Рақты және айнымалы кернеулерді өлшеу.

Тұрақты және айнымалы кернеулерді өлшеу сәйкес кернеу түрлерімен жұмыс істеуге есептелген вольтметрлермен атқарылады. Вольтметр есептелген кернеуден үлкен кернеулерді өлшеу керек болған жағдайларда, оларға тізбектей қосымша резистор қосу керек. Сонда өлшенетін кернеудің бір бөлігі қосымша резисторда төмендейді, ал бір бөлігі аспапқа жетеді. Қосымша резистор кедергісінің мәнін таңдай отыра, кең шектерде үлкен кернеулерді өлшеу мүмкіндігін кеңейтуге болады.

Кедергілерді өлшеу. Жиі электр қондырғыларымен жұмыс істеген кезде немесе электронды схемаларды байыптауда әртүрлі кедергілерді өлшеу қажет болады. Кедергілерді өлшеудің қарапайым тәсілі- екі өлшеуіш аспаптарды пайдалануда: амперметр мен вольтметрді. Олардың көмегімен қорек көзіне қосылған R-кедергісіндегі кернеу мен токты өлшейді және Ом заңы бойынша ізденістегі кедергі мәнін табады:

R=U/J;

Бірақ бұл тәсіл өлшеу нәтижелерін жоғары дәлдікпен алуға мүмкіндік бермейді. Бұл тәсілде әдетте арнайы аспаптар-омметрлер болмаған жағдайларда қолданады. Омметрлердің мүмкін схемаларының бірі (6-сурет)- тізбектік схема, ол дербес Е-қорек көзінен, R-айнымалы резистордан және РА-магнитэлектр тектес миллиамперметрден тұрады. Қорек көзі ретінде құрғақ элементтер пайдаланылады.

рақты және айнымалы кернеулерді өлшеу. - student2.ru

6-сурет. Мегомметр (а) және электр көпірі (б) схемалары.

100 М Ом-ға дейінгі үлкен кедергілерді әдетте мегомметрлер көмегімен атқарады (6-сурет).

Қуатты өлшеу. Бөлек тұрақты және айнымалы токтар үшін қарастырған ыңғайлы.

Тұрақты ток үшін негізгі формулалар келесілер:

рақты және айнымалы кернеулерді өлшеу. - student2.ru ; рақты және айнымалы кернеулерді өлшеу. - student2.ru ; рақты және айнымалы кернеулерді өлшеу. - student2.ru

Барлық жағдайларда аспаптар көрсеткіштерін алғаннан кейін математикалық есептеулер жүргізу қажет.

Егер арнайы аспап ваттметрді пайдаланса, олар қажет емес (7, г-сурет). Ол тікелей қорек көзіне қосылады.

рақты және айнымалы кернеулерді өлшеу. - student2.ru

7-сурет. Тұрақты ток тізбегіндегі қуатты өлшеу схемалары.

Айнымалы токтағы қуатты өлшеудің ерекшеліктері бар. Онда үш әртүрлі қуаттар болады:

- толық қуат S=UJ;

- белсенді қуат P=Ujcos рақты және айнымалы кернеулерді өлшеу. - student2.ru ;

- реактивтік қуат рақты және айнымалы кернеулерді өлшеу. - student2.ru ,

мұндағы рақты және айнымалы кернеулерді өлшеу. - student2.ru -ток пен кернеу арасындағы фаза бойынша ығысу бұрышы.

Жиі толық және белсенді қуаттар қызықтырады. Айнымалы токта жиі үшфазалы тұйықтағы белсенді қуатты анықтауға тура келеді. Үшфазалы тұйықтар екі түрлі болуы мүмкін: үшөткізгішті және төртөткізгішті . үшөткізгіштіде салмаққа үш өткізгіш келтіріледі, оларды А,В,С әріптерімен белгілейді. Мұндай тұйықтағы белсенді қуатты өлшеу үшін екі ваттметрді 8-суретте көрсетілгендей етіп қосу жеткілікті. Бұл ретте белгілі ережелерді сақтау керек. Қорабында жұлдызшамен белгіленген ваттметр обмоткасының шыға берісі, энергия көзі жағына қарауға тиісті. Мұндай үшфазалы жүйенің қосынды белсенді қуатын екі ваттметр көрсеткіштерінің алгебралық қосындысы ретінде табады.

рақты және айнымалы кернеулерді өлшеу. - student2.ru

8-сурет. Айнымалы токтағы қуатты өлшеу схемасы: а-үшөткізгішті жүйе, б-төртөткізгішті жүйе. Төртөткізгішті тұйықтардағы белсенді қуатты өлшеу үш ваттметрлерді пайдалануды қажет етеді. (8, б-сурет).

Қосынды белсенді қуат әр ваттметрмен өлшенген қуаттар қосындысына тең болады.

P=P1+P2+P3.

Наши рекомендации