Бұрандалы қозғалтқыштар.
Мұнайгаз ұңғыларын бұрғылауда қолданылатын бұрғылау қондырғылары.
Бұрғы қондырғысының жинақ құрамына төмендегі механизмдер мен агрегаттар кіреді: тәл жүйесі ілінетін және бұрғылау құбырлары орналасатын мұнара, бұрғылау аспаптарын көтеріп-түсіруші және айналдырушы жабдықтар, жуу сұйықтарын айдаушы бұрғы сораптары, күш жетектері, жуу сұйықтарын дайындау және тазарту қондырғылары, көтеріп-түсіру операцияларын автоматтандыру және механизациялау аспаптары, бақылау-өлшеу приборлары мен қосалқы аспаптар. Бұрғы қондырғысының жинақ құрамына, қондырғы орналасатын ірге таста кіреді.
Турбобұрғылардың құрылымы, жұмыс жасау принципі.
Турбобұрғы ротордан және статордан тұрады және ротордың айналу жиілігі бір секциялы турбобұрғыларда 800 айн/мин, және көп секциялыда 200 айн/мин жетеді. Ротордың сатылары статордың сатыларының араларында орналасқан және олар қозғалтқыш білігінде кілтектер арқылы орнатылады. Статордың сатылары айналып кетуден статор шетіндегі ниппельді тартудан болатын үйкеліс күшімен ұсталады. Ротордың секциялары бұрандамен және ротор білігіндегі контрбұрандамен тартылады.Қазіргі кездегі турбобұрғылар 50-350 сатыдан тұрады. Сыртқы диаметрі 104,5мм-ден 240мм-ге дейін жасалынады. Секциялы турбобұрғылардың ұзындығы (110 сатыдан жоғары) 26м-ге, ал бірсекциялыда 8м-ге жетеді. Турбобұрғылардың қуаты 14...220 кВт-ты құрайды. Қысымының төмендеуі 2,7...10 МПа-ға дейін. Барлық турбобұрғылар принципиальді бірдей құрылғыдан тұрады, тек тіректерінің орналысуымен ерекшелінеді.
Бұрғылау қондырғысының тәл жүйесі.
Тәл жүйесі бұрғылау ққондырғысының ең маңызды бөліктерінің бірі болып табылады. Бұрғылау қондырғысының тәл жүйесі шығырдың айналмалы қозғалысын тәлді блоктың ілгер-кейінді қозғалсына ауыстыру және канаттағы жүктемені азайту үшін арналған.БҚ тәлді жүйесі келесі талаптарға сәйкес келуі тиіс:
- Пайдалану сенімділігі, өйткені тәлді жүйенің элементтерінің істен шығуы көлемді апаттарға алып келеді;
- Қызмет көрсетудің ыңғайлылығы және қауіпсіздігі;
- Ұзақтұрақтылығы;
- Монтаждау мен демонтаждаудың, қайта жабдықтаудың тез жасалуының мүмкіндігі;
- Кейбір элементтердің бірін бірі ауыстыра алуы.
Тәлді блок ілмекпен және бұрғылау тізбегін ұстауға арналған элеватормен жабдықталған.
Билет № 2
Бұрғылау тізбегін және қашауды айналдыруға арналған жабдықтар.
Ұршық бұрғылау ерітіндісін бұрғылау тізбегінің айналдырушы жетекші құбырына жіберуге арналған. Бұрғылау процесінде ұршық бұрғылау қондырғысының тәл жүйесіне ілінеді және бұрғылау сорабымен манифольд арқылы жалғанады. Жоғарғы күштік жетек (ЖКЖ) - ротордың, ұршықтың, ілмектің, лақтыруға қарсы фонтанды арматураның (ЛФА) және құбырларды бұрау қызметін атқарады. Ротор айналдыруға және ұңғыманың тік осі бойынша ілгері орын ауыстыратын бұрғылау тізбегіндегі айналу моментін беруге арналған. Сонымен қатар ротор КТО кезінде бұрғылау және шегендеу тізбегін ұстап тұруға арналған.
Шегендеу құбырларының түрлері, құрылымы.
Шегендеу құбырлары ұңғы қабырғасын бекітуге, қабаттарды айыруға және ұңғыдан мұнай мен газды өндіруге арналған ұзақ мерзімді арна жасауға арналған.
Шегендеу құбырлары тігіссіз, ұштарында бұрандасы бар болат құбырлардан тұрады.шегендеу құбырларының ұштары отырғызылмайды, сондықтан олардың беріктігі бұранда беріктігімен шектеледі.
Байланысу түрлеріне қарай шегендеу құбырлары 5 түрге бөлініді:
1. қысқа үшбұрышты бұрандалы және муфталы;
2. ұзартылған үшбұрышты бұрандалы – У;
3. трапеция тәріздес бұрандалы және муфталы – ОТТМ;
4. жоғары саңыласыздықты және оларға муфталы – ОТТГ; ;
5. муфтасыз құбырлы – ТБО.
Бұрандалы қозғалтқыштар.
Түптік бұрандалы қозғалтқыштың жұмысшы органы статор және ротордан тұратын бұрандалы жұп. Статор ішкеі беті резинамен қоршалған роторға қарай теріс бағытталған 10 бұрандалы тістері бар металл құбыр. Ротордың теріс бағытталған және статор өсіне эксцентрлі орналасқан тоғыз бұрандалы тістері бар. Дұрыс алынған бұрандалы жұп киниматикалық және оның тістерін тиісті пішіндеу жуу сұйығы өткенде ротордың статор тістері арқылы еркін сырғанауын қамтамасыз етеді. Бұл кезде ротор мен статор бүкіл ұзындығына еркін түйіседі. Осының салдарынан жоғарғы және төменгі қысым қуыстары пайда болады да, қозғалтқыштың жұмыс үрдісі іске асырылады.
Билет № 3