйық тізбек үшін
Сонымен Кирхгофтың екінші ержесі бойынша кез келген тұйық контур үшін э.қ.к-нің алгебралық қосындысы ток күшінің кедергіге көбейтіндісінің алгебралық қосындысына тең.
Кирхгофтың бірінші және екінші ережелеріне сәйкес құрылған тәуелсіз теңдеулердің саны тармақталған тізбектерден өтетін әр түрлі токтардың санына тең болады. Сондықтан э.қ.к-і және барлық тармақталған бөліктердің кедергілері берілсе, онда барлық токты есептеуге болады.
Термодинамиканың бірінші бастамасын әртүрлі изопроцестерге қолдану. Адиабаттық процесс. Қайтымды және қайтымсыз процестер. Оралымды процестер (циклдер). Жүйенің энтропиясы