ХІV.Аурудың этиологиясы және патогенезі

Науқас келген кездегі шағымдары оң жақ қабырға асты және іштің жоғарғы аймағының ауырсынуы, жүрек айну, ұзақ мерізімді құсу, ауыздың құрғауы, тері мен склераның сарғаюы, зәрдің қараюы, ықылық, мазасыздық, ұйқының бұзылуы, тамаққа тәбеттің төмендеуі,әлсіздік. Науқас қабырға асты ауырсынуы бауыр мен өт жолдарын нервтендіретін жүйке тіндерінің тітіркенуі нәтижесінде пайла болады. Бұлшық еттер қатаюы болады. Ауырсыну әсерінен науқаста мазасыздық, ұйқы бұзылу байқалады. Қанда тікелей емес билирубин көбеюі әсерінен науқаста тері мен склера сарғаюы байқалды. Науқас ауырсынуды тамақ ішумен байланыстырмайды.

ХV. Емдеу

Емдеу жоспары: /консервативті ем/

-тәртібі – төсектік диета №0

-инфузионды терапия спазмолитиктер антибиотиктер / 0,9%-800,0 физ.раствор+квамател40,0 венағ/а, 0,25%-200,0; платифиллин 2,0*3 рет бұлшық етке/

-ішке суық басу динамикалық бақылау

-гепатопротекторлы, ауырсынуды басатын дәрілер /кетотоп 2,0 бұлшық етке/

Операцияға дейінгі эпикризі. Операцияға дейінгі диагнозы-жедел холецистопанкреатит. Механикалық сарғаю. Операция 27.09.16 жылы10:50-12:25 аралығында жасалды.Жасалатын операция- лапаратомия; холецистоэктомия; Науқасқа жоғарғы орталық лапоротамия жасалды. ЭКГ- синусоидты. Тамыр соғысы- 88; АҚҚ- 140/90мм.сн.бағ. Жоспарлы түрде жасалды.Интубациялық наркозбен, операциялық аймақты новокаинмен залалсыздандырылған. Кейін лапоротомия және құрсақ ағзаларының ревизиясы жүргізілді. Осы кезде өт қабы өзгерген. Холедох 2см-ге дейін кеңейген.Ұйқы безінің басы ісінген, тастай қатты, кедір-бұдырлы, құрсақ қуысынан сұйықтық анықталды.Өт қабы кеңейген, 3 тас алынды.Ұйқы безі басынан үлкейген лимфа түйіні алынды.Бауыр асты аймағының жеке контроаппертуралы тілімдері арқылы дренажды түтік қойылды. Кіші жамбас астауына дренаж салынды. Жараға қабатты тігістер салынды. Асептикалық таңу.

Макропрепарат: үлкейген 2*1 см көлеміндегі лимфа түйіні

Диагноз: Механикалық сарғаю. Он екі елі ішектің үлкен емізікше ісігі

Қосымша: Созылмалы калькулезды холецистит

Күнделік23.09.2016ж Науқастың жағдайы – орташа ауырлықта. Санасы- айқын. Эпигастрий аймағының ауырсынуы сақталған. Іші жұмсақ, тыныс алуға екі жақты қатысады. Тілі-ылғалды. Пульсі минутына 78 рет. АҚҚ 120/90 мм.сн.бағ, ТАЖ-22 рет

24.09.2016ж науқастың жағдайы- асқынусыз. Көзінің және денесінің сарғаюы күшейген. Пульсі 74 рет. АҚҚ- 130/90 мм.сн.бағ. Іштің жоғарғы аймағының ауырсынуы байқалады.Бұлшық ет жүйесі ауырсынусыз. Зәр шығаруы қалыпты, ауырсынусыз.тыныс алуы везикулярлы, сырылдар жоқ.

25.09.16ж науқастың жағдайы – орташа. Ұйқысы тыныш.тері мен көзі сарғайған. Тыныс алу везикулярлы, сырылдар жоқ.Іші жел қарыспаған, тыныс алуға еркін екі жағы да қатысады.ішек перистальтикасы естіледі. Құрсақ қуысының ауырсынуы жоқ.АҚҚ-120/80 мм.сн.бағ. Пульс минутына 76 рет.

26.09.16ж науқас жағдайы-ауыр. Іш пен оң жақ қабырға асты ауырсынуы пальпация кезінде байқалды. Әлсіздік, ықылық атуы, тамаққа тәбет тартпауы, ұйқысыздық байқалды.

27.09.16ж операциядан кейін науқастың жағдайы- орташа. Науқасқа бұлшық етке промедол тағайындалды. Пульс минутына 78 рет. АҚҚ- 120/70мм.сн.бағ

28.09.16ж науқас жағдайы- қалыпты.санасы- айқын.Әлсіздік, тамаққа тәбет төмендеген. Пульсі-82 рет.іші жұмсақ, тілі- ылғалды.

29.09.16ж науқас жағдайы- жақсы. Пульсі 78 рет.АҚҚ 110/90 мм.сын. бағ. Тамаққа тәбеті жақсы, ұйқысы тыныш. Іші- жұмсақ ауырсынусыз.

30.09.16ж науқас жағдайы- жақсы. Пульсі 75 рет.АҚҚ 120/90 мм.сын. бағ. Тамаққа тәбеті жақсы, ұйқысы тыныш. Іші- жұмсақ ауырсынусыз. Тыныс алу жақсы. Іші симметриялы қатысады.

Болжам: науқастың өмірі жайындағы болжамы жақсы, өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ, жарасы жазылып келе жатыр, ағымы барысында еш патологиялық ауытқулар жоқ. Ауыр көтеруге болмайды, тек жеңіл-желпі жұмыстар ғана. Науқастың қорытынды диагнозы: Клиникада анықталған мәліметтермен, динамикада бақылаған өзгерістермен, салыстырмалы диагнозбен және спецификалық лабароторлық зертеу нәтижелері бойынша мынандай қортынды диагноз қойдым: Жедел калькулезді холецистит.Ұйқы безі басының ісігі. Механикалық сарғаю. Холецистопанкреатит.

Шығару эпикризі. Науқас, Еспагамбетов Алписхан Жаниязович 23.09.2016 жылы ЖМКА (БСМП) келіп түскен. Түскен кездегі шағымдары: Оң жақ қабырға асты және іштің жоғарғы аймағының ауырсынуы, жүрек айну, ұзақ мерізімді құсу, ауыздың құрғауы, тері мен склераның сарғаюы, зәрдің қараюы, ықылық, мазасыздық, ұйқының бұзылуы, тамаққа тәбеттің төмендеуі, , әлсіздік

Жолдама диагнозы: Жедел калькулезді холецистит; Лабораториялық және инструментальді зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып: ЖҚА Нв-101г/л; зәр талдауы бойынша лейкоцитурия, биохимиялық анализ бойынша билирубинемия анықталды. Э.К.Г. нәтижесіне сүйене отырып: синусоидты ритм, минутына 68 рет; Құрсақ қуысының УДЗ нәтижесі бойынша науқастан калькулезды холецистит, өт жолының кеңеюі, гепатомегалия, холедох 2,3 см-ге кеңейген. Ал ФГДС нәтижесі үлкен дуоденальды емізікшенің қатерлі ісігі нәтижесінде секрет он екі елі ішекке түспеген. Сонымен қатар асақазанның антарльды бөлігінің қан кетусіз жарасы анықталды.

Дәрілік заттармен ем жүргізілді: — инфузионды терапия — спазмолитиктер — антибиотиктер — ішке суық басу Қабылдаған ем нәтижелерінде науқастың жағдайы жақсарған, тәбеті жақсы, көңіл күйі жақсы. Науқастың жағдайы жақсарды,соңғы анализдері жақсы. Сондықтан мен бұл науқасты ауруханадан шығаруға шешім қабылдадым.

Наши рекомендации