Озғалтқыштың жұмыс циклы
Төртырғақты дизельдің жұмыс циклын және жұмыс істееп тұрған дизельдің цилиндрлерінің бірінде не болып жатқанын қарастырайық (сурет 2).
Сурет 2 – Төрт ырғақты бір цилиндрлі қозғалтқыштың жұмыс схемасы
Кіргізу тактысы (Сурет 2,а). Поршень ЖӨН- нен ТӨН-ге қозғалғанда кіргізу клапаны ашық. Ырғақ соңында қысым 0,08…0,09 МПа, ауа температурасы 30…500С шамасында.
Қысу ырғағы (сурет 2,б). Екі клапанда жабық. Поршень ТӨН- нен ЖӨН- ге ауаны қыса қозғалады. Үлкен қысу дәрежесі негізінде (14…18 шамасында) бұл ырғақтың соңында қысым 3,5…4,0 МПа, ал температура отынның өздігінен тұтану темпаратурасынан жоғарылап - (550…7500С) шегіне жетеді. Поршеннің ЖӨН- ге жақын жағдайында жоғарғы қысым сорғысымен цилиндрге берілетін отын форсункамен бүркіледі.
Цилндрге бүркілген отвн ауа мен жанған газдар қалдығымен араласып жұмысшы қоспаны құрайды. Отынның көп бөлігі тұтанып, жанады.. Газдардың қысымы 5,5…9,0 МПа, ал температура 20000С- ға жетеді.
Кеңею ырғағы. Екі клапан да жабық. Поршень кеңейген газдар қысымымен ЖӨН- нен ТӨН- ге қозғалады(сурет 2в). Кеңею ырғағының басында отынның қалған бөлігі жанады. Кеңею ырғағының соңында қысым 0,2…0,3 Мпа- ға дейін, температура 3000С-ға дейін төмендейді.
Шығару ырғағы. Шығару клапаны ашық. Поршень ТӨН-нен ЖӨН-ге қозғалып (сурет 2в) ашық клапан арқылы жанып біткен газдар цилиндрден атмосфераға шығарылады. Бұл ырғақ соңында газдар қысымы 11…0,12 МПа, температура 65…900С болады.
Бұдан кейін жұмыс циклы қайталанады.
Енді екі ырғақты қозғалтқыштың жұмыс циклын қарастырайық. Екі ырғақты, карбюраторлы иінді үрленетін камералы қозғалтқыштың құрылысының және жұмысының схемасы сурет 3- те келтірілген.
Сурет 3. Екі ырғақты қозғалтқыштың жұмыс схемасы
1 – тұтандыру білтесі(свеча); 2 – поршень; 3 – шығару терезесі; 4 – карбюратор; 5 – кіргізу терезесі; 6 – иінді камера; 7 - үрлеу каналы; 8 – цилиндр; 9 – шығару құбыры; 10 – картер.
Бұл түрдегі қозғалтқыштардың цилиндрінің 8 қабырғасында кіргізу 5, үрлеу 7, шығару 3 терезелері жасалған. Қозғалтқыш картері (иін камерасы 6) атмосферамен байланыспаған. Кіргізу терезесі 5 карбюратормен 4, үрлеу терезесі канал 7 арқылы қозғалтқыштың иін камерасымен 6 байланысқан.
Екі ырғақты карбюраторлы қозғалтқыштың жұмыс циклы келесі ретте жүзеге асады. Поршень 2 ТӨН- нен ЖӨН-ге (сурет 3а) алғашқыда үрлеу терезесін 7 содан шығару терезесін 3 жаба қозғалады. Бұдан кейін цилндрдегі 8 жұмысшы қоспаны қыса бастайды. Бұл уақытта иінді камерада 6 қысымсыздану туындайды, поршеннің төменгі кемері кіргізу терезесін 5 ашысымен, ол арқылы карбюратордан 4 иін камерасына жанар қоспа сорыла бастайды.
Поршеннің ЖӨН-ге жақын жағдайында қысылған жұмысшы қоспа білтеден 1 берілген электр ұщқынынан тұтанады. Қоспа жана бастағанда газдар қысымы күрт өседі. Газдардың қысымымен поршень ТӨН-ге қарай жылжыйды (сурет 3б). Ол кіргізу терезесін 5 жабысымен иінді камерада 6 ертерек кіргізілген жанар қоспаны қысу басталады.
Поршень жүрісінің соңында шығару терезесін 3 (сурет 3в), содан кейін үрлеу терезесін 7 ашады. Ашылған шығару терезесі арқылы жұмыс істеп біткен газдар үлкен жылдамдықпен атмосфераға шығады. Цилиндрдегі газдардың қысымы тез төмендейді. Үрлеу терезесінің ашылу сәтінде иін камерасындағы қысылған жанар қоспа қысымы цилиндрдегі жұмыс істеп біткен газдардың қысымынан үлкен болады. Сондықтан жанар қоспа иін камерасынан канал 7 бойынша цилиндрге кіреді де, шығару терезесі арқылы жұмыс істеп біткен газдардың қалдықтарын сыртқа қысымдап шығарып,цилиндрді жаңа қоспамен толтырады. Бұдан ары үрдіс осылай тізбекті жалғасады.