Ротордың негізгі тірегінің шыдам мерзімін және жүктелу режимін есептеу
Ротордың негізгі тірегінің жүктелу режимін есептеу бұрғылау кезінде оған әсер ететін күшсалмақтарды анықтаудан тұрады. (11.3-сурет).
Есептеу алгоритмін қарапайымдау мақсатында, ротордың негізі тірегін жүктемелеу деңгейі санын бұрғылау тізбегіндегі свечалардың максималь санына тең деп қабылдаймыз
(11.37)
мұндағы - бұрғылау тізбегінің максималь ұзындығы.
Сонда әрбір жүктелу деңгейіндегі ротор айналуының жиынтық саны (ұңғыманы свеча ұзындығына тереңдетудегі) келесіні құрайды:
(11.38)
мұндағы - бірақ свеча ұзындығына тең интервалды бұрғылаудағы, сағасынан Ln қашықтықта орналасқан, ротордың негізгі тірегі айналуының жиынтық саны:
(11.39)
- n свечадан құралған бұрғылау тізбегінің ұзындығына тең ұңғыманың тереңдігі, прі- і-ші интервалдағы ротор үстелінің айналу жиілігі, айн/мин, - і-ші интервалдағы бұрғылаудың механикалық жылдамдығы, м/сағ.
Тірекке әсер етуші келтірілген эквиваленттіккүшсалмақ:
(11.40)
мұнда α=450 бірқатарлы таянышты-радиальды шарикті мойынтіректер үшін e=1.25 деп қабылдайды және болғанда X= 0.66, Y =1, =1, болғанда. ( 11.11. және 11.12-кестелерді қара).
Тірекке түсетін өстік күшсалмақFa келесі жолмен анықталады:
(11.41)
мұндағы - ротор үстелінің айналатын элементтерінің салмағы; - жетекші құбыр мен үстел ішпектерінің арасындағы үйкеліс күші, ол 11.3- суретке (б) қарай отырып табылады
(11.42)
мұндағы - жетекші құбырдың ротор қыспақтарына үйкелу коэффициенті, ол: сырғаынау ішпектері үшін және роликті қыспақтар үшін қабылданады, Р – бастауыш құбыр мен ішпектердің түйісу аумағындағы шеңберлік күш
(11.43)
|
Немесе, үстелден келетін моментті берілетін қуатпен өрнектеу аламыз:
(11.44)
мұндағы – күш жұптарын түсіру нүктелері арасындағы қашықтық. Әдетте деп қабылданады, мұндағы а –жетекші құбыр квадратының жағы.
Бұдан, тірекке түсетін өстік күшсалмақ:
(11.45)
Тірекке түсетін радиалды күшсалмақ (11.3-сурет, а) ротор үстелі айналу кезіндегі конустық берілісте әсер ететін тангенциалды күшпен сипатталады:
(11.46)
мұндағы Т – тісті тәждің шеңберлік күші, d2 –конустық берілістің тісті доңғалағының бөлгіш шеңберінің орташа диаметрі.
Сондықтан да негізгі тірекке түсетін жүктеме массиві келесі келтірілген эквиваленттік күшсалмақ (11.40) өрнекті нақтылау арқылы табылады:
(11.47)
мұндағы өстік және радиальдық күшсалмақтар құраушылары і-ші интервалдағы бұрғылау тізбегінің свечалар санына және ротордың айналу жиілігіне байланыстытабылады:
(11.48)
(11.49)
Бұрғылау процесінде ротор үстеліне берілетін қуат шығынын нақтылау келесі жолмен жүзеге асырылады
(11.50)
мұнда, - құбырдың бос айналуына қуат шығыны Федоров В.С. формуласымен анықталады:
, Вт, (11.51)
мұнда, С – ұңғыманың қисаю бұрышын ескеретін коэффициент, жуық шамасын 11.16-кестеде [19] бойынша қабылдауға болады.
11.16-кесте
Ұңғыманың қисаю бұрышы | 00 | 40 | 70 | 130 | 220 | 300 |
«С» коэффициентінің мәні |
- бұрғылау ерітіндісінің тығыздығы, кг/м3; D – құбыр диаметрі, м; L – айналушы құбырдың ұзындығы, м; пр – құбырдың (ротор үстелінің) айналу жиілігі, айн./мин.
Қашауда шығындалатын қуатқашаудағы өзіндік момент бойынша табылуы мүмкін [16]:
(11.52)
бұдан
,
немесе
, (11.53)
Мұнда, D –қашау диаметрі, см; k=3,3; n – қашаудың айналу жиілігі, айн./мин.; А=150 – т-мен айналымды бұрғылаулар ( айн./мин.) үшін; РД – қашауға түсетін күшсалмақ, кН; b – қашау диаметріне тәуелді коэффициент.
Шарошкалы қашаулар үшін b 11.17-кестеден алынады.
11.17-кесте
DД | 39,4 | 34,6 | 29,5 | 26,9 | 24,3 | 21,5 | 19,0 | 14,0 |
b | 0,1 | 0,13 | 0,16 | 0,19 | 0,22 | 0,28 | 0,3 | 0,425 |
Кесуші типтегі қашауларға b коэффициентінің шамасы шамамен екі есе артық алынады.
АБҚ ұзындығына тең бірінші интервалдың жоғарғы бөлігін бұрғылаудаболады:
, Вт, (11.54)
мұнда, .
Бірінші интервалды LУБТ1 артық тереңдікке және басқа қалған интервалдарды бұрғылау кезінде:
, Вт. (11.55)
І-ші интервалды бұрғылау кезінде қашауға шығындалатын қуат:
, Вт. (11.56)
мұнда, bі – қашау диаметріне тәуелді коэффициент, 11.17-кестеден алынады; Di – і-ші интервалдағы қашау диаметрі, см; пРі - і-ші интервалды бұрғылау кезіндегі ротор үстелінің айналу жиілігі, айн./мин.; РДі - і-ші интервалды бұрғылау кезіндегіқашауға түсетін күшсалмақ, кН.
(11.37), (11.38), (11.47)-(11.56) формулаларынан табылғандар бойынша күшсалмақтау режимінде үстелдің негізгі тірегінің шыдам мерзімі мына формуламен анықталады:
, (11.57)
мұнда, СК – негізгі тіректің құрылымдық динамикалық жүккөтергіштігі, (11.27) формуладан анықталады.