Ріс 6. Механикалық мәндерді өлшеу және бақылау.
Қозғалыс көрсеткіштерін уақыт бойынша өзгеру сипатына байланысты ілгерілеме, айналмалы және тербелісті қозғалыстар көрсеткіштеріне бөлуге болады.
Сызықтық жылдамдықтарды өлшеуге арналған өлшеу және бақылау құралдарын, жылдамдық өлшегіштер деп атайды; бұрыштық жылдамдықтарды (айналу жиілігін) өлшеуге және бақылауға арналған құралдар тахометрлер, ал үдеулерді өлшейтін құралдар-акселерометрлер. өлшеу құраладарының үлкен класы тербелісті қозғалысты (дірілді) өлшеу үшін қолданылады. Егер машиналар құрылғылар, гимараттар дірілінің көрсеткіштері өлшенсе, онда сәйкес құралдарды виброметрлер деп атайды. Жер бетінің қозғалыс көрсеткіштерін өлшеуде қолданылатын аспаптар, сейсмографтар деп аталады.
ызықтық жылдамдықтарды өлшеу және бақылау әдістері мен құралдары.
озғалыстағы қатты денелердің сызықтық жылдамдықтарын өлшеудік кең тараған әдістері: аэрометрлік, компенсациялық, термодинамикалық, корреляциялық, дойлеровтік, электромагниттік, инерциалды және т.б.
Аэрометрлік әдіс (1,а-сурет) ауалық ортада қозғалып келе жатқан дене жылдамдығымен функционалдық байланыстағы жылдамдық (динамикалық) арынды өлшеуге негізделген. Жылдамдық арын 3-манометрлік қорабпен, ауаның 1-статикалық қысым қабылдағыш және 6-толық қысым қабылдағыш арқылы қозғалысында пайда болатын статикалық қысымды салыстыру жолымен анықталады. Салыстыру нәтижесі есептеуші құрылғыдағы 4-тілшікпен көрсетіледі. Аэрометрлік әдіс негізіндегі өлшеу құралдары, жылдамдықты 2-3%-дан аспайтын қателікпен өлшеуге мүмкіндік береді.
Компенсациялық әдіс (1, б-сурет) РН-толық қысымы 1-ауа компрессоры тудыратын қысымын автоматты түрде теңестіруге негізделген. 2-екі қуыстық манометрлік реленің бір қуысына РП- толық қысымы, ал екіншісіне-РК қысымы келіп кіреді де, РП-және РК қысымдары теңестіріледі.
1-сурет. Сызықтық жылдамдықтарды өлшеу және бақылау әдістері.
а-аэрометрлік (1-статикалық қысым қабылдағыш; 2-қорап; 3-манометрлік қорапша; 4-тілшік; 5-құбырлық өткізгіштер; 6-толық қысым қабылдағыш);
б-компенсациялық (1-ауа компрессоры; 2-манометрлік реле; 3-қозғалтқыш);
в-термодинамикалық (1-ашық термопара; 2-сумматор; 3-бөлгіш; 4-экрандалған термопара);
г-турбиналық (1-тангенциалдық турбинка; 2-аксиалдық турбинка).
Компрессорды айналдыратын 3-қозғалтқыш желісінің тұйықталуы РП қысымы РК қысымынан артық болғанда орын алады. Бұл ретте 2-манометрлік реле мембранасы солға қарай майысады. Түйіспелер түйіскенде және ажырағанда электр қозғалтқышының айналу жиілігі РП және РК қысымдарның теңдігін қамтамасыз етеді.
Термодинамикалық әдіс (1, в-сурет) тежелген ауа ортасы ағымының қызуын 1-ашық термопара және 4-экрандалған термопара көмегімен өлшеуге негізделген (немесе басқада қызутүрлендіргіштермен). Ол термопаралардың кедергілерінің айырмашылығы 2-қосқышпен және 3-бөлгішпен тұтылады. Бұл әдісті іске асыру үшін аз екпінді қызу өлшегіштер қажет.
Турбиналық әдісте (1, г-сурет) турбинаның 1-тангенциалды және 2-аксиалды бағыттарда айналдыруға арналған ауа немесе су ағымының кинетикалық энергиясы пайдаланылады. Турбинаның айналу жиілігі ( ) қозғалыс жылдамдығына тікелей қатынаста болады.