Тісжегінің клиникасы, диагностикасы, емі
Науқастың жасы 32, қышқыл, қантты тағамдарды жегенде қысқа уақытпен ауырып басылатын ауру сезімге шағымданады. Қарап тексергенде: 17 тістің шайнау бетінде эмаль денгейде фиссура маңында тісжегі қуысы анықталды. Шұқып тексергенде қуыстың табанында ауру сезімі жоқ. Диагноз қойыңыз://
орта тісжегі//
бастапқы тісжегі//
флюороз, дақты кезеңі//
+беткей тісжегі//
ошақты гипоплазия
***
Науқасты қарап тексергенде 33 тістің мойын бетінде ақшыл-сары дақ анықталды. Эмаль жылтырлығы жоғалтқан. Шұқып тексергенде ауру сезімі жоқ. Метилен көгімен бояп тексергенде, дақ көкшіл түске боялды. Көрсетілген обьективті көріністер қай аурудың клиникасына сай келеді://
гипоплазия, дақты түрі//
беткей тісжегі//
флюороз, дақты түрі//
+бастапқы тісжегі//
флюороз, бор түсті-бұдырлы (меловидно-крапчатая) түрі
***
Беткей тісжегіде ЭОМ көрсеткіші://
+2-6 мкА//
10-12 мкА//
20 мкА-ге дейін//
60-80 мкА //
100 мкА-ден жоғары
***
Бастапқы тісжегіде ЭОМ көрсеткіші://
+2-6 мкА //
10-12 мкА//
20 мкА//
60-80 мкА//
100 мкА-ден жоғары
***
Науқастың жасы 20, тамақ ішкенде қысқа уақытпен ауырып басылатын ауру сезімге шағымданады. Қарап тексергенде: 27 тістің дистальды бетінде үлкен емес, бірақ терең тісжегі қуысы бар, ақшыл-сары түсті, жұмсарған дентинмен толы. Шұқып тексергенде қуыстың табанында ауру сезімі бар, қағып тексергенде ауру сезімі жоқ. Суық температураға ауру сезімі қысқа. Диагноз қойыңыз://
+тез дамыған терең тісжегі//
орта тісжегі//
созылмалы периодонтит//
жедел жартылай ұлпа қабынуы//
баяу дамыған терең тісжегі
***
Науқасты қарап тексергенде 36 тісте тамақ қалдығымен толы терең тісжегі қуысы анықталды. Қуыстың түбі мен қабырғаларында қатты пигменттелген дентин анықталады. Шұқып тексергенде қуыстың табанында аздап ауру сезімі бар. Суықтан әлсіз, қысқа мерзімді ауру сезімі пайда болады. ЭОД – 5 мкА.Диагноз қойыңыз://
+баяу дамыған терең тісжегі//
жедел ошақты ұлпа қабынуы//
тез дамыған терең тісжегі//
созылмалы периодонтит//
орта тісжегі
***
Науқасты қарап тексергенде 1.4 тістің мойын бөлігінде дентин-эмаль шекарасынан тереңірек орналасқан тісжегі қуыс анықталды. Тістің түсі өзгермеген. Шұқып тексергенде тісжегі қуысының табаны ауырмайды, қабырғаларында ауру сезімі бар. Қағып тексергенде ауру сезімі жоқ. Көрсетілген обьективті көріністер қай аурудың клиникасына сай келеді://
баяу дамыған терең тісжегі//
+орта тісжегі//
беткей тісжегі//
сына тәрізді (клиновидный) ақау//
тез дамыған терең тісжегі
***
Орта тісжегінің салыстырмалы диагностикасы қандай аурулармен жүргізеді://
жедел ошақты ұлпа қабынуы, жедел диффузды ұлпа қабынуы//
+сына тәрізді ақау, созылмалы периодонтит//
созылмалы фиброзды ұлпа қабынуы, эмаль эрозиясы//
бастапқы тісжегі, дақты гипоплазия//
терең тісжегі, тісжегі, дақты кезені
***
Тез дамыған терең тісжегіде ЭОМ көрсеткіші://
1 мкА//
+10-12 мкА//
30-40 мкА//
60-80 мкА//
100 мкА-ден жоғары
***
Орта тісжегіде ЭОМ көрсеткіші://
+2 -6 мкА//
10-12 мкА//
25 мкА-ге дейін//
60-80 мкА//
100 мкА-ден жоғары
***
Науқастың жасы 32, дәрігерге 36 тісінің температуралық тітіркендіргіштердің әсерінен ауыратынына шағымданады.Клиникалық тексерулерден кейін науқасқа 36 тісінің терең тіс жегіcі диагнозы қойылды. Тіс дәрігер терең тіс жегіні емдеу барысында аралық төсем ретінде құрамында фтор ионы бар материалды қолдануды дұрыс көрді. Дәрігер қандай материалды таңдап алуы тиіс://
+кавитан//
силицин //
фосфат- цемен//
дайкал //
белацин
***
Тістің қатты тініне аппликация немесе электрофорез арқылы кальций және фторқұрамды препараттарды енгізеді (эмальдің бояу тексерумен 15-20 процедура). Қандай патологиялық ауруды емдеу үшін аталған медикаменттерді тағайындайды://
беткей тісжегі://
гипоплазия, дақты түрі//
флюороз, дақты түрі//
+бастапқы тісжегі//
флюороз, бортәрізді-бұдырлы (меловидно-крапчатая) түрі
***
Қандай ауруды емдегенде жансыздандырылу жасалынып, тісжегі қуысын егеп тазалайды, медикаментозды өңдейді, аралық төсем, тұрақты пломба қояды, пломбаны өңдейді://
беткей тісжегі//
флюороз, жолақ (штриховая) түрі //
тез ағымды терең тісжегі//
+орта тісжегі//
баяу ағымды терең тісжегі
***
Қандай ауруды емдегенде жансыздандырылу жасалынып, тісжегі қуысын егеп тазалайды, кептіреді, емдік төсем, уақытша пломба қояды. 5-7 күннен кейін емдік, аралық төсем, тұрақты пломба қояды://
+тез ағымды терең тісжегі//
беткей тісжегі//
баяу ағымды терең тісжегі//
тез ағымды орта тісжегі//
баяу ағымды орта тісжегі
***
Қандай ауруды емдегенде жансыздандырылу жасалынып, тісжегі қуысын егеп тазалайды, кептіреді, емдік және аралық төсем, тұрақты пломба қояды, пломбыны өңдейді://
тез ағымды терең тісжегі//
беткей тісжегі//
+баяу ағымды терең тісжегі//
тез ағымды орта тісжегі//
баяу ағымды орта тісжегі
***
Сөйлемді толтырыңыз: Леус-Боровский бойынша дақты тісжегінің реминералдау терапиясының әдісі келесі ретпен өткізіледі – тіс қақтарын тазарту, кептіру://
эмальдің өзгеріске ұшыраған аумаққа ремодент ерітіндісін 20 минут бойы қойып, әрбір 5 минут сайын мақтаны ауыстыру//
+эмальдің өзгеріске ұшыраған аумаққа 10% кальций глюконат ерітіндісімен 20 минуттық аппликация, 2% натрий фторид ерітіндісімен 5 минуттық аппликация; курсына -15-20 аппликация//
эмальдің өзгеріске ұшыраған аумаққа 3% агардағы 2% натрий фторидімен гельді жағу, курсына 5-7 аппликация//
эмальдің өзгеріске ұшыраған аумақты фторлакпен жағу, курсына - 10 аппликация//
эмальдің өзгеріске ұшыраған аумаққа аппликация жасау - 3% ремодент ерітіндісімен -2 күн, кальций глицерофосфатпен - 4 күн, 1% натрий фторид ерітіндісімен -3 күн, фторлакпен жағу - курстің аяғында 1 рет
***