Ысыммен жұмыс істейтін құрылғыларды қауіпсіз пайдалану
Әртүрлі өнеркәсіп салаларында қысыммен жұмыс істейтін құралдар кеңінен қолданылады. Оларға жататыны: су қыздыру және бу қазандары, компрессор қондырғылары, газ балондары, автоклавтар вулканизация аппараттары т.б.
Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар деп - бу сығылған ауа су, газ қысымының астында тұрған жабық ыдыстарды айтады.
Бу және су қыздыру қазандары әртүрлі технологиялық қажеттерге керек су буы мен ытық суды дайындауға қолданылады, үйлерді жылыту үшін және басқа керек жағдайларда ұсталынады. Газ баллондары сығылған ауаны алу үшін пайдаланылады.
Автоклавтар қатты қысыммен темір-бетон бұйымдарын буландыру алғаштарға өрттен қорғаушы заттарды сіндіру тағы басқа қажеттерге қолданылады. Жарылыс кезінде ыдыстағы сығылған газдың адиабаттық кеңею жұмысының мөлшері мынаған тең болады.
Мұнда А-кеңейген газдың жұмысы, Дж.
V-ыдыстың көлемі, м3.
Р1,Р2 - ыдыстағы газдың алғашқы және ақырғы (атмосфералық) қысымы, Па.
m-адиабата көрсеткіші (ауа үшін m=1,41)
Жаралыс қуаты тең болады
Мұнда N-жарылыс қуаты, кВт.
t-жарылыстың ұзақтығы, с.
Жарылыс кезінде өте көп мөлшерде энергия пайда болып, айналадағы үй және құрылыстарды үлкен бүліншілік туғызады. Мысалы, көлемі 1м3, ішінде қысымы 1 МПа дейін жетеді.
Бу қазандарын қауіпсіз пайдалану. Бу және су қыздыру қазандары өндірісте көп қолданылады. Оларды дұрыс пайдаланбау, қауіпсіздік ережелерді бұзу апат (жарылыс) туғызуы мүмкін. Қазан жарылысынын басты себептері мынада:
1. Жасалу конструкциясынын кемістіктері.
2. Бу қысымының шектен тыс көтерілуі.
3. Қазанның ішкі қабырғаларында қаспақ пайда болуы және оның қатты қызыу.
4. Қазан және оның бөлшектерінің тозуы.
5. Бақылау және өлшеу аспаптарының жарамсыздығы немесе жоқтығы.
6. Қазанның суы азайып, денгейі өте төмен түсуі. Жөндеу және жабдықтау ережелерінін орындалмауы.
Қазанның жарылыс күшінен көзі ретінде ішіндегі бу емес, өте қызған су болып табылады. Өйткені мұндай су ауамен шектелсе, қызған су лезде буға айналып, көлемі үлкейіп (1 м3 қызған судан 1700 м3 бу шығады), қысымы көтеріліп қазанды жарп жібереді. Сондықтан бу қазандарын пайдалану барысында міндетті қауіпсіздік шараларын мүлтіксіз орындау керек.
Қазан басқа бөлмелерден бөлек, аулақты тұрған, отқа жанбайтын қабырғалары бар, төбесі жеңіл материалдан жаслған, кемінде екі сыртқа ашылатын есіктері бар, бір қабат үйге орналасады. Бөлменің іші жарық, құрғақ, желденетін болу керек.
Қазан қауіпсіз жұмыс істеу үшін керекті бақлау, өлшеу және реттеу аспаптарымен (монометр, термометр, сақтық клапаны, су деңгейін көрсеткіш т.б.) жабдықтанады. Қазандарға құйылатын су таза және жұмсақ болу керек.
Қазандар мезгілінде техникалық куәландырумен өтіп отыру керек. Оған жатады: сырт байқау (жыл сайын), ішін байқау (4 жылда бір рет), гидравликалық сынау (8 жылда бір рет), механикалық сынау.
Гидравликалық сынау жүргізгенде сынау қысымы жұмыс қысымынан 1,5 есе артық болады, егер температура t<200°С кем болса, температура t<200°С артық болса, сынау қысымы арнайы формуламен есептеліп табылады.
Сынау кезінде қазан сынау қысыммен 5 мин уақыт бойы тұру керек. Бұнан кейін қазанның барлық бөлшектерін байқап қарайды, егер ешқандай бұзылыс (ақау) болмаса, қазан келесі кезекті сынауға дейін пайдалануға жарамды деп есептеледі.
Бу қазанымен жұмыс істеуге 18-ден асқан, арнайы оқу және аттестациядан өткен куәлігі бар, бар қауіпсіздік нұсқаулар алынған адамдар жіберіледі. Оның білімі жылында бір рет тексеріліп отырылады.
Жұмыс істеп тұрған қазанды ешқашанда бақылаусыз тастап кетуге болмайды, бөлмеде бөтен адамдар болмалуы керек. Жұмыс кезінде қазаннын, оның бөлшектерінің, бақылау-өлшеу аспаптарының жағдайын байқап отыру керек. Егер апат болар жағдай туса, серекті шараларды қолданып, қазанның жұмыс тоқтатылады.
Газ балондарың қауіпсіз пайдалану. Өндірісте баллондар әртүрлі сұйықталған, сығылған немесе ерітілген газдарды сақтауға: тасымалдауға және пайдалануға көп қолданылады. Балонның ішінде қандай газ болмасын (жанатын, жанбайтын), қатты қысымы болғандықтан, оның жаралысы үлкен қауіптілік туғызады. Газ баллондарының жарылу себептері мынандай болады: баллон құлап, қатты нәрсеге соғылуы; баллон қазап, ішіндегі газдың кеңеюі; сұйықталған газбен баллондық толтырылуы; балонның мойын ойынғы мен вентильдің кемістігі; баллон конструкциясының ақаулығы; оттек балонының вентиліне майдың түсуі; баллондарды қауіпсіздік ережелерін бұзып, дұрастықпен қолданбау.
Әр газға өзіне арналған баллондары бөлу керек, бір газдың баллоның басқа газға қолдануға болмайды. Сондықтан баллондарды ауыстырып алмау үшін әр газдың баллоны арнайы түске боялып, оның қабырғасына сол газдың баллоны көк түске боялып, оның қабырғасына газдың аты жазылады. т.с.с.
Барлық баллондар газ қысымын төмендету үшін редуктормен жабдықталады. Оның екі манометр болады: біреуі баллон ішіндегі газдың қысымын, ал екіншісі шыққан газдың қысымын көрсетеді. Газ баллондырымен жұмыс істеуге арнайы оқуы бар, аттестация және қауіпсіздік нұсқау алған адамдар жіберіледі. Олардың білімі жыл сайын тексеріліп отырылады.
Балондарды тасымалдау кезінде олардың құлауын, соғылуын болдырмау үшін тиісті сақтық шараларды орындау керек. Оларды қолмен көтеріп тасуға болмайды, екеуден артық қылмай кішкене арбаға салып тасиды. Автомобилмен тасығында баллондар стеллажда көлденен жатқызылып орналастырылады.
Газ баллондарын сақтайтын қойма бір қабат болу керек, төбесі жеңіл, қабырғасы отқа жанбайтын материадан болады. Газға толық баллондар тік тұрып, құламайтындай болып бекітілу керек. Бір бөлмеде оттек және жанатын газдар шығатын болса, олардың жарылғыш қоспа пайда болып, жарылыс қауіпті туады.
Газ баллондарын күн сәулесінен және басқа жылу көздерінің әсерінен сақтау керек. Баллондар жылыту аспаптардан 1 м алыс, ашық оттан 5 м аулақ орналастырылған жөн. Бөлмеде жақсы табиғи және жасанды вентиляция орнатылу керек. Баллон қоймасының маңында 10 м ден жақын жерде жанатын заттар болмау және отпен жұмыс жүргізілмеу керек. Бу ыдыстарына қауіпсіздік шаралары мемлекеттік, қалалық, техникалық тексеру ұйымы бекіткен қысыммен жұмыс істейтін ыдыстардың қауіпсіз қызмет істеуі орналастыру ережесінде жазылған. Осы ережеге байланысты ыдыстар жіктелініп әрқайсының істеу материалдары көрсетілген. Қысымен істейтін ыдыстың аварияға ұшырауы ыдыстар қабырғасының, түбінің, қақпақтың, люктың бекіту болттарының шуынан болуы мүмкін. Мұндай жағдайларды болдырмау үшін ыдыс материалдары бекітпелері мелекеттік, қалалық тексеру ережелеріне сәйкес болу керек. Сипаттамалары зауыт куәлігінде көрсетіледі. Ыдыстың пісіру сапасын гамма сәулесімен тексереді. Жаңа жасалған ыдыстарды жұмысқа тек техникалық куәлігін жергілікті инспекция тіркеуінен өткеннен кейін ғана өткізеді. 4 жылда бір рет суық күйінде, 8 жылда бір рет ыстық күйде қысымын көбейтіп, жұмыс істеп, істемей тұрғанда тексереді. Сыртын қызмет етуші күнде тексеру керек. Жұмыс тоқтатылады: егер 1.Техникалық кесте тәртібінде болса да қысым шекті мөлшерден көбейсе. 2. Ыдыс элементінде жарық дөңес пісіру тігісі терлесе болт қосылыстарынан су ақса. 3. Монометр дұрыс жұмыс істемесе. 4. Қақпақпен люк бекітпелері толық болмай бұзылып тұрса. 5. Ыдыс маңында өрт болса.
Кезекші міндетіне ыдыс жұмысын техникалық тәртіпке сәйкес ұстап, мезгілімен бұзылған жерді көріп отыру жатады. Жөндеу суық күйінде жасалады. Резервуарды тазарту, ремонттау қауіпті болғандықтан қауіпсіздік шарттарын сақтау қажет. Резервуар сапасы ішіндегі заттарға байланысты. Мазуттан кейін бак цистерна өрт қауіпті. Мұндай ыдыстарға өте қатал тәртіп бекітіледі. Жұмыс істеу цех бастығы не оның орынбасар рұқсатымен жүреді. Жұмысты 2 кісіден кем емес бригада жүргізеді. Жұмыс алдында инструктаж алады. Біреуі сыртында болып, екіншісінің күйін байқап тұрады. Егер резервуар айналасында адамдар тұрмайтын жерде тұрса үшінші кісі қызмет етеді. Жұмыс қауіпсіз болу үшін резервуар тұрған жерде табиғи немесе еріксіз сорып шығару желдеткішін жасайды. Резервуарға сатымен шығады және сақтандыру белдігін газға қарсы құрал киіледі.
Құбырларды қолданған кездегі қауіпсіздік шаралары. Құбырларды қолданған кезде бумен, ыстық сумен күйіп қалу қауіпті. Құбырлар жарылса үлкен апаттар, жарақаттар болады. Құбырларда қауіпсіздік «ыстық су, бу құбырларын пайдалану» орналастыру ережесінде көрсетілген. Оны мемлекеттік-қалалық техникалық тексеру ұйымы бекітеді. Осыған байланысты құбырлар 4 категорияға бөлінеді.
8.1-кесте
Категория | Орта | Орта параметрлері | |
Аса қыздырылған бу, ыстық су, қаныққан бу. | қысым кг/см2 | t-ра °с | |
Кез келген >184 | 451-660 >120 | ||
- - | 81-184 | 351-450 >120 | |
- - | <22 17-80 | 251-350 >120 | |
Бу, Су. | 1-16 | 121-250 |
8.2-кесте.
Балондағы түстерімен жазулардың әдістері.
Газ | Балон түстері | Жазу түсі | Жазу тексті |
Ацетилен | Ақшыл | Қызыл | Ацетилен |
Бутан | Қызыл | Ақшыл | Бутан |
Водород-сутегі | Жасыл | Қызыл | Водород |
Кислород- оттегі | Көгілдір | Қара | Кислород |
Углекислота | Қара | Сары | Углекислота |
Басқа жанғыш газдардың түрлері | Қызыл | Ақшыл | Газдың түрі |
Басқа жанбайтын газдың түрі | Қара | Сары | Газ түрі |
Қолданылған баспалар тізімі:
1. Князевский Б.А. «Энергетика жүйесінде еңбек қорғау» М. Энергоатомиздательство 1985
2. Чекалин Г.Н. Полохина Г.Н, Чекалин С.Н. Өндірістік кәсіпорындар электршаруашылығында еңбек қорғау Энергоатомиздательство 1990
3. Чекалин Н.А., Полухина Г.Н., Тугуши Г.Г. «Охрана труда в электротехнической промышленности» М.Энергоатомиздат. 1984
4. Қ.Р. Еңбек қорғау заңы.
5. Қ. Аманжоловтың «Алғашқы әскери дайындық» кітабы.
МАЗМҰНЫ
1. | ЕҢБЕК ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕ МӘСЕЛЕЛЕР ЖАЛПЫ ПРАВОЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР........................... | |
1.1.1 | Еңбек қорғау курсының мағынасы..................................... | |
1.1.2 | Еңбек қорғау жөнінде ғылымның маңызы........................ | |
1.1.3 | Еңбек қорғау саласында қадағалау және бақылау............ | |
1.1.4 | Еңбек қорғау жөнінде нұсқау беру..................................... | |
1.1.5 | Еңбек қорғау насихаты........................................................ | |
1.1.6 | ҚР еңбек кодексі туралы...................................................... | |
1.1.7 | Еңбек қорғау ережелерін бұзған үшін қызметкерлердің жауапкершілігі..................................................................... | |
1.2 | Еңбек қорғау жөніндегі ережелер мен нормалар….......... | |
1.3.1 | Еңбек қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру......... | |
1.3.2 | Жұмыс орнында еңбек қорғау жұмысын ұйымдастыру... | |
1.4 | Өндірістік зақымданудан алдын-ала сақтандыру шаралары............................................................................... | |
1.4.1 | Өндірістік жарақаттану, оны талдау................................... | |
2. | ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ НЕГІЗДЕРІ.................. | |
2.1 | Электр қауіпсіздігі................................................................ | |
2.1.1 | Электр тоғымен зақымданудың себептері......................... | |
2.1.2 | Электр тоғының адам ағзасына әсері................................. | |
2.1.3 | Электр тоғымен зақымдану жағдайлары........................... | |
2.1.4 | Өндіріс бөлмелерінің электр қауіптілігі бойынша топтасу.................................................................................. | |
2.1.5 | Электр тоғынан қорғану құралдары.................................. | |
2.1.6 | Электр қауіпсіздікке байланысты жұмыстарды жіктеу.... | |
2.1.7 | Электр зақымданудан қорғану шаралары.......................... | |
2.1.8 | Қорғаныш жер жалғанысы.................................................. | |
2.1.9 | Қорғаныш нөлденуі.............................................................. | |
2.2.1 | Атом электр станцияларындағы қауіпсіздік шаралары.... | |
2.3 | Тиеп-түсіру жұмыстарында және көлік құралдарын пайдаланудағы қауіпсіздік шаралары................................ | |
2.3.1 | Тиеп-түсіру кезіндегі қауіпсіздік шаралары...................... | |
2.3.2 | Жүк көтеру крандарын қауіпсіз пайдалану....................... | |
2.3.3 | Лифттерді қауіпсіз қолдану................................................. | |
2.3.4 | Көлік құралдарын пайдаланудағы қауіпсіздік шаралары | |
3. | ӨНЕРКӘСІПТІК САНИТАРИЯ..................................... | |
3.1.1 | Кәсіпорын аймағын тандауға және жоспарлауға қойылатын талаптар............................................................. | |
3.2.1 | Сумен қамтамасыз ету, канализация, жұмыс аймағы ауасы...................................................................................... | |
3.2.2 | Шаңнан қорғану................................................................... | 79 |
3.2.3 | Зиянды сәулелерден қорғану............................................... | |
3.2.4 | Еңбек қорғаудың психофизиологиялық негіздері............ | |
3.3.1 | Өндірістік жағдайдағы жарықтандыру. Өндіріс шу және діріл. Өндірістік жарық........................................................ | |
3.3.2 | Өндіріс шуы және діріл....................................................... | |
3.3.3 | Шудан қорғану әдістері....................................................... | |
3.4 | Әртүрлі бақытсыз жағдайларда көрсетілетін алғашқы медициналық көмек. Өкпеге жасанды желдету және жүрекке тікелей емес массаж жасау тәсілдері................... | |
3.4.1 | Үсуден мұздау және осы кезде алғашқы медициналық жәрдем көрсету..................................................................... | |
3.4.2 | Күн және ыстық өту туралы түсінік, олардың алдын алу және алғашқы медициналық жәрдем көрсету................... | |
3.4.3 | Алғашқы медициналық жәрдем......................................... | |
3.4.4 | Жүрек жұмысы мен тыныс алудың тоқтауын анықтау әдістері.................................................................................. | |
3.4.5 | Жүрекке тікелей емес массаж жасау тәсілдері................. | |
3.4.6 | Өкпеге жасанды желдету жасау тәсілдері. («Ауыздан-ауызға», «ауыздан-мұрынға», Сильвестр Каллистов тәсілі бойынша).................................................................... | |
4. | ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ НЕГІЗДЕРІ............................ | |
4.1. | Өрт болдырмау шаралары................................................... | |
4.1.1 | Жану процестері................................................................... | |
4.1.2 | Өрт шығу себептері және өрт қауіпсіздігі......................... | |
4.1.3 | Жарылыс және өрт қауіптілігі бойынша бөлмелердің топтасуы................................................................................ | |
4.1.4 | Құрылыс материалдары мен конструкцияларының жанғыштық дәрежесі бойынша топтасуы.......................... | |
4.1.5 | Құрылыс конструкцияларының от төзімділігі бойынша топтасуы................................................................................ | |
4.2 | Өрттен қорғану шаралары................................................... | |
4.2.1 | Өртке қарсы кедергілер....................................................... | |
4.2.2 | Өрт сөндіру құралдары........................................................ | |
4.2.3 | Бірінші қолданылатын өртсөндіру құралдары.................. | |
4.2.4 | Өртке қарсы су жабдығы..................................................... | |
4.2.5 | Автоматтық өрт сөндіру қондырғылары............................ | |
4.2.6 | Өрт сигнализациясы............................................................. | |
5. | ЭЛЕКТР ЖАБДЫҒЫ ЖҮЙЕСІНДЕ ЖӘНЕ ІСТЕП ТҰРҒАН ЭЛЕКТР ҚОНДЫРҒЫЛАРЫНДА ҚАУІПСІЗ ЖҰМЫС ӨНДІРІСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ....... | |
5.1.1 | Электр жабдығы жүйесінде және қондырғыларда жұмыс жүргізгенде қауіпсіздік техникасы ережелерінің негізгі талаптары.................................................................. | |
5.1.2 | Электр құралдарын сөндіру................................................ | |
5.1.3 | Ұйымдастыру шаралары...................................................... | |
5.2 | Электр жабдығы жүйесінде және электр қондырғыла- рын пайдаланудағы қауіпсіздік шаралары......................... | |
5.2.1 | Төсеу жұмыстарын жүргізгендегі қауіпсіздік ережелері | |
5.2.2 | Күш кабель жүйелерімен жұмыс істеген кездегі қауіпсіздік ережелері........................................................... | |
5.2.3 | Жоғарғы кернеулі электр құралдарының оқшауламасын сынау кезіндегі қауіпсіздік шаралары................................ | |
5.3 | Қысыммен жұмыс істейтін қондырғыларды қауіпсіз пайдалану.............................................................................. | |
ҚОЛДАНЫЛҒАН БАСПАЛАР ТІЗІМІ......................... |