Йналужылдамдықтарын өлшеу және бақылау әдістері мен құралдары.
(Техникада аса кең тарағандары): ортадантепкіш, магитиндукциялық, электрлік (тұрақты және айнымалы тоқты), индукциялық және стробоскопиялық.
Ортадантепкіш әдіс айналып тұрған біліктің теңестірілмеген массалары тудыратын, ортадантепкіш күшке сезімтал элементтің жауап беретіндігімен сипатталады. Бұл әдіс конустық және сақиналық тахометрлерде іске асырылады.
2-сурет.Ортадантепкіш тахометрлер:
А-конустық (1-қоспа; 2-серіппе); б-сақиналық (1-қоспа; 2-ось).
Осьпен бірге айналатын, топсалы конустық тахометрде (2,а-сурет) m-жүктері орнатылған, олар ортадан тепкіш күш әсерінен жан-жаққа ығысып, 1-қоспаны жылжытады және 2-серіппені сығады. 1-қоспа қалыпының өзгеруі тахометрдің көрсетуші элементі- тілшікпен тіркеледі. Сақиналық тахометрде (2, б-сурет) 2-ось айналмаған кезде ( ) сақина жазықтығы оське қатысты белгілі бұрышқа көлбеуленген. Айналған кезде сақина айналу осьіне тік қалыпқа ұмтылады және 1-қоспа мен тілшіктің ығысуын шақырады.
Магнитиндукциялық әдіс металл денедегі вихрлық тоқтардың айналу жиілігіне тәуелділігіне негізделген. Бұл әдіс бойынша тұрғызылған тахометрлер екі вариантта орындалады: цилиндрлік сезімтал элементпен (3, а-сурет) және дискілік сезімтал элементпен (3, б-сурет). Магнитиндукциялық тахометрдің негзгі бөлігі болып өлшегіш торап саналады, ол 1-тұрақты магнитпен және 2-сезімтал элементтен тұрады, соңғысы іші қуыс цилиндр немесе диск түрінде орындалған. әдетте тұрақты магнит өлшенуге тиісті айналу жиілігімен болады, ал сезімтал элемент, үлкен үлестік кедергілі металлдан орындалып, айналыстан спиральды серіппемен қорғалады. Магниттік индукцияның тұрақсыздығынан пайда болатын қызулық қателікті азайту мақсатында жікте 3-термомагниттік шунт қолданады.
3-сурет. Магнитиндукциялық тахометрлер:
А-қуыс роторлы; б-дискілі; 1-тұрақты магнит; 2-сезімтал элемент; 3-термомагниттік шунт; 4-магнит өткізгіш.
Электрлік әдіс тудырылатын кернеудің айналу жиілігіне тәуелділігіне негізделген (тұрақты тоқ күшін), ал айнымалы және импульстік тоқ үшін- тоқ жиілігінің айналу жиілігіне тәуелділігіне негізделген.
Тұрақты тоқ электр тахометрлері (4-сурет) құрамына тұрақты тоқ тахогенераторы және гальвонометр кіреді. Тахогенераторлар екі түрде болады: ротордың бұрылу бұрышы шектелген және шектелмеген.
Шектелген бұрышты тахогенератор (4, а-сурет) қозғалыссыз статорлық обмоткамен орындалады, оның ішінде тұрақты магнит орналасады, ол айналу жылдамдығы өлшенетін білікпен байланысқан. Мұндай тахогенераторлар басқару жүйелерінде бұрыштық жылдамдық түрлендіргіштері және жылдамдық кері байланыс ретінде қолданылады.
Бұрылу бұрышы шектелмеген тахогенератордың негізгі элементі болып, 1-тұрақты магнит, 2-якорь обмоткасы және 3-щеткалы коллектор саналады. Коллектордан алынатын тұрақты тоқ кернеуі гальвонометрмен өлшенеді.