Аспаптық тексерулер.

1. Іш қуысының шолу рентгенографиясында кальцинаттар анықталуы мүмкін.

2. Гипотония үстінде жүргізілетін дуоденография ( онекіелішек доғасының жазылуынан немесе онекіелішек өзегінің тарылуынан, контурының деформациясынан) ұйқыбез басының ұлғаюын анықтайды

Без денесінің ісінуін асқазан артындағы кеңістіктің ұлғаюынан байқауға болады. Компрессиялық дуоденографияны жасағанда кейде контрасттық заттың ұйқыбездің түтігіне өтуі анықталады.

3. УДЗ – бездің ұлғаюы, контурының бұдырлануы, ұлпасының әркелкілігі, Эхо тығыздығы жоғары ( фиброздық) ошақтар , псевдокисталар жақсы анықталады.

4. Эндоскопиялық ретроградты холангиопанкреатография ( ЭРХПГ) арқылы басты түтіктің диффузды өзгерістері анықталады: тарылуы, кеңуі,қабырғаларының тегістігінің жойылуы, түтік тармақтарының деформациясы

Қажет жағдайларда , мысалы ісіктен күдіктенгенде КТГ, ангиография, биопсия жасалынуы тиіс.

Диагностикасы .Созылмалы панкреатиттің келесі диагностикалық критерийлерін ажыратады:

Негізгі критерийлері:

· Ұйқыбездік ферменттердің қан мен зәрде көбеюі ( липазаның, амилазаның)

· Онекіелішектің сөлінде, стимуляциялық сынамадан кейін, ұйқыбездік ферменттер активтілігінің төмендігі және бикарбонаттар мөлшерінің аздығы

· Панкреатитке тән ұйқыбез паренхимасының өзгерістері ( УДЗ,КТГ, ангиография, ЭРХПГ нәтижелерінде).

Қосымша критерийлері:

· Іштің панкреатит типті ауыруы

· Май мен белоктар қорытылуының бұзылысы ( стеаторея, креаторея, ішектік диспепсия, мальдигистия синдромы)

· Глюкозаға толеранттылықтың бұзылысы.

Дифференциалды диагностика ұйқы безінің рагымен жүргізіледі.

Емдеу принциптері. 1. Диетотерапия . диетамен емдеудің басты мақсаты- ұйқыбездің секрециясын неғұрлым төмен деңгейде ұстау. Өршудің ауыр түрінде 2 – 3 күн науқасты аш ұстайды, « Боржоми» « Нарзан » тәрізді сілтілі минералды суларды тәулігіне 6 стаканнан аз – аздан жұтқызып ішкізеді ( панкреатикалық секрецияны тежеу үшін). Науқастың жағдайы дұрыстала келе диетаны біртіндеп кеңітіп, № 5 диетаға көшіреді. Тағамды суға немесе буға пісіріп дайындайды. Көкөністер ( сәбіз, капуста, қызылша салат) жағымдылығына қарай беріледі. Қолдануға болмайтын тағамдар: еттің майы, күйдірілген өсімдік майы, сүт, еттің сорпасы, өткір тағамдар, консервілер, қышқыл жемістер мен шырындар, газды сусындар.

2.Этиологиялық ем.

· Биллиарлық жүйенің санациясы

· Панкреатиттің белгілері ( лейкоцитоз, ЭШЖ – ның жоғарылауы, дене қызуының көтерілуі, бездің қатты ауырсынуы) болса антибактериялық ем жүргізіледі: ампициллин 0,5 г 4 рет б/е енгізіледі немесе ішкізіледі, эритромицин 0,25 г 4 рет, доксициклин 0,2 г бірінші күні, кейін 0,1 г күніне 1 рет.

3. Патогенездік ем .

Ұйқыбез секпециясын тежейтін дәрмектер:

· Антацидтер ( алмагель, фосфалюгель, Бурже қоспасы,викалин)

Асқазан сөлін, өт қышқылдарын байланыстыру мақсатымен

· Н2 – рецепторларының блокаторлары ( кваматал 20 мг вена ішіне 2

рет тамшылатып) , протондық помпалардың ингибиторлары( омецид)

· Холинолитиктер ( гатроцепин, хлорозил, атропин, платифиллин)

Ұйқыбездің түтіктік жүйесіндегі қысымды төмендететін дәрмектер:

· Холинолитиктер ( гастроцепин, алғашқы күндері 10 мг 2 рет вена ішіне немесе б/е, кейін 25 – 50 мг 2 рет таблетка түрінде).

· Миолитиктер – но-шпа , галидор, одестон, эуфиллин ( 24% ерітіндісі 2 мл күніне 2-3 рет б/е). Холинолитиктерді Одди сфинктерінің спазмын туғызуынан, бір өзін қолданбайды, қолдану қажет болса миолитиктермен бірге қолданады.

· Кальций антагонистері ( верапамил) спазмды жояды және секрецияны тежейді ( 0,25 % ерітіндісі 2 мл күніне 2 рет 5-7 күн)

· Нитраттар – нитроглицерин қатты ауырсынуда 0,5 мг тіл астына , нитросорбит 10-20 мг тәулігіне 3-4 рет 10-14 күн беріледі.

Өңештің , асқазанның, онекіелішектің моторикасын реттейтін дәрмектер: церукал 2 мл 2 рет енгізеді немесе 10-20 мг күніне 3-4 рет. Прокинетиктер дуоденостаздан, дуоденогастральдік, гастроэзофагал-дық рефлюкстерден дамыған диспепсиялық бұзылыстарды жояды.

4. Ұйқыбез ферменттерінің ингибиторлары. Бұларды панкреатиттің қатаң өршуінде – іштің қатты ауыруы, гиперамилаземия, гиперамилазурия болғанда қолданылады. Бұл дәрілер трипсинді байланыстыратын антитрипсиндік дәрмек болып табылады. Трипсиннің зақымдау әсері оншалықты емес, негізінде зақымдайтын липаза. Қазіргі кезде антилипазалық дәрмектерді табу жолдары қарастырылуда.

Антиферменттік дәрмектер:

· Пантрипсин 12-20 Б тәулігіне 1-2 рет

· Контрикал ( трасилол, цалол) 10-20 мың Б тәулігіне 1-2 рет

· Гордокс 100 мың Б тәулігіне 1-2 рет. Бұларды глюкозаның 5% ерітіндісінің немесе физиологиялық ерітіндінің 300-500 мл қосып, вена ішіне ( минутына 40-60 тамшыдан ) тамшылатып енгізеді.

· Аминокапрон қышқылының 5% ерітіндісі 100 мл тәулігіне 1-2 рет венаға тамшылатып немесе 1г күніне 3 рет ішкізеді.

Симптомдық ем.

1. Ауырсыну синдромын басуға қолданатын дәрмектер: спазмолитиктер ( баралгин, трамал), нейролептиктер ( фортрал), новокаин вена ішіне ( 0,5% ерітіндісі 20-30 мл күніне 2 рет), аналгиннің 50% ерітіндісі 1-2 мл + димедролдың 1% ерітіндіс 1 мл, панкреатикалық невритке байланысты қатты ауырсынуда симпатикалық бағананың новокаиндық- спирттік блокадасы

жасалады. Аса қатты ауырсынуда наркотикалық анальгетиктер қолданылады.

2. Сыртқы секреция шамасыздығын емдеу. Ол үшін екі түрлі шараларды қолданады:

· Өті жоқ ферменттерді ішкізу

· Жіңішке ішектің бойында ұйқыбез ферменттерінің белсенділігін арттыру.

Ферменттік дәрмектерді қолдану көрсетпелері:

· Дене массасының ауыр дефициті

· Тәулігіне 50 г майдың қорытылмауы

· Креаторея мен стеатореяның болуы

Созылмалы панкреатиттің емінде таза, құрамында секрецияны күшейтетін заттары жоқ ( өт қышқылдары, тұз қышқылы т.б.) және липазаның мөлшері неғұрлым жоғары ферменттік дәрмектерді пайдаланады. Дәрмектің дозасы липазаның мөлшеріне қарап есептейді, әр тамақтанудағы оптимальді доза -10 000- 20 000 ХБ.

Наши рекомендации