Теориялық бөлімі
Циклді әрекет ететін үңгілеу комбайндардың құрылымын талдау
Жұмыстың мақсаты: Циклді әрекет ететін үңгілеу комбайндардың құрылымымен танысып, өнімділігін анықтау.
Теориялық бөлімі
Механикаландырылған үңгілеу комбайндары тау-кен қазбаларын жүргізу үшін, қазып алынған жыныстарын комбайн конвейеріне, одан комбайн артына орнатылған қайтатиегіштерге тиеп ары қарай жалпышахталық тасымалдау құралдарына тиеу үшін арналған. Үңгілеу комбайндары үңгіні бұрғылап-жару әдісімен салыстырғанда кенжардың өндірістік үрдістерін механикаландырудың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді, жұмысты ұйымдастыруды және технологиясын жеңілдетіп, қауіпсіздікті жоғарылатады. Аталған артықшылықтардың нәтижесінде жұмысшылардың еңбек өнімділігі 1,5-2,5 есеге жоғарылайды, үңгу жылдамдығы артып, өзіндік құны төмендейді.
Циклді әрекет ететін үңгілеу комбайндары келесі артықшыларының нәтижесінде кеңінен қолданылады:
- жүргізілетін қазбалардың пішіні мен өлшемдерін кең диапазонда өзгерту мүмкіндігі (трапециялы, тікбұрышты, аркалы);
- көмір мен жыныстарды жыныс қаттылығының коэффициенті f=6 дейін қазба еңісінің бұрышы 250 дейін жекелеп қазып алу;
- пульт немесе радио арқылы комбайннан қашықтықтан басқару;
- газ немесе шаң қаупі бар шахталарда қолдану;
- қазбаның төбесін, бүйірін, жер қыртысын тазалау мүмкіндігі;
-автоматтандыру және бағдарламалық басқару мүмкіндігі;
Үңгілеу комбайндарын біріздендіру және жаңарту нәтижесінде өндірісте циклді әрекет ететін ГПКС және 4ПП-2 екі типі іріктелген.
Комбайндардың негізгі параметрлері 1.1 кестеде берілген.
Кесте1.1
Циклді әрекет ететін үңгілеу комбайндарының параметрлері
Параметрлері | ГПКС | 4ПП-2 | |||||||||||||||
ГПКС | ГПКСП | ГПКСБ | ГПКСН | ГПКСГ | ГНКС | ГПК-2 | 4ПП-2 | 4ПП-2В | 4ПП-2Н | 4ПП-2С | 4ПП-4 | 4ПП-2Ш | 4ПП-5 | ||||
Үңгідегі қазба қимасының ауданы | 4,7-15 | 10-30 | 9-25 | 10-25 | 11-25 | 10-30 | |||||||||||
Қазба өлшемдері,м: Биіктігі Ені | 1,8-3,6 2,6-4,7 | 3,0-5,5 3,7-7,5 | 2,6-4,5 3,6-6,2 | 3-4 3,6-6,5 | 3,2-4 3,9-5,6 | 2,8-5,0 3,8-6,5 | |||||||||||
Бас көлбеу, градус | ±10 | ±20 дейін | -20 дейін | ±10 | ±10 | ±10 | ±10 | ±20 | -25 дейін | ±10 | |||||||
Орындаушы орган типі | Кескіш бұрғыбасты немесе кескіш барабанды жебе | Кескіш барабанды жебе | Кескіш бұрғыбасты немесе кескіш барабанды жебе | Кескіштермен екі диск | Кескіш бұрғыбас | Кескіш барабан | Кескіш бұрғыбас | Гидросоққыш | Ұзартылған жебе | ||||||||
Жыныс қаттылығының коэффициенті, артық емес | 6-8 | 6-8 | 7-8 | ||||||||||||||
Техникалық өнімділігі: Бұрыш бойынша г/мин; Жыныс бойынша м3/мин | 0,5 | 1,5 0,4 | 1,8 0,5 | 3,5 0,5 | 3,5 0,35 | - 0,35 | - 0,66 | - 0,5 | - 0,25 | 3,5 0,7 | |||||||
Тиеу органы | Қармау қалағы | - | Қармау қалағы | Қармау қалағы | |||||||||||||
Орындаушы орган жетегінің қуаты, кВт | |||||||||||||||||
Құрылымдық қуаты,кВт | |||||||||||||||||
Жер қыртысына түсетін меншікті қысым,МПа | 0,06 | 0,05 | - | 0,11 | 0,18 | ||||||||||||
Қозғалу жылдамдығы, м/с | 0,11 | 0,16 | 0,33 | 0,066 | 0,033 | ||||||||||||
Габаритті өлшемдері,м: Қайтатиегішсіз ұзындығы Жүрістік бөлігінің ені Биіктігі | 1,6 1,5 | 6,1 1,6 1,4 | 1,6 1,5 | 13,3 2,4 1,65 | 9,1 2,45 2,1 | 11,5 2,45 2,1 | 8,15 2,45 2,6 | 9,18 2,45 2,0 | 14,0 2,45 2,0 | ||||||||
Комбайн массасы,т | |||||||||||||||||
ГПКС комбайны келесі негізгі түйіндерден тұрады: кескіш бұрғыбасты 2 орындаушы орган 1, тиеу құрылғысы 3, шынжыр табанды жүріс 4, айналмалы конвейер 5, гидрожүйе 6, электрожабдықтар 7, шаң басу жүйесі, таспалы қайтатиегіш, орнықтылықты жоғарылататын құрылғы (аутригер).
ГПКС үңгілеу комбайнының құрылымының ерекшеліктеріне жататындар:
- Қосымша тіреу рөлін атқарушы аутригерлер гидроцилиндрлері жүрістік бөлігінің артына орналастырылған. Тіреулерді пайдалану кенжарды қазу кезінде комбайнның орнықтылығын жоғарылатады;
- Өндірілген массаны қазбаның бүйіріне орналасқан конвейерге, вагонеткаға, бункерге, өздігінен жүретін вагондарға тиейтін қысқа немесе ұзартылған айналмалы конвейермен жабдықталған;
- Тік және көлденең жазықтықтарда қозғала алатын айналмалы тұғырға орнатылған орындаушы орган кенжардың пішіні бойынша массивті өңдіреді;
- Біліктің жылжымалы тұтқасына бекітілген бұрғыбасты кескіш телескопиялық жылжымалы гидроцилиндрлердің көмегімен массивке 500 мм дейін енгізіледі.
Механикаландырылған 4ПП-2 үңгілеу комбайны тау-кен қазбаларын кенжар бойынша қаттылығы f ≤ 6 және абразивтілігі 15 мг дейінгі көмір мен жыныстарды жекелеп қазып алу үшін арналған.
4ПП-2 комбайнының негізгі түйіндері (2 сурет) кескіш бұрғыбасты 2 орындаушы орган 1, тиеу құрылғысы 3, шынжыр табанды жүріс 4, комбайн корпусы 5, гидрожүйе 6, электрожабдықтар 9, шаң басу жүйесі 7, көпірлік 8 және тіркемелі таспалы қайтатиегіштер, қашықтықтан басқару және автоматтандыру құрылғылары болып табылады.
Комбайн негізі – корпус. Оған жүрістік бөлігі бкітіледі. Комбайнның жүрістік бөлігі әр қайсысының өз жетегі бар екі (оң және сол) шынжыр табандарынан тұрады. Электроқозғалтқыштың айналдырушы моменті редуктор арқылы жұлдызшаларға беріледі де шынжыр табандар қозғалысқа келеді.
Корпустың жоғарғы жағында гидроцилиндрлердың көмегімен айналатын жоғарғы айналушы рама орналасады. Және осы рамаға орынлаушы орган бекітіледі. Айналушы раманың максималды айналу бұрышы 420. Жебенің көтеру-айналдырушы қондырғысы қазба қимасының ауданын 25 м2-ге деін өндіруге мүмкіндік береді.
Корпустың төменгі жағына тағы бір айналдырушы рама орналастырылады. Оған алдыңғы тіреудің функциясын атқаратын қоректендіруші (питатель) жалғанады. Қоректендірушіде жұптасқан екі қармаушы қалақтар (нагребающие лапы) орналасқан.
Комбайн корпусының арты жағына қырғышты (скребковый) конвейердің рамасы, ал ол рамаға тіреулер жалғанады. Тіреулер жұмыс кезінде комбайнның орнықтылығын жоғарылатады.
Электропульт арқылы комбайнның барлық жетектері басқарылады. Комбайнды тасымалды (переносной) пульт арқылы немесе алдын ала берілген команда бойынша басқаруға болады. Жергілікті басқару пультінен гидроцилиндрлерді қосу және өшіру командалары беріледі. Гидрожүйенің жұмыс сұйықтығы өндірістік (индустриальное) май.
Сонымен қатар комбайн құрамына көпірлі қайтатиегіш (мостовой перегружатель) кіреді. Ол тау кен жыныстарын комбайннан жалғамалы (прицепной) қайтатиегішке ары қарай вагоншаларға тасымалдайды.
4ПП-2 үңгілеу комбайнының ерекшеліктеріне орнықтылықты жоғарылататын құрылғылардың бар болуы, комбайн құрылымына орнатылған кескіштердің астынан сумен суару жүйесі, шаңсору, қашықтықтан және бағдарламалық басқару құрылғысы, кесудің екі жылдамдығы, қаттылығы f ≤ 6 жыныстарды өндіру мүмкіндігі жатады.
Сурет – 2. 4ПП-2 үңгімелі комбайны