Уу арқылы бензиннің фракциялық құрамын анықтау

Буланғыштық дегеніміз сұйық жанармайдың белгілі бір жағдайларда бу тәрізді күйге өту қабілеттілігі.

Буланғыштық двигательді от алдырғанда, жоғары және төмен температурада немесе төменгі қысым жағдайында пайдаланғанда жанар майды беру қабілетілігін және қоспа түзу тиімділігін білдіреді. Двигательді от алдыру, оны қыздыру уақыты, жанармай шығыны және цилиндр – поршень тобының тозуы айтарлықтай дәрежеде жанармайдың буланғыштығына байланысты. Булану үрдісі тек қана тұтану мен жануға ғана емес, белгілі мөлшерде осы үрдістердің жылдамдығын анықтайды, яғни двигатель жұмысының сенімділігі мен тиімділігін білдіреді.

Жанармайдың буланғыштығы екі басты көрсеткішінің жиынтығымен бағаланады: фракциялық құрамымен және булануға кететін жылу мөлшерімен.

Жанармайдың фракциялық құрамы дегеніміз белгілі бір температура аралықтарында қайнайтын әр түрлі фракциялардың барлығы. Фракциялық құрам көлемдік % немесе массалық % түрінде беріледі. Жанармай фракциясы – белгілі қайнау температураларының шектерімен сипатталатын жанармай бөлігі.

Мұнай өнімдері молекулярлық массасы, тығыздығы, тұтқырлығы, қайнау температурасы және т.б. әр түрлі көп мөлшердегі көмірсутегінің қосындысынан тұрады. Бензиндерде негізгі массада 6-дан 10-ға дейін, ал дизель отындарында 12-ден 17-ге дейін көмірсутегі атомдары бар. Сондықтан да көмірсутек отындарының буланып ұшуы жайлы жекелеген фракциялардың(көлем бөліктерінің) шекті (бастапқы және соңғы) қайнау температуралары бойынша бағалайды.

Бензин фракциялары шартты түрде қуудағы алғашқы 10% кіретін ең тез буланатын көмірсутектері бар от алдыру келесі 80% бензин құрамын қамтитын жұмысшы, бензиннің ақырғы 10% енетін соңғы болып бөлінеді. Осындай бөлінулерге сәйкес бензиннің пайдалану қасиеттерін фракциялық құрамы, қисық сызығының сипатты бес нүктесі бойынша бағалайды: қуудың бастапқы қайнау температурасы, бензин көлемінің 10%, 50%, 90% қуу температуралары және қуу соңындағы температура.

Қуудың басталуы Уу арқылы бензиннің фракциялық құрамын анықтау - student2.ruжәне 10 % мөлшерін Уу арқылы бензиннің фракциялық құрамын анықтау - student2.ru қуудағы температуралары бензиннің от алдыру сапасын яғни, төмен температура кезінде двигательдің от алуын қамтамасыз ету қабілетін және двигательдің жанармай жүйесінде жанармайдың бу – ауа тығынын түзуге бейімділігін сипаттайды.

Двигательдің от алдыру кезінде қоршаған ортадағы ауа темературасы неғұрлым төмен болған сайын, бензинде жеңіл фракцияда соғұрлым көп және оларда қайнау температурасы соғұрлым төмен болуы қажет. Бензиннің бұл қасиеті қуудың басталу және 10% мөлшерін қуудағы температураларымен сипатталады.

Алайда 10% мөлшерін қуу температурасының шамадан тыс төмен болуы қызған двигательдің жанармай құбырларында және карбюратор каналдарында «бу тығындарының» пайда болуына әкеліп соғады. Мұндайда жанғыш қоспа айтарлықтай кедейленеді. Іс жүзінде двигательдің қуатының жоғалуына әкеледі, ол «қақала» бастайды және жанармай берілмеуінен өшіп қалуы мүмкін.

Бензиннің 50% мөлшерін Уу арқылы бензиннің фракциялық құрамын анықтау - student2.ru қуудағы температура двигательдің тез қызуын және жүкті қабылдау бейімділігін немесе двигательдің жоғары жиілік айналымға тез өту мүмкіншілік қабілетін сипаттайды.

Бензиннің, 50% мөлшерін қуудағы температура неғұрлым төмен болған сайын соғұрлым оның буланғыштығы жоғары, жүкті қабылдау бейімділігі және двигательдің осы бензинде жұмыс істеу тұрақтылығы жақсарады.

90% мөлшерін Уу арқылы бензиннің фракциялық құрамын анықтау - student2.ru қуудағы және қуу соңындағы температуралар бензинде ең соңында буланатын ауыр фракциялардың барлығын сипаттайды. Осы температуралардың жоғарылауынан бензин шығыны ұлғаяды, өйткені ауыр фракциялар жанып үлгермейді. Картерге өтетін бензин көбейеді де цилиндр қабырғаларындағы майды шайып картердегі майды сұйылтады, ол өз кезегінде детальдардың тозуына және май шығынының артуына әкеледі.

Қуу арқылы бензин құрамын анықтау 2177-88 МЕСТ-ына сәйкес жүзеге асырылады. Ол үшін мүнай өнімдерін қууға арналған аппарат (1393-93 МЕСТы) қолданылады.

Бензиннің сыналатын бөлігі судан арылту мақсатында кептіріледі. Бензинді кептіру түйіршікті хлорлы кальцийде оны 10-15 минуттай шайқап, тұрғаннан кейін қағаз сүзгі арқылы тазалайды. Содан соң 100 мл көлемді өлшеп алып, термометр салынған темір қаптамаға орналастырылады. Бензинді және басқа жеңіл құрамды жанармайларды қуғанда тесік диаметрі 30 мм, ал керосин мен дизель жанармайын қуғанда 50 мм болуы керек.

Түтіктің шығар ұшы тоңазытқыш арқылы өткізіліп өлшеуін цилиндрге түсіріледі. Цилиндрдің ішкі бөлігі қар немесе мұз кесектері араласқан сумен толтырылады, не болмаса температура мұздатқыштан шыққанда 300С аспайтын ағын суға жалғанады.

Колбаны қыздыру үшін оттық аспаптан алысырақ жерде тұтатылып; жалын биіктігі 50-60 мм қойылып, жалынның жоғарғы бөлігі колбаға тиер – тиместей болып, арнайы ұстағышқа бекітіледі. (1.1 - сурет).

Уу арқылы бензиннің фракциялық құрамын анықтау - student2.ru


1.1.- сурет. Мұнай өнімдерінің фракциялық құрамын анықтайтын аспаптың жалпы түрі:

1-қыздырғыш; 2-қамтаманың төменгі бөлігі; 3-колба; 4- қаптаманың жоғарғы бөлігі; 5-штатив; 6-термометр; 7-тоңазытқыш; 8-өлшегіш цилиндр.

Шығару түтігінің ұшында алғашқы тамшы пайда болған кезде қуудың басталу температурасы белгіленеді. Бірінші тамшыдан соң жанармай қууды бірқалыпты минутына 4-5 мл жылдамдықпен жүргізеді, ол 10 секундта 20-25 тамшыға сәйкеседі. Белгіленген ережені бүзу қуу нәтижелерінің ауытқуына жіберген кезде жанармайдың фракцияларға бөлінуінің нақтылығы нашарлайды және жеңіл фракциялармен қатар анағұрлым ауырлары қуыла бастайды. Соның нәтижесінде жанармайдың фракциялық құрамы неғұрлым жеңіл болып көрінуі мүмкін, қуу жылдамдығы аз болған кезде жанармайдың фракциялық құрамы неғұрлым ауыр болып көрінуі мүмкін.

Жанармайдың 90% мөлшерін қуудан соң колбаны қыздыруды қамтаманың төменгі бөлігіндегі терезелерден көк жалын көрінгенше күшейтеді. Бұл кезде термометрдің сынапты бағанасы алдымен сәл көтеріле бастайды да, содан соң тоқтайды және біраз уақыт осы деңгейде ұсталынып тұрады да төмендей бастайды.

Тәжірибе бөлімі

1.4.1 Механикалық қоспалар мен су бар екенін анықтау (сапалық)

Жабдықтар:

· диаметрі 40-55 мм шыны цилиндр;

· сыналатын бензин үлгісі.

Наши рекомендации