Ндірістің және ауыл шаруашылығының жеке салаларындағы еңбек гигиенасы.

Екінші бөлім

Тарау

ндірістің және ауыл шаруашылығының жеке салаларындағы еңбек гигиенасы.

Өндірістік және ауыл шаруашылығындағы еңбек гигиенасы еңбектің гигиенасының ғылыми пәні ретінде қаралатын ең негізгі маңызды бөлімі. Еңбек гигиенасының бұл саласындағы міндеті еңбек жағдайына санитарлық комплекстегі әсерлерді зерттеу, еңбек сипатын және еңбек процесін ұйымдастыру, жұмыскерлердің еңбекке қабілеттілігін арнаулы салалар бойынша зерттеу жатады.

Осы зерттеулердің негізгі мақсаты мүмкін болатын өндірістегі зияндылықты қақпайлау, оны жоюдың жүйелілік шараларын жасау. Бұл жерде кәсіби аурушылдықтың созылмалы және жіті түрлерінің себептерін анықтап қана қоймай, сонымен бірге жалпы аурушандықтың деңгейін жоғарлатпау себептік жағдайларына мүмкіндік туғызу.

Гигиеналық көзқараста, еңбек гигиенасын зерттеу барысында, техника-лық процестерді, өндірістік шұғыл шаралар, құрал жабдықтар, еңбек жағдайын жасау, жеке кәсіби топтардағы аурушаңдық, уақытша жарамсыздықты да зерттейді. Зерттеу кешендік күштердегі мамандар : еңбек гигиенисттері, профпатологтар, химиктер, желдеткішті инженер, жарық техниктері, инженер- техниктар т.б мамандар жүргізеді.

Техникалық үрдістер мен құрал жабдықтарды гигиеналық анализдеуде негізгі көңіл бөлетін мәселелер (үзіліссіз, үзіліспен) өндіріс процесіндегі сипат, механизациялық және автоматтандыру процестер дәрежесін еңбек режимінде, ауаға бөлінетін зиянды заттар мүмкіндігін, агрессивті заттардың тегімен жанасуы, метеожағдайлар, шу, діріл, құрал жабдықтардың орналасуы, қызмет етуге қолайлылық, жарық орнату қондырғылары, санитардық-техникалық қондырғыларының тиімділігі т.б.

Өндірістік жағымсыз факторларды көзін біліп алғаннан кейін, көбінесе ол факторлар технологиялық кемістіктерден(процестің үзілістерінен), жабдықтардың бұзылуынан (аппарат, агрегат, коммуникация) болатындықтан,зиян келтіретін фактілерге сандық сипат беру керек. Осындай мәселелерді шешу үшін негізіне ондай жұмыстарды ретке келтіретін әдістеме қолданып, ең маңызды деген нысаналарға зерттеу жүргізу керек. Алынған мәліметтер еңбек жағдайын қанағаттандыратындай шұғыл, технологиялық процестерді сол жұмыс орнында түзету керек, ал алынған мәлімет еңбек жағдайын толық бейнелеуіне туғызылған кемістіктердің орта шамасы арқылы жүргізілуі тиіс. Тіпті оларды нақтылау үшін, сол зиянды әсерлік жағдайдың ұзақтығы хронометражымен, қанша күнде неше рет екені тіркелуі керек. Гигиеналық баға беру үшін мәліметтер санитарлық норма мен ережеге сай болу керек.

Негізгі көңіл аударатыны, еңбек гигиенасындағы жұмысшылар денсаулығы мен аурушаңдығына байланысты зерттеу. Ол үшін еңбекке жарамсыздығы, жұмысшының дәрігерге қаралуға өтініші, кезеңдік медициналық, диспансеризациясы, дәрігерлердің жасаған көмегі т.б қарастырылады. Сондықтан, арнаулы денсаулық туралы зерттеу жүргізу кейбір аурулардың нозологиялық формалары негізгі кәсіби топтармен жүргізу ұсынылады. Кең көлемде елімізде жүргізілетін кешенді механикаландырылған, автоматтандырылған, гигиеналық зерттеулерді енгізу, өндірістегі организм динамикасының, функционалдық жағдайының өзгеруіне үлкен септігін тигізеді.

Жалпы алғанда, сауықтыру шараларының ішіндегі көңіл аударылатыны, емдеу-профилактикалық көмектің, алдын-ала медициналық көмек көрсету-дің, кезеңдік медициналық тексерудің, барлық осындай ұйымдық жұмыстар.

Тиімді сауықтыру шаралары, өндірістік еңбек қарқындылығын арттыр-ады.

Техникалық ұтымдылықпен негізгі гигиеналық талаптар сауықтыру, ұйымдастыру ісінде жетістіктер жүйесінде өз нәтижесін береді.

Осындай істердің атқарылуы, тәжірибе көрсеткендей дұрыс жолға қойылған санитарлық ережелердің өндірістік жекеше жобалауы арқылы өткізілуі. Зерттеу нәтижелерінің қорытындысында ескерілетіні, жалпы нормативтік материалдар, мысалы, дұрыс өндірістік мекемелерде, құрал жабдықтар мен технологиялық процестерде ережелерге сай жобалау болып табылады. Заман талабына сай қазіргі кездегі өндірістік енгізілетін механикаландырылған, автоматтандырылуды компьютерлік жүйеде жүргізу, ол жұмысшылар еңбегін жеңілдетеді, еңбек өнімділін арттырады. Әрине өндірістік еңбек жағдайын жасау үлкен рөл атқарады, ондай жұмыстарды атқаруда гигиенистер, инженерлер, еңбек психологтары мен физиологтары т.б мамандар жұмылдырылуы керек.

Еңбек жұмысын жақсартуға ғылыми тұрғыда кең көлемде нәтижелі зерттеулер енгізілуі қажет, жаңа ізденіс жолдарын жалғастыру, технологиялық инновация керек.

Наши рекомендации